Сізді жұмыстан суытатын қызметкерлер түрлері және сипаттамалары

  • Автор

Бұл жазба студенттік өмірдің кайфынан әлі арыла алмай, шын өмірдің ауыртпалығына әлі кірісе алмай жүрген экс-студенттерге немесе жаңадан жұмыс іздеушілерге арналады. Жаз бойы алдымен таныс іздейсің, резюме тастайсың. Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген. Сонымен басталады жаңа өмір, жаңа жұмыс, жаңа орта. Әдбетте басында қиналасың, жұмыс ұнамайды бастапқыда. Жұмыстағы адамдар да бір түрлі көрінеді. Сөйлесіп кетуге қиналып жүресің. Жұмыста да жақсы адамдар мен жаман адамдар болады. Әңгіме осы жаман адамдар туралы болмақ. Бұл адамдардан алыс болғаның жөн. Көп араласпа.

1. Беліне шәлі байлаған әйел
Мұндай адам нағыз кеңсе монстры! Шәлі оның дене мүшесі деуге болады. Онымен бірге өмір сүреді. Қыста аяғын орайды, одан кейін белге қарай көтеріледі, сосын арқасын жабады. 7 күн, 24 сағат тоңады бұл кісі. Кеңсенің басты энергия сорушысы. Бұл кісіден таралатын жаман энергия айналадағыларға тарап, бөлмеде жаман бір аура қалыптасады. Ешқашан күлмейді бұл әйел. Жұмыс үстеліңді алыс қойғаның дұрыс немесе мүмкін болса басқа бөлмеге көш. Ешқашан мәселесі бітпейді және жастарды көп жұмсайды.



2. Телефонмен көп сөйлесетін әйел
Мұның да ешқашан мәселесі бітпейді. Алдына қашан барсаң да телефонмен сөйлесіп жатады. Айтатыныңды айта алмай қасында ұзақ тұрасың. Балалардың балабақшасы, мектебінен бастап жер алу мәселесі, кредит төлеу, тойға бару сияқты миллион мәселесі бар. Шаруаңды тез-тез айт та қашып кет, онсыз да аз уақытың болады шаруаңды айтуға. Өйткені бір қолында телефон тұтқасы, саған қарап тұрады «тез бол» деп. Мүмкіндігінше бұл кісіге шаруаң түспесін. Мұның да жаман энергиясы бойыңа сіңіп қалады.

3. Ештеңе ұнамайтын кісі
Бұл кісі көп сөйлейді, оған ештеңе ұнамайды. Барлық нәрсені сынайды, жек көреді, арыз жазады, оппозиция сайттарын оқиды, оқығандарын айтады. Тіпті шылым шегуге де шықпа бұл кісімен, есіңді тандырады. Елбасы да, саясаты да, сіздің бастық та, жұмыс та, ештеңе де ұнамайды бұған. Сыйақы да аз, жалақы да аз бұл кісі үшін. Мұндай жануардың азабынан құтылудың бір жолы — ол бір мәселе айтса сен 3 мәселе айт. Бір есе айтса, сен 5 есе қылып айт. Мәселені одан сайын үлкейт, өзі қашып кетеді.

4. Сықиып киінген жігіт немесе қыз

Жұма күніне дейін шыдай алмай ауылдан келген сыныптастарыңмен сейсенбі күні ішесің мысал үшін. Сәрсенбі күні таңертең жұмысқа әзер келесің, бас ауырып тұр, киім қыртыс-қыртыс, тіс жуылмаған, аяқкиім лас. Сол кезде таң ертемен алдыңа шайтан сияқты біреу жетіп келеді. Сықиып киінген, аяқкиім жып-жылтыр, көйлек-шалбар үтіктелген, шаш таралған, сақал қырылған немесе тап-таза ақ блузка киген, қара юбкалы, шаштары артқа тартылған, көздері от болып тұрған қыз. Сенен кешегі есептерді сұрайды, бастыққа баратын қағаздың дайындығын сұрайды. Ондай кезде әрине дайын болмай қалады. Компьютер де жәй істеп қалады, мына жақтан агенттен келген хабарламалар жалт-жұлт етіп жатады. Мұндайлармен кикілжіңге кірме, сыпайы бол, жәй сөйлес, солай құтыл.

