Ганс Мұсылман Андерсен. "Эксперимент".

  • Автор
Еее нақтың, мына қу дүнияның пәтуасы қашан болып еді өзі?

Баяғы өткен заманда, дін христиан аманда, қазақта иман болғанда, туалетте құман болғанда Қ. Жұбанов Университетінің психология профессоры эксперимент жүргізіпТ. Тақтаға біреудің суретін іліп қойып, топтың жартысын кіргізіп алып, айтыпТ:

— Уа ғақылия мүкәммал студенттер, мынау тақтадағы тұрған жанды дүниедегі ең қайырымды жан десем артық болмас! жүзінен көрініп тұр, ә?

Студенттердің барлығы: «Иә ағай, жүзінен кәдімгідей мейірім есіп тұр ғой!» деп бас шұлғысыпты, тіпті бір қыз сентимент ұстап, сол жерде жылап алыпты.
Профессор бұл топты шығарып жіберіп, қалған жартысын кіргізіп, былай депТ:

— Уа ғақылия мүкәммал студенттер, мынау суреттегі озбыр жан туралы не айтасыңдар? Көргенсіздігі көзінен-ақ ұрып тұр а? Сұмырайлығын мұрнынан-ақ байқауға болмай ма? Осындай құрыған адамды бұрын соңды көріп пе едіңдер?

Сонда студенттер жамырап:

— Қойнақ, шанхайдағы Сержан-Кувалда дұрыс жігіт! Э, ағай, не деп тұрсың сен? Басқа адам таба алмадың ба не? Жынды эксперимент жасап қоясың ба не? — деп, мұрнын бет қылып сабап кетіпті.

Қазаққа келгенде әбден ығыры шыққан классикалық эксперименттердің өзі теріс нәтиже беретін сондай бір қарғыс атқан замандар болыпты деседі ел артындағы аңыз.

P.S. айтпақшы, ертеңіне Сержан-кувалданың өзі сөйлесуге келіп, тағы ұрып кетіпті.
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    16 пікір

    Abilakim
    Гаста жазған мысал секілді бітпейді екен)))
    qisyq

    P.S. айтпақшы, ертеңіне Сержан-кувалданың өзі сөйлесуге келіп, тағы ұрып кетіпті.
    Adiletshu
     Эксперименттің видеосын көргем
    asaubota
    ол сәтті эксперимент қой, мына жерде мұғалім сәтсіздікке ұшыраған.
    Vikilikas
     шығармайтыны жоқ!
    Gastarbaiter
    Профессордың авторитеті төмен боп тұрғанын тілге тиек етпеске болмайды
    Gulistan
    «Бейшара елдің террористі де бейшара!»

    Атырауда өткен күзде жарылғыш затты әкетіп бара жатып, байқамай тұрба үстінде жарып алған жанға қаратып айтылған. Жоспары — Прокуратура ғимаратына еніп, сонда жару еді.
    Бізде көп нәрселер дұрыс іске аспай қап жатады.
    balenti
    ол бала (марқұм) прокуратураға емес тап сол мусор (жуынды) салатын жәшікке қоймақшы болған, екі жарылыста бір уақытта жарылу керек болған дейді мыс… енді тыңда тоесть оқы, сотовый телефон арқылы жарылатын детонатор болса керек, уопщем мына Чувактын бомбсы жарылмай калады, ол өзі түсінбей, қойған детонаторды сол жерде ашып, сотовый телефоннын симкасын ауыстырмақшы болып, ауыстырған дейді тіпті… жаңа симка салған кезде активтен смс келмейме? 800 деген нөмірден… детонатор іске қосылып сол жерде жарылып кеткен дейді мыс… либі СМС келгенде сеть-тін жұмысқа қосылуынан либі Вибрациядан дейді мыс… авангард халқы арасында…
    Gulistan
    Құрсын мынауың драма ғой, фильм шығаратын екен.
    VKM
    Қайдан білетінің қызықтырып отыр… Күдік)))
    Gastarbaiter
    Тотал фейл ғо общым.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.