Фильмды тап



Ойын ғо. Типі трахтенберг сияқты. Бір фильмнің кадрын қойып, содан фильмді табу ойыны Солай.Де-де болған.
Бірақ бұл жолы фильмді әртүрлі етіп жасыруға болады. Фантазияңызға байланысты.
Сіздер киноның эпизодын суреттейсіздер ме, «тек актерлік құрамын тізіп беріп, аты қандай» дейсіз бе әйтеуір жасырасыңдар.
Мен таппасам да, таба алатын киномандар жетеді.
Бірақ бір бет суреттеу жазып кетпеңдер, бір орташа абзац жетеді.
Немесе қанатты сөздерді /немесе саундтректі/ саласыңдар. Ал қалғандары киноның атын, немесе не туралы екенін жалғастырып айтады.
Таба алмай жатқандарға жұмбақ қоюшы аздап бағыт беруіне болады.

ПС: Жай шабыт жоқта шұқылап қойып отыратын, таза рейтингодрочерлік, ойын-сауықтық, көңіл көтеріп, қыртыс қозғауға арналған жеңіл тақырып деп қабылдаңыздар.

ППС: Суреттегі кадр қай фильмнен?
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    533 пікір

    Adiletshu
    Жүгір, Форест, жүгір!
    Gastarbaiter
    Жә бұл буға піскен шалқаннан жеңіл болды.
    Мынау ше?
    http://www.annyas.com
    satibaldi
    «Жазда тек қатындар»???
    Gastarbaiter
    «Джө-джө-джөқ, қателестің!»десем, соның өзі көмек болады
    Gastarbaiter
    Таппадың ба, Мерилин Монроның культтік кадрларының бірі «Маймыл тірлік» филміне тиесілі.«Monkey Business»
    satibaldi
    О, Форест Гамп!

    Киножұмбақ: «Ох сайқал жезөкше, мен сені кешіргім келіп тұр. Бірақ амал не — »Томмиганым" кешіре алмай тұр, түк те істей алмайм, дүжж-дүжж-дүжж-дүжж".
    Gastarbaiter
    Кейіпкердің атын айтжіверсеңіз??
    satibaldi
    Кевин.
    Gastarbaiter
    Білмейді екем. «Тони» дегеніңде, бәлкім «Лицо со Шрамом» дер ме едім. ұқсап тұр мәнері
    satibaldi
    «Кевин үйде жалғыз». Отельде кино қарап отырғанда осы сюжет болады, со кезде сырттағы бандиттер бөлмеде мылтық атылып жатыр екен деп ойлап қалып, бұтқа жіберіп алады.
    omarbirat
    Пицца әкеп берген жігіт қашатын кино ма әлгі?
    Adiletshu

