Arular.kz
Рейтинг
+66.06

Менде бір керемет сюжет бар...

Алехандро Аммендебар. "Тәубеден кету"

Преәлгібула Алехандро Аммендебарды мен алғаш көргенімде Туаймайттенге бір-ақ түйіншекпен келген испан иммигранты болатын. Екінші рет көргенімде, Алехандро онысын да ішіп қойған екен. Егер көшеде әр адамның балағына жабысып, әңгімесін аяқтап беруді сұраған бейбақты көрсеңіз Алехандро Аммендебардың нағыз өзіне тап болдым дей беріңіз.
image image

Бәйке из склепа - 5. Кванттық редактор

«Бора-Бора тынысының» самаладай жарық редакциясына имене кірдім. Әйт десе зытқалы тұрмын. Сұрастырып жүріп, редактордың бөлмесін тауып алдым. Білә, хатшы қыз * :

Иракғайып Буш. "Тұспал"

Иракғайып Буштың шығармашылығымен таныс адам кем де кем: ештеңе жазбайды. Жазса да, жарық көрмейді. Жарық көрсе де, аудандық газетте. Аудандық газетке шықса да, сейсенбі күні шығады, ал сейсенбі — аудандық газет шықпайтын күн, түсінесіз бе? Жартысы принтермен, қалғаны қолмен жазылған қолжазбасымен есік жағалап жүретін Иракғайып ағамыздың мынабір қуындысын байыған күндеріміздің бірінде бір жартыға алып қалған болатынбыз. Бүгін соны ұсынуды жүн көрдік. Шешесстің. Иракғайып Буш. «Тұспал» — Мынау екінші рет ұлығаны — жақсылықтың нышаны емес. Жақсы емес-ау, жақсы емес… Маңыздана сөйлеп қойып, еттен асап-асап отырған Сабалақ Лондон өзінің осы сөзінен кейін жан-жақтағыларға ұрлана қарады. Барлығы да үрит десең тайып тұруға дайындалып, үркіп қалыпты. — Сонда не істейміз, Сабалақ аға, өзің айтсайшы бір шешімін! Малынан жалғыз жаны емес, бәрі садаға...

Фенимор Қапар. "Қаламгер Сапа Ахматов"

Кейіпкерлердің о дүниеге қимастықпен, әлде қуана аттанып кетуі — хард-әдебиеттің тұздығы екені охуйрмандарымызға аян. Ал кейіпкердің орнына автордың Аид амигоға кете баруы… Мұныңыз енді… Әлбетте, қаламысуалғыр пяншік Фенимор Қапардың өзінің әбүйірінен де қысқа әңгімесымақтарын тек осындай техникасы үшін жариялап отырмыз. Шешесстің…

Мыңбай Краш. "Арақтың кесірі"

Тұра тұрыңдарш, өзім жылап алайын… Үхх құрысын… Болдым. «Мыңбай Краштың шығармашылығы қалың жұртқа таныс» деп, қаззақтар сияқты өтірікті басжіверіп бастасам — алдымен анталаған қаззақ охуйрмандардың өзі пышақсыз бауыздап, соуссыз жеп қоюы мүмкін. «Белгілі қаламхер Мыңбай Крашты...» деп бастасам да, қапыда арттан айдап жіберулерің мүмкін сендердің. Ендеше жәй, «Мыңбай Краштың мынабір әлеуметтік-туыстық(?) қуындысымен таныс болыңыздар!» дегеннен басқа амал жоқ. Шешесстің…

Бердібек Уэлс. "Көлеңкемен төбелес"

Преәлгібула Бірде інімді спорт мектебіне тапсырайын деп жатсам. «Тегін-ақ, қатыса берсін. Тек мен де бір Хард-әдебиетке әңгіме айтайынш деп едім!» деді спорт мектебінде барлық спорт түрінен жаттықтырушы боп жүрген Бердібек. Менің сенімсіздігімді бетімнен оқып қойған Бекең:
image image

Қабдығали Гимельштейн. Алаяқ

«Малғұн», — деп қалшылдап далаға атып шықты да, еш жазығы жоқ керегені бір қойды, жерде жатқан газды судың қалбырын бір тепті. Саусағы дірілдеп, темекі тұтатты, құшарлана сорды. Ашу қысқан күйі ішкі аулада қараусыз жатқан әлдебір кинотехниканың қорабына отыра кетті. «Ыс-с-с-сука», — деді сызданып.

Пыртфолио. Бағила Пак.

