Ұлттық Құрамаға Ресей және Беларусьтан 300 футболшы ұсынылды

  • Автор


Футболдан Ұлттық Құрамамыздың сәтсіз ойындарынан кейін бүгін таңертең ҚФЖБ (Қазақстан Футбол Жанашырлары Бірлігі) мүшелері шұғыл түрде жиналып, Футбол Федерациясына ұсыныс тастады. Ұсыныста 2013 жылдың 22 наурызында өз алаңымызда ойналатын Германия матчына дейінгі жүзеге асырылуы қажет іс-шаралар тізімі берілді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — шет елден жаңа футболшылар әкелу.

ҚФЖБ төрағасының айтуы бойынша қазір құрамада 6 шетелдік ойыншы ойнауда. Бұл өте төмен көрсеткіш. «Бұл санды 10 немесе түгелдей 11-ге шығару керек» дейді тәжірибелі маман. Бұрын өз елдерінің негізгі Ұлттық Құрамаларында ойнамаған сапалы 300 футболшы анықталды. Бұлардың басым бөлігі Ресей және Беларусь футболшылары. Еуразиялық Кедендік Одақ мұндай футболшы трансферлері үшін де еш кедергісіз, ашық болады деген сенімде. Түркия және Әзірбайжан мемлекеттерінен де алуға болады делінген 40 футболшының кандидатурасы әзірше өтпеді.

300 футболшының көпшілігі Ресей 1-лигасы және Премьер Лиганың ортанқол командаларынан болғанымен, араларында Бояринцев, Аджинджал сияқты тәжірибелі ойыншылар және Кержаковтың інісі «Волганың» қақпашысы да бар.

Бет қатталып жатқанда: Ұлттық Құрамаларына кіре алмай жүрген Аргентина және Бразилиялық ойыншылар да бұл тізімге енуі мүмкін деген ақпарат жетті.
Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

39 пікір

Janasil
Ел ағалары осындай игі іс жасамаса болмай кетті. Жанкүйер болып жүрген достарымды аяймын.
Armanjan
ҚФЖБ мүшелігіне қалай өтуге болады екен, қандай құжаттар талап етіледі. Соңғы ойын Австриядан жеңілген соң осындай шешімге келдім.
asaubota
Бояринцев мықты ғо!
Erke
Бара бара муныда коріп қалуымыз ғажап емес, танкалмаймын көріп жатсам! Беранектің мына сөзі соны меңзейді:— Веналағы ойыннан кейін біз осы мәселеге ден қоямыз. Қазақстанда туып, шет чемпионаттарла өнер көрсетіп жүрген ойыншыларды қарастырамыз. Әлеуеттерін байқаймыз. Егер ұнаса, келісімсөздер жүргіземіз. Мына нәрсені түйіп алуымыз қажет. Олар керемет ойнайтын болуы керек және ұлттық құрамамыздың жейдесін киюге құлшынып тұрулары тиіс. Келісімсөздерді жүргізетін, ақпараттарды жинайтын — федерациямыздың Құрама командалар департаменті.(http://www.alasharena.kz/post/3951)
ruben
Россонери Меркель Қазақстандық екен. Сосын балкар Болов пен Баловтар да жақсы ойнайды. Шешендердің академиясында да ҚЗ тумалары бар
konvict
Меркель орыстарға ойнаймын деген еді бір сұхбатында. Қазаққа өлтірсе де келмес. Онсызда сүреңсіз ойын көрсетіп, Миланның негізгі құрамына шыға алар емес.
asaubota
ана Гурманның баласы да бұрын Израильде ойнап жүргенінде Қазақстанға қайту мен үшін дамымау деген сөз деп еді. енді жүр қазір ақшаны күреп, ұялмай Ұлттық құрама формасын киіп.
ruben
 әкесі де, өзі де үшекібір екендерін дәлелдеп келеді. оны капитан жасамақшы екен клубында
ruben
Орыстар, ләж болса, қорғанысқа адам іздейді. Ал мұндай медиапунталар оларда жетіп артылады. Тәжікстанда, Қазақстанда туған ойыншыларды қайтеді РФС. Өз ФНЛ-не қарар мұрша жоқ. Меркельді азғантай ақшаға көндіре алмағандар көп ақшаға көндіруге болатынын жақсы біледі. Мәселе Меркельдің ересек футболындағы нәтижелерінде боп тұр, турасын айтсақ, нәтижесіздігінде яғни. Сүреңсіз ойын көрсете алмай жүрген жалғыз россонери емес. Неміспен қатар бастап, жарқ ете қалған Палоски де ізім ғайып жоғалды тастылар арасында агрегатын көрсете алмай
User
Мұхтар Мұхтаровтың позициясынан кірді екі доп.Богданов тоже лоқтығын көрсетті.Нұрдаулетов кроссовчик.Қонысбаев дым ұнаған жоқ.Өзінше Арнаутовичке секірема қызық.Гридин ебедейсіз ойнады.Артта жүрді.Киров тоже ұнаған жоқ.
Erke
осы қашан коясындар Нұрдаулетовты мактаганды, ешкандай ойында бойынан намыс кормейсің, журналистерге сұхбат бергенде мыкты болып коринеди тек! Кешегі ойындары уят тіптен, хоккейде 4 адаммен қалганда уакыт откизип алдыга шайбаны ұрып жіберіп тұрадығо, кешешги биздин ойын дал сондай болды, тек тепти де турды алдыга, ылғи борщтарды жинап алса кайдан біздің ел үшін кот жыртсын! Жалпы біздің футболга бас ауыртып керек емес, бармау керек, оздері ойнап оздери айтып журсин ойындарын!
User
быратан көрдік қо.Басқа ойыншыларға қарағанда көп перехват, жалпы идеал дефендингті көрсетті кеше.Әрине гол салынса,өзінше содан көргендей боласын.

