Ақтөбе қаласындағы бір тойда рекордтық көрсеткіш

  • Автор
АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚызАқпарат /Жамал Меңдібаева/ — Ақтөбедегі бір тойда рекордтық көрсеткіш жаңартылды. Басталуы 18:00 деп белгіленген той 21:00-де басталып, таңғы 05:17-де аяқталды.



Бұл тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтан басқа олардың әке-шешелерінің, тіпті қалыңдықтың жездесінің де биографиясы тыңдалды. Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді.

11 жиен, 6 іні-қарындас өлең айтып, би биледі. Ұлттық "Қаражорға" биі 4 рет биленді, сондай-ақ той қонақтары 5 өзбек, 4 үнді билерін тамашалады.

«Ең қысқа тост» грамотасын небәрі 4 минут сөз сөйлеген күйеу жігіттің әріптесі Серікбол алды.

Бүгін күйеу жігіттің үйінде 14:00-де «келін шәй» басталып, одан кейін 1 апта жалғасатын «Тойдың видеосын қараудың» премьерасы басталмақшы.

Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

38 пікір

VKM
 автордың тойы емес пе???
Rafaello
Жоқ, жәй ғана автордың ойы

Осындай тойдан қорқып үйленбей жүрмін
VKM
Жоқ, біз жақта, бір топ шығады да,ішінен 1-2 адам сөйлейді-болды. Енді үлкендердің барлығы сөйлейді, бірақ қысқа айтады.Тамадалар бірден айтады,қысқа-нұсқа айтамыз деп. Мен Өскемендемін,ұзату тойға келдім, Ардақ деген апайым тұрмысқа шыққалы жатыр.Сосын репортаж жасаймын.
asaubota
Астанада да солай. тамадаға да байланысты, бәрің сөйлеу міндет емес деп намек тастаса болды.
asaubota
той касетін қараудан Құдай сақтасын! мұндай азапқа 1-2 рет душар болғаным бар, мәжбүрлікпен.
patick
тозақ қо тозақ

оның үстіне кассета көбінесе монтаждалмай беріледі, яғни той 4 сағат өтсе сонша уақыт қарауға тура келеді
VKM
Бастан өткен оқиға ма, Патик?
patick
бір емес
MrQ
айналдырып айналдырып өзіңді қарап аламын мен
meirzhan
мүмкін өзімді қарап аламын дегің келген шығар әлде пікір адасушылық синдромы бар ма сенде?
Daniar-Alan
мынаның тақырыбындағы Ақтөбе деген сөзді ғана Шымкенттің деген сөзбен алмастырып бір пост жариялап жіберсем ба екен…
ErNur
Жамал Меңдібаева
Самал Ендібаева шығар.
Сосын мұны рекордқа жатызбас едім басталуының бұдан да кешігетін тойларды кездестіріп тұрамыз
Aldeken
Рафа, маладис!
Nurgisa
Рафаның кеше Джоковичке жеңіліп қалғаны болмаса… сосын, әр подача берерде бұтын, шашын аймалап қоятыны болмаса… былай, епті ер.
manfan
джокер ұтқаны үшін қуаныштымын!
meirzhan
Джокер Манчестерге қарсы ойнаса, кімге жанкүйер болар едің?
manfan
олар ойнамайтын болып, мені құтқарып отыр. Негізі, футбол бәрібір қызықтырақ қой.
Erlan
8 сағат слишком екен, жасжұбайлармен операторға қиындау болған екен
manfan
біздің ауылдың тойлары бұдан да кеш басталады. Байғанинді айтамын да. әсіресе, жас жұбайдың құрдастарына қиын. оларға тост жеткенше ұйықтап қала жаздайды. сосын, дастарханда да түк қалмайды жейтін. корейский салаттан баска)))))))
Abilakim
Нұра ауданынң бір ауылында той басқардым. 16.00-ге шақырылған той еді. Құдалар жағы 5-те келді.Есік алдында жүр.Той иесі жоқ.6дан асты, ана кісі жоқ.Жетіге қарай «Ағай,құдаларыңыз келді,өзіңіз қайдасыз?» десем, "қазір табыннан сиырларымды күтіп алайын" деп саспайды ғой әлгі кісі
KILYZAMAN
 Нағыз сабаз екен
bekkerey
«Иті мен мысығы да ақ тілектерін барша жұртқа баян етті» деп қоса салса да болатын сияқты…
ickep
Қазақ боп туғаныма мақатанам! ©
konvict
Күлеміз ғой, бірақ ұялатын нәрсе. Осыны шығарып алып той жасайтындарға апарып берсең
VKM
Көрсеттім деп ойла, мен үйде айтамын!
asaubota
өткенде бір тойда тамада әдемі намек тастады. «дәл осындай сәт бұрын болған сияқты. дәл осылай адамдар шықты да, 2-3 адам сөйледі де кетті» деді
MickThatsMyNick
күлкілі екен, + еще Rafaelloның авасы… жаймен хе-хе-хе-ден басталып, қазір мынау
Sabions
 ерігесіңдер-ай…
Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді.
қатты күлгенім соншалық, қасымда ұйықтап жатырған кісі оянып кетті
edige
ауып түстім… жаза түс!!!
VKM
Қыз ұзату тойдан келдім.Сағат17-де басталы,24-00 де аяқталды.Барлық туыстар болды. 11 тост айтылды, ешкімнің өмірбаяны айтылған жоқ)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.