Бір-түрлі жанұялар

  • Автор
«Бұл қыс артынан көктем келмей, кәдімгі ядролық қыс болса ғой, шіркін-ай!». © Мортиша, «Адамстар отбасы»

Бір үй бар. Лібә… барлығы дұрыс, тек… қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!). Қызық нақ: түскі асқа шақырад, барлығы дұрыс, тек қанттары — тоңазытқышта тұрад. Былайынша, ас бөлмесінде мебель сыңсып тұр нақ, дәулетті үй дер едім, сембаевсстың. Бірақ, қант үнемі тоңазытқышта тұрады.Әуелде — кездейсоқтық дедім, кейін заңды құбылыс екеніне әлгі жерім жетті. Бір күні ұятты қойып, сұрадым:
— Осы сендердің қанттарың неге үнемі тоңазытқышта тұрад?
-Білмейм — деді қожайын, одан кейін сұрауды да қойдым.

Тағы бір үй бар, адамсстың. Очм, ол үйдегі келіншек шәйді… тұрып құяды!!! Иә нақ, плитаның қасында тұрады, шәйді тура плитадағы құманнан құйып береді де… қарап тұрады. Шынын айтқанда, ыңғайсыз лібә. Қызық енді, біреу тұрып қарап тұрғанда шәй ішкен. Бір күні тамағымды кенеп, жөткірініп алып, ұятты қойып, қойыма тұрып тұратынын сұрадым. Күйеуі:«Ааа, келіншегім Оралдық қой» дейд, мейіргүлоңғаровасстың. Оралдықтарға да Израильдің ұлдары сияқты, қайсыбір Қасиетті Кітаппен мәңгіге тұрып шәй құюға жазған ба екен деп, қ ам жеп қалдым. Сүйтсем, етті де түсіріп болып, қақшиып тұр! Шешесстің, ендігәрі бұл мәселе жөнінде ойланбауды шештім.

Қатынасатын тағы бір үйімдегі әжей туралы айтып, қыздардың төсіне басымды қойып, қорс-қорс жьлапЪ алсам деймін, шешесстің. Очм ол әже, шамамен кешкі сағат бестерде есік алдына шығады да, аспанға қарап… билейді. Жедел жәрдем шақырмас бұрын, бұл ғадеттің аты «айға сәлем беру» деп аталатынын білдім. Заратұштра амиго бықсып жүріп, қыпшақ даласында да картопты жарып кеткен шығар деп түсіндім бұ қылықты, шешессің.
Осы әжесстің тағы бір қылығын сүйсінбей, тамсанбай айту мүмкін емес. Очм, аулада арақ ішіліп, қол алысып, ауызша келісім-шарт жасасып шығып бара жатсаң, ол кісі: «тұра тұрыңдар!» дейді де, есік алдына барып… дәрет сындырады! Ісің сәтті болсын десең, дәретті аттап шығып кетуің керек!!! Бір күні шыдамай, Иконы жағадан алдым:
-Мынау ұят емес пе осы, шынын айтқанда — жиіркеншіті?
-Жоқ, — деді Ико стақанын шайқамастан, — әйтеуір осылай бата берілген барлық шаруа дұрыс бітіп жүр. Білмейм, бірақ солай!
Шешесстің…

satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    138 пікір

    Adiletshu
    Уаахахахахххаха
    AKA
    қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!)

    аспанға қарап… билейді
    Altygradus
    кімдермен араласып жүрсің өзі:)))))))))))))
    Adiletshu
    Заратұштра амиго бықсып жүріп, қыпшақ даласында да картопты жарып кеткен шығар деп түсіндім бұ қылықты
    өлтірдің
    bazuka
    Тағы бір үй бар, адамсстың. Очм, ол үйдегі келіншек шәйді… тұрып құяды!!! Иә нақ, плитаның қасында тұрады, шәйді тура плитадағы құманнан құйып береді де… қарап тұрады. Шынын айтқанда, ыңғайсыз лібә. Қызық енді, біреу тұрып қарап тұрғанда шәй ішкен. Бір күні тамағымды кенеп, жөткірініп алып, ұятты қойып, қойыма тұрып тұратынын сұрадым. Күйеуі:«Ааа, келіншегім Оралдық қой» дейд,
    оралдықтардың тұрып шәй құйғанын көргем жоқ.
    satibaldi
    Қызық жері сол болып тұр ғой: мен де көрген жоқпын.
