Сатыбалды Кербабаевтың үздік әңгімелерін жинау

Қадірлан Керекинфо оқырмандары,
Кербабаевтар үйінің тұңғыш ұлы, Батиқа Хулимырзаеваның үшінші байы, отқа, ақ ходнякқа және отходнякқа төзімді, Аңғалдар, Әріойнарлар мен соңғы адамдардың стақандасы, Айдаһарлар анасы, Монополияға қарсы грек-рим күресі бөлімінің табалдырықінісі, "ІсқайНет" әскери бұлтты-нажағайлы есептеу кешені" жобасының босағасіңлісі, сондай-ақ Хард Әдебиет жанрының іргетасын қалап, бірге тасын уқалаушы Сатыбалдының піздүк шығармалар топтамасын жасауға кезекті бір талпыныс туғанын хабарлаймын!

Жинақтың құрамын, нені қосуға болатынын, нені қосуға болмайтынын осы жерде талқыласақ деймін.

Сатыбалдының жазған жазбалары көп, сондықтан бұрын соңды жазылған әңгімелері мен көп сериялы циклдарынан өздеріңе ең ұнаған жазбаларды, «таңдамалы жинаққа міндетті түрде кіруі тиіс!» деп тапқан әңгімелерінің атауын/cілтемесін осында қалдыруыңызды сұраймын.

Мен тағы бір толықтай шолып шығып, сіздің ұсыныстарға өз ұсыныстарымды да қосып, таңдамалылар тізімін осында жариялап отыратын боламын.
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    8 пікір

    Gastarbaiter
    Әрине, бұл тізімді контраст пен антагонизм шебері Мәкір Цукербергтің «Ассоциалды желі» әңгімесінсіз елестете алмаймын.
    Gastarbaiter
    Жанр классикасы, алғашқы абзацынан бастап, жын ұрған адамша күле бастайсың, бұнсыз жинақ жинақ емес. Үздік!
    Пірән-Суан Кафка. «Процесс»
    Gastarbaiter
    «Менде бір Керемет Сюжет бар» қауымдастығындағы Сатыбалдының әңгімелерінің дені алмағайып тоқсандарда өскен аңғал пролетариат өкілінің пысықтың есепшоты, күштінің көті диірмен тартқан заманақырдың жаңа талаптары мен құндылықтар күйзелісінен туған қатаң реал мен әдемі қиял қақтығысынан тұрады.
    Финалында әдетте не қатаң реал жеңіп, кейіпкерді орнына қояды, не абсурд қиял жеңіп, әділеттің ақ таңы орнайды.
    Әңгіме не жалғыз актіден, кейде екі актіден және бір жыныстық актіден тұратын скетчтер форматында жазылады.
    Бастапқы әңгімелерінде «Жұмамұрат Саймон» көбіне қосалқы рөлдерде көрінеді. Мынау оның басты кейіпкер ретінде көрінген алғашқысы да үздігі деп білемін:
    Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)
    Gastarbaiter
    Елімізде қай бір жылдары қаптап кеткен бір жемқор бастық, бір үнемқор кадровик және бір маманнан тұратын мекемеде идиллия орнау үшін не керек? Дұрыс. Талант керек. Қандай талант? Мәселе сонда.
    Тағы да сол пролетариаттың жайбарақат өмірінің аяқталғанын меңзеген жұқа сатира.
    Кәрібай Кастанеда. «Талант»
    Gastarbaiter
    Қатаң әлеуметтік трагикомедиялық минискетч.
    Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»
    Gastarbaiter
    Тәуелсіздік алғалы газет беттерінен тарихқа қатысты цензура кеткен соң, қазақ тарихы жайындағы талас-тартыстар жаңа қарқынмен өршіді, өршігені соншалық, сол кезде басталған боқжағыстардың түтіні интернет форумдарға өтіп, бүгінде әлеуметтік желілерде әлі жалғасып жатыр. Әттең, уақыт машинасы болғанда, мұның бәріне қалың нүкте қойылып, тарихшылардың тартқан азабы жеңілдер ме еді?! Жеңілдемес пе еді?! Оны білу үшін, Сатыбалдының ғылыми фантастикалық вестерн жанрында жазыған мына туындысын оқу керек шығар.

    Автандил Сәкібаев. «Әбілқайыр хан»
    (Иә, иә вестерн, Стивен Кингке сәлем айтыңдар, «Темная Башняңдынсс»)
    Blogshy
    Сатыбалды шығармалары социумның соңғы деңгейіне сәл жетпей тұрған қазақтардың өмірінің индикаторы әлде айнасы дер едім. Әдетте ауыл адамдары, немесе ауылдан қалаға келіп тірлік қамымен жүргендердің көзімен, сөзімен өрбитін шығармалар әу дегеннен аяғына дейін бір деммен оқылатын дүниелер. Сатекеңнің хард-әдебиеттің негізін қалағаны, қаззақ әдебиетінің жертөлесінің есігін теуіп кіргендігі туралы жазып плагиаттанбай-ақ қояйын, ол жалпы рецензияға мұқтаж автор емес. Ешкімге ұнауға тырыспаған және тырыспайтын да жан екені көрініп тұр. Сатыбалды клавиатурасынан туған дүниелерге ортақ нәрсе — суреттеу шеберлігі. Жоқ, әнебір күрделі де пафосты тіркестерді шұбалтып алып, табиғатты суреттеп кету емес, жай ғана қарапайым қимыл-қозғалысты, айналадағы заттарды, мимиканы, сөйлеу мәнерін қиыстырып әкеп, көз алдыңа мөлдіретіп сол жерде отырғандай қылып көрсету шеберлігі. Бұған мысал ретінде «Стақандастарым.Арзымқан әже» немесе «Стақандастарым.Тәрен», болмаса тіпті «Стақандастарым» топтамасындағы кез-келген шығарманы алып қарауға болады. Шығармашылығының қарқындап тұрған кезінде Сатыбалдының табынушылары, тіпті еліктеушілері Керекинфо сайтында көп едік. Тіпті Сатыбалды «саусағын шошайтса» да күлетін, одан мән іздейтін құбылыстар орын алып тұрды. Сатыбалды шығармаларының ең бір құнды жері адамның көзі ашық, көкірегі ояу, сөз қадірін түсінушілігі мен өз-өзіне сын көзбен қарау (самокритика) қасиетін, әзілді түсіну қабілетін айқындайтын лакмус қағазы ролін атқаратыны. Егер адамды танығың келсе Сатыбалды жазбаларын оқыт, түсінсе жақсы, түсінбесе жоғарыдағы қасиеттерден жұрдай екенін бағамдай беруге болады деп ойлаймын.
    MERmukhanov
    Пейішбоқтағы жабық қауымдастықта салынған жазбалардың көшірмелері — мына қауымдастықта екенін ескертейін деп едім, әлбетте, ішінде Сатыбалдының жауһарлары да бар.

    Бәлки, Жиренше шешен туралы мысалдарын қосу керек болар, көзі ашық, көкіргеі жүн-жүн ағайын баба аурағын алға тартып, құлақтарынан түтін шығып кетпесе...


    міні ғо на
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.