5. Ақша жинайтын қыз

Жұмыстағы жек көрінішті типтердің бірі ақша жинаушылар. Өзің онсыз да ақша жеткізе алмай жүрген кезде бір апайдың туған күні болып қалады, бастықтың қызы мектеп бітіреді, бір ағайдың немересінің шілдеханасы болады, бухгалтериядағы бір қыз 2-ші рет күйеуге шығып жатады, 8-март, Наурыз, анау-мынау… Қысқасы өмірі бітпейтін ақша жинаулар болады. Жаңағы қыз сол кезде алдыңнан шыға келеді Әзірейіл құсап! Ақша бермесең жаманатты боласың. Жоқ болса жаңағы қыз бір апайдан сұрап береді немесе бухгалтер айлықтан ұстап қалады. Бұдан енді құтыла алмайсың, қаша алмайсың. Көнесің.

***
Фото-бонустар

Осындай жиналыстар болып тұрады, шыдайсың соңына дейін


Жұмыста шәй ішу, біреудің туған күні


Ақша жинау сәтінен бір көрініс


Фотолар www.google.kz сайтынан алынды.
Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

174 пікір

Marco
Өмірі темекісі болмайтын, бірақ, өлтіріп шегетін жігіттер болады
asaubota
соны жазайын деп отыр едім. сұрамсақ біреулер болады, өмірі темекісі де ақшасы да жетпей сұрай беретін.
Daniar-Alan
лібәәәәддд… сондайлардан құтыла алмай қойдым…
alisha
«Салып шек, зб» дегенді соңғы кезде көп естіп жүрмін. Соңғы кезде күйеуімнің де зайыбы шыққан сияқты.
Zhan
Осылай өмір өтуде. Алып-қосарым жоқ.
Супер жазба, суперсараптама!
Daniar-Alan
түйгені көп жігіт қыз… қыз?? осы Рафа
Armanjan
ақша жинау мәселесін жұмысқа жаңа келген адамға жүктеп қояд. Ол сосын біраз көріп-білгесін, шіркін жаңа жұмыскер қашан келеді екен деп армандап жүреді. Сосын жаңадан жұмыскер келе қалса балаша қуанады. Өйткені зейнет жасына кеп қалған апайлардан ақша жиғаныңша шашың ағарып бітед.
Rafaello
Жаңадан келген адам қалай жинайды? Бізде тәжірибелі қыздар жинайды.
alisha
Осы жері ыңғайсыз екен… Жаңадан келген адамның «Мында қайдан тап болдым» деп тұра қашу ықтималдығы жоғары шығар
Armanjan
қолына тізімді береді да, бар жинап кел деп жібереді. Біздің де басымыздан өткен, енді сенде үйрен деп қоя береді. Аямайды ғой аямайды.
ushkin
хехеххее, керемет! Ештеңе ұнамайтын негативті кісі бар бізде де. Соған оқытса ғой мына жазбаны
Daniar-Alan
Ештеңе ұнамайтын негативті кісі
шамалап тұрмын
ushkin
Ма*ма, ішпион емессіз бе? ))))))))
Daniar-Alan
жооо… өзім емес, 30-жылдары атам НКВД-да істегені болмаса… қанмен келген екен ғой…
Abilakim
Атаң біраз адамды зар илеткен болар…
Daniar-Alan
жьлатқан жьлатқан…
aza
Көп кеңседен әжептәуір алда екен біздің офис… Құдайға шүкір)
Zhan
Көп кеңседен әжептәуір алда екен біздің офис… Құдайға шүкір)
құр сөз жарамайды көз тиіп кетер, құдайы шәй беріп жібер тез арада
Abilakim
шәлі байлаған апайдан басқасы бар бізде)))
Ақша жинайтын қыз жоқ екен қарап отырсам, біреудің туғаны қайтыс болса ғана жинайды екенбіз қарап отырсам
Marco
шоты бүгін көп қарап отырсың ғой)))
Abilakim
жұмысқа шықтым ғой, бауырым
asaubota
күшті өсек айтатын апайлар болады. олардан барлық ақпаратты алуға болады, ақша қашан түседі, неше күн демаламыз деген сияқты мысалы.
Abilakim
премия жайлы білгенде әлгі жек көріп жүрген апайға бір сәт ішің жылып қала ма?)))
asaubota
жоқ, былай да ондай апайлармен жаман емеспін. жалпы жұмыста бәрімен жақсымын, жауым жоқ
Marco
Елу грамм арақ ішсе болды қуып кететіндер болады)))
19852407
Корпоративка ішетіннің бетін ашады, ішпейтіні одан қашады  

