Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

  • Автор
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Әдетте, салауатты өмір салты дегенде мұрныма спорттың «иісі» келеді. Дегенмен, өмірді спортпен «сасытуға» еш қимаймын. Шыны керек, осы күнге дейін бұл тақырыпқа ми қатырған емеспін. Енді, міне, ойда жоқта ұйықтап жатқан қызығушылығымды теуіп оятты. Әңгіменің ашығы, менің өмірім спорт дегенде сорпасы BOSCH HGG 343455 газ плитасында 70-80 градуста төрт қайнаса да қосылмайды. Сондықтан салауатты өмір салтының мәні мен маңызын екі күн бойы іздедім...

І күн. Уәһәбиссің бе? — Мен мұғаліммін...

Бейсенбі күні сабағым (сағатым) болмаған соң жұмысқа (Байқоңыр «Космос» колледжі) бармадым. Ал жұма күні бармасам, үйіме ит ататындармен бірге іздеп келетін еді. Кафедраның іші мұғалімдерге толы екен. Оның да себебі түсінікті: кітапханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шакимов ағайға жақындай бергенімде: — Уәһәбиссің бе? — деді. Таз таранғанша той тарқар демекші, бұл жалтыр бас кісі осы сұрағын үшінші рет қойған еді. Бәлкім, ер адамда сақал-мұрттың өсетінін білмейтін шығар. Әншейінде ауыз жаппас еркектің осы тақырыпта неге білімі жоқ екен, ә? Сонау Алматыдан Байқоңырға осыдан үш-төрт жыл бұрын көшіп келген елуді еңсерген еркек мүмкін діни ағымның тыңшысы болар? Тәблиғ жамағатпен палау жеп, сәләпиттермен бірге балақ қысқартып, сақал тарасқан шығар? Күдікті екен. — Сақал-мұртыңды қырмайсың ба? — деді. Рас, тықыр бас менің үнемі қырына бермейтінімді біліп, күнде таңертең айна алдында қырынуды әдетке айналдыруымды түсіндіргендей болды. Рақмет!

«Сұрағаның алдыңнан іздемей-ақ табылар» дегендей, сағат он бірден өте кәмелетке толмаған балалардың ісін қарастыратын капитан келіншек пен орыс жігіті (РФ ІІМ) колледжге келді. Жиналыста «мұрынбоқтардан» үлкендердің тиын-тебен жинап-жинамайтыны сұралды. Төретам мен Ақайдың боқмұрындары мәз болып, бірауыздан жоқ десті. Қап-қара Төренің көгерген көзі бұған дәлел бола алмады. Келген "қонақтар" да бәрін біліп отыр. Алайда мұғалімдердің студенттерді сессия кезінде «ақшаға отырғызатыны» туралы әңгіме болмады. Тіпті, грантта оқитын кейбір студенттердің сабаққа қалаған уақытында келетіні сөз етілмеді. Қызық екен… Ал кейбір билігі бар мұғалімдер бейшаралардан ай сайын «тапқанын» алып отыр.

Орыс жігіті төрт адамның төбелесін топтық бұзақылыққа жатқызып, жігіттердің әуелі колледждің "қара тізім қармағына" ілінетінін, келесіде қайталанса, РФ "ішкіштер" (Ішкі істер) мекемесіне тіркелетінін ескертті. РФ заңнамасында насыбайдың есірткі боп табылатынын да айтты. Нәтижесі темекінің айыппұлынан да көбірек болатынын қуана жеткізді. Жаңалықтан алыс жүретін мен үшін бұл жақында шыққан заң секілді немесе джируги-сул жасап, құлақтан паль чаги сам бон тари тебіс боп көрінді. Осы ақпаратты телефоныма түртіп отырғанымда бойымның қысқалығы, әрі кіші көрінетіндігім үшін ойы қысқа келіншек мені студент қатарына тықпалағанымен, мұғалім екенімді жеткіздім. Жиналыс аяқталған соң келіншектің қасына барып, қаладағы жастардың қылмыстық істері жөніндегі статистиканы сұрадым. Өтініш жазып, тек бастықтың рұқсаты арқылы ғана бұл мәліметке қол жеткізе алатынымды қазақшалап айтты. Ал мен салауатты өмір салты «тірі» кезінде жастардың қылмыстық әрекеттерге неге баратынын білгім келген еді. Әлде қоғамдағы рөлі әлсіз бе? Мәні неде?

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

«Представитель партии Нур Отан»...

