Arular.kz

Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечита

Жігіт болғаннан кейін өміріңде бір рет болса да "қыз алып қашу" операциясына қатысып көрген дұрыс. Ауыл арасындағы «сыпсың» әңгімеден "қыз алып қашудың" неше-түрлі оқиғаларын естіп жатасың. Арасында сәттісі де болады, сәтсізі де болып тұрады. Тіпті кейбірінің ісі насырға шауып, беташарға деп «буып-түйіп» отырған қаржыға үстеме қаржы қосып, қыздан зорға құтылып жататыны да болады. Мына заманда қыз алып қашуға тәуекелді тек көңіл қимас кластастарың үшін баруың мүмкін. Бірақ, бұл тәуекелді де алдыңғы жылы дәл осылай үйленген сыныптас досымның әйелінің:«Сол Амангелді деген кластастарыңды жек көретінім сонша, көргім келмейді. Қолымнан қайырып, машина салып, қанша қарсыласқаныма қарамай зорлық көрсеткен қатыгез бейнесі көз алдымда қалып қойды. Қазір қанша кешірейін десем, сол бейне көз алдымнан кетпейді» деген әңгімесі тыйғандай болатын. Оқуымды міне бітірем, 4 жыл оқытқан ата-анамның еңбегін жұмысқа орналасып, өтеймін ау деген жоспарын күл-талқан қылып, телефонмен екі-үш мәрте ғана сөйлескен кластасым өмірін басқа арнаға бұрып жіберген болатын. Қазір құдайға шүкір жақсы отбасы болып, тұрып жатыр. Менің түсінігімде "қыз алып қашу" деген, қыздың пікірімен санаспай, жеке бас бостандығына қол сұғып, адамилықтың ең төменгі дәрежесіндегі жасалатын әлеуметтік құбылыс деп қарайтынмын. Бірақ, биыл кластасымның көңілі үшін, бәріне қолымды «сілтей» отырып, "қыз алып қашу №1 оперциясына" қатыстым.
Осы жылдың басында досым бір қызбен танысқан болатын. Қыз 95 жылғы. Екінші кездесуден кейін-ақ досым алып қашамын деп қамдана бастады. Әне-міне деп жүріп айтулы күнде келді. Жоспарымыз шала-шарпы. Бастысы көздеген қыз кездесуге келісімін берген. Біз мына жақтан машина сайлап, қаланың кептелісінен діттеген орынға жетемін дегенше, досым "қызын" аялдамаға әкеліп, бірнеше мәрте телепон соғып үлгерді. Қайтсін енді қыз қайтам дейді, бұл таксимен апарып тастамақшы. Ал «таксиі» біз отырған машина. Оған отырса қызға капец. Махаббат қызық мол жылдар: Қыз алып қашу оперециясы №1 немесе перечитаАялдамаға жетпей, жол бойында тұрған досымызды көріп, машинада отырғандар бір-бірімізге қарап «жымың» ете қалдық. Алдыға өтіп барып, біз екі бала болып түсіп қалдық. Енді ішінде адамы бар таксиге, оның үстіне қаланың қақ ортасында есі дұрыс қыз отырмайды. «Таксиіміз» жолды айналып келгенше, досым бір-екі такси тоқтаып, жолкіресіне келісе алмағансып, жіберіп жатыр. Сол аралықта, біздің «такси» де келіп жетіп, досым қызды салды. Ал біз не істейміз? Хабар келгенше, бізде қаланың екінші шетіндегі шығаберіс жолға барайық деп шештік. Бастапқы минуттар осылай тыныш басталып келеді. Бір уақытта досымнан «Алаш» базарына тез жетіңдер деген хабар жетті. Таксимен жеделдетіп бізде жеттік, оларда келді. Мен алдыңғы есік жағынан кірмекші болып есікті аша бергенде, артқы есікті ашып жолдың ортасына қыз шығып кетсе болама… "Ұста, ұста" деген досымның жан дауысымен екінші сыныптасым жалма-жан қыздың жанына жетіп барып, қолынан сүйреп әкеп, машинаға сүңгітіп жіберді. Дәл осы сәттерде өзінің алып қашу "құрбандығына" ұшырағанын білген қыз жанұшыра айқай салып, машинаның ішінде аласапыран басталды да кетті. Қаланың ортасы. Ойпырмай, "қыздың жаны қысылғанда бір жігітке әл бермейді деген" рас екен ау. Жұлқынып келіп есікті бір тепкенде, есік ашылып кетіп жатты. Шопыр жігіт жүрісінен жаңылмай келе жатыр әзірге. Қыз алып қашушы досым мен «сыбайлас» досым қыздың екі қолынан қапсыра ұстап алған. Қолын қоя беріп, ол қызда екі аяғымен күшене тепкенде шопырдың рөлі тайып, жолдан ауып кете жаздадық. «Аяқтан ұстасай» деген шопырдың дауысынан кейін барып, есімді жинап, менде әрекетке көше бастадым. Бірақ, қаладан ашыққа шығу үшін әлі 4-5 км қашықтық бар. Оның үстіне қаланың шыға берісінде әшейінде жалмаңдап тұратын «гаишниктерді» ойлағанда зәрем зәр түбіне кетіп жатыр. «Неге келістім екен еййй» деген ақкөңіл пейілімді осы жерде жеккөріп баражатырмын. Қырсыққанда, аэропортқа бұрылатын жолдың қиылысында кептеліс болып жатыр екен. Бір ғана қатармен қозғалыс болып жатыр екен. Біздің қатарымыздағы бір жеңіл көлікті