Қонжық Тэд

Түпнұсқалық атауы: «Ted»;
Шыққан жылы: 2012/шілде;
Мемлекет: АҚШ;
Жанр: фэнтези, комедия.

Режиссер: Сет МакФарлейн;
Рольдерде: Марк Уолберг, Мила Кунис, Сет МакФарлейн, Джоэль МакХэйл, Джованни Рибизи, Патрик Варбертон, Мэтт Уолш, Джессика Барт, Аэдин Минкс, Билл Смитрович және басқа да өте белгілі актерлер.

Фильмнің қысқаша мазмұнына келсек: Жаңа жыл. Кішкентай Джонның жан досы болмағандықтан, ол ұйықтар алдында Аяз Атадан өзінің досы — ойыншық аюына жан беруді тілейді. Келесі күні тілек орындалады және Джон оның есімін «Тэд» деп қояд. Жылдар өтеді, Джон да, оның қонжығы да есейеді, бірақ екеуі де сол кішкентай кездеріндегідей найзағайдан қатты қорқад. Джон дискотекада Лори деген қызбен кездейсоқ танысып, ғашық болып, онымен кездесіп жүреді. Алайда олардың қарым-қатынастарына қонжық араласа береді және бұл Лориге ұнамады. Өйткені Тэд бойдақтың өмірін кешіп, Джоннан айырылмай қояд. Міне, бар қызық осы жерден басталады.) Өз басыма фильм ерекше ұнады, сіздерге де қарауға кеңес беремін!!!

Аталмыш фильмді онлайн режимінде (TS сапасында) мына жерден көруге болады:
linecinema.kz/7491-tretiy-lishniy-ted-2012-ts.html
MickThatsMyNick

2011-ші жылы www.yvision.kz те еркін-нормативсіз блогерліктен бастадым. 2012-ші жылы күтпеген жерден журналистика саласына келдім. Сондықтан инетте өзімді нормативсіз ұстай берсем, айып етпессіздер!

Филантро — мизантро — перфекто және консерво саясатын ұстанушы.

P.S. Нигімді оқыған кезде «Мик» дегеннен кейін сәл пауза жасау керек.)

    Ұқсас посттар

    12 пікір

    asaubota
    Киностандықтар, мына баланы алып, тәрбиелеңдер. бағыт көрсетіңдер. кино тақырыбында жазатын тағы бір блоггер ұтасыңдар.
    Gastarbaiter
    Белгілі сюжет. Тэд" деген «Мишка» деген сияқты кез келген аюдың аты ғо.
    Қиялогтары қызық шығар.
    patick
    Біздің прокатқа шықпай қалды. Осыны біршама адам күтіп еді.

    Ал, рецензентке айтарым: Кішкене ойыңды толықтырып жазсаң жақсы болар еді. Мысалы, сюжеттік желісінің тартымдылығы, операторлық жұмыс, актерлердің ойыны, кейіпкерлердің диалогы, жарияланған жанрына сәйкестігі, т.б. өзің байқаған ерекшеліктерге тоқталсаң — керемет болады.
    Aigolek
    Сапасы олгенский гой. ДВДын кутем
    MickThatsMyNick
    мен сол күте алмадым.)
    Abilakim
    Баха мен Балжанның сапасымен салыстырғанда қалай?
    Adiletshu
    Осы не кино? Қайта-қайта айтасыңдар. Бар болса сілтемесін салып жіберші
    konvict
    Қонжықтың орынында мен болсам ғой деп армандадым
    Ereke
    Бұл киноның қандай екенін Aizhantabyn айтсын!
    MickThatsMyNick
    Негізі найзағайдан қорыққан дұрыс:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.