Arular.kz

"Əлем барлау қызметтері. ФСБ. Ресей. "Рязаньдағы қант" ісі

Профессоинализмнің ақырғы күндері

Ресей билігі тігінен жəне көлденеңінен ылғи чекистерден қалыптасып бітті. Билік енді — түрлі күштер мен ағымдардың өзара тепе-теңдігінен тұратын қоғ амдық институт емес, бар болғаны корпоративтік бизнеске айналды. Тіпті совиеттер бұдағының билігінің өзі сонша қасаң болғанымен, қандай да күштік құрылымның тым күшейіп кетуінен қорқып, КГБ үшін баланс ретінде ГРУ-ды құрған еді. Ал бүгінгі ФСБ мен оның өкілдеріне кедергі болатын дым орган қалмады, барлығы Путиннің тұлғасы мен оның жақындарының айналасына мықтап байланды.
Бірақ бұдан ФСБ-ның мерейі үстем болды деуге əсте болмайды. Болжағандай, мейлінше күшті билік — оларды аздырып барады. Бір кездегі əлемнің ең мықты барлау қызметінен, дəстүрден — қазірде тек естелік қалды. Херқисса, аталмыш органның көтін ашқан бірер масқараны шолып шықсақ. Нақтың.

1999 жыл. «Рязаньдағы қант» ісі

1999 жылы Ресейдің Волгодонск, Буйнакск, Мəскеу қалаларында жантүршігерлік терактілер болды. Үйлердің астына қапталған гексаген-жарылғыштар қойылып, тұрғындарымен қоса жарып жіберді. Ресей бұрын-соңды болмаған психологиялық ахуалға ұрынды, ендеше, «осы масқараның барлығына нүкте қоятын бір лидер үшін жаппай дауыс беруге» əбден дайын болды.

Херқисса, бұдан кейін арнайы органдар ғимараттағы тұрғындарды «сақ болуға, жертөлелерді айналсоқтап жүрген күдіктілер туралы жедел хубарлауға» үндеу тастады.

Ендеше, 22 қыркүйек күні, Рязань қаласындағы он екі қабаттық үйлердің бірінің тұрғыны Александр Картофельников жергілікті ішкіштер бөліміне қоңырау шалады. Ол осыдан он минут бұрын екі ақ түсті «Жигули» келіп, есіктің алдына тоқтап, аздан соң жертөлеге қапшықтарды түсіріп жатқанын айтады! Ең-ең қызығы жəне абсурды… Александр автомобильдердің нөмірлерін анық баяндайды: Т 534 ВТ 77 RUS!!!

Əрі қарай, дағуатшы пресвитер оқырмандар, абсурд театры мен кафкалық əрекеттерге толы. Жергілікті ФСБ əлгі қапшықтағы заттарды — кəдімгі қант дейді; ал оны жертөлеге салғанымыз — антитеррорлық жаттығу жүргіздік дейді. Алайда жаттығу жүретін кезде күштік құрылымдар əріптестерін ескерту керек, бірақ жерг.ФСБ ешкімді де ескертпеген. Жəне қапшықтарда сағаттық механизмге жалғанған детонаторлар табылады, оның үстіне қапшықтағылардың қант емес, гексаген-жарылғыш гранулдар екені анықталады…

Бұл оқиғаның сабақ болатын тұстары көп. Біріншіден, чекистердің азып-тозып, іріп-шіріп кеткені. КГБ-да мұндай бассыздық үшін əлдеқашан түрмеде шірітер еді, бірақ бұл ендігəрі — бандиттер мен көше шпаналарымен байланысқан ФСБ. Екінші сабақ — өз саяси мансабы үшін халықты қыра салатын басшылардың жалпы болу мүмкіндігі. Үшінші жəне ең маңыздысы — бұл охуғада полицияның халық жағында болуы. Менттер бұл жерде чекистерге баланс ретінде өз рөлін тамаша атқарды. Жалпы, осы оқиғаның баспасөзге шығып кеткені де — нағыз, азамат менттердің арқасы.
Оқиға сөзбұйдаға салынып, аяқсыз қалды. Бірақ қарапайым азаматтардың арқасында біз оны біліп қалдық қой…

(Ертайы бар...)
" data-width="600" data-numposts="5">

2 пікір

avatar
главный научный советник британского правительства сэр Дэвид Кинг:
«Могу сказать вам, что за взрывы несёт ответственность Путин, — заявил он. — Я видел доказательства. Если бы не взрывы, Путин никоим образом не выиграл бы на выборах. До них рейтинг его поддержки составлял 10 %. После них рейтинг взлетел до 80 %»

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.