Рейтинг
+28.28

Киностан

127 оқушы, 224 тақырып

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

/ / 13 / 1750 / 0

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның « Қытай зодиагы » атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің « Паркері » де, үш мықты шал түскен « Нағыз жігіттер » де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған « Ұста да қаш » та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді...

Линкольн және төртеу

/ / 5 / 1338 / 0

Апта сайын әлемдік киноөндіріс ошақтары әкеліп қазақстандық прокат нарығына құятын жаңа фильмдердің топтамасына да кезек жетті. Бұл жолы біз әдеттегідей аудиторияның қызығушылығын қанағаттандыра алады-ау деген премьераларға шолу жасаймыз. Жиыны бес туынды. Тақырыпты «Линкольн және төртеу» деп алуымызға да себеп бар: осы аптаның ең үлкен...

Тарантиноның Джангосы, Құбыжықтар корпорациясы және Гензель мен Гретель

/ / 6 / 2274 / 0

Бүгін күн бейсенбі. Қазақстанда жаппай жаңа фильмдер көрсетіле бастайтын уақыт. Ендеше, жұмыстан кейін яки демалыста кинотеатр жағалап қайтамын деген біздің қадірлі де қымбатты оқырмандарымыз Киностан әзірлеген жаңа шолумен таныса алады. Осы апта киномандар үшін сәтті шықты. Ойлап қараңыз: әуелгі болып сөзді ел үркетін фашизмді әжуәлап...

Ескі жылдың соңғы премьералары

/ / 5 / 1654 / 0

Сонымен бізге қиял-ғажайыбы бар, атыс-шабысы бар, күлкісі бар, мұңы бар түрлі фильмдерді сыйға тартқан 2012 жыл бірнеше күннен соң «шаң басқан архивтерден табылады». Өткен жылға Киностан үлкен көлемді шолу жасап жатыр (әлемдік фильмдерге, қазақстандық туындыларға және 2013 жылы елге келетін премьераларға), оны сіз, құрметті оқырман, осы апта...

Хоббит: Күтпеген саяхат

/ / 13 / 1659 / 1

«Келер күннен жақын жоқ, өткен күннен алыс жоқ» деген сөздің растығы тағы дәлелденді – кеше ғана қол жеткізбестей болып көрінген « Хоббит: күтпеген саяхат » бүгін (тура мағынасында, яғни 2012 жылдың 19 желтоқсанында) ел экрандарына жол тартты. Осы аптада қасына қара ілестірмей (басқа бірде-бір жаңа туынды жоқ) премьераға жалғыз шыққан фильм...

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

/ / 7 / 1182 / 0

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «...

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі

/ / 6 / 1939 / 0

Құрметті киносүйер қауым, бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларын «жаулап» алатын фильмдер тізбегі бұл жолы ескі де жаңа мелодрамаларының көптігімен ерекшеленеді. Бұрынғы өткен күндерді еске аламын деген адам да, романтикалық көңіл-күйде боламын деген жан да осы аптада өз қалағанын экрандардан таба алады. Енді ретіне келсек. Апартамент...

Мен, Аарон Кросс немесе Борнның болымсыз мұрасы

/ / 7 / 1245 / 0

2002 мен 2007 жылдар аралығында жарық көрген, шпиондық экшн десе ішкен асын жерге қоятын киномандардың қанына ләззат алатын адреналин жіберген « Борнның жеке тұлғасы », « Борнның үстемдігі » және « Борнның талабы » сериясы алып мемлекеттің тыңшысы туралы арғы-бергі тарихтағы ми қайнатып, ой шайқайтын ең үздік франшизалардың бірі һәм бірегейі...

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

/ / 14 / 1645 / 0

Достар, өткен аптада сәтті басталған , алғашқы кірпіші қаланған дәстүрімізді ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз. Сіздердің назарларыңызға бүгін, 29 қарашада қазақстандық кинотеатрларда кейбірі жапа-тармағай, кейбірі таңдалып көрсетілетін жаңа туындыларға жасалған шолуды ұсынамыз. Фильмдер тізімі аса бай, жан-жақты болып көрінбегенімен де,...

"ШАЛ" фильмін онлайн қара

/ / 33 / 4233 / 0

Дәстүрге берік қазақ киносы салтты бұзбай көп күттірмей онлайнға шығарыпты. Киноға бармағандар осы жерден қараймыз: P.S Ютубтан түсіріп алғыңыз келсе мына мақаланы оқимыз.

Қазақстандық кинопрокатта осы апта жарық көретін премьераларға шолу

/ / 21 / 1826 / 0

Оқырман айып етпес, керісінше көпшілікке бір пайдамыз тиер деген үмітпен осы аптадан бастап жеті сайын қазақстандық прокатқа шығатын отандық және әлемдік жаңа туындыларға шолу жасап отыруды жоспарладық. Тілек, талап, ұсыныстарыңыз қуана-қуана, басты шұлғыта-шұлғыта қабылданады. Үлкен экрандарға алды бүгін шығып кеткен бір топ фильм...

Skyfall: Аспан құлаған кез

/ / 12 / 1352 / 0

Бонд, Джеймс Бонд күңгірт кеңсе, күйбең тірліктен сұрқай тартқан көрерменге қымбат көлік, сұлу қыз, деміңді алар қым-қуыт шпиондық өмірден ләззат алатын, қарапайым пенде көзбен көріп, қолмен ұстамаған соңғы технологиялармен жабдықталған еркектің сырттаны бейнесін елу жыл бойы сыйлап келеді. Ресми түрде 23-ші бондиана болған «...