«Десятилетие» стадионы жанындағы «Маяк» спорт кешеніне барып, жаттықтырушылардан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Қой аузынан шөп алмас, той күндері мас болмас мен үшін бірқызық жағдай болды. Тәжірибе деген атымен де, затымен де жоқ. Логикалық тұрғыдан бара салып сұрақтарға жауап алып қайту оңай көрінді. Бақытыма қарай, футболдан жәй ғана доп беріп ойнатып қоятын Қанат ағай жұмыс орнында екен. Ол балаларды жаттықтырмайды, ештеңе үйретпейді. Бар болғаны екі-үш сағат футбол ойнап қайтатын едік.

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Қанат ағай балаларға мені «представитель партии Нур Отан» деп таныстырып жіберді. Қақпасына гол, бәлкім, бір күні партия қамқорлық танытып, партиясына қоса жатар. Тек бір ғана себеппен Нұрсұлтан Әбішұлы менің де президентім. Жоқ, қазақ болғаным үшін емес. Колледжде айлықты теңгемен алатыным бар. (Әйтпесе деймін-ау, заңы РФ-ға бағынып отырса, әкімі Мәскеуде бекітілсе, сауда рубльдің тілінде жүрсе, кәсіпкерлер мен Halyk Bank-тегілер, базардағы қатындар халықтың тапқан-таянғанын валюта бағамын күн сайын ойнату арқылы жырып отырса т.б. себептерге реалистік тұрғыда қарайтын болсақ, бұл елдің президенті Путин болмағанда несі қалды). Басында қазақша сұрақты түсінбейтінін, орыс мектебінде оқығанын алға тартты. Содан соң қалтасынан қағазын шығарды да, айтатын сөзін жаза бастады. Сөйтіп, диктофоным мұрнына тақалған күйі жауап берді:
Салауатты өмір салты денсаулық үшін керек. Тәрбие болады. Бала спортқа қатысса, далада жүрмейді. Іііі… Боғауыз айтпайды. Жауапкершілігі болады, үлкендерді сыйлайды. Екінші сұрағыңа келсек, салауатты өмір салты жалғыз спортта емес. Оған деген дұрыс тамақтану мен ұйқы керек. Ата-анасының тәрбиесі керек. Сосын… спортта темекі шегеді дей ме, насыбай атады дей ме, сыра ішеді дейді ме, ондайға мен тіпті қарсымын. Спортты ондай нәрсеге қосуға болмайды мүлдем. Жаттықтырушы боп жүргеніме он жылдай болды. Оған дейін жас кезімнен бастап футбол ойнадым осы қалада. Байқоңыр құрамасында ойнадым. Бала кез келген спортқа бара беру керек. Тамақты мезгілімен ішуі керек. Сабағын жақсы оқуы керек. Сосын әке-шешесін, үлкендерді сыйлауы керек.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Салауатты өмір салты адамға жауапты болуы үшін, дені сау, дұрыс жолдағы адам болуы үшін керек. Бокспен 18 жыл айналысқам. Байқоңырға келгеніме екі жыл болды. Спортта жүрген темекі шегетін жігіттер белгілі бір мерзімге дейін ғана шыдайды, әрі қарай қалады. Мына он екі баланың арасынан екі-үш боксшы шықса да жетеді. Кейде табиғатынан талантты боксшылар болады. Олар ішіп-шексе де, спортта жетістікке жетеді.
Суретке түсіруімнен, тегін жазып алудан күдіктенді, келісім бермеді. Бұл да сақал-мұртыма америкалық үлгіде қайта-қайта қарай берді. Өзінің шашы өсіп кетіпті. Бір кезде белсебетпен тағы бір жаттықтырушы келе қалды. Қазбек ағай екен. Бұл кісі диктафонға жауап беруден мән таппады. Мен де есімде қалған сөздерін келтіріп отырмын. Иә, сөйтіп, ол кісі темекісін шеккен күйі:
Не үшін керек дейсің бе? Өзің нашақор адам мен спорт адамын салыстырып көрші. Салауатты өмір салты деген тек қана спорт емес. Балыққа бару, тауға шығу, демалу, саяхаттау т.б. салауатты өмір салтына жатады. Өзім темекі шегем. Бірақ бізге қазір ол аса маңызды емес. Темекі шекпегенмен, спортқа икемі жоқ адамдар да болады.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.

ІІ күн. Күрес

Екінші күні жұмыстан ертерек шығып, стадионға тарттым. Себебі спорттық сайыс өтетін еді. Ол қандай спорттық сайыс еді?

Ағылшын халқының сөзін қазақшаласақ, «білек» екен. Күрес тек екі адамның арасында ғана жүреді. Жаныңызға досыңызды шақырып, бір адамға жабыла алмайсыз. Амал жоқ, әлсіздік танытсаңыз, таяқты тігінен «жұтуыңызға» тура келеді. Ас болсын! Бұл күресте аузыңыз әбден ашылады, тамырыңыз теріңізді жырта жаздайды, бейсаналы түрде бетіңіз бен көтіңіз неше түрлі эмоцияның көкесін көрсетіп, әкесін танытады. Иә, дәл таптыңыз, бұл — армрестлинг VideoArm.