Жалпы біздің футболга бас ауыртып керек емес, бармау керек, оздері ойнап оздери айтып журсин ойындарын!

 футбол қарамаймыз поқу футболға, елімізді қолдаймыз тек © asaubota
asaubota
Нұрдәулетов қазақ журьеға көп сұхбат береді, сосын ғо мықты болып көрінетіні. былай ештеңесі жоқ футболшы ретінде. жалпы біздің командада Шмтдтгальдан басқа есі дұрыс ойыншы жоқ, ол да ойнамайтын шығар бұл долбоебтармен.
User
жоқ былай да норм ойнайды ғо…

Кеше Беранек тактикадан қуып кетті.Полу защитаға корпуспен ойнай алмайтындарды шығарды.Қонысбаевты норм ойнайтын ойыншы деп ойлайтын едім сылышкам қуды.Коментщиктерде сауатсыздау Қонысбаевтың Түркияға ошибкамен салынып кеткен голын, яғни жәй навесті айтып.Соол Беранек те кету керек шығар.
ruben
КПЛ-ді тарату керек. ЛФЛ-ді қалдырсаң болады. Шын мықтылар кетсін шетелге, арамтамақтанбай. Әуесқойлар бұлай ұтылмайды, ет пен сүйектен автобус тұрғызады ең болмаса. Қайрат & Ко секілді көгалда жайылмай. Бұлай әлемге масқара болғанша. Тағы да араб елдері мен Бруней, Малайзияларға күлетіндер бар. Кеше тапа-тал түсте, шыжыған ыстықта тәшматтар реферилердің үшекібірлігіне мән бермей-ақ мұнай-долларларды ұтты. Басқаны білмим, бірақ Гюл Каримова бастаған аяқдоп жобасына қызыға, қызғана қараймын…
KazaXXX
Нұрдаулетов ойнай алмайды, мүлдем! Анау қаңғып келген шүрегейлердіде қуу керек! Орнына жақсы ойыншылар шақыруға болады ғой егер біздің қазақ ойыншыларды сай деп санамаса!!!
asaubota
достойно жеңілу деген бар ғой, ұтылса да жігер көрсетіп ойнау. бізде ең болмаса сол да жоқ. кешегі масқара ғой, 80 пайыз допқа иелік ету деген. тіпті Барселона ондай көрсеткішке жете алмайды.
User
Барселона-Интер матчында болған.
Adiletshu
Бразилиядан келген балаларды неге ойнатпайды. Олар да тақтай ма
ruben
Астанадағы Интер «Байтерек деген бірінші лига командасында қосалқы құрамына кіре алмай дал боп жүрген Текебаев деген тренерлерімен
User
Астана-64 пен Бәйтерекке кетті.Кейбіреулер контрактіні Бразилияда жасап жіберді.
neoaskar
мұндай футболдың, ш, ш, ш, ш, ш, боқтап жатқаным жоқ, жай айтуға сөз таппай отырған ғой, бұған не деуге болады.
b-asan
суреттегі футболист: " тұрайын ба, әлде ысқырып қала ма екен?"
b-asan
немесе "қап, бұдан да әсерлірек, 1-2 аунап құлауым ккерек еді,ә?"
b-asan
не «ошш… қалай әдемі құлатып кетті ә?»
asaubota
жалғыз ол емес барлығы құлап жүрді ғой. 1 күн бұрын ішкен ау деймін.
edige
дьютифристтер…
Nurgisa