    Мынау қай фильмнен?
    satibaldi
    Арзанқол сериалтектес фильмнен болса керек.
    Gastarbaiter
    Өзім көрген жоқпын, бірақ «Побег» тің қадрлары ма деймін.
    Adiletshu
    Сен өміріңді өзгерткің келді. Бірақ өз қолыңнан келмеді. Мен — сен болғың келген адаммын. Мен — сен өзіңді қалай армандасаң сондаймын. Мен сен армандағандай тігісем. Мен ақылдымын, дарындымын. Ең бастысы, менде сені бақытсыз ғып тұрған нәрселер жоқ
    omarbirat
    Gastarbaiter
    «Ченгачкук Большой Змей»
    omarbirat
    Көмек болсын: «Оскар» иегері. Кемінде үш жыл түсірілді ғой деймін
    omarbirat
    Режиссер бұл фильммен бес жыл жұмыс істеген. Екі-үш минуты кем төрт сағаттық фильм. "Үздік картина", "үздік режиссер" номинациялары бойынша «Оскар» жүлдегері.
    Adiletshu
    Могиканның соңғы бірнәрсесі
    rauan97
    кино қасқыр туралы ма?
    omarbirat
    Қасқыр туралы болмаса да, байланысы бар. Жақын қалдың
    rauan97
    Танцы с волками 1990 (Dances with Wolves 1990)
    omarbirat
    Дәл өзі
    rauan97
    жақсы онда мен барып побег жана сезонын корейн ))
    omarbirat
    Фильм туралы аз-мұз қызық болып қалуы мүмкін ақпарат:
    Фильм «Танцующий с волками» деп те аталады, өйткені фильмнің түпнұсқа атауында «Dances» деген сөз етістік екенін ескерте кеткен жөн. Үндістердің ағылшынша қате сөйлегендерінен алынған. Фильмде «Stands With A Fist», «Smiles A Lot» деген адам аттары кездеседі. Дәл сондай принциппен Сиу үндістердің көсемі бас кейіпкерге де "Қасқырлармен билейтін" деген ат қойып қойған
    omarbirat
    Фильмнен тағы бір кадр:
    Актерді таныдыңдар ма?
    Nur
    «Танцы с влолками». Кевин Костнер басты рөлде. Бизон аулайтын жері сұмдық түмірілген деп есептеймін. музыкасы да заман емес.
    Қателеспесем, режиссер Костнердің өзі олуға тиіс.
    Marationok
    Форест Гамп. Негізі Том Хэнстің "Қуылған" атты киносы ұнайды, есін жоғалпау үшін доппен сөйлейді екен, доптың тіпті атын да қойып қойған екен, «Винстон» деген.
    Gastarbaiter
    «Изгой» деген орыс версиясына сүйенбей, Cast away — дегенді «Елден жырақ» деп аударған дұрыс сияқты.
    Marationok
    Мынау ше, қай кинодан?
    rauan97
    91 жылы шыққан мыс страха емес пе?
    Marationok
    Дұрыс, киноман екенсін, інім. +1
    satibaldi
    Анау Де Ниро ма сонда?
    Marationok
    Аха, дәл өзі. Ол киноға түсу үшін ол тіпті алдыңғы екі тісін алып тастаған.
    satibaldi
    Әдейі түссіз еттің бе сонда? Түсті пильм сияқТ еді… Мынау әлгі бұрынғы адвокатының қызын айналдыратын фильм бе өзі???
    Marationok
    Тауып алдым оны Дәл сол фильм.
    satibaldi
    Қайдан:
    ...- Науқастың жағдайы қалай?
    — Науқас — науқастанып жатыр!
    — О құдайым-ай, науқастанып жатыр дейд! Құдайым оны өзің жебеші!..
    satibaldi
    Таппадыңдар ма? «Фатмагүл», кешегі сериясы.
    AKY
    Нұрғисочка болғанда бірден тауывалар еді
    Marationok
    Мынау қай кинодан?
    mercedes
    теряя невинность в Алмате?
    AKY
    Жүрегімде қалған күз?
    Marationok
    Жоқ күзде бар ішінде, негізі.
    patick
    сукі, таныс кадр
    araika
    Кәрістің романтиктерін бірден тануға болады Фильм аты қысқашалап айтқанда, жыл мезгілдері
    Marationok
    Мәләдес, Омар бырат та мәләдес
    Marationok
    Жігіттер және қыздар, Побег болып жатыр, кешіріңдер мені s
    Adiletshu
    Gastarbaiter
    Бэтмен: Темный Рыцарь!
    Анаусы прокурор, анаусы полицай. Жақсы адамдар «типі»
    omarbirat
    Adiletshu
    Лас-Вегастағы вечеринка 2
    omarbirat
    Гаста тауып қойды. Суреттегі бірінші бөлімінен кадр болатын
    omarbirat
    Жолбарысымды үйге әкеліп тастаңдар деп айтатын жері еді
    Gastarbaiter
    Мен білетін бұл амиго бар кино: «Бас жазу» деп аталады.
    «Hangover 2» Бас ауру короче))
    omarbirat
    Жоғарыда сен тапты деп отырсам, «Хәнговер екің не?»
    Gastarbaiter
    Мен оның екісі барын білмеппін, Чуйский чувак шатастырд нақ))))
    omarbirat