тоқтатып, тексеріп тұрған патрульді мащинаны көріп, біткен жеріміз осы шығар деп ойладым. Әлі кеш батып, қараңғы түсе қоймаған уақыт. Тонировкада тым әлсіз сияқты ма? Іштегі "ұрлықтың" бәрі сыртқа айшықты сияқты. Кептелісте тұрмыз. Қыз бұл уақытта күшейіп, бар дауысымен "Құтқар" деп шыңғыруда. Бұл дауысты тек, барынша зор дауысымен ән шырқап тұрған мафон ғана бөлуде. Әупірімдеп жүріп шопыр жігіт бірінші қатарға өтті. Дәл патрульдің жанынан өтіп бара жатқанда қыздың «Полиция» деген бар дауысымен шыңғырған үні құлақтың түбінен біраз уақыт жаңғырып жүрген шығар. Қайран, қыздық дәурен десей. Жан бере салу оңай емес екен. Қалып қоюдың үлкен үмітін "Ұмыт оны, ұмыт" деген әннің ырғағы колонкамен зорайып шығып, қыз дауысын сыртқа шығармай тастауымен, үзіп тастады. Алдымызда кептеліссіз жол шыққанда «уф» деп орнына түскен көңілді «жаңа күдіктер» торуылдай бастады. Қыз енді қалып кетудің басқа амалдарына көше бастады. «Айдооооос мен саған тимеймін» деген жанайқайының ендігі жерде пайдасыз екенін түсінгендей. "Қолымды жібер, екеуміз жеке сөйлесейік" деп бастады келесі амалын. Бұл уақытта қаладан шығып үлгердік. «Кінәлі» досым тоқтатпа, ұра бер деп шопырға бұйыра айтты. Бұл жерде бізге қарағанда шопыр жігіт опытныйлау екен. Өйткені бұл оның №1 оперциясы емес. Менің ішім алай-түлей. Қазір апарып алдық дейік, ертең ол арыз жазса "құрыдық қой" деп қоям. Жұмыс орны, әні міні деп отырған жаңа «жылы» орынмен іштей қош айтыса бастағам. Бір жағы болары болды, енді аяғына шейін жүрем дейм. Ана сыбайлас досымда "үн" жоқ. Тілден кеткен мүлдем. Оның жағдайын көріп, күлкім келді ау :)))))). Осылай ой арпалысында келе жатқан, «Пышақты ұста, қолын ұста, жіберме» деген дауыстан артқа жалт қарасам, қыздың қолында жаппалы шаппа жүр. Шаппаның сабынан ұстап, өзіме тартып қалып ем, қыздың алақанының дап даласы шықты. Өзіміздің қайғымыз аздай, мынау енді төбемізді ойып жіберетін жағдай болды. Не істедік? Қызға дәсторамалымызды беріп, саулаған алақанын сыртынан түйіп әлекпіз. Солай жүріп, Бадамнан астық ау деген уақытта, қыздың қарқыны басылып, сабасына келе бастады. Осыны пайдаланып, шопырда әңгімесін бастады:«Айналайын қарындас, Айдос жаман жігіт емес, енді осы жерде араларыңды жақсылап шешіп алыңдар. Мен бұл жерде тек көлік жүргізуші ғанамын. Ертең маған зияның тиіп кетпесін» деп қызға сөз берді. Досым«жаным, күнімдеп» өліп барады. Қайтсін, ауылдың дайындалып, бәрі күтіп отыр. Қызда"қалаға апарып тастасаңыз, мен тіпті қолымның қанағанына шейін ешкімге айтпаймын. Бәрін түк болмағандай қабылдаймын" деді. Оған көнетін досым жоқ, оның үстіне қыздың дауысының бәсеңсігенін бізде байқап отырмыз. «Тарт ауылға» дедік үшеуміз бір ауыздан. Уже, батылданып алғанбыз))). Ары қарай үнсіз жүріп отырып, Арысқа жеттік. Арыстың шыға берісінде қыздың болашақ абысыны, досымның жеңешесі артымыздан жеткен машинадан ауысып, бізге отырды. Досымның жеңгесі не айтқанын білмим, біздің жаңадан бері жанымызды шүберекке түйген "қалыңдығымыз" сол сәттен-ақ күлімсіреп сала берді. Мұны көріп іштей «терең» демалғансың ғой. Соткаға келген қоңырауларға енді еркін отырып, жауап қата беруге болатын сияқты. Ауылға бара жолда, сырдарияға салынға көпірде ауылдағы бүкіл кластастарымыз күтіп отыр. Сонымен, түн ауасын қақ жарып, бипілдетіп ауылға кіріп бардық. Осылайша "қыз алып қашу" операциясының соңы ауылдың қарапайым гулянкасына ұласты. «Перешита» деген ән құлақтан кіріп, бойды алып бара жатты. ауылдағы гулянка немесе перешита жыла не жылама бұл алып қашу сәби
Жаңағы қорқыныштан титтей де белгі қалмай барады. «Енді қыз алып қашуға қатыспаспын» деп қоям бір жағы :))))
пысы: Өмірінде бір рет болсада қыз алып қашуға қатысу еркектің басынан өтуге тиісті нәрсе сияқты маған. Өзіңе сенімді болсаң әрине. Айтуға оңай ғой, бірақ, алып қашу құрбаны болған қыздың басындағы жағдайды әркімнің басына бермесін. Өз теңін тауып, Ата-ана разылығын алып тұрмыс құрғанға не жетсін! Қызды зорлықпен әкелудің бір көрінісі мына жерде. Қазір сол досым жап-жақсы отбасы болып кетті. Күзде тойына бардық.
" data-width="600" data-numposts="5">

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.