ОҒАШ естілетін кісі аттары

  • Автор
Нақу… Рұмия… Кәстен… Матросхан… Индустриализация… Патрис-Луис Біләлұлы… Шөжәлі…
Енесстер… Сендер де бөлісе отырыңдар, құлаққа жағымсыз һәм қиыннан қиыстырылған есімдермен.
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    411 пікір

    satibaldi
    Патрис-Луис Біләлұлы.
    Әкесі білә, тойыс Біләл, конго партизаны Патрис Лумумба мен тағы бір қызылдардың пірі Луис Карваланның атынан қойыпты.
    satibaldi
    Индустриализация.
    Кешеге дейін көрші-қолаң Индира деп келген бір апайдың Аидке аттанған соң белігілі болған шын аты.
    Onlasyn
    Оңласын
    satibaldi
    Еш сөлекеттік көріп тұрған жоқпын.
    Onlasyn
    Біреумен танысқанда кем дегенде үш рет қайталаймын.
    Орыстармен үштен де көп
    dark_nazgul
    Менің бір танысым бар, Оңдасын деген. Орысша оқыған, достарының бәрі Антон дейді.
    Marco
    Менің бір құда баламның аты Оңдасын еді, Ремонттасын деп мазақтайтын едік)))
    satibaldi
    Мінәздә.
    Шығу тегі ақыры белгісіз боп қалған есім мен үшін.
    shimaibek
    Шығу тегі: "ә" әріптерінің бас жағындағы шегелері түсіп қалған.
    qusbegi
    Тәліпбай
    satibaldi
    Кәдімгідей құлаққа түрпідей есім демес едім. Шешессті.
    qusbegi
    Жайберген
    satibaldi
    Қыздың аты ма?
    qusbegi
    лібәәәә, уот именні еркектің аты ғой
    AKA
    Қызылордалық Бен Ладен
    Zhan
    Біздің ауылда Пашар, Құлқаныс, Хатша деген ағайын апаларымыз бар. Сосын Тастанкүл, Мінәй деген де апалар бар. Бала кезімде осы апалардың есімдерінің мағынасын түсінбейтінмін. Қазір ойлап қарасам әлі де түсінігім жетпейтін сияқты.
    qusbegi
    АКУ Өлдім мен
    Aldeken
    АКА мен АКУ-ды шатыстыратын тағы біреуі шықты…
    Марко, қайдасың-еу, сен жалғыз емессің…
    qusbegi
    АКА — Ақнұр (Қызылорда)
    АКУ — Айгерім Кеуллллллллімджәәәй (Ацотона)
    AKY
    Қідай жірек Қарасақал
    qusbegi
    Айналдеееееем АКУсынан
    AKY
    Айнооолдым Садосынан
    KILYZAMAN
    Қизат мүмкін Қыйзат — алағаш естігенде таңдандым.
    ken
    арабшадан Ғиззат болу керек
    Marco
    Аралдың Ақбасты деген жерінде Насос есімді адам болған деп еститін едім)
    asaubota
    бұл жарыста біріншіліктің пальмасын Қытай, Моңғолия қазақтары бермейді ау деймін.
    qusbegi
    Панар деген қытайдан келген қыздың есімін білетін едім. Фонарь деген сөздер шыққан екен
    KILYZAMAN
    Дардамтыдағы Өктябр әка бақилық болған шығар осы күні
    Zhan
    Өктябр әка
    Ноябрь Кенжеғара деген ағай бар еді бізде ХҚТУ-да…
    Aldeken
    Ноябрь Кенжеғара
    Алматыдағы мен оқыған мектептің түлегі болуы керек деп топшылап отырмын. Менің немере апаммен (әпкеммен, әпшеммен, тәтеммен) бір класста оқыған Нобярь Кенжеғараев деген Түркістанның тумасы бар еді…
    Zhan
    Дәл соның өзі онда… Естуімше әйелінің аты Гүлмарт. Біз сыртынан ағайға прикол тастайтынбыз. Балаларының аттарына жыл мезгілін қойып шығатын шығар деп. Әйелі март, баласы Сентябрь, октябрь, декабрь деп… кете беретін шығар деп
    e_zhalgas
    Иа, танимын ол ағайды. Мерзім аралатып, Алматының АГУ-ында кездестіргем былтыр, сонда жұмыс істейді екен
    kozildirik
    Октябрь Жарылғапов деген атақты волейболшы атамыз болған!
    Zhan
    Елге оралған қандастар тізімі: Жанарбек, Манарбек, Ақыби, Зайыпхан, Ұларбек, Керейхан, Мәсімхан, Құмархан, Мағиза, Қатипа, Ләтипа…
    nurbergen_makym
    Мәскура — мектептегі физиканы оқытатын мұғалімнің аты осындай, ед.
    Кашипа — класс жетекшім. Алғашында "Қашипа" деп жазған кезімізде, "Қашипа емес, Кашипа, Кашипа, «Каша» деген сөздегідей" деуші ед.
    Ибаруррия — сірә, пақаны Долорес Ибарури құрметіне қойған болса керек. Бірақ, әйел адамға біртүрлі естіледі екен.
    Zhan
    Мәскура — мектептегі физиканы оқытатын мұғалімнің аты осындай, ед.
    Ауылдағы Мінәй апамыз қызының атын Мастура қойғысы келген екен. Бірақ қоймапты. (Мастұр батыр демегеніне шүкір дейсің ішіңнен) Бірақ қазіргі аты да оңып тұрғаны шамалы. Аспира әпше.
    satibaldi
    Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
    Zhan
    Толығырақ болғанда ауылда еріккен кемпірлер бір-бірінің үйіне барып шай ішеді, өсек соғады, қалада жүрген бала-шағаларының жетістіктерін бір-біріне айтып мақтанады. Сол кезде Мінәй апамыз Алматыда бір УНИВЕРДЕ оқытушы болып істейтін қызын «Аспира келеді жақында» деп бір мақтанды. Сосын оның атын Мастура қойғым келген деп екі мақтанды. Есімде өшпестей сақталған балалық шақтың бір сюжеті.
    omarbirat
    Сол кезде Мінәй апамыз Алматыда бір УНИВЕРДЕ оқытушы болып істейтін қызын «Аспира келеді жақында» деп бір мақтанды. Сосын оның атын Мастура қойғым келген деп екі мақтанды.
    Аспира дегенін «аспиранттың» қысқартылғаны шығар деп ұқтым, сонда Мастурасы «магистратура» ма?
    Zhan
    Шыны керек, Мастураның да, Аспираның да не мағына беретінін білмейді екем. )))
    satibaldi
    Святорожск Қыздар Монастыры ашылыпты, адам іздеп жатқан көрінеді.