    Gastarbaiter
    1Құдай қаласы
    Gastarbaiter
    Білә, мына кадрды өлсем де ұмытпас едім. Бразилияның бардак кездері. Рионың маңындағ трущобалар. Ана баланы бір 18 жасар положенец басқаларға сабақ болсын деп атып кетеді. Атқанда да ерекше жауыздықпен, аяғыңнан атайын ба қолыңнан атайын ба деп сұрап қорлайды нақ.
    omarbirat
    Сол ғой, сол. Фильмдегі ең аянышты кадр.
    omarbirat
    Сосын Бененің өлгені жері де адамға жаман тиеді. Балақай Зенің досы болғанымен, тәп-тәуір жігіт еді.
    Gastarbaiter
    Небір операцияларды жасап жүрген пақаным да көз жасын білдіртпей сығып алған, ана кішкентай балаға қарап. Немере ініме қатты ұқсайтын.
    Лібә, бүкіл отырған клубын жарып кетсем де бірдеңесін қылып кетер едім, ссуканы, інімді біреу сөйтіп қорласа
    omarbirat
    Бұл баланың ондай ағасы да жоқ болып тұр ғой. Жақын маңда естиярлық жасқа жеткен еркектер тапшы. Еркек атаулының көбі өздері сияқты далбичтердің қолынан жастай өліп қалады.
    Бірақ соңында жақсылап жазалайды ғой сол Бақалай Зені
    Gastarbaiter
    Аха6 анау «Красавчик» інісі үшін Земен соғысып жүріп менттің баласының қолынан өлед.
    Adiletshu
    omarbirat
    Бір қылқалам шеберінің туындысы ма дерсің
    Adiletshu
    Басты кейіпкердің әйелі суретші
    Marationok
    «Армандар қайда жетелейді»
    Gastarbaiter
    «Арман жетелейтін жер»
    omarbirat
    Gastarbaiter
    Куба Гудинг младшийға ұсқсайд анау. Хоумилер туралы кино ма деймін. Немесе Американская История Икс??
    omarbirat
    Дәл өзі. Қасындағысы — танымал рэппер Айс Кьюб
    «Көрші балдар» (Boyz N The Hood) деп аталады фильм («Районның балдары» деп те аудармақ болған едім).
    Gastarbaiter
    Gastarbaiter
    хммм, мынаны ұмытып қалдым демеңдерш…
    Gastarbaiter
    Ұят қой нақ, жанр классикасы
    omarbirat
    «Болашаққа оралу». Қай бөлімі екенін білмеймін бірақ
    Gastarbaiter
    Барлық бөлімдерінен сурет қойдым, суреттің сілтемесінен табуға да болатын еді
    Gastarbaiter
    Көмек болсын.
    Gastarbaiter
    Біз баратын жерде жолдардың қажеті болмайды! ©
    SaWOK
    Болашаққа оралу. Назад в будущее
    satibaldi
    Қайдан:
    — Сен маған папа болш онда. Жаңа ғана айттың ғой, кез келген нәрсе сұра деп!
    — Хмм… Ол қалай болар екен...
    AKY
    ондай диалогы бар кинолар көп қо
    satibaldi
    Өтірік. Тек біреу ғана.
    Gastarbaiter
    Ракишев рулит.
    Жаралы Сезім?
    satibaldi
    Сәл-сәл қалдың!
    omarbirat
    «Кино түсіремін. Арзан.» деген хабарландырудың иесі түсірген фильм ғой
    satibaldi
    Дұрыс! «Астанаға көктем кеш келеді».
    AKY
    Gastarbaiter
    Ванильное небо?
    AKY
    жоқ.
    Gastarbaiter
    Көтің боқ. Тағы сурет лақтыр не толықтыр
    AKY
    «21 жаста пяншік болу бір жаңа дүние болып көрінеді» © Бас кейіпкер
    satibaldi
    «Дориан Грэй»? Әлде — "Әлеуметтік желі"?
    AKY
    11 қыркүйек оқиғасымен байланысы бар.
    AKY
    AKY
    подсказка:
    Маған сіздің ұсынысыңыз емес, сіздің өзіңіз ұнамай отырсыз © Тасты кейіпкер
    Gastarbaiter
    Большой Куш емес пе?
    AKY
    Мына кадр «Тәтті қарашадан»
    Gastarbaiter
    Ya, Ya Das ist gut! Zer Gut! Das ist Fantastich! — қай кинодан?
    AKY
    неміс порнуқысы
    Gastarbaiter
    Жанр емес, сен атын айт ең болмаса
    AKY
    Қайдан:
    — Ал сендер Исаны өз құтқарушыларың деп санайсыңдар ма?
    — Иә, иә, ол клевый.
    satibaldi
    «Броненосец „Потемкин“.
    AKY
    нееее, ол емес.
    satibaldi
    Әрине ол емес, ол — мылқау фильм болатын.
    AKY
    өзіңше болмаш а!
    AKY
    подсказка:
    — қарашы, оның мойнында жара! ол лүпілдеп жатыр! ол жерде ірің!
    — ақымақ! сен оны ештене естімейді деп тұрсың ба? Ол бәрін естіп отыр!
    — и қойшнақ, дымды да естімейд ол.
    — мен сендерді жақсы естіп отырмын.
    — … (арттары мұздап кеткен)
    satibaldi
    ҰБТ-дағы көрініспен шатастырып отырған жоқсың ба?
    AKY

