Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»

  • Автор
«Ақзеренің аватары күшті, үйленем ғыӘ,» ©СаянҮш

Менде бір керемет сюжет бар...: Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір» — Бүгін шайды немен бересіз? – деді ол лакейге.
— О! Таң ата нақ Марсельдің өзінен тамаша крюасандар келіп жетті! Балдай татиды!
Лакейдің тамсануынан өзінің де жегісі келіп тұрғаны байқалатындай.
— Айтпақшы, — деді лакей байыппен, — үстеліңіздегі визиткаларды көрген боларсыз?
— Не визитка олар?
— Император Франс Фердинанд бүгін гауляйтерлерді қабылдап, балл береді.
— Тек кешкі сегізге демеңізші?!
— Нақ сағат сегізге. Нақ…
— Қап әтеген-ай! Сюзанн ханыммен бақта серуендеуге уәделесіп қойып едім…
— Сюзанн ханыммен барыңыз ендеше!
— Болмайды. Бұл қоғамды білесің, ертең гу-гу өсек тарайд. «Петефи әулеті ең сұлу жігітін Сюзанн ханымды құрықтауға жіберіп, Шандор әулетінің теміржол активтеріне ауыз салмақ» деп шығарад ертең бұлар. Әрі, Сюзанн ханымның, тек байлығы үшін қызыққан серілерден жүрегі қаймығып қалғанға ұқсайды…
Ауладағы бақ ортасындағы үлкен үстелге таңғы ас та жайылып үлгеріпті. Әлгі лакей мақтаған крюасаннан бір үзім алып жеп, шынымен тәтті екенін байқады. Ал қақталған қозы етіне, енді сөз жоқ: түрік жалшы Ырымжырым Йылдырым ет қақтау өнерінің шыңын бүгін тағы да бағындырыпты! Ол әуелде осынау натюрмортқа бергісіз көріністі бұзғысы келмегенімен, тәбеті бәрібір жеңіп, қозыны бұтарлай бастады. Этикет талабымен үлестіріп болып, өзі төс сүйегін аузына апара бергенде… төргі бөлмеге пәтерлес Мұрат Франц кіріп келіп, телевизорды өшіріп тастады. Сосын маған қарап бақырды:
— Лібә, кино қарап жата бергенше, ақша іздесейш, қожайын арғыкүні келем деватыр! Жиырма бес теңгең бар ма қалтаңда? Бар нақ, екі бульон алып кел, ептібайымайд, су қайнады!..
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    25 пікір

    qisyq
    )))))))))))) енег, сен оқимыз деп санадан айрылар ма екенбіз бір күні))))))))
    patick
    елітіп отсам, нақ )))))))
    asaubota
    Кербабаев Сатыбалдыны 2011-дің ең үздік жазушысы атағына ұсынамын. ондай атақ жоқ болса, өзіміз істеп алайық :)
    qisyq
    Блогкемпте «Сатыбалды феномені» деген тақырыпта біреу презентация жасасын. Сосын сол жерде Сатыбалдыны бірқатар жүлделер мен марапаттауларға тапсырайық.
    monti
    Блогкемпте «Сатыбалды феномені» деген тақырыпта біреу презентация жасасын.
    Шрек қатпаңдар)))
    sigma
    Сосын грамотасын бермей кетеміз де, Біз әлі күтіп жүміз.
    Қырғи жақсы бала
    qisyq
    Бұ не туралы?
    Nurgisa
    :)))))))))))))))) +1,… +2 )))
    sigma
    Есіңе бір нәрсе түскендей болыып отыр ма?
    Nurgisa
    Атыраудағы «Бляк энд уайт» — жақсы кофехана :)
    qisyq
    Тя, біздің кофе-брейк сонда өткен. Ішін жақсы жасапты.
    qisyq
    Тя емес, «ия» деп дұрыстап жазсаңЧ, Қисық!
    sammita
    :))))қызығыыып оқып отырсам:))) (сенің тілдік қорыңда неше миллион қазақтың сөзі бар екен, а?) Сөзім жоқ…
    Gastarbaiter
    Қап-ай десейш, Мұрат дегеннен бір пәлені сезіп едім:)))
    edige
    :))))))))))))))))) қаттым
    sammita
    жаңа қолданушылар үшін:)
    Abilakim
    Шандор Петтефи
    )))қолтық кеппейтін болды
    Aya
    Майлиннің әңгіме жазу шеберлігінен озар ма екенсіз...))Ұтқыр жазыпсыз, ұнады.Жазар көбейсін!
    aikarakoz

    менің күліп жатқаныма алара қарайтынды шығарды әріптестерім
    zholantai
    су қайнады!..
    *lol**lol**lol**lol**lol**lol**lol*
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.