Уау, уау, уау : ДУАЛАУ !!!

  • Автор
Шива түрімізді қисық қылып мазаққа жарата салып, қыздар-қатындар қарамаса, лоқтың тағдырымен келісіп жүре беретін еркек деген хуйлықпыз ғой біздер. Ал қыздар…
Еее, ғақылия мүкәммал амиголар, сендер тап бүгін әулие-ведьмаларда, бақсы-шамандарда неше қорап шай, неше бөтелке су оқытылғанын білсеңдер ғой! Тек бүгін ішірткі ретінде оқытылған тағамдармен — Солтүстік Африкадағы аштықты мәңгіге жойып жіберуге болар ма еді, кім білген нақ! Дуалау — бүгін осы бір тылсым да қорқынышты, кей тұстарда тас пен тоқ ішектің мазмұнын ақтарып кететін тақырыпты шолып өтсек дейміз.

Дуалау. Максы — нақсүйеріңнің бетін бермен және мәңгіге қаратып алу. Былай бұлғаңдадың — қарамады; былай қылымсыдың -пысқырмады; ақыры есігінің алдынан күтіп алып, жылап тұрып барлығын айтып бердің — жігітің сөзіңнен бұрын, түріңнен қорқып қашып кетті. Дуалау — соңғы амал. Инеттен қаравалмай, өзім білетін және естіген дуалаудың үш түрі туралы айтып, тоқ ішегімді құсадан бір жеңілдетіп алсам деймін. Шешесстің.

1. Тағам арқылы дуалау. Ең кең таралған әдіс. Очм, нақсүйері ішетін шәй, кофе әлде су, печеньені алып, мыстан бақсы көне арамей — семит-қазақша — үндіирандық тілдер тобының бірі аралас қойыртпақ дуа оқып береді. Жылнамаларда тіпті бір қыздың оқытуға… колбаса әкелгені туралы айтылады нақ әкесс!!! Иә ептібайымайд, 350 граммдық «Краков» шұжығын алдына тастаған кезде, бақсы кекелестікке салынып кете жаздап, езуін әрең дегенде жиып, дуалап беріпті. Бірақ шұжыққа әуес жігіт бір қой қарамапты деседі ел артындағы аңыз.

2. Фото арқылы дуалау. Дуалаудың ең мегапопулар әдісі. Нақсүйердің салмақты/жымиып/ыржиып/ұйықтаватқан/ояныватқан, әйтеуір қолға түскен кез-келген суреті мыстанға тапсырылады. Мыстан әдетте «дуалау» процессін көрсетпейді, жәй:«бүрсігүннен бастап жүрегінің оң жақ камерасына саған деген сезімнің шоғын тастаймын, ал көсеп-көсеп, маздатып отыру өзіңнің мойныңда!» дейді. Лібә, қыз — шелек нақ! Ақысын жақсылап төлесең — кейде дуалау процессін көрсетеді де. Әдіс баяғы: фотоға бірдеңе күбірлеу, бірдеңе бүрку, кенет қарап қалып үрку — очм тапсырыс беруші қатын кейде өзінің денсаулығы үшін қ ам жей бастайды.
Курьезсыз да болмайды. Бірде, тарифі — бір еркекке(?!) 50 доллардан алатын дуалаушы бақсыға бір қатын келіп… 500 доллар лақтырып тастапты да, суретті беріпті. Суретті алып қараса… Джон Траволта дейд, ммуах-ха-ха-ха-ха-хааааа
3. Контактісіз дуалау. Бұл енді клиенті көп, әрі күнкөріс үшін қ ам жемейтін еріншек мыстандардың әдеті. Ставкасы да контингентінен хабар бергендей: болғаны… 200 теңге(мәңгі махаббат үшін сонша қымбат баға демес едім, нақтың)! Яғни контингенті — студент қыздар. Очм, боз-боз жылаған студент алғашқы (кейде сонымен бірге -соңғы да) махаббаттын ұстап қалуға ақырғы секіріс ретінде осындай бақсыларға келеді. Бақсы әңгімесін:«аха, аха, түснікті, ақшаңды төле де — бара бер, өзім қатырам» деп бастайды. Ешқандай тылсым атмосфера, үрейлі антураж жоқ; тіпті кейде мыстанның немересі жүгіріп келіп: "Әже, сигім келіп тұр, Исләмға айтшы — ұра беред!" деуі мүмкін! Мәңгілік махаббатқа себеп болғалы жатқан мыстан кемпіріңіз, кенет «жетпегірлер-ай!» деп тұрып кетіп, ақыры… үйдің шаруасымен жоқ боп кетуі мүмкін!!! Бірде бір қыз сөйтіп үй шаруасымен кетіп қалған кемпірді сарайда сепаратор тартып жатқан жерінен тауып алып:
— Апа, қалай дуа саласыз, суретін де, ештеме де алған жоқсыз ғой! — десе, мыстан иятсыз апашка:
— Үйбай ұмытып кетіппін ғой, не ғой — атын айтсаң болды — депті.