Қарапайым болайын-ақ дейсің осы, бірақ айтпасам — біреудің өзі тауып алып мақтай қоятын түрі жоқ сияқты… Сонымен… ҚР тарихында алғаш рет арақтан жаппай уланған "Қантранссервистің" 28 жұмысшысы естеріңде шығар…
image image

Балалық шағымның мундиалі

Не айтатыны бар, өткен ғасырдан бері түз баласы боп кеттік. Ойылда бастауыштан өтіп, шетінен қырып келе жатыр едім, ортаңғы ұлды қос рәдителдің ешқайсысы зәру көрмей, 10 жасымда қалаға оқуға аттандырып жіберді. Түскен жерім дарынды балалар мектеп-интернаты деп аталады. Кәдімгідей емтиханмен қабылданған...
image image

Пыртфолио. Жаңылсын Бетанкур

...- Қалайша сіз Кирхгоф заңын білмей, 3 разрядты электрик болмақсыз? — Кімнің несін???.. Аса хердірменді охуйрманнан мені осы жерде — тасым аңырған күйі паузаға қойып, мұндай күйге жеткізген алғыштарттарға назарбаударуын сұраймын.

Пыртфолио. Ақләйлек Эванджелиста.

Мұндай күйде адам бір-ақ рет, жақсы, үш рет бола ма деймін. Жаңадан ашылған гипермаркетті — оның дүкеншілерімен бірге зерттеп жүргем. Сүттер әлі де көкөніспен, сабындар әлі де

Пыртфолио. Лоллобриджа Шәңгереева.

— Сізден бірдеңе сұрауға бола ма? Қу түлкідей бұлаңдап, арам көздерін ойнақшытып, жымысқы жымиып жүретін ғимараттас Лоллобриджа ақыры өзінен бір батылдық тапқан сияқты. — Ой сұрай бер шешесс!

Стақандастарым. Имам Қуатхан

— Әні, әні, айттым ғой әні, келе жатыр, келе жатыр! Жылдап оталмағаннан әбден құтырып, тал болуға аз қалған арамшөптің ортасында отырған Қасым, кәнігі барлаушыларша сыбырлап қойып, менің иығымды төмпештей берді. — Саған «айтқан жоқсың» деп жатыр ма біреу? Кетші-әй өзің! — дедім мен.
image image

Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы "Масаң Нұрберген" метеорология тарихына енді

Өткен аптада еліміздің батыс аймағын, Ресейдің Астрахань облысын, Әзірбайжан және Иран жағалауларын әурелеңге түсірген сұрапыл дауылға «Масаң Нұрберген» аты берілді. Синоптиктер дауылдың жылдамдығы сағатына 14.5 шақырымға дейін жетіп, Каспий теңізінде биіктігі 1-1.3 метрлік толқындар көтеріледі деп болжап отыр....

Уәзип Скотт. "Шервуд жамағаты"

әзип Скотт шығармалары сөйлеу мәнері жағынан батыстық үлгіде болып келеді. Батыс дегенде Ұлыбритания, Франция деп ойлап қалмаңдар, епті — кәдімгі Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау өңірінің диалектісімен жазады да! Шамасы жас кезінде Дәруішөлгенге ішсапармен көп баруы әсер етсе керек. Сонымен кеше ғана жазылған бір шығармасын назарларыңа ұсынуды жүн санадым, әас. Уәзип Скотт. «Шервуд жамағаты» — Мен сені айтып қоям! — деді ересек баладан зәбір көрген бір қожалақ щегол. — Мал әнаң, пақаның да, мақаның да жоқ, кімге айтасың ал? — деп ыржалақтады әлгі қояншық. Щегол кімге айтатынын айтты. Бірақ ересек оны естімеді. Оңтүстік шығыстан соққан дауыл жел баланың сөзін ұшырып алып кетті. (Отамалының кезі болатын, бұл жерде менің кінәм жоқ — автордың ескертпесі). (Форс-мажоршылын, ептінің — менің ескертпем). Бірақ ересегіне бәрібір еді: — Айта бер, нақу. Кімге...

Түсінгім келмейді немесе жоқтан жүйрік жоқ

Соңғы кездері «бензин қымбаттады!», «адам арзандады!», "қылмыс деңгейі сол қалпы жоғары" деген негативті реңкі бар мақалалар тым көбейіп кетті. Бірақ бір сәт ойланайықшы, жағдай сонша жаман ба? Тығырықтан шығатын жол шынымен жоқ па? "Үй қымбаттады". Ол қашан арзан болып еді?