Едіге Алаң По. "Редактордың өлімі"

  • Автор
(Жалғасы. Басы — «Журналистің өлімі»)

«Оқитын дым жоқ». ©Akzere



Сурет Gloom82 деген атпен танымал Антон Семеновтікі.

"… Жұрт танитын басылымды басқару оңай деп пе едің? Қит етсе қытымырланып бір жағыңнан меншік иесі, ә десең құқығын айтып екінші жағыңнан журналистері шыға келеді. Күні кеше тәжірибеден өту үшін деп келген күшік-журналистің қатесі үшін де сен жауаптысың. Жоооқ, оңай емес..."

Аумағы ат шаптырым кеңсенің алып терезесінен көшеге қарап отырған бас редактордың жалғыз қалғандағы әдеті еді бұл. Әлдебір өзі тауып алған ішкі серігімен әжептеуір уақыт әңгіме-дүкен құрып кететіні бар-ды.

Ой құшағынан шыға алмаған редактор темекісін құшырлана сорған күйі креслосында шыр айналды да, жасыл түймешікті басып «Жанна, шайыңды әкеле қойшы» деді. "Қазір, аға" деген Жаннаның құмығыңқы үні естілді. Редактор өзі ғана іштен аша алатын есікті тағы бір түймешік арқылы сырғытып жіберді де, терезеге қайта бұрылды.

Кенет артынан «Аға, сізге келіп тұрмын» деген дауыс шықты.

Кілт бұрылған редактор есіктің аузында тұрған, қолына әлдебір құты мен бүктеп алған түсініксіз тағы бір дүниені ұстаған, әлде брезент, әлде басқа бір судыр матадан жасалған жұмыскер киімін киген жігітті көрді.

— Сен кімсің? Жанна! Жанна!!! Мынаны неге…
— Аға, мен сіздердің газеттің оқырманы едім, есі…
— Оқырман болсаң қайтейін!? Жанна!
— … есімім Нұрберген Ң, Атырауданмын. Өткенде мен қоймаған сұрақты мен қойды деп жариялапсыздар!
— Немене? Нұрберген деген сен ғанасың ба бүкіл әлем бойынша!!! Жанна, йоп…
— Жоқ, бірақ, фамилиясы Ң-нан тек менікі ғана басталады.
— Енді не қыл дейсің!!!
— Не қыл дегенде… соны келесі нөмірлеріңізде кешірім сұрасаңыздар…
— Атаңның басы кешірім сұраймын! Кешірімді көрсетемін саған!

Редактор түтігіп кетті. Қапелімде есіне түспеген қызыл түймешікке қолын созбақ болды. Қазір басса бітті, бір қабат төмен отырған жігіттері келіп мынаны көтінен бір теуіп, қуып шығады.

— Соңғы рет сұраймын, аға, кешірім сұрайсыздар ма?
— Қазір, тұра тұр, кешірім сұраймын сенен!!!

Редактор қызыл түймешікті енді басуға ыңғайлана бергенде, әлгі жігіт шапшаң қимылмен ұзын оқпанды тапаншасын шығара қалып, мұның алдындағы қағазды бұрқ еткізді. Жүрегі зіл қара тас болып, зәр-иманы қалмаған редакторға жақындап келді де, «Тәк, тәк, тәк, аға, қозғалмаңыз, қозғалмаңыз… Шайдың орнына цианды-су текті қышқылдан дәм татыңыз» деді. Сосын асықпай бүктеулі дүниесін жазып (онысы противогаз екен) басына киді. Киді де, манағы құтыны бұрап-бұрап жіберіп, редактордың алдына қоя қойды.

Пысылдаған дыбыстан шошып шегіншектей берген редактордың қолқасын әлдебір өткір иіс алып кетті. Аузын арандай ашып, ауаны барынша көп жұтқысы келді, бірақ, қыр-сыр еткен өкпесі сәт өткен сайын сығыла берді. Қан арқылы келген онсыз да аз көлемдегі оттегіне шамасы жетпеген редактордың жасушалары бірінен соң бірі өліп жатты…

Қабылдау бөлмесінде оң жақ самайынан аққан қаннан жиіркенгендей басын сол иығына салған, бет-әлпетінен сұмдық бір азапты байқауға болатын Жанна қарсы беттегі quartz қабырға сағатына қадала қарап қалған болатын…
qisyq

Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.

Ұқсас посттар

25 пікір

qisyq
Құрметті оқушым!

Автордың өзіне дейін жазылған шығарманы сол күйі толықтай қайталау, стилін, әдісін көшіріп алу үшін емес, тек идеялық бағыт ретінде таңдағанын ескерерсіз деген үміттемін.

Дереккөз мына жерде.

Құрметпен,
qisyq, 1 сәуір, 2012 жыл
dark_nazgul
чот сенде қатардағы басылымның бас редакторы қызыл, жасыл тетіктермен толтырылған ат шаптырым кабинетте отырады, кнопканы басса жігіттер жетіп келеді. Из области фантастики. екі де үш кабинетте отырған бас редакторлар мынаны көріп қызғаныштан жарылып кетер.
qisyq
Қиялға шек жоқ. Сен елестете алмайсың, мен елестете аламын))
dark_nazgul
главред болғым келіп кетті.
qisyq
Қазақстандық емес, манхэттендік офиста отырған редактор деп елестет Бірақ, қазақша сөйлеседі
satibaldi
Лібәә, бұл енді Нұрберген емес — Мессия
qisyq
Келесі әңгімеде меншік иелері мен құрылтайшыларды қырады.
satibaldi
Керемет! 
Жіптің ұшы — осыларды тәрбиелеген ҚазМУ-ға дейін барса деген тәтті армани қиял һәм қияли арман…
qisyq
Нұрберген Ң — алғашқы отандық, нағыз қазақи мінезді суперқаһарман, VзначитВендеттаңдыссс…
AKY
құрылтайшыларды зашым?
satibaldi
Аузын арандай ашып, ауаны барынша көп жұтқысы келді, бірақ, қыр-сыр еткен өкпесі сәт өткен сайын сығыла берді. Қан арқылы келген онсыз да аз көлемдегі оттегіне шамасы жетпеген редактордың жасушалары бірінен соң бірі өліп жатты…
Сен де рақаттана өлтірдің бе а, шыныңды айтшы?
qisyq
Тағы да соза түсейін деп ем Қырымның көп шамы көрінгенше…
Erbol
Главредпін.Бірақ Қисық айтқан Жанна йоп… қызыл кнопкамыз жоқ. Қызғаныштан қорс-қорс жыладым.
Erbol
Бәззар иоқ Қисық.Керамат
asaubota
ырза боп қалдым
Aizhantabyn
қандау депрессивті сурет!
Nurshat
Айтары бар, мынаны Одақтағы шалдарға жолда, досым, (мүшелікке қабылдайды)
aikarakoz
уааау! мен Нұрберген Ң-ға ғашықпын
aza
Нұрекең красапшік, қырып келе жатыр ғо, шетінен))))
Abilakim
Енді қанша адам өлер екен? Мынау, қазақтан шыққан Спартак қой
konvict
Қатігез епті, өлген сәтін керемет суреттепсің
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.