Өкінішке қарай, дуаға қатты мән беретіндердің кесірінен екі-үш отбасының шырқы бұзылуының куәсі болғам. Көбіне қайынапылары/қайынсіңлілері/енесстері өздерінің «сұлу әрі ақылды» інісін/ағасын/ұлын келініне қимай, дуалап алған деген пәле шығарып алады да, тіпті өздері көргендей — келіндерінің бетіне салық қылады, өсек жаяды.
Және бір қызық жәйт: кейбір адамдардың (яғни-еркектердің) дуаға қарсы мысы басым болады. Ондайларды дуалауға қатысқандардың өздері бір айға жетпей кесел/апат/оба/эпидемия/боранға ұшырайды екен. Байқаңдар, ептібайымайд қатындар!
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    71 пікір

    asaubota
    кечінах сыболыш )))

    шыны керек, ешқандай діни, дінсіз білгір тап осы сендей аналитика жасап бере алмас еді. өздерінің ақылды, ақылсыз сөздерімен мыжып кетер еді. оқыран отырар еді сосын «не дегісі келді сонымен» деп…
    meirzhan

    Инеттен қаравалмай, өзім білетін және естіген дуалаудың үш түрі туралы айтып
    «Noman-ның википедиядан қарауды ар санадым» дегені сияқты екен.
    Тақырып туралы көп біледі екенсің. тақырып ашылған.
    bazuka
    уфф! сізде қоймайды екенсіз))) соңғы уақытта осы типтес тақырыптарда көп пернетақта қозғап кеттініз))))) бірдеме боқалған жоқ па)))
    Zilola
    мен дуалап кормеппiн.
    Козбен дуалап аламын керек болса ))
    meirzhan
    «Пост арқылы дуалау» деген де шығып жатыр.
    boztorgai
    арақпен дуалау бірінші әдіске жатса керек
    Qojeke
    Ептібайымайтың, аз ғана қазақтың қаншамасы дуа мен бақсы-малгерлікке сенеді.
    Алматыда титанөкше көп пе бақсы-малгер көп пе?
    qisyq
    Афффтор, писчи есчо
    AKY
    мыстан иятсыз апашка
    Zhan
    Ал дуаны қайтару мәселесі ше? Шынымен кейбіреулер дуа жасатады, сосын әлгі адам қатты ауырады. Палшыға сол дуаны қайтару үшін баруға болар ма екен? Мен бір адамды білем, соны точно дуалаған. Бармаған больницасы, қаралмаған врачы қалмады. Медицина ештеңе таппады. Сосын ойладым, оны точно біреулер дуалаған. байғұс қызға обал болды. күннен күнге қураған гүлдей солып барады. Если что автор орынды маселе котерип отыр
    patick
    Алматыда тұрсаң — Көк базар маңайына бар. Балшы-бақсы да, балшы-бақсының қызметтері жазылған хабарландыру да жетеді ол жақта.
    Zhan
    Мен Астанадамын ғой…  Мен шынымен дуаны қайтаруға бола ма, сол туралы сұрап тұрмын, а так Ислам дінінде ондайларға ваще жоламау керектігін білем.
    patick
    Қайтаруға болатын болса, Ислам кедергі бола ала ма Сізге?
    Zhan
    Енді жазылған ғой, барма деп. Аллаға серік қосу, өзге нәрсеге сену, күнә, ширк дейме-ау,,, барсаң сенген болып саналасың. Менің білгім келгені адамның сыртынан жасалған дуаны қайтаруға бола ма, соны білгім келген.
    patick
    Қалай Сіз сонда ширк екенін біле тура, білуге кумартып отырсыз?
    Zhan
    енді сонда адам ауырып жүре беру керек пе? Ол балгер деген бәлелер адамды сыртынан дуалайды, и еще оны кайтарып алу үшін де өз-өздеріне бизнес жасап қойған сияқты. Бірақ, адамның сыртынан көре алмай дуа жасатып қоятындар бар. Сол кезде сол дуаны қайтаруға бола ма, болмай ма деп сұрағаным ғо. Білгім келгенде тұрған не бар?
    patick
    Білгіңіз келгеннің өзі ширкке жататынын білесіз бе?
    AKY
    Болады, болады. Әлгі армян қатынға барып көр. Суретін апар. Бәлкім дуасын қайтарып берер.
    Ізгілік жолында балгерге барудың еш сөлекеттігі жоқ дев ойлайм.
    Zhan
    уот-уот, осы ғо сұрамақ болғаным… пікір бөлісіп дегендей… Айтпақшы, мешіттегі имамдардан барып сұрап көрмесем осыны…
    patick
    Айтпақшы, мешіттегі имамдардан барып сұрап көрмесем осыны…