    Zhan
    Менің қасымдағы құдай қосқан көршім Оралдың қызы. қанша рет үйретсем де нанды дастарханға теріс қаратып қояды. Оң қаратып қой деймін де нанды оң қаратып қойсам күледі де "Ұмытып кете берем" дейді. Үйінде оған ешкім үйретпегенін айтты. Әбден орыстанып кеткен отбасының қызы енді…
    Abilakim
    я купил пирожок, укусил его в бок
    Delhi
    Менде нанды қатты жағын қаратып қоям, әдемі болып тұрады ғой. Олай қоюға болмайма сонда, менде Оралдан, тек ренжи көрмеЩ )))
    Zhan
    Әңгіме сенің оралдық болғаныңда емес, үйде маған солай үйреткен. Бала кезімде менде нанды теріс қаратып қойғам ғой, сол кезде апам ұрсып-ұрсып екінші рет олай қоймауымды қатаң ескерткен. Бірақ, ол ырым ба, одан жақсы, жаман бола ма, оны өзім де білмеймін.
    Nurgisa
    Төңкеріс сондайдан басталады ;) Әдебімен қоюға машықтану керек.
    Delhi
    сонда жұмсақ жағын жоғары қаратып қою керекпе? Шынымды айтсам барғой, осыны тіптен естігенде, көрген де жоқпын. Күлейінбе, жылайынба?
    Nurgisa
    Күлу, жылау шарт емес :) Әдеп дегн нәрсесі бар, жалпы. Оралдық аудармашы жігіт болды, жақсы араластық. Үйіне қашан барсаң нанының жұмсақ жағы жоғары қарап тұрады. Ақұштап Бақтыгереева апаныкіне бардық қонақтап, оныкінде де солай. Сен Оралдың "қаяғынансың"? :) ;)
    Delhi
    Қазір бірақ Ақтөбелік болып кеткен түрім бар. Жас кезімде ))) тұрғам.
    ushkin
    Нанның жұмсақ жағын төңкеріп қояды деген не сөз?..
    Altygradus
    Нанның жұмсақ жағын төңкеріп қояды деген не сөз?..
    осы сұрақ өте өөөзекті боп тұрғаны:))))))))))))))
    asaubota
    нан енді басқаша қалай тұруы мүмкін түсінбеймін. жұмсақ жағы астында тұрмай ма енді?
    sammita
    жоқ, күйген/піскен жағы астында тұрады.
    asaubota
    неге олай тұрады? алған кезде ыңғайсыз ғой, жұмсақ жағын ұстаған кезде үгітіліп кетуі мүмкін.
    sammita
    мен елестете алмай отымын қандай нан жейсіңдер деп:)
    таба нан болса піскен 2 жағы асты-үстінде, булка нан болса піскен жағы қырында, жұмсақ 2 беті асты-үстінде)
    қызық болды мынау)))))
    Delhi
    наннында айтысы бітпепті ғой )))
    bazuka
    оралдықтардың нанды теріс қаратып қойғанын көргенім жоқ, тек шәй құйғанда жинап құяды кесені.
    Aldeken
    дежурный кесе? ))))))))))
    Delhi
    иә, ол жағы бар))
    AKA
    Жинап құйғанда… мәселен, бір адам кесесін босатса, шәй құйып отырған кісі қалғандарының да ішіп болғанын күтіп, барлық кесені жинап барып, шәйді құяды ма?
    Aldeken
    Оралға нағашыларыма барғанда көретінмін.
    Опшым, дастархан басында 15 адам отырса, 16 кесеге (айтпақшы, ол жақта көбіне шайды кесеге емес, шыныаяққа құятыны бар) шай құйылып, подноспен дастарханның ортасына қойылады, содан 15 кесе 15 адамға таратылып, артық бір кесе «дежурный кесе» болып тұрады. шайын бірінші болып тауысқан кісі, әдетте үлкендер жағынан екені сөзсіз ғой, жаңағы дежірный кеседегі шайды құйып алу құрметіне ие болады.
    Сосын ортада тұрған подносқа 15 кесенің жоқ дегенде 12-і жиналмайынша шай құйылмайды. жинап құю дегені сол…
    Nurgisa
    Газельге адам жинағандай екен… тоба-тоба…
    Aldeken
    Орал жақтың ет жеу ерекшелігін айтсам, қандай ассоцияцияға кетер екенсің деген ойда отырмын… )))))))))))))
    Delhi
    Содан келін шәйды кәселерге құйып ортаға қайта жібереді. кім кімнің кәсесі екенін өздері тауып алады. таппаса қолына тигенін іше береді, Иә, солай )))
    AKA
    Мамммааа, мұны алғаш естуім… Сол үшін бір-бірін күтіп, бірдей жылдамдықта шәй ішулері керек.
