Ең рақат жұмыс

  • Автор
— Әбілдің, рақат жұмыс сенікі! — дейді көлік жүргізуші налып, — комптан «сау» немесе «науқас» деген флаг қойып, отыра бересің!
Оған, осы флагты қоя салатын жұмыс үшін қаншама арақ ішіліп, ет желінгенін, профессор Қарсақбаевты ақыры тоймағасын, құдықтың басына апарып суарғанымды қалай ғана айтайын, чекбоксстың!!!
— Кетнақ! — дедім мен, — менікінен де рақат жұмыс бар!
— О не жұмыс, шешесстің?..
Сөйтіп, ауылдағы бір кісінің жұмысы туралы айтып бердім.
Ауылда бір татар кісі болды. Жұмысы: түскі сағат 11:00-де қайықпен көлдің нақ ортасына барып, ұзеееен сызғышты салады да, тереңдігін журналға жазып қояды! Соынмен — бітті! Күніне — 15 минуттық жұмыс, қалған уақытыңда іш, тыш, қыдыр! Сол жұмысынан абыроймен пенсияға шықты, типінақ: "қала жұртшылығын су басудан қорғаштаған кемеңгер тұлға" деген грамотамен.
Ал сендер қандай рақат жұмысты білесіңдер?
Тек өздерің көрген, танитын адамдардың жұмысы болсын, Инеттен тауып алған гугльқұсықтарың наққа да керек емес.
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    36 пікір

    balenti
    лібә, менім жұмысым Телевизор қарау..қарамасан ұрсады еее… интернет бар, Диспанцер бар, сплит, қаланың ортасы, 5 күндігі қиындау)))
    KILYZAMAN
    Бес күн үйдемінде, екі күн демалыс… Рақаттанда жалықтым :-(
    asaubota
    Данияр деген футболшы бар бұрын тобылда ойнаған. қазір просто жүр Ақтөбеде, дым істемейді. бір минут та алаңға шығып, көт терлетіп көрген емес. айлығы дәл қазір онлайн отырған он бес адамнан көп.
    Beytanis
    Муканов па?
    asaubota
    аха. рахат қой футболшы болған. алаңда ойнамасаң да ең құрығанда спортпен айналысып жүресің. жақсы тамақтар ішесің, әр түрлі жер көресің. жақсы ақша аласың. рахат емес пе?
    nurbergen_makym
    Арщат Оразовтың жұмысы
    :)
    asaubota
    хммм… негізі саналады, иә жұмыстан зайып алып жүрмегенім рас.
    omarbirat
    Студент кезімізде курстас бір жігіт видеокассеталарды прокатқа беретін жерде істегім келеді деуші еді. «Күні бойы фильмдер көресің, келгендерге нәрмәлні деген фильмдерді рекомендейсің, ақшасы мен залогын аласың, алған кассеталарды әкеліп тастауын күтесің — болды» дейтін. Сол кезде, қарасаң, студенттер үшін рақат жұмыс сияқты.
    boztorgai
    су қоймасында электрик
    су дегеніміз не, өзі із тауып сырдариядан ағып жатыр
    электр насосы оны қуыватыр
    сыртыңнан менттер коршап тұр(водоохранная зона)
    Serzha
    ана татар, кейін жинаған ақпаратқа анализ жасамай ма?

    сосын кейбір мекемелерде, бір бөлімдер болады. соларға ешкім жасағысы келмейтін жұмыстарды лақтырады. көбінесе кадр, әкімшілік бөлімдер. сондай жаман

    бір орында жылдан артық жамасам, жұмыс жалықтыра бастайды
    patick
    Кемпірімнің жұмыс орнында бір вакансия болды: Бір бөлменің ішінде отырасың. Алдыңда он шақты теледидар тұрады. Қазақстандық арналарда болып жатқан бағдарламаларды қағазға тіркеп отырасың: қандай бағдарлама, атауы қалай, тақырыбы не, қай уақытта басталды? — деген сұрақтарға жауап жазсаң болды.
    Abilakim
    аптаның бағдарламасын сатып алсаң болды екен ғой
    satibaldi
    Үшәріптерге подотчетный жұмыс шығар?
    patick
    жоқ, ЖШС ғой. Маркетингтік зерттеулер жүргізеді, соған қажет.