    19852407
    дуа дендеп өтіп кетпесе, қайтаруға болады дейді ел артында қалған аңыз. Ол үшін мықты, діндар молдалар бәленбай күн оқип, дем салады-мыс
    Abilakim
    Сізді біреу сыртыңыздан дуалап алыпты ма?
    Zhan
    Жоқ ей, бір таныс қызды…
    Zhan
     Өзің білесің…
    nurjanbay
    бақсы-балгерлердің дуасын молдалар құраннан аяттар оқып, ясин сүресін 40 рет оқып, аятул курси оқып қайтарады.
    заманында кәпірлер пайғамдардың с.ғ.с. шашын он бір жерден түйіп дуалаған екен. пайғамбар басын көтере алмай қатты ауырады. сол кезде Фалақ пен Нас сүрелері түскен екен. осы екі сүренің он бір аятын оқыған кезде әр аят сайын бір түйін шешіліп отырған. содан пайғамбар сырқаттан жазылған.
    Abilakim
    қарашайға қан қосады деген әңгімелерде бар болушы еді.
    konvict
    Қандай қан болды екен?
    Abilakim
    Общий анализ кровиге беретін қан жарай беретін секілді
    konvict
    сеніп қалдым… ©
    VKM
    Сондайларға сенбеймін.Бәрі өтірік))
    patick
    кідай жірек
    VKM
    Патик,қара. Мысалы, саған бір қыз ғашық болып, дуалап тастайды. Әйелің бар екенін біле тұрып.
    Біріншіден, семьясы бар адамды дуалаған,қыз сұмырай
    Екіншіден, оған сондай әрекет жасатқан сен кінәлісің.
    Үшіншіден, біреуге сені беріп қойған әйелің кінәлі.
    Сонда бәрің+ ақ қайың да, бәрі кінәлі. Өз ойым))))
    patick
    қап сол түні ақ қайыңның түбіне әжет етуге шықпау керек еді, сонда ол қызбен таныспас едім
    Abilakim
    Үйде су тоқтап қалып па еді?
    patick
    әжетханада әйелім отырған просто
    VKM
    не опошляйте, мои мудрые мысли ))
    a63a1
    ВЫКА сенің әңгімелеріңды сағынып жүрм
    VKM
    кеттік,әңгімелесейік!
    Abilakim
    Үлкендер бір үйге екі телебзір, екі әжетхана керек" деп айтып отырушы еді
    qisyq
    Келіспеймін VKM. Мысалы, мен көшеде кетіп бара жатырмын. жанымда әйелім, үйелмелі-сүйелмелі екі балам бар. Күн жадырап тұр, Алматы сондай әдемі… Елдің бәрі біздің жарасымды тобымызға қуана да қызыға қарайды… Кенет аялдамада тұрған, төртінші курсты енді бітіріп жұмысқа кіріп жатқан Х есімді қыз мені