Arular.kz

Орташа есеппен ораза тұтушылар

Олардыкі қабыл болмайды дейтін мен емес. Өйткені, бір мұсылманның бойынан кемшілік іздеген адамның бойынан Құдай кемшілік табады. Дұрыс-бұрысы бар, әрбір ауыз бекіткен пенденің ризығы өзін күтеді. Жай, ораза басталғалы ортамнан, айналамнан байқағаным бойынша ғой. Сонымен, олар:
— Терминдер қолдана бастады. «Ифтардан кейін хабарласайын», «Көршім ифтарға шақырып еді», т.б.
— «Бөліне» бастады. «Бізге шаш қиюға бола ма екен?», «Біз ерте келе алмаймыз», «Бізге де бара беруге болады» т.б.
— Кішкене «міндетсіне» бастады. «Күн болса ыссы, аузым болса ораза», «Шөлдеп кеуіп тұрсам, «фантаңды» жарқыратып сен де!» т.б.
— Тыйыла бастады. «Мына колбаса халал ма екен?», «Былтырғы орамалымды тауып, тартып алдым» т.б.
— Уатсаппен мағыналы суреттер жібере бастады.
Мерекенің ойынша: Орташа есеппен ораза тұтушылар

Мерекенің ойынша: Орташа есеппен ораза тұтушылар

:)

— Әр сөз, сөйлемімен ораза тұтқанынан хабардар етіп жүр. «Қайта қарның ашып қиналмайды екенсің, онша сезінбейді екенсің»,
Мерекенің ойынша: Орташа есеппен ораза тұтушылар
:p

— Сағат үшке таман статус өзгертеді, аватар ауыстырады.
— «Сухурға» дейін ұйықтамайтындықтан ұйқысы қанбай жүргендігін айта отырады.
— «Шокируют»: «Ораза біткесін «жусаңшы», «Арақ қанда қырық күн сақталады екен, апта бұрын ішіп ем, енді босқа ұстап жүрген жоқ па екем?», «Халал емес екен, өзің жей бер», «Ертең алты күндік оразаны ұстаймын, бір жыл ұстағанмен тең екен», «Түн ішінде душқа түсіп жүрем бе деп, күйеуді бөлек бөлмеге жібердім бір айға»…
Тағысын тағылар. Аз-мұз хабары бар адам ретінде бірдеңе дей қалсаң «Өзің аузыңды жаптың ба?» деп аузыңды жаба қояды. Тақырыпқа өз сөзіммен «бес тугрик» қосып қояйын:
— Ауызды жаппайды — бекітеді ;)
— Біреу алдыңа ас қойғанда ғана «Аузым берік еді» деп ілтипат білдірген ләзім. Басқа уақытта, тек қана Құдай қабыл етсін деген ниет.
— Бұл айда қарын ғана емес, көз де, тіл де, құлақ та ораза: жаман сөз айтудан, өсек тыңдаудан тыйылу. Нәпсіге ораза: сонда біреудің сусын ішкеніне тамсанбақ түгілі төбеңнен құйса да жұтынбайсың.
— Таң намазына он минут қалғанда сәресі ішетінің секілді, кешкі намаздан он минут былайырақ ораза ашқан құп. Бұл енді «ауыз жапқандағыдай» шарт емес, сенімділік үшін. Әрі, сол арада арман-тілек, жақсылық ойлауға болады. Себебі, ауыз ашқалы тұрған пенденің тілегін орындамаудан Алла ұялады екен.
— Парыз оразадан кейінгі алты күндік нәпілді бір жылдық оразамен теңестіріп жатады. Бірақ, қарызы барлар үшін емес қой.
— Әдейі ыссыға шығу, терлеп-тепшу арқылы сауап молаяды деген қате. Керісінше, сая іздеу керек, оңай жағын қарастыру керек.
— Аузы берік адамдардың көзінше тамақ жеу ораза мәдениетіне жатпайды, сондай-ақ, олар да рұқсат күндері (үтір, ем-шара, жол-сапар) басқалардың көзінше тамақтанбайды. Жасырынып, тасада су ұрттап алуға болады. Бөтен сенімдегілердің ораза жайында қате ойламауы үшін: «Кеше аузы берік, бүгін ашық, ораза деген осы екен» дегендей.
— Пісіріп жатқан тамақтың дәмін бір ғана жағдайда көруге болады: күйеуі ескерту жасаса.
— Сәресіге ұйықтап қалса, күндіз аңдамай бірдеңе жеп қалса, ниет қылып оразасын ары қарай жалғастырады.
— Табиғаттағы құбылыстарға қарап (жұлдыз жарық, мысалы) Қадір түнін есептеп шығарғанымен, оның нақты қай түн екенін Пайғамбардың өзі де дөп басып айта алмапты. Тек, кейінгі он күннің бірі екені белгілі. Сондықтан:
Мерекенің ойынша: Орташа есеппен ораза тұтушылар
— Хақ мұсылман Оразадан кейінгі алты ай «Қап, бітіп қалды-ау» деп өкінсе, дейінгі алты ай «Жақындады» деп қуанып жүреді екен…
" data-width="600" data-numposts="5">

4 пікір

avatar
Инстадағы балмұздақ слишком екен *lol*
avatar
Плюстадым :D
avatar
"Қара су бал татиды ғой"

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.