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.


Үзіліс кезінде мынадай қызықты тамашаладым:
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек болса, мінеки, сергіту сәті:


Сөз бен суреттен жалыққан болсаңыз, ұйқыңызды келтірген болса…


Дегенмен, төрешілер қатысушылардың ұпайын есептеп, марапаттау рәсіміне дайындала бастаған.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

Күрес соңы

Сайыста күрестің соңы болғанымен өмірде күрестің соңы тек өліммен аяқталатын шығар. Рас, өмірден өттің — бітті. Қарның ашпайды, ұйқыны іздемейсің, тән қалауың жоққа айналып, топырақта жатады. Ал адам тірі кезінде күнделікті тіршілігі күреспен өтеді. Қайдағы күресті айтасың деп те өзіңіздің эгоңызды уқаласаңыз болады. Алайда адам баласы, әйтеуір, бейсаналы түрде болса да бірнәрсе үшін күреседі. Күрестен қашқан адамдар тағдырдың боқ-зәріне тап болады. Өмірдегі қиындықтар адамды құлату үшін емес, сынақ ретінде кездеседі. Тек қана адам күресе білсе, айналдырған бір қадам арқылы өмірін жақсы жаққа өзгертеді.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Әлбетте, сайыстың соңғы сәтін де тамашалай отырыңыз:



Өмір — күрес

Қазіргі технология дамып жатқан тұста көбіміз аз қимыл-қозғалыс жасайтын секілдіміз. Ал айтатын әңгімеміз — салауатты өмір салты. Күлкілі. Дегенмен, өмірде аз қозғалыспен де жетістікке жеткен адамдар баршылық екен. Мәселен, Стивен Хокинг физика ғылымының саласында көптеген марапаттауға ие болғанымен, толықтай сал ауруына шалдыққан екен.

P.S. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін бір іздегеннен табу мүмкін емес. Алайда салауатты өмір салтында мынадай түсінік қорытылған сияқты: адамның күнделікті тіршілігі — күрес. Бұл күресте әрбір адам өзінің жағдайын ойлайды. Бірі жақсарту жолында күрессе, бірі тағдырдың соққысына шыдамай, жерге жығылуда. Салауатты өмір салты деген адамның жақсы өмірге деген ұмтылысы, сол жолда күресі секілді. Құрметті оқырман, сіз үшін салауатты өмір салтының мәні неде?
qonyrbai

жұмыссыз

    Ұқсас посттар

    11 пікір

    yerlanospan
    Мәселен, Стивен Хокинг физика ғылымының саласында көптеген марапаттауға ие болғанымен, толықтай сал ауруына шалдыққан екен.
    Бұл назар аудару/көз тігу бұрышына байланысты ғой негізі. Сал ауруына шалдыққандардың ішінде марапаттаусызы қаншама((( Мүгедектік кедергі емес деген мессежіңді ұқтым, бірақ сәтсіздеу жеткізілді.
    Бірақ еңбек — еңбек-ақ.
    10 ұпай.
    qonyrbai
    :) Ұйқысырап кетіп, ойымды аяқтай алмай, ертеңге қалдырғам. Ұят болды. ;)
    Gastarbaiter
    Алып-қосарым жоқ. Еңбек, ойдың бірізділігі (салауатты өмір салтының мәнін іздеу) тақырыптың аты мен жазба мазмұнының үйлесімділігі, сторителлинг пен қорытындыңа құладым. Ал армрестлинг өте… кхм-кхм өте-мөте… жоқ тұра тұр разгон алып алайын, өте -мөте-төте-көте-сөте-бөте «жарақатсүйетін» спорт түрі. Құдайдан туа бітті білекті болып, мектептен алақаның аспаннан түсіп көрмеген маньяк болмасаң, бекерге майып болудың әдемі жолы)))
    Кәдімгі күрес пен жекпе-жек түрлері әлдеқайда интеллектуалды және пайдалы спорт арм-рестлингпен салыстырғанда.
    qonyrbai
    Иә, дұрыс айтасыз. Арм-рестлингтің атауы ғана понт тудыратын сияқты. :)) Медицина оқуына түсе алмағаным болмаса, өсімдіктану карантины мамандығында грантта оқып жүрмін дегендей. :v
    asaubota
    алдын ала толық дайындалып, ұқыппен безендірілген пост екені көрініп тұр. рахмет! мықты еңбек

    10!
    zholantai
    еңбекке құрмет
    Beytanis
    Өмірдің мәні — қимыл-қозғалыста! ))))))))))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.