    Zhan
    Былтыр Астанадағы католик шіркеуіне святой отец дей ме содан интервью алуға барғам, азаматтық некеге католик қалай қарайды деп. Сөйлесіп болғаннан кейін жай әшейін қызық болсын деп аты-жөніңіз (Роланд Жакенуд) әдемі екен деп ем, негізі швейцарлықпын, бірақ осы жұмысқа Франциядан келдім деп айтты. Мақтауға если че священниктер кет әрі қарамайды екен. Сосын қарап тұрмай, өмір бойы үйленбей өтетіндеріңіз рас па? Секспен неужели айналыспайсыздар деп сұрап едім, «Біз осы жолға түсер кезде алдын ала саналы түрде дайындалып келеміз» деп еш күлместен серезный жауап берді.
    satibaldi
    «Екі бетің алмадай тым жақсы бала екенсің, кел түске дейін ғибадат етіп шығайық тек екеуміз» демегеніне шүкір
    Zhan
    Айтсам мақтанғандай боп шығам-ау, ол священнигің онсыз да сынып тұрған-тұғын. А сосын ислам, христиан туралы да біраз пікір бөлістік. Олар өте білімді болып келеді, әңгімелесушіні тез баурап алады екен. Бізде мешітке барсаң имам, молдалар противный жаттанды сөздермен уағызы мен ақылын тықпалай жөнеледі ғой, бұларда менталитет мүлдем басқаша.
    satibaldi
    Бәсе, құр қол қалмаған екен ғой, қасиеттіпрестолынссстың
    Zhan
    Кетші, ондай емес. Бұрмалауыс жоқ.
    satibaldi
    Несі бар, бұйра шаштарың мен лама бетіңді көріп, Мәриямның мүсінін теріс қаратып қойғанын әбден түсініп тұрмын. Мен де сөйтер едім
    satibaldi
    Жә, құдай жолы миссионерлікпен жүріп, жергілікті халық өкілін сүйіп қалудың еш сөлекеттігі болмаған.
    satibaldi
    Уа амиго,әлгі Иглесиасқызы ма еді, қалай еді бір атыраулық ханумның аты-жүні?
    nurbergen_makym
    Долорес Тасқарина ғой
    satibaldi
    Ие, ие, нақ өзі, нақ
    balenti
    Доссор елдімекенінде Бір Дольнобойщик чувактын балаларынын аттары: Непель, Золотинка, Калпачок…

    Нағашымнын шын аты: Қалыбаттал… әкесі марқұм Метірке алуға барып тұрып баласына қойған атын ұмытып Қалшеке деп қоя салыпты… ЦОНынЫсссс…
    qusbegi
    Мастура — Жетісай жақтарда кездесетін есім
    Aldeken
    Оғаш есім деп Монғолиядан келген қандастарымыздың монғол құжаттарында жазылған аттарын айтуға болады. Бір ғана мысал: Хавалхан деген бауырымыз көшіп келді, негізі аты — Қабылхан. Құжатына қарасаң — Хавалхан. транскрипцияңдыссс.
    satibaldi
    АҚПАНТОҚПАНТҰРАРҚОЖА
    Aldeken
    лібәәә, 2 жыл паспортныйда істегенде мұндайдың талайын көргенбіз…
    qusbegi
    осыдан 5-6 жыл алдын қолда компьютер, үйде интернет жоқ замандарда соткалардан көріп мәз боп жүруші ек
    Zhan
    Сатеке, бүгіндікке Гаста екеуің әбден ішегім түйілгенше күлдірдіңдер, мыңжасағырлар Ақпантоқпантұрарқожа. Жаттап алайыншы.
    ken
    осыны үш-төрт жыл бұрын интернеттен көргенмін, онда да «оғаш естілетін есімдер» деген тақырыпқа қойылған еді осы жеке куәлік. сол кезде есімі ОқпантоқпанҚАРТқожа болатын. жаттап алған болатынмын. енді кішкене өзгеріп қалыпты.))))))
    соған қарағанда өтірік бірдеңе болды ғой, демек.
    satibaldi
    Ол Солай.Де-де болатын, және ол тақырып менікі болатын. Бір жерден деп есінен тануын.
    Gastarbaiter
    Сен өйтпе Сатыбалды, Кендебайдан нотариалды куәландырылған скриншотты талап ет
    satibaldi
    Жоқ, жәй "ұмытпасам", "қателеспесем" деп өтірік есінен танып, бәрібір дәл айтып тұратын адамдарға жыным келед те. Бір-екі рет болад, бірақ жүйелі түрде сөйтетіндерге жыным келед.
    Gastarbaiter
    Сарказм ғой Сотвальдо, өзімізідің сүйікті әдіс)))
    Gastarbaiter
    Осы жолы екеуіңді қатырдым-ау нақ, жырқ-жырқ күліп моншаға түсіп қайтайын, рұқста болса.
    ken
    енді интернеттен көрдім деп тұрмын ғой
    Gastarbaiter
    пруфлинк лақтыр
    ken
    Солайденің архиві бар емес пе, сенде?
    Қарап көр. Бәлкім сол тақырып та архивте сақталған қалар.))
    Gastarbaiter
    Ләбіт-ау, предъяфа лақтыратын сен, обосновать ететін мен бе?
    Тауыпсың тегін следакты))
    ken
    осы тақырыпты бес жылдан соң қайта ашатынын қайдан білейін
    VKM
    Капеееецццц) айтып бітпейтін ат екен)
    Kipshakkyzy
    Мяя, мынау шын құжаттың көшірмесі ме! Сондай да болады екен-ау!
    Aldeken
    Оғаш ат деп прикол ұстап отырмыз. Оғаш та болса құжатта атым болса деп армандайтындар бар… мынау сияқты…

    Armanjan
    қаяқтан сонда?
    Aldeken
    Қытай Халық Республикасынан келгендерде кездеседі бұндай жағдай. Қазір, шамамен 5-6 мың азамат осындай құжаттармен жүр. Опшым бұл халықаралық мәселе. Әңгімесі өте көөп.
    AKY
    Муриян, Сәулетай деген студиктерім болған.
    satibaldi
    6 жыл бойы құжат қайта ала алмай жүрген апай осы ма?
    Aldeken
    Байқап тұрсаңдар, құжатта адамның аты тегіне жазылып кеткен. Ең казус деген мәселе, осындай құжаты бар қыздар күйеуге шығып, куйеуінің фамилиясын алғысы келгенде болады. құжаттағы фамилиясы алынып тасталып, орнына күйеуінің фамилиясын жазғанда бұрынғы атын да жоғалтып алған фактілер кездескен біздің тәжірибеде…
    Aldeken
    Марко, Ертісбаевқа ызвондағанша, осындайларды қаужа… жаңалықтартізбегіңдіссс…
    Marco
    Ызвондадым бүгін! «Я в отпуске, хочу отдохнуть. До свидания!» деді
    Armanjan
    Ёлка деген қызды білген едік, кейіннен ныспысын Арай деп өзгертіп алған екен.
    asaubota
    негізі ұлдарды қойшы, қыздарға атты дұрыстап қою керек. кейін атын айтқанда ұялмайтындай. тым жақсы қыздарды білемін, аттары оғаш. кемпір-шал менеджментінің құрбандары.