    Delhi
    келесі тиелгендер келгенше күтіп, асықпай ішуге де болады.)))))))))
    Aizhantabyn
    уууууууууужас! Сонда біреу шәй ішем десе дәйім жұртты күте ме? Күте күте шәй ішкің де келмей кетеді ғой. Сосын, асықпай ішетін болсаң, а біреулер тез тез ішетін болса. Аузың күйіп, жұрттан қалмайын деп ішетін шығарсың!!! Осындай ерекшелікті алғаш естіп отырмын есть же!!!
    satibaldi
    Қорқам кейде сенен…
    Aizhantabyn
    мен сізді қорқыту үшін жаралмағам, по сценарию, негізі)
    qusbegi
    Айжанды тұрмысқа кетіп қалды деген еді ғой.
    Aizhantabyn
    афигеть, мен туралы біреулер әңгіме айтады екен ау))) Мүмкін басқа Айжан шығар, өзім әлі оң жақта, жылы жерде отырмын)))
    qusbegi
    олай болса жақында кетесіз)))
    Aizhantabyn
    неткен сенімділік еді)))
    qusbegi
    аталарым жаңылыспайтын еді)))
    Aizhantabyn
    аталарыңыз балгер ме еді?
    qusbegi
    аталарымның уахабтардың қолынан қазаға ұшырағанын да айта кетсем.
    Aizhantabyn
    ойбууу! Иманды болсын!
    Altygradus
    Сосын ортада тұрған подносқа 15 кесенің жоқ дегенде 12-і жиналмайынша шай құйылмайды. жинап құю дегені сол…
    кетшвар сондай да болама не:))))) Қой Оралға келін болу керек қой хахахаха
    sammita
    фотоға түсіріп салшы, жамағат ұқпай жатыр:)
    Erkekyz
    Апашканыкы енді ужас екен.
    satibaldi
    Иә, кенеттен билей жөнелетіні шынымен ыңғайсыз.
    Zilola
    Дарет сындыратыны шексiз фантазияныздын жемiсi ма накты?
    satibaldi
    Егер біреу не болса да жаз деп, пышақпен қорқытып тұрса — бұдан да зорын жазар едім. Ал былай — дәл осылай, «жол қарау»(?) деген ғұрып бар екен.
    Нақтың.
    19852407
    Бірінші үй — тожмненовость!
    Маргаринмен бірге автоматты түрде тозаңытқышқа кетіп қап, артынша прывычкаға айналдырғандардың талайын көріп жүрміз. На худой конең шыбындамайды дейтін шығар, уа-ха! :)
    Екінші үй — әкесін, иә әкесін көр де қызын ал дегім келеді. Әкесінен маммммасы қатты қорқатыны себепті, ым-жымын шығармай отырыптұрып, асын беретін болса керек. анасынан қызына жұғады да :) Оралдық ағайынның салт-дәстүріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын индивид уақиға!
    Үшінші оқиға — … асыра сілтеп жіберген жоқсыз ба?..
    satibaldi
    Айға сәлем беретін вә жол қарайтын әжеміз айтпақшы — Атыраудыкі, қарағым.
    AKY
    Ақтау, Атырауда айға сәлем беру дәстүрі бар:))))
    Ол ештеңе емес қой, прикинь, жұлдыздарға сәлем берсе?
    Makhabbat
    осы Атырауда туып өстім, айға салем берген адамды көрген жокпын.
    nurbergen_makym
    Махаббат, негізі бар, осындай бір жоралғы ма, ғадет пе, әйтеуір, шартты бір ишара. Әсіресе, Құрманғазы ауданының тумаларында кездеседі)))
    nurbergen_makym
    Сәлем бергенде, бет сипайды деген әңгіме ғой...)))