    уфф, соңғы подсказка:
    — Кумар, мен соны қалап тұрмын.
    — Гарольд, хот-догды айтасың ба?
    satibaldi
    Шын айтам, спецприемниктерде көрсетілетін тәрбиелік мәні бар фильмнен үзінділер сияқты. Не де болса ауыр балалық шағыңыздан бір көрініс жасай алдыңыз. қиын уақытта өмір сүрдік, жасыратыны жоқ.
    AKY
    Гарольд және Кумар: «Ақ сарайға» сапар. Комедия.
    Gastarbaiter
    Гарольд пен Кумар)))
    (наверное, аты мен актерлік құрамын бір жерден көргем)
    satibaldi
    Қайдан:
    «Менің апым алтын ғо».
    AKY
    Алдараспан тиатры
    satibaldi
    Бекбауыл стансасында түсірілген.
    omarbirat
    «Соңғы аялдама» а.к.а. "Қиян"
    omarbirat
    Мен Вупи Голдбергтің ернін жек көремін. Форрест Уиттакердің желкесін жек көремін. Бәрінен бұрын, қара көтен Уэсли Снайпсқа жыным келеді

    Қай фильм?
    omarbirat
    "Үйіңнің жанында шырын ішіп жүріп Оңтүстік Централға секірме" фильмі еді.
    AKY
    Қайдан:
    Менің 2 балам бар. Және тағы 10.
    satibaldi
    «Одесса» киностудиясының өнімін шырамыттым. Екінші Творчестволық Бірлестік. СССР Мәдениет мнистрлігінің тапсырысымен. Қалғаны есімде жоқ.
    AKY
    Дұрыс емес, ляляля
    omarbirat
    «Менің екі балам бар. Біріншісі — ұл, екіншісі де ұл» дегенді білемін. Мынаны естімеппін.
    AKY
    12 — үлкен сан.
    satibaldi
    Очм, жетімдер үйінің директоры туралы фильм.
    AKY
    Оптом арзанырақ, американ комедиясы.
    omarbirat
    Осыдан, бұтақбастар, қозғалсаңдар, біріңді де қалдырмай атып тастаймын, ептібайымайд!
    Шамалап аударғаным осы болды. Шамамен қай кино деп ойлайсыңдар?
    AKY
    терроризм жайлы
    Gastarbaiter
    Қанатты фразылар жазайықш. Мына празының қай жері қанатты?
    omarbirat
    Негізі, бұл фразаны түпнұсқада тыңдау рекоменделеді
    Gastarbaiter
    Бригада нақ.
    omarbirat
    Түпнұсқасы орысша емес
    omarbirat
    Нашар аударыпсың деп тәпішке лақтырып жүрмеңдер. Шамалап ағылшыншаға бәктранслейшн жасап жіберсеңдер, өте таныс фраза һәм көрініс
    omarbirat
    Кезінде бұл фильмнен үзіндіге жасалған орысша-қазақша аралас пародия хит болған

    — Е, Сәуле, ты че, гонишь что ли? Я сам с Шымкента. У нас кружка 50 тенге, ясно?
    — Зато у нас мясо в сто раз дешевле. И қазы… қазы тоже
    satibaldi
    "Қылмыс кітабы".
    omarbirat
    Дұрыс! Мына көріністегі қатынның сөзі еді:
    Gastarbaiter
    жақсы аударғансың, бригада да момент бар осындай.
    omarbirat


    Қай фильмнен?