    Айтпақшы, ұмытып кетіппін, кейбір бағдарламаны кассетаға жазып алады.
    edige
    * Күзет қызметінің жұмысы бар сосын. Бас керек емес. 1 күн істеп 2 күн дем ал.
    * Мектептегі Физруктың жұмысы. Допты тастасаң сабақ басталады, тартып алғанда сабақ аяқталады. /Тағы біреулерге де жақсы. Көз майын тамызып кітап ақтарып, сия тауыспайды, күнделікті жоспарларды интернеттен шығарбалеееп жүре береді/
    satibaldi
    Күзетшінің жұмысын жеңіл деп айтпас едім. Арақ ұрлаған пяншікатаңанәлетпен төбелесетін X күн міндетті түрде болады. Дүкенде күзетші болсаң — һамбал ретінде де пайдаланады. Бірдеңе ұрланса — тағы жоқ қылады.
    asaubota
    күзетші жақсы интеллектке де ие болуы керек, сканвордтарды шешіп тастау үшін.
    boztorgai
    тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі
    облыс бойынша 500ге тарта тарихи жәдігерлер бар
    тіркелмегеніне үкімет ақша бөлсе, сайланып ап сарыдалаға тартып кетесің
    араға ай салып аһ-уһ деп орал
    neoman
    Топ Гирдің жүргізушілерінің жұмысы т.с.с.

    Рахаттанып істейтін шығармашылық жұмыс жақсы ғой. Жақсы көретін тірлігіңді істегенің үшін миллион төленіп тұрса қандай рахат!
    satibaldi
    Рахаттанып істейтін шығармашылық жұмыс жақсы ғой.
    Он сегіз томдық «Пұсырмандар әулетінің сагасын» жаз, миллионның астында қалған кескініңді көрейін, қажығұмарсстың!
    Abilakim
    Біздің ауылда неше түрлі штат ашылды. Сейсмолог бар сенсеңдер. Ол татеміз жылына үш рет таудың(қырат негізі) басына шығып желдің бағытын байқастап тұрады.
    satibaldi
    Живут же люди!!!
    Ahi
    Баяғыда бір кішкентай бала айтушы еді: ең рахат жұмыс — доқтыртікі, рахат, әркімнің к..іне қараааап отырасың дейді)))
    satibaldi
    Оңбаған сөз! Көрсетер едім мен саған рақатын!
    Abilakim
    Ең жаманы сонікі. Өмірдің қыртысы аздай…
    a63a1
    Ал сендер қандай рақат жұмысты білесіңдер?
    менікі рақат, күнімен керекте отырамын
    sammita
    сөйтеміз бәріміз. Екінші күні еселеп өтеп.
    a63a1
    бұл рақаттанда шаршайды екенсің, бастықтың шопырына қызығам кейде
    saken
    бастықтың шопырына қызығам кейде
    оның несіне қызығасың?
    азаннан қара кешке дейін бастықты күтумен, одан қалды түннің бір уағында шақырып ала салады. Демалыста бастығыңның семьясының тірлігі… Бітпейтін тірлік короче!
    a63a1
    біредікі біреуге қыздай деген осығой)))
    Gastarbaiter
    Несі рақат? Тасақтың тасы сияқты, бастық қай мекеме болсын кіріп кетеді, шопыр байғұс үнемі сыртта қалады.
    serjan
    Ең рахат жұмыс үкімет сайттарының модераторлары ма деймін, кешке дейін тегін интернетте отырады. Жалығу зерігу деген болмайды жұмысында, жалақысы да жоғары.
    a63a1
    и жоғии күнделікті үкімет отырыстарының хаттамаларын тағыда тағысын өзгерістерді жинап теріп сайтқа құйып әлек болады.
    serjan
    Үкімет сайттары болғанда газеттің, әкімшіліктердің, басқа мекемелердің сайт модераторларын айтам да.
    asaubota
    Хабарда депутаттар имиджі туралы ток-шоу болды жаңа. соларға қарап ойлаймын, рахат жұмыс қой. әрине былай іш пысып кетуі мүмкін жиналыстарда. ал былай тек сөйлеп тұрсаң болды.
    boztorgai
    флора және фауна қорғау мекемесі
    айыбы, лауазымды тұлғалардың бейресми кездесулерін һәм демалысын әкімшілік мойнына артып қояд екен
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.