Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

  • Автор
Жазатын дым жоқ ©

Керектің статистика агенттігі: Эстафеталық есеп беру. 1-ші күн

Керектің алтын тарихына алюминий әріптермен жазылатын кезекті эстафетаның ақырғы демі шығып, Аид патшалығына жүріп кетуіне біраз минуттар қалғанда Айым есімді Шымкенттің келіні Жебірейіл періштенің кейпіне еніп, құтқарып қалды. Осы жерді аз-мұз болса да бір серпілту үшін жасалған бұл эстафета өзінің миссиясын сәтті орындап жатқан секілді. Талай-талай қызықты да бұзық, қиқар да қисық сұрақтардың, орынды да мәнді жауаптардың куәсі болғандарыңызға, болатынымызға күмәнім жоқ. Кезіндегі админ ағамыздың таныстырулары, кейінгі түрлі-түрлі блиц-сұхбаттардың жалғасы боларлықтай осы керектің құрметті қолданушыларын танып-білуге мүмкіндік беретін бұл эстафетаны өзімше қорытындылауға тырысып бақтым. Енді сол сөзімнің дәлелі болсын деп осы эстафета арқылы: не білдік, не ұқтық және нендей қызықтар болды?! сол жайлы айтпақшымын, яғни жазбақшымын.

Эстафета № 1
Эстафета иесі — мен, құпия керекші — MamaAya , эстафетаның таяғын жеңіп алған — ken еді.
Сонымен, алғашқы эстафетаның құпия қаһарманы болған MamaAya жайлы не білдік:
  • Айым ханым тез ренжігіш және кекшіл
  • Айым ханым саясат тақырыбын жақтырмайды
  • Айым ханым Джеки Чанның «Кто Я» фильмін ойланбастан Оскарға ұсынар еді
  • Айым ханым саясатқа бет бұрса, жетім балаларды ешқашан ұмытпайтындығын айтып отыр

Сол алғашқы эстафетадан есте қаларлық пікірлер:
90 жылдардың басында барлығы таршылық көрген © Adiletshu
да лан, жұрттарға стресстен шығуға, жәй көңіл көтеруге, қууға мүмкіндік бершиш © Daniar-Alan
Енді біраз цифрларға ерік беріп, статистикаға жүгінсек: пост сол уақытқа дейін 671 рет қаралып, 170 пікір қалдырылған және +18 ұпай(6 қолданушы баға берген) жинапты.

Эстафета № 2
Эстафета иесі — Adiletshu , құпия керекші — torgai , эстафета таяғын жеңіп алған — Daniar-Alan
Сонымен, torgai мырзадан алынған жауаптарға, қойылған сұрақтарға қарап отырып, бірдеңе деп жазу маған қиынға соғып отыр.

Ал есте қаларлық пікірлер:
Мені мақтамапты. кім екенін тапқым да келмей қалды © dark_nazgul
Статистика сөйлейді: пост 342 рет қаралып, 31 пікір жазылыпты және +10 ұпай(4 қолданушы баға берген) жинапты.

Эстафета № 3
Эстафета иесі — Daniar-Alan , құпия керекші — rakisheva , эстафета таяғын жеңіп алған — Adiletshu
Сонымен, құпия қаһарман rakisheva жайлы не білдік:
  • Айнұр ханым Meirzhan KZ асқан мықты жасырынатын тролльдің жоқ екеніне сенімді
  • Айнұр ханым 9-шы сыныпқа дейін аулада балалармен доп тепкен, керек десеңіз өзінің жанкүйерлері де бопты
  • Айнұр ханым жылқының сойылғанынан гөрі шауып жүргенін жөн көреді

Есте қаларлық пікірлер:
Мен? © Korkem
түһ   шәйнәп берем ба нестим, очм мультфильм жақсы көред © Daniar-Alan

Цифрлар не дейді екен: пост 488 рет қаралып, 105 пікір қалдырылған және + 12 ұпай(3 қолданушы баға берген) жинапты.

Эстафета № 4
Эстафета иесі — Adiletshu , құпия керекші — bake , эстафета таяғын жеңіп алған — Ispek92
bake жайлы не білдік:
  • bake мырза жазда велик тепкенді ұнатады
  • bake матриархат жасасын дейтіндердің бұтағы сынсын деп теріс батасын беріп отыр
  • bake мырзаның арманы 50 жасында 150 шақырымды великпен бағындыру

Есте қаларлық пікірлерге тоқталсақ:
мозганы тікпей кетш нақ! дейін десем, ұялып тұрғаным! © MamaAya

Статистикаға жүгінер болсақ: пост 357 рет қаралып, 29 пікір қалдырылыпты және +12 ұпай(3 қолданушы бағалаған) жинапты. Айта кетерлігі таңдаулылар сапына 1 қолданушы қосыпты.