    П.С. Кадрдағы бала біздің ауылдан еді. Қазір марқұм болып кеткен.
    Gastarbaiter
    Көксерек немесе Алпамыс мектепке барады
    omarbirat
    1) Көксерек
    Onlasyn
    Ит төбелестіргенде Құрмашпен таласып қалатын бала ма?
    omarbirat
    асық ойнайды. иә, ол да біздің ауылдас
    omarbirat
    — Лонг-Бич әуежайы. Түнгі сағат үште. Жетінші ангар. Бриллианттарды целлофан пакетке салып алып кел. Оларды өлшейді.
    — Құрынақ. Мен кездесеміз деп айтқан кезде кездесеміз, енеңді ұрайын, француз неме.
    [Телефонды тастайды]
    — Қазір қайтадан телефон соғады.
    [Телефон шырылдайды]
    — Сонымен, тыңда мені, енеңді ұрайын…
    — Сен қалай-қалай сөйлейсің өзің?
    — Ойбай! Мама, мама, сен екенсің ғой, білген жоқпын!
    omarbirat
    Түзетіп қойдым:
    — Лонг-Бич әуежайы. Түнгі сағат үште. Жетінші ангар. Бриллианттарды целлофан пакетке салып алып кел. Оларды өлшейді.
    — Құрынақ. Түріңді ұрайын, француз. Мен қашан кездесеміз деймін, сол кезде кездесеміз.
    [Телефонды тастайды]
    — Қазір қайтадан телефон соғады.
    [Телефон шырылдайды]
    — Сонымен, тыңда мені, енеңді ұрайын…
    — Сен қалай-қалай сөйлейсің өзің?
    — Ойбай! Мама, мама, сен екенсің ғой, білмей қалдым!
    omarbirat
    Диалогтың бас жағын таба алмадым:
    Gastarbaiter
    omarbirat
    «Зұлым өліктер»?
    Marationok
    «Шыбын адам» басты рөлде Джефф Голдблюм сияқты
    Gastarbaiter
    Ия, «Шыбын» культтік фильмі
    omarbirat
    «Не істесең де, ол тұқымнан бәрібір шабдалы ағашы өседі. Сен алма немесе апельсин өссе екен дейтін шығарсың, бірақ шабдалы шығады.»
    omarbirat
    — Сен мені жеңе алмайсың! Сен… сен жай ғана дәу… семіз… пандасың!
    — Мен жай ғана дәу семіз панда емеспін! Мен — НАҒЫЗ дәу семіз пандамын! (немесе: Мен АМБАЛДАЙ семіз пандамын! )
    Aidakonya
    түшпара жегін келді ме, АМБАЛДАЙ семіз пандамын!
    omarbirat
    Бұл — моторлардың ішіндегі ең сорлысы. Ескі әлеумін. Сегіз цилиндрлі. Қақпағы — Лукастікі. Болттары — уиндвардтікі. Құрып қалған болттар бір — бұрай алмай ит боласың.
    VKM
    Мен бұл туралы ертең ойлаймын©Кім,қай фильмда айтады?
    Gulistan
    Скарлет Охара. «Унесенные ветром».
    Adiletshu
    omarbirat
    Побег шығар деп топшылап отырмын. Бірақ тордың ар жағындағы мұжық Уилл Смитке ұқсайды екен.
    edige
    пидофил туралы фильм гой… аты не ед… Кызын зорлап кеткенсон әкесі жауыздарды кырып салады да соты болады… Соңында акталып шыгады… сол ма?
    Adiletshu
    — Әй, біреу сенің қолыңнан бірнәрсе кемейді десе оны тыңдама. Мені де… Түсіндің бе…
    — Түсіндім.
    — Егер арманың болса қорға оны. Елдер қолынан келмегенді сенің қолыңнан да келмейді дейді. Мақсат қойдың ба, соған жет. Бітті… Кеттік.

