Arular.kz

Құлақтағы жамбас (үйрек қалпында)

«Ішетін дым жоқ» ©Ақзере

«Қалай ғана білмегем? Қалай ғана білмегем… Жауабы — мұрнымның алдына тұрғанда, қалай ғана иісі де келмеген? Әбіл-ай!!!». Жұмамұрат Саймон ауыр күрсінді. Абақтының керуетін сықыр еткізіп, нешінші рет аунап түсті…

Бәрі, бәрі жақсы басталып еді ғой нақ! Кент канцеляриясынан «Антуан Шәріп хан кентіміздегі ең мықты шаруа қожалығын көргісі келеді» деді. Әп сәтте күйлі шаруа қожалықтарының тізімі жасалды. Таңдау – тезек басып сатудан бастап, кейін бес түліктің (шошқаны қоса алғанда) барлығына қол жеткізген фермер Тәслима Швайштайгерге түсті.

Әрине, Антуан Шәріп ханның жаулары да тасада қалған жоқ. Оның арақ реформасына ренжулі ұйымдар «Лібәдтің ханы, сол фермадан аман шықпайд!» деген мәлімдеме жасады. Сол күннен бастап маза кетті. Фермадағы әрбір тезек, әрбір қи тексерілді. Жем-шөптің барлығы айырмен жаншылып, елекпен еленді. Бомба сияды-ау деген ешбір тесік қараусыз қалған жоқ: тіпті Тәслима апай бірнеше рет проктолог пен гинекологқа қаратылды. Қорытынды: «Бомба жоқ, ендеше снайперлер бірдеңе істемесе». Айтылды-бітті: елде бар мылтықтардың барлығы уақытша тәркіленді. Тіпті Тәслиманың немересін боз-боз қылып бақыртып жылатып отырып, рогаткасы мен «SEGA-сының» ойыншық тапаншасына дейін тартып алды. Енді Антуан Шәріп ханды аспаннан құдай жұдырықпен періп қалмаса, басқа қауіп жоқ сияқты еді…

… Міне, ауыр лимузин ыңыранып келіп, Тәслима Швайштайгердің фермасына тоқтап,ішінен Антуан Шәріп хан түсті. Тәслима мен басқа да черттар иіліп сәлем беріп, құрдай жорғалауда. Нан мен тұздан ауыз тиді. Қораға беттеді. Шәйнаңдап тұрған бұзаудың әукесінен сипалады. Тәслима Швайштайгердің байы — Бастиан Әжіғұловтың жауырынынан қағып, бірдеңе айтты. Байлаулы тұрған жабағыға алақанымен сұлы берді. Сосын… Сосын жерде жатқан аппақ ботаға еңкейіп:
— Әдемісін-ай өзінің! – деді.
Сол-ақ екен: ақ түйенің қарны қомпайып, қомпайып келді де, гүрс етіп жарылды! Азан-қазан шу… Құлақ тұсынан жамбас сүйек қадалып, сұлап жатқан шала-жансар хан. Көзі атыздай халық. Жанұшыра жүгірген оққағарлар… Сосын есінде жоқ…

Жұмамұрат Саймон «Лібәд-ай, жауап мұрнымның астында екен ғой, фольклорынсстың!» деп, тағы күрсінді. Керуетті қайтадан зарлатып, оң қырына ауып түсті. Бірдеңе өзгеретіндей…
" data-width="600" data-numposts="5">

13 пікір

avatar
мен жъладм :)))
avatar
а-а-а-а-аа өзімнің қарным жарыла жаздад тбаймайдай ))))))))
avatar
сол ботаға күйе жағып қойса қайтеді
avatar
егер мұны бір газет «жыныстық қатынас істеп кетіп» өз газеттеріне жазғылары келсе, черттар деген жерін не деп аударар екен?

аудандық әкімдіктегі бөлім басқарушылары бола ма? :)
avatar
"(үйрек қалпында)" :)))))))))))))
avatar
Енді жетті ма не?)))))
avatar
асығып ішін оқығым кеп тақырыбына назарб© салмап ем:))
avatar
(үйрек қалпында) ай епты десейш
avatar
Фольклордан ала отырыңдар))) Жұма күнгі боян болсын бұл)))
avatar
 қалай көрмей қалғам
avatar
+ 14
— 2
қалыс қалған 0
+12
Сонау әр-кімнің басында "+1" қана болған заманда жарық көрген дүние
avatar
Ак туйенин карны жарылган кун деген осы...)))
avatar
*lol**lol**lol**lol**lol*

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.