Ньюмақал:Коллеганның шынайы келбетін көргің келсе, корпоративкаға бар
Gastarbaiter
Корпаративка кей адамдарға сол коллективтегі соңғы «балаған» болады))) Әсіресе, ішіп ап ақиқаттың аңын жыртқыш амиголарға))
Aidakonya
мен оз бастыгымды катты сыйлаймын, себеби ол менин папам, и баскаларды да олар менин туыстарым
Armanjan
өз шаруа қожалықтарыңыз ба?
Aidakonya
конфиденциально
Armanjan
олай боса тендер ұтарда бар болатын, ұтқасын жоқ болатын фирма деп ойласам бола ма?
Aidakonya
нет, болмайды, негизи елге жамандыктан жаксылыгымыз кобирек
Daniar-Alan
менің Айдакониямды қайсың әй минустап жүрген.
Aidakonya
не болсада назардан тыс калдырмайды
Adiletshu
Минустаған адамға не істейсің?
SaZhaM
Жұмыста служебный роман жоқ десеңші… Жалпы қазақ фирмаларында жоқ романтиканың бір түрі ғой бұл. Айналаның бәрі тума-туыс — қайдағы романтика?!
19852407
мен оз бастыгымды катты сыйлаймын, себеби ол менин папам, и баскаларды да олар менин туыстарым