    Фильмнен қиалог
    omarbirat
    «Бахыт жолында»?
    qisyq
    В погоне за счастьем.
    patick
    Мұхаммед Әли?
    Adiletshu
    Оның мұрты жоқ
    patick
    Онда «В погоне за счастьем» нақ
    Gastarbaiter
    мынау «Враг Государства» емес пе??
    Тордың артында тұрып бір (мысық ұстаған) шалмен сөйлеседі ғой
    Marationok
    Бақыт жолында атты кино ғой. Салық полициясы оны қамаған кездегі кадр.
    Бақыт жолында
    Onlasyn
    ол шалмен уилл смит емес фби сөйлеседі, смит ол кезде тығылып жатады
    Gastarbaiter
    Дұрыс, бакембарды жоқ онда
    edige
    Қала — үлкен күш… Қаншалықты үлкейген сайын, соншалықты күшейе береді… Тек күштілер ғана күшейе береді… Немесе қарама қарсы...
    ?
    e_zhalgas
    Цитата:
    — Сенің екі вариантың бар. Менімен салғаласып, бәрібір менің айтқанымды істейсің немесе менің айтқанымды істейсің.
    omarbirat
    Дуэйн Джонсон. «Джунглиге қош келдің» («Амазонкадағы қазына»)?
    e_zhalgas
    жоқ! ол фильмді тіпті көрмегенмін де
    omarbirat
    Дәл осыған ұқсас сөзі бар:
    — Сенде екі вариант бар: А варианты — сен менімен бірге үйге қайтасың. Б варианты — сені мәжбүрлеп апарамын.
    e_zhalgas
    Доктор Хаус
    omarbirat
    Доктор Хаус плагиатшы екен нақ
    qisyq
    — Мен Тасты Аспанның баласы Ягуардың Табанымын! Менің әкем маған дейін осы орманда аң аулаған! Мен аңшымын! Бұл менің орманым! Менен кейін де енің балаларым осы орманда аңға шығатын болады!
    patick
    Апокалипсис!
    satibaldi
    О кинода сөйлеуші ме еді?
    patick
    «Келін» мен «Артисте» (әдейі) ғана сөз жоқ
    qisyq
    Ия, ана сарқырамадан секірген соң бас кейіпкер аналардың көті тұрмайды секіруге деп өзінше болып айқайлайтыны бар.
    e_zhalgas
    иа, Гибсонның «Апокалипсисіне» келеді
    qisyq
    Келеді емес, дәл сол.
    Gastarbaiter
     Тағы басқа неге келеді?? Улактың (Пәштидің) пафосты сөздері ғо.
    satibaldi
    Қайдан:
    «Бұл жер бүгіннен бастап испан тәжінің меншігі және оған терра инкогнита деген атау беріп отырмыз.»
    e_zhalgas
    Саундтрек. Тек гуглдетіп жүрмеңдер