    Kipshakkyzy
     Дұрыс айтасыз Арашат!
    KILYZAMAN
    Кәмпит деген курстасым болды рәмәтліктің Шәкләт, Мәмпәси деген сіңілілері бар болатын…
    satibaldi
    Сен өзі — оқып па едің?
    KILYZAMAN
    Шатты-бұтты Сатыбалды емес — оқығанмын…  енесссс…
    satibaldi
    Сисиық деген есімді үлкен кісілер көп айтатын. Аты неге біртүрлі дегенге, «Тған жері Аралда „Лепсі“, „Сисиық“(???) деген кемелер болып еді, сол кеменің атынан қойған» дейтін. Бірақ ақыры мағынасын таба алмадым. Кемені де.
    satibaldi
    Нақу
    Осы есімді алғаш рет зираттан көрдім. Бір орыс әріптесім мәшинені ерінбей тоқтатып, жолдан 300-400 метрдей жерге жаяулатып барып көрсетті. Лібә, бейітті басымызға көтеріп күліп кеттік нақ.
    Gastarbaiter
    Мен де естідім осы атты. Арабша бірдеңені білдірсе керек.
    Марқұм Зейл әжем айтып отыратын, Нақу деген қолының щипасы бар көршісі жайлы.
    satibaldi
    Аралсульфат жағына қарай зираттардың бірінде. Дәл өзі: емші ме, бірдеңе болған.
    nurbergen_makym
    Тігесіңдер, нақ!
    «Нақу оқу» деген сөз бар ғой, «Ескіше оқу» деген мағына береді.
    qusbegi
    дәл өзі! есіме түсіре алмай тұрған едім араб грамматикасын үйрететін бірнеше ғасырдан бері келе жатқан кітап. Дәл айтқанда Наһу
    Gastarbaiter
    Жарты жыл бұл легендаңды бірақ басқаша жазып едің…
    Көрші ауылда бір молда болды, аты — Нақу. Лібә, сол ауылда бықсып алып жүргенде ермек таусылса, көшеден өткен кемпірлерден:
    -Әже, мынау кімнің үйі? — дейміз.
    -Нақу.
    Бұттан кетеміз нақ жарты сағатқа сосын))))))))))) Кейбір орысшадан/қаладан хабары бар кемпірлер атын айтпайды, «молданың үйі ғой...» дейді. Бірақ біз бір қой бұттан кетеміз нақ))))))))))))
    satibaldi
    Ол сол Нақу жатқан жердің әңгімесі болатын.
    Gastarbaiter
    Ақкөңіл амиго-ай десейш… Осындайыыңда, иманды болғыр, әкеме ұқсап кетесің.
    qusbegi
    Аямадың-ау, аямадың
    Gastarbaiter
    Ондай ондай боп тұрад менде де
    Makhabbat
    Нақу деген біздің ауылда молда бар,
    Marco
    Менің Марс деген мұғалімін болды. Оның інісі бар, атын ұмытып отырмын, бірақ қазақша тәп-тәуір есім болатын. Бірақ, бала-шағасы Сатурн, Комета тағы сол сияқты бірдеңелер еді
    satibaldi
    Бір-екі экземпляры біздің ауылда да болған.
    Marco
    Жұбанов университетінде Моңғолиядан көшіп келген Көбелек есімді қыз оқыды. Жатақханада тұратын еді, жатақханада телефон тек вахтада. Әлгі қарындасым бір күні ағасына ызвандапты.
    — Үкі, Үкі, естіп тұрсың ба, бұл мен ғой Көбелек)))
    VKM
    радисткалар сияқты екен
    Gastarbaiter
    Сосын « Гәунә жеңше» деген кемпір болатын. Оны жас кезінде Говно деп мазақтағысы келген қайнысы тілі келмей, осылай атаған. Кейін бәрі солай айтатын боп кетті.
    VKM
    Жозефина деген мамамның подругасы бар Алматыда
    satibaldi
    Сол кісі туралы толығырақ… Толығырақ…
    VKM
    Күлмеңізи, ол кісі крутая банкирша
    satibaldi
    Император байымен енді еден жумайтын шығар
    asaubota
    ауылда Жайық деген кісінің Ертіс, Енисей деген балалары болды.
    omarbirat
    Еділ, Жайық деген егіз балаларды көргем.
    dark_nazgul
    Мен танитын Еділ Жайықтың біреуі ақын Сара қызға үйленді ау деймін осы…
    dark_nazgul
    а жоқ, олар Еділ, Есіл
    omarbirat
    Алдағы бір 7-8 жыл шамасында үйленетіндерге ұқсамайды. Кішкене балалар ғой, онға да толмаған
    Marco
    Қазақ бір-бірінің атын қысқартып, өзгертіп, еркелетін айтатыны бар ғой. Мысалға мені Мако, Маконай дейтін. Бірақ, менің жиендерімнің қысқарған аттары өрт.
    Сұлтан — Әстөп
    Нұрдәулет — Ксау
    Нұрсұлтан — Коси
    тағы бір апамның балаларының аттары
    Нұрсұлтан — Кәшпөн
    и вниманиеееее
    Нұрасқан — Ачипоқ )))
    Aldeken
    Нұрсұлтан — Коси
    Нұрсұлтан — Кәшпөн

    мынауыңды мазақ деп түсініп қалмасын, диссидентіңдіссс…
    Marco
    Кәшпөннің памилясы Назарбаев еще)))
    Adiletshu
    Лібә, мысықшеккенге кетіп қап жүрмеші
    Zhan
    Александр — Саша, Ярослав — Слава, Владислав — Влад деп орыстарда ғана қысқарта ма десем, Әстөп, Ксау, Ачипоқтарың орыстарды жолда қалдырды ғой. Біздің класта да Әбутәліпті Птали, Мейрамханды Миток, Уалиханды Уошка дейтін. Өмір бойы кличкасымен аталып кеткен бейбақтар қаншама.