Бұндай система бізде мыхтап орнаған, династияңдысс
Gastarbaiter
Барлық жерде де мықтап орнаған.
Тіпті штаттарда да. Қақпас пысық әмерикөттер бүкіл отбасыларын ірі корпорацияларға тығып тығып тастап, басқа кландар көтерілмеуі үшін «непотизмге қарсы саясат» жүргізеді.
СОлай болды, солай болған, солай болады да.
Ағайынды тартудың сөкеттігі жоқ. Тек одан спрос та басқалардан екі есе көп болуы керек, жаман атағы сенікі ғой)
Gulzhanat
Бұғалтыр апайлардан қорқам!)
Daniar-Alan
а мен жақсы көрем
Gulzhanat
Шоколад береді ме? ) Олар постоянно шоколад жеп жүреді. Борьба со стрессом, видимо.
Daniar-Alan
тәңгә беред тәңгәәә
Gulzhanat
теңге бергенде ғана көріссең жақсы ғой)
Daniar-Alan
шәй да беред… беретін нәрсесі көп уопшым
asaubota
Gulzhanat
дәл өздері! қалай қорқпайсың?
asaubota
мен емес жазған, авторы Сатыбалды
Gulzhanat
еще мынау бар
asaubota
қызық емес
Gulzhanat
мен де осыны бір жігітке "қызық емес", десем, «только мужчина может оценить такой юмор» деді. ал ендеше...
asaubota
арамызда бар ма осындайлар?
kokbori
Кім айтсын, жаман адам демесе, мә мен осындаймын деп байқамай айтып қалар еді
AKY
Бір тусовщик болады күнде қыдырып ұйқысы қанбайтын, үйіне қонбайтын
Zhan
Және сондай қыдырыстарын сен сұрамасаң да мақтанып айтып беретіндері бар. Тыңдауың керек амалсыздан. Әйтпесе көре алмай тұр, қызғанып қалды, іші күйді деп ойлап өзіне өзі рахаттанып анандай**** бов қалады.
Gastarbaiter
Не деген бақытты едім. Мыналардың барлығы менің өмірімде жоқ екен))
madlen
менде де жоқ екен… басқа филиалдарда бар шығар, но тура менің офисымда жоқ екен… бізде одни қыздар… жігіттер барлығы головнойда…
dark_nazgul
Шәлі байлағандардан басқа ешкім жоқ екен. Шәлі болғанда, кондиционерден қорғанып белін, мойнын шарфпен орап алатын ағайлар бар.
sakenspb
офиске кіре сала агентті ашатын адамдарды айтпапты автор.
Gastarbaiter
Жұмыста сағат 6-30 дан сегіз жарымға дейін 14 баяндама аударып тастаудан басталады жұмысым, Негізі тоғызға дейін аудару керек, бірақ мен жарты сағат бұрын бітіруге тырысамын, перекур, кофе, әңгіме және асықпай туалетте отырып, сотка арқылы керекинфоға шығуға уақыт болу үшін. Сегіз жарымнан 11-30 ға дейін ангарға барып қондырғыларды түгендеп, механиктерге жұмыс тапсырып, кейде өзіміз бірге жасасып қайтамыз. Түскі астан кейін күн астында Майк екеуміз басқа жұмыс болмаса, бригадаларға тексеріс жасауға шығамыз. Авария не тағы күрделі жөндеу процедуралары басталса, бір боқтанып, скважін басына кетеміз. Елу градус ыстықта көлеңке жоқ, тас жоқ, тақыр жоқ далада кейде үш төрт сағаттан қақшиып бағыт беріп, бағдарлап, «нянька» боп тұрамыз. Ол жақта он сағат бойы далада, күн астында труба көтеріп тұрған қара жұмысшыларды көріп, «тәубе» дейміз. Қалған кешкі сағаттарды қарайған контейнерлер арасында ремонтқа қажетті темір терсектерді іздеп, оны көлікке тиеп, үстіміз май-май болғанына мәз боп кешкі жетіде асханаға «ужен» жеуге кіргенде дастархандас кеңсешілердің осындай жылауық «лібә, шредерге қағаз салып шаршадым», «күні бойы принтермен алысып, өлетін болдым», «Кондер жарты сағат істемей қалып, электрик келем дегенше өліп қала жаздадым», «Білә, бүгін қарасам шкафта менің сүйікті пішінәйларым таусылып қапты, сука уборшы апай печенье ұрлайды ау деймін!» деген боққайғы әңгімесінің аккомпонементімен гречка мен котлетімді қылғытып аламын да, бөлмемде киімімді ауыстырып, жаттығу залына кетем.
Күнде емес, бірақ күнара сайынғы күнтәртібім шамамен осындай.
satibaldi
«лібә, шредерге қағаз салып шаршадым», «күні бойы принтермен алысып, өлетін болдым», «Кондер жарты сағат істемей қалып, электрик келем дегенше өліп қала жаздадым», «Білә, бүгін қарасам шкафта менің сүйікті пішінәйларым таусылып қапты, сука уборшы апай печенье ұрлайды ау деймін!»
Дәл өзі лібәдтің, айырып жіберсе дейсің сол кезде біреу Аспаннан Тәубе деген жұдырықпен…
FaraOn1
Біріншіден бастық. Өйткені таңғы «намазымыз» бар. Көргім келмейт соны, үнемі негатив таратып тұрады.
Лібаа отпуск бітті, ертең жұмысқа. тағы басталат сукі тірлік
Gastarbaiter
Таста ондай жұмысты Екпінге қосыл) Не басқаша тиін істейтін жолдар көп.
Адам өзіне ұнамайтын тірліктен қанша ақша тапса да қанағаттанбайды.
Нуинақ)
FaraOn1
охраник болып кетем. жұмыс іздеп жүрмін))) сменымда жатып ап кітап оқимын нақ))) егер тағы осындай түк істемей жататын жұмыстар болса айтыңдаршы резюмемді лақтырайын
Abilakim
Қарағандыға келш,"Қазақтелекомда" мантерлік жұмыс тұр,45 мыңның жобасында айлығың,3 санат,+ ай сайын сыйақысы бар
Gastarbaiter
Онда саған жұмыс емес, айлық беретін жер керек. Анығын мойындасайшы.
FaraOn1
аха өйткені кредит ап қойғамын, және квартираға төлеу керек. примерно айлығы 40 болса жетіп жатыр. Соңғы кезде оқығым кеп жүр. бірақ өз бағытымды әлі тапқан жоқпын.
Gastarbaiter
Дұрыстап қарасаң көп айлық беретін жерлер. Таныс паныс, өтірік, уқит, суқит, резюме толтыр, пара беріп, былай әзір де халява жұмыс табуға болады, егер іздегенің сүйікті іс емес, жай банкноттар болса.
FaraOn1
в том то дела бір жыл бойы «туалет қағазында» жұмыс істегенімді бір отпускпен шайып үлгермей қалдым. ақша үшін ғана істеп келгем. мағынасыз тірлік өтіп жатқанын ойласам мандражым ұстайды. өмірдегі өз бағытымды таппайынша оқи бергім келет. Былтыр Астана маңайындағы Қорғалжын ба бір жерде тегін дін оқытатын медресеге набор жүріп атқанда барғым келген. іштей жиналып та қойғам. родители жібермей қойды. жалпы қазақта ата-ананың бала тәрбиесінде жіберетін қателіктерікөп қой…
Gastarbaiter
Мүмкін дұрыс істеген де шығар. Тек оны түсінуге әлі өрең жетпейд.
Бағытыңды табу үшін былай істеп көр:
1) Өзіңе ұнайтын тірліктердің тізімін жаз.
2) Өзңе ұнамайтын жұмыстар тізімін жаз.
3) Ұнай ма, ұнамай ма өзің білмейтін тірліктерді жаз.
Содан кейін солардың ішінен сенің қолыңнан жақсы келетіндерін жаз. ең болмаса екінің бірі қолынан келмейтіндерін бәрін тіз.

