Қара киімді «аға»

  • Автор
Бұл оқиға* осыдан бірнеше жыл бұрын сіңілім әлі мектепке бармай тұрғанда болған еді.
Түнгі ауысымда жұмыста отырғам, ұялы телефоныма сіңілім хабарласты:
— Әпке, үйдің айналасын қап-қара киініп алған бір аға торуылдап жүрген сияқты.
— Көршілердің бірі шығар. Мамалар үйде ме?
— Жоқ, папа әлі жұмыстан келген жоқ, мама дүкенге кетті, аға туған күнге кетті, сосын сенен сұрайын деп едім.
Қорқайын дедім:
— Анықтап қара деймін, көрші емес пе? Бірдеңе сұрайын деп келген шығар!
— Қайдағы көрші? Ол мүмкін емес қой. Не істейін енді?
Қасымдағы әріптесіме ескерттім де, ветровкамды іле сала, жанталасып сыртқа жүгірдім.
— Жаным, түрін анықтап қарашы, танымайсың ба?
— Түрі көрінбейді. Маска тағып алған ғой деймін. Қап-қара.
— Маскасы несі?
— Еще пышағы бар.
Баратын мекен, жол ақысы жайлы келіспестен бірінші тоқтаған машинаға отырдым да:
— Тез, тез, сіңілімді құтқаруым керек! — деп айқай салдым.
Таксиші мен тұтқаның ар жағындағы баланың даусы қатар: «Не болды?» — деді.
— Ағатай, үйге жеткізіңіз, ақыңды жемеймін, — дедім жыларман болып, — Айко, тыңдашы, қорықпа, мен қазір келемін, міне жақындап қалдым, сен тек шошыма, я?!
— Сол үшін келе жатырсың ба? Телефонмен түсіндірші тез, терезе жаққа жақындап қалды!
Өз-өзімді игере алмай қалдым. Мамам да қызық, баланы екі кештің арасында жалғыз қалдырып. Әкем де жақындап қалған шығар. Папа бірінші жетсе екен, ұшып барғаныммен мен қазір не істей алам? Бай дейтіндей бай да емеспіз, мыңғырған малымыз да жоқ. Көршілермен татумыз, ешкімнің ала жібін аттамағанбыз. Ұры-қары дегенді тек алыстан естиміз, мекеніміз тыныш болатын.
— Айко, сыртқы есік ілініп тұр ма еді?
— Жоқ.
— Қашанғы айтам саған есікті іліп отыр деп! Іл бар!
— Есік жаққа жақындап қалды, үлгерем бе?
— Жоқ, жоқ, шықпа бөлмеден! Бөлмеңнің есігін ілші тым болмаса, сөйт те төсегіңнің астына тығыл!
— Қайдағы төсек, ондай жоқ қой. Ту, бір, сен білетін шығар десем. Қазір ағама хабарласып сұрайыншы.
— Қойма телефонды, жаным, тыңдашы, айтқанымды істеші, — жылап жібердім — есігіңді ілші, жай ғана есікті іл, болды! Я ма?
— Жарайды енді. Ілейін. Қалай іледі? Міне, есікке жақындадым. Енді не істейін? Джойстиктің қай кнопкасын басатын еді? Бұл ойынды күнде ойнап жүрсем де есікті ілуге болатынын білмеппін!

*оқиға аударылған
merekeee

«Саналы шәйнек»

    Ұқсас посттар

    7 пікір

    ademi_alem
    )))))))))))))))))))))))))
    DanaKuntuganova
    Уфффф))) Жүрегім жарылып кете жаздадығой.
    KerimAyankyzy
    *lol**lol* Түс шығар десем
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.