көріп, сұлулығыма, көркемдігіме тәнті болып, бір көргеннен есі кетіп, ғашықтықтың отына шырмалып, менің харизмам басып («ну, Анатолий Григорич, дәріні кейін ішейінші, керекте отыр едім!») махаббаты болды да қалды. Содан не керек, соңымнан аңдып, үйімді білді, жұмысымды білді, суретімді тапты мой мирдан, содан барып басымды айналдырып алды. Кім кінәлі? Тек қыз ғана. Әйелім екеуміздің еш қатысымыз жоқ. («мін, мін, бара жатырмын палатаға, Анатолий Григорич»)
    Abilakim
    Дұрыс, қыз кінәлі. Дуалайм десе сенен басқа біреу құрып қалыппа? Баласы жоқ, қатыны жоқ десең,ә))
    qisyq
    Айтпа, лібә. Несі бар-ей менде! Оныс нес! Басқа еркек құрып қалғандай! ОЙ, КӨРГЕНСІЗ!
    VKM
    Қиын ғой, жігіттердің түк кінәсі болмаған. Келе жатады семьясымен, ал қыздардың дәл сол жігітке көзі түседі.Қисық, сенің не,2 балаң бар ма?
    Abilakim
    Қисық екі бала туғыза алмайтын еркекке ұқсай ма, өзің ойлашы?
    VKM
    мен білгенде 1 қызы болған)
    qisyq
    Жоқ, біржақты қарамашы, Малика, мен тек бір ситуацияны мысал қылып келтірдім. Ал, жарайды былай оқы онда:
    Келіспеймін VKM. Мысалы, сен көшеде кетіп бара жатырсың. Жаныңда күйеуің, үйелмелі-сүйелмелі екі балаң бар. Күн жадырап тұр, Алматы сондай әдемі… Елдің бәрі сіздің жарасымды тобыңызға қуана да қызыға қарайды… Кенет аялдамада тұрған, төртінші курсты енді бітіріп жұмысқа кіріп жатқан Х есімді жігіт сені көріп, сұлулығыңа, көркемдігіңе тәнті болып, бір көргеннен есі кетіп, ғашықтықтың отына шырмалып, сенің харизмаң басып, махаббатты болды да қалды. Содан не керек, соңыңнан аңдып, үйіңді білді, жұмысыңды білді, суретіңді тапты мой мирдан (ну или басқа жақтан), содан барып басыңды айналдырып алды. Кім кінәлі? Тек жігіт ғана. Күйеуің екеуіңнің еш қатысың жоқ.
    patick
    Сондықтан да сен кінәлі емессің, VKM
    VKM
    соны айтам, патик Бұл жерде де ақ қайың дейсің ғой
    satibaldi
    Сіз шпагатқа отыра аласыз ба?
    VKM
    отырамын! Неменеге сұрадыңыз? КМСпын ғой
    satibaldi
    Жәй, инфоға ғой.
    Больше вопросов не имею.
    19852407
    "… басымды айналдырып алды. Кім кінәлі? Тек қыз ғана"