    Marco
    Кличка дегеннен шығады, кластар арасында Ауған, Тәжік, Сігән, Кәріс, Шаш, Сүй, 82-лерде Дәубоқ, 81-лерде Сасық, 79-дарда Боқыш, 75-те Қарсақ дегендер де болды)))
    Gastarbaiter
    Білә, тап осы «керектің» құрамымен Алматы-Орал тоқылдағына мінсең, үш күнде біраз пәй тауысуға болады екен…
    Zhan
    Біздің сыныптың қыздарының кличкасы: қатқан боқ, сұйық боқ, трактор, жыртық (тісіне байланысты қойған), счетчик (папасы мектепте счетчик-тұғын), помидор (беті қып-қызыл ед), боцман, щорс (мамасы орыс-тұғын), қарақатын (қара қыз ед), т.б. бәрін өзіміздің кластың балдары қойған. Иттер ойлап таппайтыны жоқ. Мені кім деп айтатынын айтпаймын.
    Gastarbaiter
    Бір көзі соқыр бір кісіге «Снайпер» деген лақап ат қойыпты.
    Zhan
    Бұрынғы жұмысымда көзі қыли бір баланы бәрі «Снайпер» деп мазақтайтын. Анау өзі жуас бала еді, үндемей күліп қойып жүре беретін.
    sigma
    Ауылда ортаңғы саусағы жоқ шалды, факюжоқ деп атайд
    satibaldi
    Мектеп қазына ғой нақ
    Менің кластастарым: Құсық, Мал, Баярин (сондағы бар «жазығы» — «Бояриня Морозова» картинасы бар плакат-календар әкеле жатқанда көріп қалған халық ), Мазгә(сабақты қатты оқид), Зузу (киноларды беріліп, «оқтар выззз, зуу» деп ұшыватыр дейтіні үшін)
    Gastarbaiter
    "Әмірхан" деген досымды «Амыққан» деп ызасына тиюші едік.

    Ал мені мектепте (ұялған смайлик) балағаттағысы келген адам «миғұрт» дейтін.
    Нақақтан нақақ адамның миын раком қойып тұрып тігіп алатын қасиетім үшін.
    satibaldi
    Амангелдіні де екінші буынсыз айтып талай бас жарылатын.
    a63a1
    Аманкешті «н» сыз айтатынмын, сыртынан немесе 500 метрдей жерде тұрып
    Zhan
    Бәсе, неге тілі удай ащы десем. «Керектіктерді» де аз аяп жатқан жоқсың, миғұрт
    Gastarbaiter
    Сол ғой, есейген сайын тәжірибе, техникалар шыңдалып жатыр, поциенттің қоғамға қауіпі өсіп жатыр.
    a63a1
    менің лақабым Байзл болды, ауылдан қаланың мектебіне келгенде қойылды, неге екенін ешкім түсіндірген жоқ
    omarbirat
    Штирлиц туралы сериалда сондай тақырбас бір офицер болатын. Класта шашын тақырлап алып тастаған бір баланы солай атайтынбыз. Шашыңды тақырлап алдырған жоқ па едің?
    asaubota
    иә Байзлдар сондай болатын ))
    Gastarbaiter
    Бізде Нецкий деген бір тақырбас болатын)
    a63a1
    Менің шашым тақыр болған жоқ, соған менің не қатысым бар деп әлі күнге дейін түсіне алмай жүрмін
    omarbirat
    Ендеше сенің атыңды бұрмалаған түрлері ғой
    a63a1
    Мүмкін
    Абзал — Байзл
    a63a1
    Ол олма, үйдегі қарындасымда солай атайтын болып еді. Студент болып көз ашылды, өз есіміммен еңіреп көрістім
    Onlasyn
    қатқан боқ, сұйық боқ
    asaubota


    қазақ дим да онсыз да неше түрлі лақап ат қояды, ресми аттарын дұрыстап қойса деймін.

    мен өзім адам аттарын барынша бұзбай айтамын, ұлдарымның да. бірақ жұрт мына аттарды уже қойып тастады:

    Әмин — Почан, Почалақ
    Әлижан — Очико, Почико
    VKM
    Олай айтқызбаңызшы, Аршат аға
    qusbegi
     Менің жеңгем, Нұрмекен деген ұлының атын Тадзион деп алыпты
    Zhan
    Әмин — Почан, Почалақ
    Әлижан — Очико, Почико
    Еркелету ғой. Мен кішкене бала мен мысықты жақсы көрсем Макуси-пакуси деп жақсы көрем. Бұрын кімпоня дейтінмін.
    satibaldi
    5 ағайынды жігітті білуші едік ауылда, есімдері — тума-туыстарының ат қою іліміне үлкен бұтақты біржола қойғанын көрсетеді: Қабай, Жабай, Тағай, Мамай, сосын неге екені белгісіз — Зұлқаш.
    Marco
    Тағы бір Ырғыздық
    Мәртнәдірмұсамәлім Өтеуов
    Marco
    соңы мәлік
    satibaldi
    Үмбетбай кейіпкерлерге ат қоюға алысқа барып жүрген жоқ екен ғой
    Marco
     мынау жас бала )))
    KILYZAMAN
    Айқын Төлепберген бауырымызға мына заманда(парақорлық-қорлық) басқа нәрсені айқындаулы душар қылды мысалы — әрине, дәлелдей алса
    VKM
    Аға, сіздің сөздеріңізді ерекше сөздікпен оқымаса, түк түсініксіз2-3 рет оқысам да
    Marco
    Сөздік непричем )))
    KILYZAMAN
    Кейде барғой — өзімді өзім түсінбейтін кездерім бар
    qusbegi
    Қилызаманның әлгі ұлы қайда қарап жүр ей?!
    KILYZAMAN
    Маңқалау болып тұрса керек
    KILYZAMAN
    Түзету;
    мына заманда(парақорлық-қорлық) басқа нәрсені айқындау керек болып тұрғандай, мысалы
    satibaldi
    Меніңше, қазір ауыл тұрғынын көрсету үшін пайдаланатын Қатипаш, Зылиқа деген есімдерді Оспанхан-Үмбетбай бастаған сатириктер өлтіріп тынды, әйтпесе әлі де болар еді ондай аттар.
    Gastarbaiter
    Менің қызымның ресми аты Айана.
    Әжесі Борсантай, Зонтик дейді.
    Борсик, Айошкин, Айосна, Аянаш,
    Сосын… Пестикон, Пестик дейміз.
    satibaldi
    ...-ӘУ, ей ӘУ!
    -Мұныңыз не?
    -Әсия Уәлиханқызы дегенді қысқартып алғаным ғой.
    -Мұныңыз қызық екен, Амангелді Меңтаевич…
    KILYZAMAN
    Амангелді Меңтаевич…
    — отырыстарда тойып алған достарынан көөөөөп нәрсе естіп көгерген кездерін елестету қыйын...(Боксшы бажам есіме түсіп кетті)
    satibaldi
    Шопағымды жемеш.