Эстафета № 5
Эстафета иесі — Ispek92 , құпия керекші — Adiletshu , эстафета таяғын жеңіп алған — MamaAya
Сонымен, Adiletshu жайлы не білдік:
  • Әділет мырза керектегі мықты тролль Gastarbaiter деп санайды

Есте қалар қызықты пікірлер:
Аршат соншалықты пәк әнек айтпаушы еді ғой))) © Korkem
мәәә, өзіңше болмаш айтшы бүгін,,, өлдік қой бұтақты армандап!!! Уже қанша сұрақтар ойланып тауып ол памяттан өшіп кетіп жатыр!!! Кен бұл! Мен таптым короче, и сенің бұтағың менде! болды-тек өзің ресми жарияла!© MamaAya
одмин ғана қоса алады.
жеке куәлігіңнің ксерокопиясын жекемен жібер. егер кәмелетке толған болсаң, міндетті түрде қосады © ken
Статистика былай деп тұр: пост 350 рет қаралып, 58 пікір жазылған және +8 ұпай(2 қолданушы баға берген) жинапты.

Эстафета № 6
Эстафета иесі — MamaAya , құпия керекші — MERmukhanov , эстафета таяғын жеңіп алған — Ispek92
MERmukhanov брат жайлы не білдік:
  • Мерей мырза «Клик», «Столкновение» киноларынан соң көзіне жас алса, қаласа «Хатиконы» күлкіге айналдырып жіберетініне сенімді
  • Мерей мырза саяси тұрақтылық жағдайында әлеуметтік мәселелер бірінші кезекте шешілуі тиіс деп санайды

Есте қаларлық пікірлер:
өткендегі «адамдар — маймылдар» деген секілді бірдеңе жазып жүрген «маймыл» емес пе екен деп отырмын © ken
Алдекең Алдекеңдікін міндетті түрде оқиды ма екен? © bizbike
Бұл кейіпкер, кей кездері өмірдің бір тұтам екенін сезініп, өзімен өзі бір-екі минуттай қайғырып алатын адамға ұқсайды. Атап өткен фильмдері сондай ойға жетелеп тұр. © Marco

Цифрларға кезек берейік: пост 260 рет қаралып, 91 пікір қалдырылған және +7 ұпай(2 қолданушы баға берген) жинаған, тағы айта кетерлігі бұл постты таңдаулылар қатарына 1 қолданушы қосқан.

Эстафета № 7
Эстафета иесі — Ispek92 , құпия керекші — Korkem , эстафета таяғын жеңіп алған — Marco
Korkem жайында не білдік:
  • Көркем ханым керектің ең әдемі аруы konvict деп санайды 
  • Көркем ханым керектің қазіргі сылбырлығын Сатыбалды ағамыздың жоқтығымен байланыстырады
  • Көркем ханымның ойынша керектің мықты тролльдері: Rafaello мен meirzhan

Есте қаларлық пікірлер:
Әділетті болсын, Әділет қой тапқан.
Негізі, Абайға мисс атағын беретін тек Көркем екені белгілі ғой))) © Marco
«жатырған» және Назгүл понятия не совместимые © Marco
мен емес бұл. негізі, ренжіп отырмын. осы уақытқа дейін бір де бір адам «сізді жасырайын деп едім, сұрақтарыма жауап беріңіз» деп айтпады  © dark_nazgul
Негізі мен бірінші тапқанмын. Эстафетаның таяғы менде. Таяқты Көркемге бердім. Бөліп-бөліп төлеп бір нәрсе ғып құтыларсың © Adiletshu
Жастайынан не сұмдық мынау?! О кезде көзбен ату болса, қазіргісін тіпті елестетудің өзі…© AKA

Статистикаға сенетін болсақ: пост 223 рет қаралыпты, 50 пікір жазылған және +4(1 қолданушы баға берген) ұпай жинаған.

Енді қорытындыларды тағы да қорытындылайтын болсақ: (алғашқы 7(жеті) эстафета бойынша)
Ең көп қаралған № 1 эстафета
Ең көп пікір жазылған № 1 эстафета
Ең көп ұпай жинаған № 1 эстафета


Агенттіктен: Бұл әзірге есеп берудің 1-ші күні, жалғасын келесі күні жазармыз.

Ispek92

Топасизм дәуірінің көрнекті өкілі

    Ұқсас посттар

    13 пікір

    Ispek92
    Бұны әтщұтқа жатқызуға бола ма?
    VKM
    Исабек, бірталай тер төгіпсің ғой.Маладес!
    Ispek92
    ЕнД, еңбегімді елеп, бір Облысқа әкім етсеңіздер жәмән болмас еді
    VKM
    бір ауылға десеңші пока)))
    Anar70
    Әмин! облыстан бірақ шығару керек)))!!!
    qonyrbai
    бірақ
    емес: бір-ақ
    Anar70
    солай ма еді, кешіріңіз)))))
    MamaAya
    Керемет,,, Респект,,, сөзім жетпей отыр!)))) қысқасы, өзім сияқты пезнес баласың!!!!
    Daniar-Alan
    Бәрі туралы
    жайлы не білдік:
    деген бар да, мен туралы дым жоқ екен  Екі долбар: бірі — мен туралы халҚым (түһшіркіндеЩ) тым көп біледі, және автор ол туралы айтуды жөн көрмеді, екінші — мен тым құпия жанмын.
    пысы: Құпия жанмын???
    Ispek92
     Брат-ау сені жасырған пенде болды ма, өзі?! Мен шатасып кеттім бе, әлде?! Мынау алғашқы 7 эстафетаның есебі, енді тағы 7-еуі бар, сол жерден шығып қаларсың, Шиваға жалбарынуды жалғастыра бер
    Пысы: ТүЧкірдім өз тасым…
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.