    Әйтпесе, Наурыз туғанда Күнге қарап дұға қылатын салт бар емес пе еді, қазақта?!?
    sammita
    Сәлем бергенде, бет сипайды
    біздің жақта да үлкендер дұға қылады бет сипап.
    patick
    кетчнақ :))))))))))))))))
    Айға қарап бата оқығанды көргем, билеген адам көрген жоқпын, шагвпередінссс )))
    balzaminka
    айға сәлем салу барлық жерде бар ғо, просто сала бермейді. Менің мамам, енді туыстардың кемпушкалары салады. Баяғыда Өскеменге барғанда "қасқа" әже саламыз деген :)
    Zhan
    Ал бізде жаңа туған айға қарап бата жасайды
    nurbergen_makym
    Ал бізде жаңа туған айға қарап бата жасайды
    Бет сипайтын шығар…
    Zhan
    Иә, сол айға қарап әуелі бата оқиды, сосын әрине бет сипайды. «Ай көрдім, аман көрдім» т.б. бір шумақтары бар, ұмытып қалыппын.
    Nurgisa
    Ай көруден шығар, қазақта «айға» байланыстырыла қойылған ат көп. Айсұлу, Айкерім, Айзада, Айбол, Айсұлтан…
    Zhan
    Нұреке, Жақыпов деген жақсы асаба осы жерде "қыстырылып" қалған жоқ па? ))))))))))
    Abilakim
    Ай көрдім, аман көрдім
    Баяғыдай заман көрдім
    Ескі айда есірке
    Жаңа айда жарылқа
    VKM
    осы жерден толығырақ, Бальзаминка
    Erlan
    Түйемұрындық деген жоралғыда, сол жасамайма жолына дарет сындырып )?
    satibaldi
    Сол, мына әжеміз жол қарау дейд нақ, басқа атауын білмейм, әжесстің!!!
    Erlan
    Туріктерде жолын болсындеп су шашады гой
    Zilola
    «Келiн» экшн-блокбастерiнде де кызды уйден шыгарып салганда бiр ырым жасайды го.
    Aikona
    Қант автоматты түрде кетіп қалатын шығар холодильникке :). Ана келінді Шымкент жақтыкы ма деген ой келді да, шымкент жақта сөйтеді дейді ғо, шәйді еркектерге дайындап беріп өздері шығып кетеді, енді шығып кететін жер болмағасын қарап тұрат та :). Апаны ойдап тұрмын, бір сенімге қатты сенген кісі шығар. Дегенмен, Алтыградус сияқты сұрағым кеп тұр ҚАЙДА жүрсіз ваще да :))
    sammita
    Заратұштра
    :)))))))))))
    1 сағат сөйлесіп дәл шығарда «шәй ішіп кетпедің бә?» дейтіндер бар.)
    Gastarbaiter
    Ондайды сыртта айтады бізде. үйдің маңынан өтіп бара жатсаң, кіріп шай ішіп шық дейді.
    patick
    Ана әженің тәсілдерін іс жүзінде тексеріп көру керек екен :))))))))
    TERISKEY
    :)))))))))))))))))) «Ааа, келіншегім Оралдық қой» дейд, мейіргүлоңғаровасстың. :))))
    VKM
    «Бұл қыс артынан көктем келмей, кәдімгі ядролық қыс болса ғой, шіркін-ай!». © Мортиша, «Адамстар отбасы»
    өлдім күлкіден))))
    monti
    сат біреудің өзгешелігіне неге сонша таңқалдыңыз кен а? :(,
    сізде де бар ғо өзгешелік, жатып/тұрып ішемін* дейсіз, біздер үшін де бұл бір ерсі нәрсе болар еді ;)
    Aizhantabyn
    мамаааа! мен бұзылған екем))))))))))))))
    Бір түрлі дегенде гостевой брактағы немесе швед отбасы туралы ма десем, менің бейкүнә ағам қант пен шәйді әңгіме қып отыр))))))))))))))))
    balzaminka
    шынымен бұзылған екенсің :)
    Zilola
    Кружкасында яцыз сурет бар Мадлен екеуiн йацыз апашки )))
    asaubota
    бізде нан былай емес, керісінше жұмсақ жағы төмен қарап тұрады.

    Abilakim
    Менің түсінігімдегі жұмсақ жағы нанның үстіңгі жағы, табаның астыңғы жағы қатты жағы. Қаланың нандарының төрт жағы да қатты болып кездесетіндері жоқ емес
    Delhi
    Біздерде солай қоямыз, Аршат ағаныкіндей))))
    Қап үйде жаңа суретке түсіріп алып келу керек еді.