    KILYZAMAN
    Амангелді екеніңді итимФилип білмесе, мен қайдан анықтайын?
    molly_zhan
    Менің нағашы апамның аты Мәйкө. Мағынасын апамнан сурамаппын. Ал мамамнан сурағанда билмеймин деп айтқан. Апам да билмесе керек. Себебі жетім болған.
    satibaldi
    ЖльадЪм.
    molly_zhan
    Түсінбедім.
    qusbegi
    Бізде Тараздан тағы да бір Монти бар
    Gastarbaiter
    «Дібәдәт» деген туысым бар. Тез айтқанда автоматтың кезегіндей естіледі.
    Aldeken
    Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің бастығы болған Патрис Нокиннің орнына Мұхаран Әміров тағайындалған болатын…
    Aizhantabyn
    Нокин сіңлімнің бастығы ғой))))
    Ол да келген неше түрлі аттар бар ау деп) Чуваков деген ағай да бар екен)))) (Шуақ болған екен атасының аты)
    VKM
    біреу жазып еді ғой.Доздравпервма деген кісі бар деп, До здравствует Первое Мая деген сөзден
    omarbirat
    Ес білгелі өзім көрген Ардақтардың бәрі қыз еді. Төртінші ме, бесінше ме класта жүргенде көрші класқа Ардақ деген ұл бала келгенде әлгінің атына бұттан кетіп күлгеніміз бар еді. Юнисекс ат екенін қайдан білейік
    Лицейде Назым деген түрік тәрбиеші болған.
    Универде оқып жүргенде көрші факультетте Айнұр деген бір ағайлары бар еді.
    Ауылда Шатан деген шал болды. Кейін білсек, Шатан деген лақап аты екен. Шын аты — Қаптағай
    saken
    көрші факультетте Айнұр деген бір ағайлары бар еді.
    ауыл жақта Айнұр деген авторитет жігіт бар еді.
    Zilola
    Ауылда Доғдыр, Шымал, «Пласмас қайнаға» дегендер болды, сөйтсек уақыт өте келе қойылған лақаптар екен
    salta
    ауылдағы 69 жылғы Топай үйленгенде оның аты басқа екенін бір-ақ білдік. өзі 40қа келіп үйленді, шақыру билетін көргенде күлкіден ішім ауырып, біраз жүгіргенмін. сөйтсем аты — Уалихан. неге олай, бұлай қалай болды білмеймін, апам да аң-таң, мен де аң-таң…
    Zilola
    Ауылда Пошанай деп атап кеткен ағамыз бар, точны атын біз де үйленгенде білдік Әбдірахман екенін.
    balzaminka
    хехе, жоғарыда жазылған біраз ат маған жақын ше, Пірәлі — әкем аты, Кәмпит — мамамның жеңгесінің аты, Жабай — нағашы әжемнің әкесінің аты, Тағай — нағашы әжемнің руы )
    Zilola
    Жабай деген әкемнің немере інісінің есімі, Көлбай көкемнің баласы, Адай деген інісі бар.
    abdi111
    октябрьноябрядекабрь degen againdilar bar
    abdi111
    октябрь ноября декабрь
    Zilola
    Мамамның папасы Сентябрь, (нағашы атамның) бауырының есімі Ноябрь, ал Октябрь деген папамның үлкен жездесі бар.
    salta
    менің құдаларым бар: Жайлау, Сайлау, Күздеу, Жаздау…
    KILYZAMAN
    Түсіпқалды жеңгем онбір баланы түсірмей туды. Қазір ауыл анасы
    satibaldi
    Пездес қазақша мотиватор дисің ғо
    KILYZAMAN
    Біртуар — есімді жеңгемен жоғарырақ орыны бар
    Gastarbaiter
    Ұлтуар деген көрші қатын бар, үш баласы бар, үшеуі де ұл))
    Gastarbaiter
    Перден деген кісіні «Пердун» дейді екен сыртынан.
    KILYZAMAN
    Немеремнің маған айтар орысшасы
    abdi111
    KASIK DEGEN 70 TEN ASKAN ATAIBAR
    Onlasyn
    Маған қыздардың Қорлан деген есімі ұнамайтын.
    Onlasyn
    Қазір де ұнамайды
    abdi111
    menim kydawam bar Xorlan degen
    patick
    Ауылдас көрші әженің аты — Сарай.
    Бір көрші мужик — Ақатай.
    Бұрын мектепте қазақ тілі, әдебиетінен Қазақстан деген ағай берген, марқұм болып кетті.
    Информатик ағай — Рахмет, ол кісіге алғыс айтқанда «ағай, рахмет» деп бұттан кететінбіз.
    Пақанның бір жолдасының аты — Итбай, танысқанда ұялатын шығар, өзін Иван деп атайды.
    AKY
    Ұмытқан деген ағай бар ауылда, баяғыда қайнылары жеңгесңне әзілдеп «Итжемес» жаздырған көрінеді атын. Кейін оны бәрі Ұмытқан деп кеткен.
    izbasar
    Есет батырдың әкесінің атыше? Неге олай ол құрғыр бәрінде бар емеспе?
    dark_nazgul
    Өрік, Мейіз, Апельсин деген ағайынды қыздар болыпты, біздің бір туыстардың ауылында)))
    Моторбек, Трактірбай деп ұлдарына ат қойып алып, қыз туғанда, сасқанынан Сеялка деп қоя салыпты бір қазақтар
    Zilola
    Өрік деген апамыз бар етін, марқұм
    balzaminka
    біздің де Өрік деген әжеміз болған
    izbasar
    Бір таныстың Елка, Март деген сіңілілер бар еді. Әлгі сіңіліліерін мақтап біздің Елка сүйтті, Март бүйтті десе, біреу әй шырша мен наурыздарыңды айта бермеші деген екен.
    omarbirat
    Әлди, Бөбек деген аттарды естігенім бар еді.
    omarbirat
    «Сен қатыныңның атын түзетіп ал. Музафер деген әйелдің аты болушы ма еді?» © «Колпачино Бомба» фильмінен
    qisyq
    Мамам ауылда Үйрек деген апа болды дейді. Сосын университетке түсерде Тауық деген қызды көрдім дегені де бар.
    Кеңестік бір ескі газеттен оқығам, ондаған шақырым радиуста жалғыз үй болып отырған бір қойшы екі баласының атын Максим және Горкий деп қойды дегенді. Өтірік-шыны, бір химик әйелдің Метан және Этан деген балалары бар дегенді естігем. Айтпақшы, Мылтықбай, Наганбай деген ағайынды шалдар болған. Мылтықбайын көрдік бертінде.