Озбектерде, карiстер мен жапондарда ылги оз жанашыры болгасын ба, олардын перформансына коп ретте тек кол согуга болады. Маселе олардын аланга шыгып бара жатып ойын аякталысымен премия алып-алмайтынын бiрiншi кезекке коймайтынынан iздегiм келедi. Курамамыз еуроаймакка муше болгалы берi тек арып-ашумен келемiз. Акыры косеге когере коймайды екен, Ази федерациясында кала беру керек пе едi осы деген ой жегiдей жейдi. Еуродода мен мундиальдпрга шанс кобiрек болар едi. Мен ушiн футболдагы еуроинтеграция омiршенсiздiгiн корсеттi, жакын онжылдыкта кереметтей перспектива боларына толыктай сенiмсiзбiн. Ен окiнiштiсi — басты ставка легионерлерге жасалуда, тол мектеп пониiмен жок. Азиядагы курамалар да мыкты коскан. Бiз ат тобелiндей кос декада жогалтуга кол жеткiздiк. Жане сол вакуум мен тукке тургысыздык каркынмен жалгасуда, тамашалаушылар Еуропа мыктыларын коруге барады, озiмiздiкiн емес. Будан аскан касiрет болушы ма едi…
User
мен келіспеймін.Азияда тәжірибеміз төмендейді ау.Европада мықты игроктармен қарсы ойнаған күшті ғой.
ruben
Жапон клубтары жарап тұр. Белді ойыншыларын 1-2 жылға арзымайтын сомаға алмандарға пркатикаға арендаға беріп, ұлттық құрамаға тәжрибелі ойыншы жинап жатыр. Миллионды тв контракт деп шайнамай-ақ. Ал біздің ойыншыларға титтей қызығушылық танытыла бастаса, команда басшылары миллион көкқағаз дәметіп бұттан кетіреді шетелдіктерді
Erke
Бұл бұтақбастар қазақстан біріншілігінде Астанада ойнайтындары бар құлап жаман үйренгенго, бұлар құласа пенальти, бұлар құлап қалса сары қагаз, судиялар бей берекетсіз ысқырып ойынды тоқтата береді, біреу түртіп кетсе жата қалады, Остапенколар огіздей болып аунап, соған жаман үйренген бұлар, европада тіксінба сенің кім екеніңді, ойынды токтатпайды ойната береді, Австрия 3ші голды гол салған кезде, бізде біреу демалып жатр едіғо қақпа маңында, ылғи ешактар құрамадағы ойыншылар!
User
көрейік сені бутцы аяқпен иығыңды басып кеткенде...өтірікриоттанбаш на.
Erke
Отан үшін отқа тус күймейсің дегенді білесің ба? Ойнау керек ойнау мұрыннан қан кеткенше! Жалақыларынан адам шошиды, жаттығу базасы, кеше ғана силаған автобусы қандай, барлық жағдай жасалған бұларға, бірақ нәтиже жоқ, оданда қазақ балдары ойнасын сірә ұтылып жатырмызғо!
b-asan
оданда қазақ балдары ойнасын сірә ұтылып жатырмызғо!
бәрібір дегеніңіз дұрыс ау. Жалпы қосылам, ең болмағанда 1 қазақтың баласы жағдайын түзеп алады, ақша да елімізде қалар еді
konvict
Бұрынырақта, Париждегі қазақ жастары құрған клуб туралы жазып едім. Қазір олар уже бір саты жоғары лигада ойнап жүр. Қарқыны жаман емес. Алғашқы үш ойында үш жеңіс. Соларды елге тарту керек секілді. Тіпті олар доп теуіп жарытпаса да қандастарымызды елге әкелген болар едік.
jigit
айтып болдындар ма? бұтақты жемеңдер нақ
ruben
 ффк жыртысынан дамбал тігівапсың дейін десем, пидерация өлмеген екен
jigit
Бұлардан гөрі 17-19-21 жастағылардан қорқу керек сияқты нағыз ептібайлар солардан шығуы мүмкін
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.