    Abilakim
    біздерде солай қоямыз.
    sammita
    осылай қоямыз.
    asaubota
    біз осылай қоймаймыз дегенім ғой. біз сияқты қоятындардың суретін таба алмадым. мүмкін ертең Дели түсіріп әкелер? біздің үйде әзірше батон, андай нан алғанша әлі уақыт керек.
    sammita
    түсіндім былай қоймаймыз дедің. Бізде осылай дұрысы, теріс қойсаң жаман болады дейді)
    Zhan
    Менің де айтқаным осы. Нанды осы тәртіппен қоймасам, апамнан ылғи ұрыс еститінмін. Мәселен, Асаубота ұсынған суреттегі нан оң қаратылып қойылған ))))) Егер әлгі қатты жағын керісінше қойса теріс қойылғандығы болып есептелмек.
    Delhi
    Delhi
    Осылай тұру керек қой нан.
    asaubota
    аха, дәл осылай!
    Abilakim
    Бұл жердегі мәселе меніңше кесілген нан емес, піскен, туралмаған нанды қалай қоюда ма деп отырмын
    Delhi
    Жооооқ, туралған нан жайында бар мәселе…
    Abilakim
    Біздің үйде бүтін нанды былай қой деген шектеу бар болатын, ал туралған нанға шектеу жоқ.Тек оң жақ бұрышынан тістеу керек
    Nurgisa
    Негізі лепешканы айтып едім, былай:

    Delhi
    Бұл нанды тіптен қолмен үзіп қою керек негізі.)))
    qusbegi
    Шымшәһәрдағы өзбек ағайындар өте жақсы жасайды деп естуші едім.
    Nurgisa
    Құсбегі, жаңадан келген несіз ғой, образды сомдауды жақсылап үйреніп алып, солай келіңіз, аха? :)
    qusbegi
    Аңғара алмай қалдым?
    konvict
    Трол?
    qusbegi
    Кім Трол?
    konvict
    мен негізі Троя деп жазғым келіп еді
    konvict
    Үйрек қалпымда (агенттегі статус)
    Zhan
    Қасымдағы көршім осы лепешканы теріс қаратып қояды, сосын ғой ескерту жасағаным)))))
    dark_nazgul
    Бөлке нанды теріс қою деген — күйігін төмен қаратып қою. Лепешкіні теріс қою — бетін төмен қаратып қою. Туралған бөлке нанға сот жүрмейді. Үзілген лепешкі мен бүтін лепешкінің айырмашылығы жоқ. Бұл біздің ауылдың заңы.
    Ал басы ереже: нанды бір қолмен үзбеу, сындырмау.
    satibaldi
    Туралған бөлке нанға сот жүрмейді.
    Сот жүйесі сонша ұсақталып кетті ме дерсің…
    dark_nazgul
    сот жүйесі майдалап туралып кетті))
    Zere
    Жанұя ма, әлде жерлік менталитет пе, Тараздықтар кішкене шыныға кішкене шай құйып береді. ))) Сол жағы маған аса түсініксіздеу, үлкен кесеге кішкене толтырмай құйып берсе не болады? )))
    dark_nazgul
    Жоқ ондай Таразда. Батыста ғой ол кішкене құйып беретін. Тараздықтар кәдімгідей ішеді.
    omarbirat
    Алматы облысынан басқа жердің бәрінде сондай, меніңше. Кесеге шайды от души толтырып құйып беретінді өз ауылымнан ғана көріппін.
    dark_nazgul
    жалпы шай құйғанда, ішіп болғанша суып қалмайтындай етіп құяды ғой.
    qisyq
    Біздің қайынжұрт оңтүстіктен ғой. Еңбекшіқазақ ауданының меймілдетіп құйған шайына үйреніп қалған жазған басым басында кесенің үштен бірін ғана алып жатқан шайды тез-тез ішіп қойып, шөлім қанбай, ығырым шығып еді:)))
    dark_nazgul
    Просты, толтырып шай құйып беру сыйламағандықтың, шай құйып беріп отыруға ерінгендіктің белгісі ретінде қабылданады.
    qisyq
    Енді ол жергілікті ой-пікір шығар. Әйтпесе, біздің өңірдің бәрі бірдей дастархан басындағы кісіні «сыйламай, шай құйып беруге ерініп отырады» деп ойламаймын.
    Gastarbaiter
    тез тез ішіп құрыса екен ептілер, деп толтырып толтырып құяд шығар:))
    Gastarbaiter
    Негізі қазақы ырымнан бұрын шай болсын, шарап болсын, шалап болсын ыдысқа меймілдете құйып беру этикалық нормаларға жат.
    Ыдыстың төрттен бірі қалуы керек, ішерге ыңғайлы болу үшін.