    KILYZAMAN
    Ақырындап, Тоқснбайға жақындадық
    KILYZAMAN
    Тоқснбайға ж
    -Тоқсанбайға
    saken
    Үйрек, Тауық
    Қазтуған деген есімде не мағына береді екен?
    qisyq
    ))))))))))))))))))))))))))))(
    Gastarbaiter
    Аққу Қаздар киелі құстар есептелетін. Орыстар Аист принес десе, біздікілер Қазтуған дейтін шығар
    Zilola
    Тағы бір тақырыпта жазып едім, жұмыстағы Мюаш деген есімді апай жайлы. Папасы химиядағы ұзын Мю мен H(аш)-ты қосып ат қойыпты
    saken
    1. бір нағашыларымыздың қызының есімі Қиғаш етін. Жеңгеміз кілең қыз босана бергесін ырымдап қойыпты.

    2. Ғалым Боқаштың атасының есімі қызықты көрінеді маған. Не мағына береді екен.
    dark_nazgul
    Аман Есен Тұрар Мекен деген төрт егіз бала туралы айтушы еді бұрын апайларымыз.
    Төрткемпірбіршал боян шығар, ә?
    Aizhantabyn
    мен естіген вариантта: Аман Есен Жүрсін деген ағайындылар еді))))
    salta
    боян емес, Төрткен (Төрткемпірбіршал) Кененовна Алматыда тұрады… жасы 70тен асқан
    qisyq
    Аман Есен Орал (қайт деген мағынада) дегенді естігем.
    dark_nazgul
    Менің папамның ағасының аты Рахметолла. Папам мамама: "қалай намаз оқымақсың?" деп қалжыңдап жүр.
    saken
    папамның Рахметолла деген немере ағасы болған етін. Келіндері «Алла разы болсын қайнаға» деп атайды.
    Zilola
    тема вариант екен!
    Респект сондай келіндерге!
    dark_nazgul
    Жібек жолы деген топ болып еді ғой. Солардың аттары: Амангелді, Амангүл, балалары: Амандос, Аманқос.
    Nurgisa
    Атырау жақтағы ауылдардың бірінде ме еді, емші-балгер кісі туралы жазылып еді. Көтере алмай жүрген келіншектерге көмектеседі екен. Өзі бір мола жақта тұра ма, сондай бір нәрсе…
    dark_nazgul
    «Айша» деген постқа жазған пікірің емес пе?
    Nurgisa
    Ол тақырыпты оқымап едім.
    dark_nazgul
    а онда ана пікір не үшін? ұқпадым… әлде аяқталмай қалған ба?
    Gastarbaiter
    Ақжүрек -деген вахтер бар еді. Шынымен ақжүрек амиго болатын. Түнделетіп чикушка іздеп кеткенде, ұйқысын төрт бөліп, есікті аша қоятын ұрыспай.
    saken
    пәмилиәсі Таңатаров емес пе еді?
    AL-ASTER
    Сьюзи. Шынымен, осындай есімді қазақ қызын кқргенде оғаш естілді.
    Aizhantabyn
    Менің Сюзанна мен Анджела деген группаластарым болды. Жанетта деген көрші қыз да болатын. Жалпы, біреуге жарасады осындай есімдер, ал біреуге ваще никоем боком)
    Zilola
    Үлкен әпкемнің құрбысы бар Ақжелең деген, бәріміз Анжела дейтінбіз. Сыныптас ұлдар Ақ-белая, желең-голая (Белаяголая) деп қалжыңдайтын )
    shimaibek
    Халық ауыз әдебиетінен: Көтібар.
    meirzhan
    Аэлита.
    shimaibek
    Қазақтың аты ма?
    meirzhan
    иә, бір қыздың аты. (бір емес)
    meirzhan
    қай ұлтқа тиесілі екенін білмеймін
    Simona
    Менiң қырғыз курстaс қызымның aты дa Aэлитa болaтын. Дос қызы Урсулa.
    balzaminka
    менің кластасым бар Аэлита деген, қазақ. Сондай-ақ, Динарида деген де кластасым бар
    Aizhantabyn
    Динарида дегенің енді пряяяяяяяяяяям екен))))))))))))))))))))))
    Abilakim
    Жекебазар деген есімді естігенмін, Шоколад есімді адаммен бірнеше жыл жайлауда көрші тұрдық, Стакан деген есімдер де бар екен.
    Adiletshu
    Менің курстасымның аты — Роберт. Альберт деген ағасы бар
    Abilakim
    Біздің көршінің Артур, Бертур деген мысықтары болып еді
    Adiletshu
    Сағат сұрағанда: Сағат Сағи болды, Сағи Мәди болды, Мәди тамаш болды, Мәди Бақыт болды, Бақыт Уақыт болды деп жауап беруші едік. Сөйтсек бәрі бір үйдің балалары екен
    Adiletshu
    Мәди Бақыт
    түзету Тамаш Бақыт болды
    Gulistan
    Жалау деген немере ағамыз бар, толық аты — Жалаумардан, келіндері «Флажок қайнаға» дейді.
    Ризуан деген немере інімді мамасы Топыш дейді.
    Институтта физикадан Түркістан ағай сабақ берді.
    Мамамның (әжемнің) Ағайна деген абысыны болды.
    Өз шешемнің аты — Тыныш.
    Әскери қызметте жүрген Қобылан деген қайнысын шеешм Комиссар дейтін, содан өз аты бара-бара айтылмай, Комиссар аталып кетті.
    Zilola
    Инженер деген шын есім бар )
    balzaminka
    Советхан деген де бар ше
    saken
    Ағайнасы Ақайна деген сөзден шыққан шығар.
    Armanjan
    біз сегізінші сыныпта оқып жүргенде 11 сыныптың Қуат деген баласы бізге келіп, мені "Қуат ағам" деп айтатын болыңдар деп ылғи «секіріп» кететін. Содан аузымыз Қуат ағам, Қуат ағам деп айта айта, соңына келе сөздің мағынасы да өзгеріп кетті. Әсіресе тез-тез айтқанда анау жаман сөз айтыла беретін.
    Gulzhanat
    Мүкеш дейтін нағашы жақтан бір апамыз бар. Толық аты Мүкімдүниегүлбайжұмағұл. Не үшін олай ойғанын кім білсін…
    Сосын, Төрткен Кененқызының толық аты Төрткемпірбіршал екенін жуықта ғана білдім )
    satibaldi
    Жақында Жансая деген қыздың атын естіп, бұттан кеттім.
    Erkekyz
    Нағашыларымның ауылында тұратын күйеуі Сатыпалды мен әйелі Мамлякат дегенге күлуші едік бала кезде.)
    satibaldi
    Жиен, ауыз жабылмаған қиын, ә?