Содан кейін:
Солардың ішінен 4-5 ақша табуға болатынын теріп жаз.
Приоритет — өзіңе ұнайтындардың ішінен, және ұнайтын-ұнамайтынын білмейтіндеріңнің ішінен жаз.
Мысалы, осы күнге дейін сварка кәсібі маған ұнайтынын білмей келдім. Қолыма электросварканы алып, жұмыстағы сварщиктен «дуговая сваркадан» бір-екі сабақ алған соң ұнап кетті.
Ендігі мақсат сварка қондырғысы мен шлейф машина, болгарка сатып алып, ауладағы бір бұрышымды мастерской қылу болмақ))
Соның ішінен тап қазір бастауға мүмкінін, немесе орындалуы ең жақын тұрған біреуін таңда.

Соңғы қадамды айтпаймын. Соңғы қадам сол таңдаған тірлігіңе кіріскен күні өзің анықтайсың.
Рахаттарыңа пайдаланыңдар іздеуші жастар!
Бір оқпен екі емес, он қоянды атуға да болады. Ебін тапсаң. Ал еп баппен келеді. Бапсыз еп болмайды. Впрочем бабасыз ёб болмайтыны секілді.
Gastarbaiter
Изыди! Қара өзін, мынау ник саған жақсы болды ау
Noman
 рахат е, шынымен
Gastarbaiter
Жыртыңдай бермей телефоныңды лақтыр
Marationok
Үй профессорынан дәріс  
Негізі, жұмыс екіге бөлінеді ғой, қара жұмыс пен қағаз жұмыс.
Gastarbaiter
Бір жылдары солай болған шығар.
Ал мен көбіне қағазбен де жұмыс жасамаймын, қара жұмыс та жасамаймын. Екі езуім мен қызыл тілім «нан тауып» жүреді жиі.
Қара жұмысты есепке алғам жоқ, бірақ қара жұмыстың да әр адамға қызығы мен қызықсызы болады.
Мысалы жер қазуда, кірпіш тасып, цемент илеуде тұрған қызық жоқ. Ал сантехник, электрик, монтер — уже кәсіп. Біреу оны өнер туындысы деңгейіне апарып, зергерлік деңгейде меңгеруі мүмкін.
Сондықтан, кәсіпті "Қызықты" және "Қызықсыз" деп бөлемін. Ол әрине субьектив.
Marationok
Әлде де солай ғой, біреулері менеджер жүгірмек болады, біреулері далада столбқа шығып тоқ сымдарын жалғайды.
Ал инженерлік жұмыс ол между между ғой. Сызба да оқуы керек, қолына арнайы құрал да ұстау керек. Кімнің қолынан не келеді, соны жасап жатыр. Таңдау әзірге аз, біздің елде.
bazuka
Мысалы, осы күнге дейін сварка кәсібі маған ұнайтынын білмей келдім. Қолыма электросварканы алып, жұмыстағы сварщиктен «дуговая сваркадан» бір-екі сабақ алған соң ұнап кетті.
мағанда ұнайды, ер адам болсам хоббиім болар еді)

Ендігі мақсат сварка қондырғысы мен шлейф машина, болгарка сатып алып, ауладағы бір бұрышымды мастерской қылу болмақ))</blockquot
өте-мөте қолдаймын, табысыда жаман емес
Gastarbaiter
тігіншілікке ұқсайды, қатты ұқсайды, бірақ хардкор тігіншілік дер едім.
FaraOn1
Рахмет брат, енді асықпай отырып ойлану керек
Daniar-Alan
Бағытыңды табу үшін былай істеп көр:
1) Өзіңе ұнайтын тірліктердің тізімін жаз.
2) Өзңе ұнамайтын жұмыстар тізімін жаз.
3) Ұнай ма, ұнамай ма өзің білмейтін тірліктерді жаз.

диванға клиентті жатқызып қойып айтатын әңгіме кен… осы жағына ойыспайсың ба?
asaubota
Баламды медреседен шығарвалдым, Қызмет қылып, шен алмаса нақу оқып? © Дабай