    Aizhantabyn
    біз үйде от души құйып береміз))) кішкене кішкене құйып берсең, менімше адамның іше беруге ұяты жібермейді, а так, шай ішуге келген адамға кесенің түбіне құйып берген не то сияқты. Кофены ғана кішкене чашкіге құймасаң, шәйді олай құю-кощунство)
    Zere
    Шығыс жақта да үлкен кесеге нормально толтырып құйып береді. Қайта-қайта кесеңді ұсынып отырмайсың. Әйтпесе кішкентай шыныаяққа бір қасық қант салып, ол тәтті болып кетіп, оны тез ішіп қойып, қайта ұсынуға ұялып, очм шай ішкен құрлы болмайсың ))
    madlen
    Қыздар, бізде неге олай аз құяды дейсіңдер ма? Просто кеседе шай тез суып қалады. Суыған шай ішпесін деген қамқорлық қой. Қайта-қайта беру деген ұят емес. Біздің келіндер оған үйренген.
    AKY
    Дұрыс! Бізде де солай.
    patick
    шайда палаткіде ішесіңдер ма? :)
    madlen
    ерніңді күйдіретіндей ып-ыстық болмайды да
    Aizhantabyn
    қызық ай! Маған бір түрлі сонда да)) Алматыда ішкем шай, бірақ өзім шай ваще ішпейм, зато қасымдағыға қиын болды))) Реально шай ішкіштер бір үлкен кесені де тез тауысады бірақ)))
    madlen
    шай ваще ішпейм
    Шымкентке барсаң, ішіп кетесің
    qusbegi
    сіз оңтүстік жақты айтып отырсыз ба?
    sammita
    сенікі де дұрыс:) бізде толтырып береді.
    Erlan
    аха бірде шабан ауылға барғанбыз мал алатын болып, жолдан шаршап, басымыз аурыңқырап, шөлдеп дегендей, блин шыны аяқтын тубінен құяады, салған секерің тап-татти, бір жұтып жоқ қыласың, 4-5 аяқтан киін өзің ұяласың.
    Abilakim
    біздің отбасымыз тез-тез ішеді ыстықтай шайды.Асқазанға дұрыс емес болар негізі.Біздің үйге келген адамдар біздің тепке ілесе алмай қалатын.Қайын жұртқа алғаш барғанда ұялушы едім.Ол отбасы бір кесе шайды 20 минөт ішетіндерден еді.
    dark_nazgul
    А ваще, Өзбекстандық қазақтардың шай ішкені күшті. Ерлер бірбөлек, әйелдер бір бөлек отырады. Төртеу ара бір шәйнек көк шай қоясың да, кетіп қаласың. Уақытында шайнектерін ауыстырып тұрсаң болды.
    Gastarbaiter
    шынында да әдемі екен. Шарап ішкен сияқты:)
    VKM
    мәссаған, шай құю мен ішу әр жақта әртүрлі екен… Біз көп те емес, аз да емес, орташа құямыз.
    ken
    алдыңа ас қойып, бірақ қасық/шанышқы қоюды ұмытып кете беретіндер болады. әдетте мұндайлар үнемі солай ұмытып кете береді, бірдеңе айту бесполезно, келесіде тағы да сөйтеді. емі жоқ. бірақ әр жолы қасықты айтқызбай әкелдіру жолы бар. қою тамақ болса, асты қолыңмен алып жей бастау керек. сұйық болса, қолыңды асқа батырайын деп жатқан ишара көрсету керек. сонда жүгіріп барып әкеле қояды.
    MeihuaZheng
    дастарханға шақырып, кесемнің қасына салфетка қоймаса үй иесіне біртүрлі қарайм. кесе қасығында судың ізі қалып қойған болса іше алмайм шайын… йопты ішсем де құсқым кеп нетіп қалам ше…
    zholantai
    дастархан басында: іш, іш, ал, ал, же, же, деп айта беретін үй иесіне жыным келед
    асты алдыңа қойып, әңгімесін айтып отыра берсе болады ғо, керегімді өзім алып, қажетімше ішіп-жеймін,
    zholantai
    сосын жеміс-жидекті тазалап жуып, дастарханға қоймайтын үй иелеріне қаным қараяд, как будто таза жуылмағанын көріп, жууып келугне ыңғайсызданып, жемей қоя салсын деген оймен дастарханға жеміс жидек қойғандай болады
    Basic
    құрсыын, нанды сонша жыр қылып. бәрібір емес пе
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.