    AKY
    Мамлякат  
    bazuka
    Мамлякат деген біздің Комсомолда да біреуі бар ))))))
    patick
    Ауылда морфлотта служить еткен бір мужик бар. Үлкен ұлын:
    Адмирал — деп қойды, екінші ұлын:
    Нахим — деп қойды (Адмирал Нахимовтың құрметіне шығар)

    Лібәдтар, небір чудиктер арамызда жүр екен ғой
    dark_nazgul
    Люция Төлешева деген әншінің ағасы бар, Рево деген.
    AKY
    Аганек — папамның қарындасы, сол кездегі «Огонек» атты жынД журналдың құрметіне қойлыған
    mampasi
    Касемсот деген кісі бар еді бірақ құжатта К-700 па касемсот болып жазылама білмедім. Тетямның қызының аты Күнменай оны да сұрамаппын құжатта қалай жазылатынын
    mampasi
    Кенен Әзірбаевтың қызының аты Төрткемпірбіршал, кейін Төрткен деп ауыстырып алыпты
    satibaldi


    Zhan
    Сатеке қай шіркеудің кітапханасында отырсың кітап мүжіп?
    Святорожск Қыздар Монастыры ашылыпты, адам іздеп жатқан көрінеді.
    Бәсе, мынаны неге айтты десем…
    Aizhantabyn
    Шаханов ағамыздың қызының аты Айшөрек. Енді Төрткемпірбіршал емес, бірақ…
    satibaldi
    Ааа, әлгі траторист пе? Есімде, есімде.
    meirzhan
    Айшөрек қырғыздың есімі. Шахановтың әйелі қырғыз.
    omarbirat
    Бәсе, үйде «Айчурек» деген светомузыка бар еді. Қырғызстанда жасалған.
    Aizhantabyn
    хм, Шахановтың қызының атын Айтматов қойған деп естігем. Блин, Айшөрек деген ваще әдемі емес(((
    dark_nazgul
    өкіл әке-шешесі болған Айтматов пен әйелі.
    qisyq
    Ия, құлаққа кішкене… қызық естіледі. Айжүрек емес пе?
    AKY
    Муриан деген студент қыз бар, Хетайдан келген.
    AKY
    Шопен деген ағай матем. анализден сабақ берген
    satibaldi
    Шопен: "Әйгерім Кюри дегендер есептен түк қақпайтын ед, олар да адам болыпты"…
    Aizhantabyn
    ооо, Шопен! Есімде, супермега шар, ваще вундеркинд)))))) Блин, ол кезде ваще щеглушка боп соған ғашық болатынмын. Ақылға западать ететін болған соң, кажись)))
    satibaldi
    ооо, Шопен! Есімде, супермега шар, ваще вундеркинд)))))) Блин, ол кезде ваще щеглушка боп соған ғашық болатынмын. Ақылға западать ететін болған соң, кажись)))

    Кеше — KILYZAMAN , бүгін — сен. Нашақорлық қынадай қырып кететін түрі бар(((
    Aizhantabyn
    Шопен шынымен вундеркинд, керемет ақылды!
    З.Ы. Вы о чем, о великий из умов?
    AKY
    Шопен 17 жасында кандидаттық диссертация қорғаған, расымен вундеркинд. Қазір Ирландияда, Дублин қаласындағы бір университетте жұмыс жасайды.
    Aizhantabyn
    ақыл тасып жатыр. Интересно, сондай жігітке тек сондай қыз лайықты шығар. Әйтпесе екі сөздің бірін түсінбей, аузың ашыылыыып отыратын шығарсың)))
    AKY
    О жағын білмедім, керісінше іш пыстарын секілді ондай адамдар. «математика, математика және математика»))))) Бәлендей керемет ғашық болатындай адам емес қой))) Келіншегін көргем, кәдімгі келіншек))
    Gastarbaiter
    Мля, «интересно, а скоко у него в сантиметрах» демегеніңе шүкір.
    Zilola
    Бәлкім Шопан?
    AKY
    Жоқ, Шопен. Кәнігі композитордың құрметіне.
    Aldeken
    Менің келіншегімнің әжесінің аты Мәмлякат. Алып бара жатқан ештеңе жоқ, татаршаға келтіріп қойылған болар дейсіңдер ғо. Бірақ, ең қызығы, қатарларының көбі тілі келмей сол енемізді Алмакет деп атайды, сингармонизмзаңынссс…
    Makhabbat
    Темір деген бір жақын ағамыз бар, жеңгелерім Железный қайнаға деп айтады сыртынан…
    біздің жақта Олимпияда деген 11 класс оқитын қыз бар.
    qusbegi
    — Саммит, кешке Олимпиадаға барып қайтамыз ба?
    — Ептыыы, ЕҚЫҰ, Сен Азиядамен жүретін едің ғой!
    salta
    ауылға өзбекстаннан көшіп келген адамның аты — ОБЕД
    dark_nazgul
    Қалдыбек Құрманәлінің балаларының аттары: МұхтарШахан, ШәмшіҚалдаяқ, БекзатСаттархан
    satibaldi
    Аспан Әміршілері…
    Gulistan
    Қатты фанат екен.
    dark_nazgul
    хехе, төртінші баласының аты ИманғалиТасмағамбет екен.
    dark_nazgul
    «Досымның үйленуіндегі» Мәмпәси есімнен кетпейд)))
    Gulistan
    Орал жақта бір кездері болған "Қыналы қар" түрік сериалынан соң басты кейіпкер атымен МұғалімӘли деген бала дүниеге келген деп естідік.
    salta
    Ауылдағы керемет әжелеріміз болған Кәмпит, Шабақ деген…
    meirzhan
    Шекер деген бір апа болған.
    salta
    біздің ауылда да бар, Шекеркүл мен Қантгүл деген апалы-сіңлілер
    Zilola
    Жанат, Науат, Шекер деген апалы-сіңлілер де бар.
    Aizhantabyn
    менің Балшекер деген апам болған, марқұм(((
    meirzhan
    Иманы саламат болсын
    Adiletshu
    Бүгін білдім. Саткен деген досым бар. Барі Саткен дейді. Сөйтсем, шын есімі «Сатыпалды» екен
    molly_zhan
    Менің бір танысымның аты ТілеуНазарАқтілеу. Екі атасының атын косып койған. Анасы аталарының атын айтпау үшін Муха дейди.
    molly_zhan
    Мамамның құрбысының әкесінің аты Кемпір екен.
    Сосын таға мамамның жұмысында Кеуілімжай деген ер киси жумыс истейди.
    Тағы сол мектепте Шахзада деген ұл оқушы бар екен.