Сатыбалды
Gastarbaiter
Медреседен де қызмет қылып, шен алуға болады. Бірақ мен бәрібір бермес едім.
FaraOn1
Стив Джобс марқұм африкадағы аштан өліп жатқан балаларды көріп, әкейден екі сұрақ сұрапты. "Құдай бұл жайлы біле ма? Балалардың алдағы тағдыры не болат?" деген, әкей алғашқы сауалына «Иә білет» деп жауап қатқан. «Онда мен ондай құдайды мойындай алмаймын» деген екен Стив сонда.
Ислам дінінен адамгершілікті үйренгім келді. Ал өмір бойы күнә жасап, осоңғы деміңнің алдында тіліңді кәлимаға келтірсең жұмаққабарасың дегенге менде сенбеймін. Сосын діндер арасында бір шатс пайда болса дін туралы бірдеңе білгенім дұрыс болатын шығар деп ойладым. Бірақ ең басты себеп жұмыстан қаштым. шыны керек. Бірақ ақыры болмаған екен оның несіне өкінейін))
Marationok
Бес уақыт намаз оқисың ба?
edige
 Шешессссе…
madlen
Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген.
— не деген рахат!
zholantai
жұмысқа орналассам, осы жағдайлардың ортасында жүремін ме?! Сұмдық! Бір жерге резюме қалдырдым, болды, хабар келмейтініне сенімім мол. Басқа әрекет жоқ, әзірге. Қытайға шығып қайтамын-ау, екі-үш жылға
Gastarbaiter
Бірдеңені істеп көрмей, звондап көрмей, сөйлесіп көрмей тұрып, «Болмайд ниқұя» десең жағдай қиындай береді.
zholantai
иә, дұрыс ғой, әрекет жасап көремін алдымен
edige
Өзінде ондай проблемасы жоқ, тұрмыска да шыкпаған «Сағат нешеде келдің» деп артыңнан сумаңдаған Табелші қызды да ұмытпаған жөн…
Гос закупты «Менің меншігім» деп санайтын және өз қалтасыан беріп тұрғандай жекитін Шаруашылық бөлім бастығы мен оның жандайшаптары да солардың қатарында…
Gastarbaiter
«Менің меншігім» деп санайтын және өз қалтасыан беріп тұрғандай жекитін

