Едіге Алаң По. "Құрылтайшының өлімі".

  • Автор
(Жалғасы. Басы — «Редактордың өлімі»)

«Жалпы, дым жоқ».© Лао Цзы

Бүгін «Отызгазетонжурнал» холдингінің Президенті Сыпатай Ульрих ерекше көтеріңкі көңіл-күйде. Үйде жалғыз жүрсе де бөлмелердің есіктерін пафоспен ашып, салтанатпен жауып, маңғаздан-кербездене алшаңдап жүр. Тіпті атылас халатының ілгектерін ағытып тастады. Императорлардай желкілдетіп-желбіретіп жүру үшін. Үйді әрі бері кезген соң, өзінің обрызы өзіне ұнай бастады. Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.

Апартаменттегі барлық бөлмеге орнатылған «Dolby Surround-пен»TM жабдықталған «Grundig»TM динамиктері үйді тұтастай концерт залы қылып жібергендей. Дыбысының тереңдігі енді керемет! «Сарыарқа сазын» тыңдаған кезде, оркестрдегі тіпті әнебір — ағаш қасықты арасында бір рет шақ еткізіп ұрып қоятын қалтурщиктің еңбегіне дейін естіледі.
Осының арасында Сыпатайдың есіне жоқшылықта өлген достары есіне түсіп, көзіне жас үйіріліп те үлгерді. «Осы менің сентиментім-ай! Мұндайды қою керек!» деп, ауыр ойлардан сілкініп алды да, өзі ләззат алып істейтін үйдегі қалған жұмыстарды ойластыра бастады. «Ие, сонымен. Балықтарға жем? Салдым! Құм сағатты теріс қарай? Аудардым! „Хемингуей тартқан“ мүштікті? Тазарттым! Калигуланың басын? Мінеки, Калигуланың басын сүрткен жоқпын!».

Сыпатай Калигуланың мәрмәр бюстін тиіннің құйрығымен және мақта тампонмен сүртуге төр бөлмеге беттеді. Оған оның Рұм тұрғындарын алаңға күштеп әкеліп, өзінің құсық шығармаларын зорлықпен тыңдатқан қылығы қатты ұнайтын, коллизейсстің. «Идеологияны кейде инъекция секілді күштеп екпесе болмайды» деп еді бір кезде өзі алқалы жиындардың бірінде. Онысын қанатты сөзге балап, осы мәрмәр бюстке жаздыртып та қойды. Мүсін әуелде пір еді, енді күнде ырымдап шаңын сүртіп тұрмасаң — ісің насырға шабатындай тұмарға айналып кетті.

Сыпатай реставратордың жасанды ұқыптылығымен Калигуланың басын әуелі мұрнынан бастап сүрте бастады. «Осы итальян мүсіншілерін-ай, тесігіне дейін жасап қойып тіптен, кхе-кхе» деп, селкілдеп бір күліп алды. Есіне кенет орталықтағы үш бидің балтамен шауып жасалған мүсіні түсіп кетіп, күлкісі сап тиылды. Бірақ бюсттің құлағын сүртіп жатып тағы көңілденді.

Сол-ақ екен, «Сыпатай Ульрих, 1953 жылы туылған. Абайтанушы.» деп саңқ етті динамик! Табиғатынан онсыз да қорқақтау Сыпатай қос қолымен мүсіннің қос құлағын ұстап, қақшиды да қалды! Ал динамиктегі байсалды үн иесі сөзін сот залындағыдай салтанатпен жалғасытра берді. "… Отызгазетонжурнал" холдингінің Президенті. Басшылық қызметке қаламдас достары мен қарсыластарын түрлі айламен алдап соғу арқылы келген. Айталық, 2006 жылы 25 мың дана таралыммен шығатын «Мақат таңалагеуімі» газетін...".

Осы кезде Сыпатай ақылға ерік беріп үлгірген еді.«Мұның барлығын кім біледі? Ох, әкеңнің ауызын, Кәрбоз!».
— Кәрбоз, бұл сен бе? Доғар! — деп бұйырды Сыпатай динамикке.

— Жоқ. Кәрбозыңды хатшысымен демалысқа жібергенмін бүгін түс қайта. Шынын айту керек, кетуге онша құлықтары болмады… — деді динамиктегі үн.

— Қалай демалысқа? Олардың өтпіскесі күзде емес пе?

— Соның маңызы бар дейсің бе қазір, Сыпатай мырза! Сонымен қалай: күнәларыңды тізіп айта берейін бе, әлде уақыт алмай үкіміңді орындайын ба?

— Не? Қайдағы үкім? Қандай үкім?

— Әуелде аквариумыңа тұншықтырсам деп ойлағам. Полиция келгенде, пиранийлерің басыңнының жартысын жеп үлгерген күйі табад деген азғын ой келген. Енді…

— Енді???

Сол-ақ екен, Калигуланың басының ішінен әлдене «тық-тық» етті. Сыпатай оның не екенін қарамаққа бюстті қос құлағынан көтеруі мұң екен: мүсін гүрс етіп жарылды. Бір мезетте мәрмәртас ондаған кесекке бөлініп ұшып, Калигуланың қоңқақ мұрны — Сыпатайдың аңқиып ашық тұрған ауызынан кіріп, таңдай астынан осып өтіп, оң көз үңгірінен бірақ шықты. Мұндай өлімнің символикалық мәнін ойлап үлгірмек болған Сыпатайдың шала-жансар денесіне, жарықшақ тиген үш жүз киләлік люстра және опырылып түсіп, еденде енді паталоганатомдарға қыруар жұмыс пайда болды…

satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    17 пікір

    AKY
    Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.
    qisyq
    Сгин, кезек менде))))
    dark_nazgul
    Румдықтарды алаңға күштеп айдап апарып, ән тыңдатқан Нерон емес пе еді?
    dark_nazgul
    «Мақат таңалагеуімі» газетін
    Rafaello
    Серия жалғаса берсе екен. Нұрберген Ң бәрінің өшін алсын! Авторларға құрмет!
    Nurshat
    енді Нұрберген Ң өзін-өзі өлтірсе өте сәтті болар еді. Сатып алды ға көп рахмет. жалғасын күтеміз...
    aza
    Рафаелло қаруын тастады…
    aikarakoz
    өлтіре түс, аптыр, өлтіре түс!
    aza
    Мынадай әдемі есіммен жүріп соншама қатігез болуға, тасжүрек болуға ялмайсыз ба?!
    aikarakoz
    ялмаймын!
    aza
    НҢ… нан қорқывотқан жоқсыз ба, келіп қалар деп)))
    konvict
    Тәәә, Нұрберген Ң-ның нөмірі бар ма? Хабарласып, тәлім алатын жігіт екен
    Gastarbaiter
    Синдром ZAKO, терминальная стадия.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.