Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп

  • Автор


Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.

Әзірге, құрметті сайт оқырмандарына осы бір жылдың ішінде біздің сайтқа қатысты құрылған статистиканы ұсынсақ па дейміз.

Google Analytics мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 10 маусымы мен 2012 жылдың 10 маусымы аралығында сайтқа 54 551 уникалды қолданушы қонақ болып қайтыпты. 150 мыңнан астам бет қараған олар 77 720 рет ресурсты пайдаланған екен.

Тенденция көмескіленбеу үшін, соңғы бір айдың да жалпы статистикасын бере кетейік. 10 мамырдан бері 7 061 адам 8 919 рет сайтқа кіріп, 14 443 парақшамен танысқан.

Бір жылдың ішінде сайт 145 000 теңге табыс әкеліп, 73 мың теңге шығын шығарды.

66 кинодерек базаға қосылып, 38 кинотұлға туралы жеке бет ашылды.

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесе отырып «Жаужүрек мың бала» жобасына қатысты, таза қазақ тіліндегі тұңғыш промо-бет (mynbala.kinostan.kz) жасалды.


Әрине, әзірге айтып отырған сандарымыз қауқарсыздау, аяқты кеңге салып тойлауға да негіз жоқ, әйткенмен, бізге әр оқырман ыстық, сондықтан аудитория алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, осындай шағын есеп бере кетуді жөн деп шештік.

Жақын күндері, сайттың келбеті өзгереді, қолданушыға барынша ыңғайлы, киноманның көңіл-күйін көтеріп, қазақ тілінде ақпарат аламын деушінің оң жамбасына келетін ресурс жасалып жатыр.

Қазір, жоба өтпелі кезеңге шықты. Осыдан бір-екі ай бұрын ғана қазақстандық кино саласында бірді-екілі адам танитын сайт, қазір кеңейіп, қызығушылық тудырып, ең бастысы кәсібиленіп жатыр. Яғни, өзге ұйымдармен, ортамен қарым-қатынас орнату кезеңі жүруде.

Осыны негізге ала отырып, алдағы жыл шығармашылық тұрғыдан болсын, қаржылық жағынан болсын оңды болады деп айтуға келеді.

Құдай сәтін салсын.

Құрметпен,
Kinostan.kz сайтының әкімшілігі

qisyq

Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.