Осы ой дұрыс емес негізі. Маған ұнайды сондай затқа қатты гоз закупщиктер мен снабженецтер. Өзім сондай болатынмын. Жеген жоқпын, жегізген де жоқпын. Беруің керек, үйтуің керек- дегендерге Должностная Инструкцияны есігімнің ішкі бетіне іліп қоятынмын. «Танысып алыңыз да, претензияңызды айта беріңіз» дейтінмін.
Лібә, бәрі жек көретін мені))))
Abilakim
әшкидің астынан сығырайып қарап отырғаның елестеп кетті ше? Бірдеңе деуге қорқатын шығар бәрі)))
edige
Біздің мектепте бір алжыған завхоз шал бар… ол але бар… Техникаларды тыққаннан басқа жұмысы жоқ. Сыйлыққа берілген кассеталы музыкалық орталықты диск қоятынға өткен кезде қолдануға берді… мейлі дейміз… Өзбекістанда шыққан карбет компьютерді, ескі механикалық бейне камераны де жасарып жүрді… 2006 жылы ол поққа да аспай қалғанда менің атыма жазып, кабинетке бөлгенде қаным қарайғаны… Міне осындай завхоздар бар…
Gastarbaiter
Қазіргі логистика бұрыңғыдан бөлектеу ғой. Мен өзім әдейі біреуден бірдеңе жасырып, бермей қатайған кезім есімде жоқ))
Мен тек адамнан заттың өндіріске қажеттігін немесе өндіріс нәтижесінде бұзылғанын дәлелде дейтінмін.
Бұзылса, бұзылғанын әкел, әңгіме жоқ ауыстырып берем.
Ол менің қырсықтығым емес, кәдімгі жұмыс барысы.
Ештеңе тыққан емеспін, тек бәріне зат жеткілікті болуын, біреуде екеуден жабдық( үшіншісін көрші компанияға сатып жіберген), ал екіншісі тасын уқалап саймансыз отыратындай жағдай болмауын қадағалау, жетпегеніне тапсырыс беріп отыру, сапасыз заттарды тізімге салмау, менің жұмысым еді. Басты міндет өндірісті тоқтатпау, ешкімнің жарақат алмауы, уақыттың босқа шығын болмауы, кез келген шешімді тек осы үш бұтқа сүйеніп жасау міндетім еді.
Мойныма 26 мың доллар іліп жібергісі келген біреу болды кектеніп. Қауіпті жұмыс, әсіресе крышаң болмаса.
Rozatai
Жұмысқа алғаш орналасқан күніңнен бастап, «Баяғыда сендей жас күнімізде біз өйткенбіз, тау қопарып, тас жарғанбыз, бәрін қатырғанбыз» деп лекция оқып, келмеске кеткен жас күндерін аңсай беретін мылжың апайлар сіздерде неужели жоқ? Тұла бойыңнан тек мін іздеп, түртінектей беретін үлкендерге үндей алмайсың, амал жоқ, іштен тынасың
Gastarbaiter
«Ой, апай/атай, сіздерге жету қайда-а-а. Соны айтам, қаптаған технология, ал бастарында ми жоқ. Кілең жалқау ғой жастар қазіргі. Бірден бәрі бола қалса екен деп, дайын асқа тік қасық, аха соны айтам, қа тұра тұрыңыз мен шайға печеней ап келейін» деп сөйлесе алатын қабілетіңіз болса, көті тыржиған Марфуғаны А4 қағаз тасуға жұмсап жібереді де, сенімен қалып шай ішед ол апайларың.
Оларды тек ауызша мойындап қойсаң болды.
Кейін өздері келіп, «Жастың аты жас қой, мен мына бәлеңнің тілін түсінбеймін, қалай қоюландырам мына жазуды» деп жұмсақ сөйлей бастайды.
Rozatai
2 жылда өйтіп өтірік мәймөңкелеуден профи бовалдық. Тек алғаш келген кезде бірден өзімсініп сөйлесіп кете алмай қиналғанмын
Gastarbaiter
Өтірік емес, шынымен сол адамның көзімен қарап көрсең де болады.
VKM
Біздің компанияға келмейді екен.Формамен жүреміз, шәлі деген жоқ, ақшаны бухгалтерияда з/пдан ұстап қалады)
ken
бізде бір жылауық шал бар. демалысына кеткелі құлақ тыншып қалып еді. дүйсенбі күні қайтадан жұмысқа шығады
satibaldi
бізде бір жылауық шал бар.
Сенің қартайғандағы кейпің болар…
ken
факю
satibaldi
Журфак.
AKY
ken
не жырқыл осы сенікі бітпейтін
AKY
осы сен ақ мені аңдып отырад екенсің
ken
кешір
Соңғы түзету:
AKY
поштадан көрдім, әуелі әрине деп алып, сосын кешірім сұрапсың ғо
ken
енді не істейміз?
ken
иіскеген нес
MickThatsMyNick
Бұрынғы жұмысымда 1 сағаттық планерка бәле болып ед, отырғыш жетпей қалғанда шетіне, не екі орындықтың жалғанған ортасына отырып. Ал, қазіргі жұмысымда көп сөйлейтін, жөнсіз сұрақтар қоятын, біреу туралы сыртынан әңгіме қозғайтын қызметкерлер пайда бола бастауда, көп сөз — боқ сөз деп, соңғы кезде қашатын болдым ондайлардан. Жұмыста үндемей не сөйлеуге ерініп отыруға болмайма, а?!
boztorgai
көп сөйлейтін, жөнсіз сұрақтар қоятын, біреу туралы сыртынан әңгіме қозғайтын қызметкерлер пайда бола бастауда
үшалаштық патриархат дағдарысы нышандары болар
Xansha
Осындай постты қыздар жазса жылап жіберетін шығарсыңдар…  (оның ішінде, хатшы қыздар)
ken
Неге жылап жібереміз?
Shah
Солнышка дейтін қатынды жек көрем. Шын ниетпен айтса бір жөн
Sashok
Әр пікіріңнен зәр шашырап тұр.
Shah
Унитаздың маңайында не істеп отырсың?
Sashok
Адам екен деп пiкiр жазып отсам, унитаз екенсiң ғой. Бәсе, неге сасид десем…
satibaldi
Адам екен деп пiкiр жазып отсам, унитаз екенсiң ғой.
Жынды балағат, трансформатордың силикагелін кептіріп тұрып атты нақ
Shah
Балағаттың балағаты ғой, Сашканың сөз саптауы керемет, бұрынғы би шешендерің әдірәм қалды
Shah
Дым қызық
Gastarbaiter
Сонымен дым қызық па, керемет пе?
asaubota
жаңа жұмысымда ештеңе ұнамайтын кісі бар

темекі сұрай беретін қыз бар, білә қыз епты!
Daniar-Alan
темекі сұрай беретін қыз бар, білә қыз епты!
asaubota
жігіт болса ладно түсінем, бірақ қыздарда ақша болуы керек қой. ең болмаса темекіге. ертең сол қызға арнайы Эссе ма бірдеме әкеліп қоямын. бүгін басқа бір қыздан «2 штук темекі қалдырып кетсін» деп сұратқан кезде аузыма боқтықтан басқа сөз түспей қалды.
AKY
біреуден сұрап шексем азырақ шегем деп ойлайтын шығар)))
Aldeken
беріп жүрсің бе, не? бермейтін пезнесс принципің бар еді ғо, на… Филипп Моррис, епті…
asaubota
ой, енді стол үстінде жататын болғасын қалай бермейсің?
AKY
кім???
asaubota
ой басқа департаменттегі бір қыз да
AKY
стол үстінде жата ма күнде s
asaubota
күнделікті тартатын темекі қорабым үнемі жұмыс үстелімнің үстінде жатады және менде үнемі темекі болады. ол да оны біледі
aikarakoz
Алдеке, үндемеңіз! Админ қазір біраз принсіптерін ұмытқан  Кеше ғана біреуін еске алып, күліп ем
asaubota
сосын жұмыста үнемі наушникпен отыратын қыз болады. оған бірдеме айту үшін қол бұлғап, ыңғайсыз қимылдар жасап, назарын аудартып, құлағындағысын шешкізуің керек болады. кімдерде бар сондай қыздар?