    ық-ық)))))))))))))))
    19852407
    басы айланееп қалған Анатолий Григорич тут не причем, мудро! )))
    konvict
    сұлулығыма, көркемдігіме тәнті болып
    satibaldi

    «ну, Анатолий Григорич, дәріні кейін ішейінші, керекте отыр едім!»
    Tarazkyzy
    Өз көзіммен көрмегенмен, ондай бұрын сенбеген ағайдан естігенім: Бір бақуатты досы өзінен-өзі жолы болмай, отбасынан кетіп қана қоймай, еще қатты ауырған. Өзінен өзі азып, іштей шіри бастаған (мыс). Көрінбеген доғдыры қалмаған. Ешкім диагноз қоя алмаған. Балгерлерді аралауға кіріскен, алайда басындағы дуаны кез келгені ала алмаған екен. Содан мықтысын тауып емделген.Әлгі емдеген балгердің сөзіне сенсек, мүрде топырағымен дуаланған және ақыры өліммен аяқталатындай жасаған екен.
    sigma
    Негізі шын-өтірігін қайдам, бірақ қоғамымызда бар жағдай екені рас.
    Неше түрлі шытырман жағдайлар қыз-бозбалалардың басынан өтіп жатыр емес пе? Осы адамзаттың „бес саусағы бірдей„ болып, бәрі түзу жолмен жүретін болса, Түріктер сериал түсіре алмай қайсқа болып қалады ма деп қалам кейде.
    Тақырыпқа оралар болсақ, осындай келеңсіз орын алып отырған оқиғаға қарап отырсақ қыз да, жігіт те кінәлі. Тек семьясына обал жасайды, балаларын тірідей жетім қылады, осы жерін ойламайды. Шыны керек өзім дуа-муа дегенге сенбим, меніңше ол адамның психикасына әсер ететін нәрсе болуы керек. Негізі қарап отырсаңыздар бақсы балгерлерде бір асқан керемет тылсым күш жоқ, олар бар болғаны жақсы психолог. Келген адамды бірден түсінеді, ал гипнозға келетін болсақ, ол традиционный медицинада да бар нәрсе екенін ұмытпайық.
    konvict
    Негізі дуа деген нәрсенің бар екені рас. Оған сенетінім мысалы Құранда Мұсаның перғауынға барған кезі келтіріледі. Сонда сыйқыршылар сыйқыр жасайды. Тағы бір нәрсе еврейлер кезінде пайғамбарымызды дуалайды. Сол кезде «Фәләқ» «Нас» сүрелері түскен. Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    sigma
    Құранда Мұсаның перғауынға барған кезі келтіріледі. Сонда сыйқыршылар сыйқыр жасайды. Тағы бір нәрсе еврейлер кезінде пайғамбарымызды дуалайды. Сол кезде «Фәләқ» «Нас» сүрелері түскен. Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    Құран Мұхаммедке дейін болған ба?
    konvict
    Құранда Мұсаның перғауынға барған кезі келтіріледі. Сонда сыйқыршылар сыйқыр жасайды. Тағы бір нәрсе еврейлер кезінде пайғамбарымызды дуалайды. Сол кезде «Фәләқ» «Нас» сүрелері түскен. Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    sigma
    Сол кезде «Фәләқ» «Нас» сүрелері түскен. Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    деген сөйлемдегі сол кез дегенді ашып айтшы.
    Құранда Мұсаның перғауынға барған кезі келтіріледі.
    деген жері түсінікті,
    Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    Мұса щқыған ба? Меңгере алмадым.
    еврейлер кезінде пайғамбарымызды дуалайды. Сол кезде «Фәләқ» «Нас» сүрелері түскен. Осы екі сүрені оқып отырып жасалған дуаның әр түйінін шешеді.
    осылай бөліп қарастыратын болсақ, түсінікті, бірақ
    Құранда Мұсаның перғауынға барған кезі келтіріледі. Сонда сыйқыршылар сыйқыр жасайды.
    дегеннің қатынасы қандай?

    Обшым меңгере алмадым, асықпай бір бірлеп, ашып жазбасаңыз. Тек ренжімей жаз, Алла разы болсын.
    patick
    Қыздар дуа деген тылсым күш те әруақтардың ашуына тиетінін білесіңдер ма? Байқаңдар, қыздар мынадай жағдайға душар болып жүрмеңдер:

    Gastarbaiter
    Қарапайым да, ерекше талғаммен жазылған. Жазбадан алған позитивімді, мұңайған пікірлер де құрта алмады
    AL-ASTER
    Неткен шедевр жазба.
    asaubota
    өздерін мәдениет қайраткері, сатирик санайтын небір қаямбас приколдарының базар мәмбеттері және той асабасы деңгейіндегі екенін түсінбей өздерінше болатындарына қаным қайнайды…
    AL-ASTER
    мен шын ниетіммен жазып отырсам, маған тас атыпжатырсыз ба?
    asaubota
    жоқ, сенің сөздеріңді әрі қарай жалғастырып жатырмын.

    мысалы осы сайтты қарап тұратын танымал бір сатирик бар. ол кісі осылай жаза алмайды.
    Gastarbaiter
    Керісінше қолдап жатыр. Бауырдан Шоу, Шымкент Шоулардағы актерсымақтардың көтен болғанын байқап қалса керек.
    AL-ASTER
    Бұтқа жіберіп қоя жаздаған смайлик елестеп кеткенін мойындаймын
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.