    Zilola
    Керекте тегі
    Кеуілімжай
    дегендер бар, оғаш деп айтпас едім
    saken
    иә, иә. Оғаш емес АКҮ екеумізге )))
    Zilola
    НұрМұқасан тобындағы Мұқасанның тегі Шахзадаев, қазақтан гөрі өзбекке жақын халықтың есімі екенін бірден байқауға болады.
    dark_nazgul
    онда Айзада, Гүлзада, Ақзадалардың бәрін өзбекке жатқыза береміз бе?
    Zilola
    Шахзадамен Шахзодадеген ханшайым ханзада дегенді білдіреді деп естігенмін
    molly_zhan
    Ой, Сатыбалды аға, рахмет сизге! Осы тақырыпты қозғағаныңызға. Осы постты оқып әбден күліп, көңіл-күйім көтеріліп қалды.
    satibaldi
    Мырзата дегенді естіп келдім. Қызығы сол: құжаттарда, конференцияларда соңына «й» әрпін өзінен сұрамай жазып жіберіп, дискриминацияға ұшырап жүрген көрінеді. Шынымен, бірдеңесі жетіспейтін ат сияқты, әнасс.
    salta
    менің кластасымның группаласының аты — Інжу Маржан Гауһар тас, атың кім десе бірде Маржан, бірде Інжу, болмаса Гауһар дейтін. Тасты неге айтпайтынын білмеймін...
    Abilakim
    Әзірбайжан Мәмбетов деген кісі бар)))
    satibaldi
     Қаззақтар арасындағы ең әзірбайжан, әзірбайжандар арасындағы ең мәмбет кісі болды бұл.
    Abilakim
    Ал ІІІ орынды «Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК аудармашысы Январьберді Қауқаев қанағат тұтты.

    www.karaganda-region.kz/kaz/news/2525/
    abdi111
    Bizde SISTAN degen agai bolgan agilwinan bergen
    manfan
    Біздің ауылдағы Қоңырқаз бен Сарыалақазды да қосып қойыңыздар… Балапанүйрек
    Gastarbaiter
    «Бесатар» деген көршім болатын, өткенде есіме түсіп, бұттан кеттім
    Guka
    Ал менің Қаймақ, Оңай атты құдағайларым бар
    meirzhan
    Құда ағай?
    Guka
    Сіздерше құдағи шығар, бізде Маңғыстауда құдағай деп айтылады
    ken
    бәлкім, құда апай болар?
    edige
    жеген екеееен...
    aikarakoz
    Анджелагүл деп еркелетеді мені достарым
    Kipshakkyzy
    Безрук деген қазақ кісінің есімі бар екен. Шығу тарихы: Безруктың әкесі cоғыста жүргенде бір орыс оны құтқарам деп, өзі екі қолдан айрылып қалған екен. Елге аман-есен жеткен соң әлгі орыстың есімін білмейтін болған соң оның құрметіне баласын Безрук деп азан шақырып, ат қойыпты. Естімеген елде көп.
    Marco
    Денем түршігіп кетті
    Marco
    Сол баладан Сергей туған ба? (Денемнің түршіккені басылды-ау деймін)
    edige
    Менің атамның аты Сухан… Бабам не ойлап қойғанын білмеймін… Көтібардан жақсы бірақ
    dark_nazgul
    Өткенде бір реал история естідім. Өзбекстанда ғой деймін, біреу балаларының атын Капитан, Майор, Полковник деп қойыпты.
    Daniar-Alan
    ай Саттың әруағы айй… анда жатса да қызығынан айырмаған…
    edige
    Ерте жерлеп қоймадыңыз ба? Ерсілеу екен құлаққа
    dark_nazgul
    Менің балаларым құжатта «Оскарұлы, Оскарқызы» болып жазылған. Өйткені аталары кезінде архитектурадағы бір бағытқа жаман еліктеп жүрген екен де, ұлының атын Оскар Немейердің құрметіне қойыпты.
    Marco
    Қазір бір жас журналист жұмыс істеп жүр бізде, аты Сәби))) пока сәби сияқты, шал болғанда қайтеді екен?
    bekkerey
    Біздің ауылда үлкен ақсақалдың аты «Пәули» еді (марқұм болып кетті), соны арабша сауаты Бүркітбай деген ақсақал: «Білместіктен қойылған, құранды алып оқып қоя салған есім. Әйтпесе Пәули — сідік деген сөз»,-дейтұғын. Кейіннен арабшаны универде оқығанда сөздіктен әдейілеп қарасам Павли-моча деп тұр екен.
    bazuka
    Ағылшын деген әженің атын естігем))
    Aigolek
    Менин атам аты Багиман болган. Онын акеси Малжан. Кулиндер ал оралмандарга
    Айтпакшы олар оралмай калган
    salima
    Егізек… ырымдап қойған ат шығар
    bi2
    біреудің Генерал, Полковник, Капитан, Майор және Лейтенант деген балалары бар екен. Қазақстанда емес бірақ, Қырғызстанда, Ошта…
    Marco
    2012-жылдан бері қарай жаңа есімдер пайда болып, ескілері еске түскен шығар
    asaubota
    өткенде Гаста Арғазым деген танысы бар екенін айтты
    ErNur
    Көрші ауылда Қаршыға деген қыз бар. Сол бір вечірде Сұңқар деген жігітпен танысқанда ол жігіт прикол ұстап тұр деп қалса керек, төбелесіп қала жаздапты дейді.
    temir1986
    Менің әкемді бұрынғы ауылдастары Әлөшә(Алеша) деп таниды. Әділбектің баласымын десек танымайды. Жетікөлде ондай кісі болған жоқ дегендерді таллай естігем.
    asaubota
    Әлөшаның баласысың ба не, Таңай нағашымның үйінің қасында тұрған?
    temir1986
    Я. Таңай, Атшыбай, Шалабай, Қайроштарды да танисыңба?
    asaubota
    Таңай менің туған нағашым. сенің паханыңды танып отырмын, тентек еді ғо жас кезінде  жылда баратын едім Жетікөлге. Асланбек, Әнуар, Төлегендермен ойнайтынмын. сендер кішкентайсыңдар ғой ол кезде. әкеңе сәлем айт, мүмкін танитын шығар Рая апайдың баласы десең.
    temir1986
    Міндетті түрде жеткізем сәлеміңізді.
    bizbike
    Тәслима, Тасмина
    omarbirat
    Өткенде банкке бір жұмыстармен барғанмын. Менеджер қызды кішкентай да болса өзіміздің Дәруішөлген жақтан ғой деймін деп ойладым. Аты мен әкесінің аты Меруерт Анатольевна екен.
    seyh
    Ауылда Тебей деген шал бар еді. Мағынасын білмедім атының. Жарықтық БАҚ-дағы жаңалықтарды жіліктеп ауылдастарының сауатын ашып тұратын әкіматтың алдында
    burkitshi
    Біздің бір құдамыздың есімі Какаша, ал інісінің есімі Кикаша
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.