Соңғы түзету:
aikarakoz

Хмм… Жұмыстан суытатын қызметкер деңіз
asaubota
жоқ, суыту емес, жұмысшы түрлерін айтып жатырмыз
aikarakoz
Ол қызға айтпасам, енді көрсең де, көрмегендей отыра бер деп. Әбден ызаландырсын сіздерді
asaubota
Казконтентке қудалауға жібереміз бірден!
Daniar-Alan
Казконтентке қудалауға жібереміз бірден!
aikarakoz
Ойбай, олар екеу бокетті ма не?
Соңғы түзету:
asaubota
біздер екеуміз, ол жалғыз
aikarakoz
баянды қызметкерлеріңіз көбейе берсін, не дейміз…
bazuka
күзетші ағай бар компьютерде ойын ойнап сосын зависать еткен кезде ток көзінен шнурды жұлып тастап кете беретін. ағайға ұрсамын деп дайындаламын бірақ ол жұмысқа қайтып келемін дегенше ұмытып кетемін.
Ispek92
Жақсы адамның ашуы…
Ispek92
Менің жұмысымда әзірге ондай-мүндай адамдар көре алмадым, әлде көз нашар көре ма
asaubota


әжетханаға кеткенде телефонын үстел үстінде тастап кететін қыздар болады. бүкіл офис болып өте нашар мелодиясын тыңдауға мәжбүр қылатын. сендерде бар ма ондай қыздар?
aikarakoz
\
Екі-ақ нұсқа қалды: атылывөлу не жалғыз өзің отыратын кабинет сұрау
asaubota
дауыссыз режимге қою вариант емес пе?
aikarakoz
Намек сәтті қабылданды!
asaubota
намек емес кеңес
bazuka
бар бар))
asaubota
шүкір, жалғыз емес екенбіз. біздің қыздар да жалғыз емес. үшеу еді, біреуі кетті жақында
Gulistan
Бар ондайлар. Біздің үлкен кеңседе «Одиночество — сука» деп соткасына өлең айтқызып, өзі шайға кететін бір шетелдік бар. Шамасы, әуеніне қарап қоя қойса керек
Anar70
дәл қазір, бір жынды қызымыз миражды қойып кетіп, өзі жоқ… квитанция төлеуге кетіп қалған деп жатыр елдер))))
satibaldi
Біздің қабатта өзіміз Вуди Аллен деген лақап қойвалған қызметкер бар. Лібәд, өзінің темекі шегетін жері бар! Ал біздер далаға шығуға мәжбүрміз.
Gastarbaiter
Бір жұмысшы бар, панибратствомен айналысады. Білә мені он жыл танитындай, «Ей, өй, фстьию деп ысқырып, әлденені айту керек болса жүз метр жерден көтін жыртып айқайлайдын. Вахтаның басында, „хуйсним“ деп барып жүрдім. Аяқ жағында „Лібә, жатысың жайлы болсын“ дейд, менің жатысыма ақша төлеп отырған адам сияқты. Өзінің түсінетін тілінде сөйлеуге мәжбүр болдым.
Gastarbaiter
Бір жұмысшы бар, панибратствомен айналысады

Мастурбацияның синонимі сияқты айтыппын-ау мен де))
Gastarbaiter
«Мен не істеймін енді?» деп өзінің жұмысшыларынан өз міндеттерін сұрайтын бастықтарды көргенде, «ештеңе істеме, пол жуып, шай дайындап қой, қалғанын өзім қатырам» дегім кеп кетеді.
ereke_enu1
Бүгін бітпейтін шаруаны «Ты еще не сделал?» деп ызыңдап сұрай беретін қыз-жігіттер, демалыс уақытында жұмыс жақтан кез келген қоңырау шалған адамды жек көрем.
Sebastian
Кабинетке мың кіретіндер болады түрлі шаруалармен. Жыным келеді сондайларға, әсіресе орысша сөйлейтін, дауысы жаман-ақ бір қыз бар біздің жұмыста  Түрі де онша емес айтпақшы
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.