Ұқсас посттар

51 пікір

patick
Бізге бір жыл
VKM
 құтты болсын!
aza
Азаматсыңдар!
AKA
Жұмыстарыңыз алға баса берсін!
aikarakoz
Құттықтаймыыын! Тойлау керек қо
19852407
 Бір жастарың құтты болсын, оқыр көбейсін!
Janasil
Бір жылдың ішінде сайт 145 000 теңге табыс әкеліп
Артына нөлдер жалғана берсін.
Janasil
Тіл-тіл деп зарлай бермей осылай жұмыс жасау керек.
AKY
кто бы говорил
Gastarbaiter
Жұмысты жасамайд, жұмысты істейд!!!© Қара Назғұл
bakhyt
Құттықтаймын! Алға!
TERISKEY
Maladessinder! Isterine sattilik tileymin!!! Tugan kunderinmen!
asaubota
Джумладан басқа сәтті движокқа өтетін шығарсыңдар деген сенімдемін! Сәттілік!
patick
жуырда, өте жуырда
Gastarbaiter
Вордпресс?
asaubota
Вордпресс жақсы шешім болар еді  Джумладағыларды түгелімен аман-сау көшіріп алуға да болады.
Gastarbaiter
Вордпресс жайлы біраз көмегің керек еді. Джумланың мозголюбствосынан менің де зайыбым шықты. Личкаңа шығам
yerbol89
Жумланың коды көп болғанымен 2,5 нұсқасы керемет. К2-интегрция жасау арқылы өте тамаша дүниелер жасауға болады екен!
satibaldi
Сосын шығар, «Вордпресске миграция» тақырыбында тас қатырушылар көбейіп кеткені
Zilola
Жігіттер жарайсыңдар! 10, 20, 30 жылдығында қуаныштан көзге жас алып тілек айтып тұрайын!
Erkekyz
Құтты болсын! Дами беріңдер!
Сұрақ қойсам. Осы Астана арнасындағы «Киностан» бағдарламасың сіздермен қатысы бар ма жоқ па?
aza
Менімше жоқ, тек біздікілер ұрлаған сайттан.
AKY
әнебір жігіттің жүргізгеніне жыным келеді, дым сөйлей алмайды.
patick
Біз де сондай бағдарлама бар екенін естідік. Бір көру керек екен  А так мүлдем қатысымыз жоқ
monti
құтты болсын балдар/қыздар!!!  Уай Патя, Уай Димаш сендерге құттықтау
жақсы көрсеткіштерің арта берсін
расында былтыр ғана еді ғо, торт жеп тақтаға тілектер жазғанымыз
bazuka
Құттықтаймын! Істеріңізге сәттілік!
a63a1
 Құтты болсын!!!
Marationok
Сайтын өркендей берсін, гүлдене берсін.
Erbol
Құтты болсын, жігіттер! Киностан қазақ тіліндегі кино туралы нөмірі бірінші.Ол сөзсіз. Еңбектерің жансын.Гүліміз дайын, открыткасымен. Не ғой, қай жерде атап өтеміз?))
rakisheva
Құттықтаймыыыыын
mirasasem
Құттықтаймын! Осы саладағы соңғы әрі жаңа жаңалықтарыңызбен бөлісіп, Алтын орда газетіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін үлкен-үлкен рахмет!
edige
Қазаққа жаңа бастаманы алып келген ЖІГІТТЕРГЕ РЕСПЕКТтен басқа айтарымыз жоқ!!!  
Жуамыз ба?
dark_nazgul
Жарайсыңдар, жігіттер!!!
Aikona
  құттықтаймын!
satibaldi
Ең алғашқы қаззақтілді бір тақырыптағы сайт десем, mugalim.biz пырталының әкімгері (әлде — әкімстратор?(әлде жәй — Әкімі?(тіпті — коменданты?))) тасымды шауып алмас. Күнде кіріп шығу міндетті сайттарымның бірі. Джумлада жасалды ма, Вордпен теріп, хтмл-мен сақталды ма, технологиясында — шаруам жоқ: мазмұны жақсы.
Gastarbaiter
Иә, әдетте қай платформада жасалғаны қолданушылардың емес, контент жасаушының тас ауруы. Джумла Вордпресстен түсінуі қиын емес, тек редакциялау көбірек уақыт алады сонысы зайыбал. Бір тақырыптағы сайтқа меніңше жеңілірек платформалар дұрыс сияқты. Вордпрестің СЕО-сын да мақтайды білгірлер.
neoaskar
Жұмыстарыңның жемісін көріңдер. Тек қана алға! айтыңдаршы сайттан қалай пайда табуға болады, мысалы 1 жылға 140 мың теңге жайлы
patick
Біздің жағдайда: «Жаужүрек мың бала» фильміне промо-бет жасау, фильді интернет қолданушылары арасында насихаттау. Өзің жазған материалдарды БАҚ-қа сату.
Gastarbaiter
Жылына 140 000 теңге жасалған еңбекпен салыстырғанда өте аз. Келесі жылдарда артына екі нөл қосылуын тілеймін.
qisyq
Әрине аз, Асқар, бірақ, ол ақша нақты біреу үшін істелген еңбектен келді. Ал таза сайттың жұмысы ақысыз болып тұр ғой. Тілектестігіңе рахмет.
punk
Табыс тілеймін, фильм атауларын қазақшалағандарың ұнайды, көөп ретте бір фильмнің ана тіліміздегі баламасын білмек болсам, міндеті түрде kinostan.kz-ке бас сұғамын, және шыға алмай, айналып қаламын!!!
Aldeken
уа, Киностанның мұғжиза жамағатын ұйытушы пағамбарлары, құтты болсын!
Киностанның рецензиясын оқымайынша кино қарамайтын жағдайға жеттік, қоғамдықсанағаәсеретулеріңдіссс…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.