    patick
    Әдемі музыка. Сонымен сұрақ қандай
    e_zhalgas
    қай фильмнен нақ
    Aidakonya
    Реквием по мечте?
    e_zhalgas
    маладес, сникерс ұтып алдың
    edige
    қорқынышты барлық фильмдерде емес па?
    e_zhalgas
    басындағы 30 секундтен түйген қорытындың?
    omarbirat
    Мына жердегі жазу дұрыс емес: «бақыт» деген сөз «х» емес, "қ" әрпімен жазылады.
    omarbirat
    Ешкім таппады ғой деймін:
    It's not H-A-P-P-Y-N-E-S-S Happiness is spelled with an «I» instead of a «Y»
    түпнұсқадан аздап ауытқып кетіппін
    madlen
    В погоне за счастьем
    qisyq
    — По коням!!!
    Дам, да-дам-дам, дам-да-дам!!! (Көк түсті гитарамен электростильде Жабайы Батыс музыкасы ойнайды))))
    patick
    Рангооооо Рангооооо
    patick
    — Пррррррррррррт (қатты осырықтың дауысы).
    Бөлмедегі ұйықтап жатқан адам оянып кетеді. Осырған адам ұялып қалып:
    — Саламатсыз ба?!-дейді. Жауап:
    — Сәлемдесіп қойғансың жаңа!
    edige
    Осырған адам қыз емес пе
    patick
    Көмек: Қазақстандық фильм. Режиссердің соңғы жұмысы: «Балалық шағымның аспаны»
    qisyq
    Қаладан келген қыз???
    patick
    жақындадың, бірақ ол емес
    Aidakonya
    Астана туралы ма
    patick
    Таба алмадыңдар. "Құрақ көрпе"
    Aidakonya
    сабырлы болып, тапқанша күту керек шееееееее
    patick
    ауыздарыңа шайнап салдым, енді не дейсіңдер нах
    Aidakonya
    кетшиииии, сен секілді басымыз не қазына
    satibaldi
    Қайдан:
    «Ал Жын кеше Маринамен киноға бардеее...»
    Abilakim
    «Бізді ол жаққа өзінің қасқыр екенін білмейтін қасқыр бастап барады» негізі оңай сұрақ
    satibaldi
    Қайдан:
    — Осы өзіміздің Вильям дейміз бе, әлгі Шекспирімізді ойнауға ауыз салсақ қайтеді?
    — Әлдеқашан сөйту керек еді!
    patick
    Қай фильм? Бетін толық көрсетсем тез табар едіңдер:
    Aidakonya
    токтасайшы, анау пррррррррылдағанды тауып алайық
    Adiletshu
    Кристиан Бейл ғой
    patick
    қай фильм енді?
    qisyq
    Престижжжжж
    patick
    маладес
    Gastarbaiter
    «Маладес» деп қоя салмай, тапқан амигоға плюс қойып отырайық, жамағат!
    omarbirat
    Үлгілерін алу қажет екен
    omarbirat
    Ешкім таппапты. Қызық емес қой деймін. Жауабын жаза салсам ба екен?
    Gastarbaiter
    "Үлгілерін алса ғо-о-ой!" демейтін бе еді
    omarbirat
    Орысшасында солай
    Gastarbaiter
    кинотеатрдан көрген едім
    omarbirat
    Мойындау керек. Орыстар сол сөзін кадрмен үйлестіріп сәтті жасаған
    patick
    Қазақстандық фильм:
    — Верка — блядь, Верка — блядь!
    omarbirat
    — Ақшаны бүгін түнде әкеліп тастайсыңдар. Сомасы — елу миллион доллар.
    — Елу миллион доллар? Бауырым, сендер не, Клинтонның қызын ұрладыңдар ма?
    — Бізге жиырма миллион доллар елулік қағаздармен керек.
    — Жарайды, жиырма миллион — елуліктермен.
    — Жиырма миллион — жиырмалықтармен.
    — Мақұл, жиырма миллионы — жиырмалықтармен.
    — Сосын, он миллионы — ондықтармен.
    — Он миллионы — ондықтармен. Әңгіме жоқ. Не ғой, бестіктермен керек емес пе?
    Aidakonya
    Джеки Чан тусти осыган
    satibaldi
    Қайдан:
    «Ай-ай-ай-ай-ай, ай-ай-ай-ай-ай, аяй-яй-яяяяяяяй!».
    edige
    қосымша ештеңе жоқ па. мысалы сөздер…
    көмексөз дегендей?
    Aidakonya
    e_zhalgas
    «Теряя невинность в Алма-Ате»
    edige
    Қазақшасы?
    e_zhalgas
    «Теряя невинность в Алма-Ате»
    mercedes
    осы киноны қалай көруге болады интернеттен? ссылкасы бар ма?
    e_zhalgas
    google мырза қызметіңізге құлдық ұрып, күтуде…
    mercedes
    гуглмен таппадым онлайн көруді
    mercedes
    мүмкін сен іздеп көрсейіш. маған көмегің тисін
    Aidakonya
    лучше не надо)көрме!
    mercedes
    көрейік кәне бер ссылкасын
    Aidakonya
    сен Алматыдасын ба казір?
    mercedes
    жоқ. Алматыда емеспін. Интернеттен көру үшін Алматыда болу керек пе?
    Aidakonya
    интернетте жок, хотела диск беруге
    mercedes
    ятсыз бойжеткен!
    Aidakonya
    ойбай-ойбай-ойбай-айииииииииии
    Aidakonya
    дурыс
    mercedes
    осы киноны қалай көруге болады интернеттен? ссылкасы бар ма?
    omarbirat
    Арғы атам айтатын: Үй алсам деген ниетім бар, бірақ мүмкіндігім жоқ. Ешкі алатын мүмкіндігім бар, бірақ ниетім жоқ. Сондықтан да ниеттеріміз әрқашан мүмкіндіктерімізге сәйкес болуы үшін алып қояйық!
    Aidakonya
    олар есірткі иіскейін деп отыр
    omarbirat
    Есірткі иіскер алдында тост айту?
    edige
    «Кавказ тұтқын қызы»  деқойсаң дәәәәә
    Erkekyz
    «Танцевальная битва? Что ж чудесно. Раз у вас танцевальная битва, значит, сегодня я тебя затанцую до смерти!»
    Ұнайд ше осы цитата. Қай мультиктен?
    edige
    Мадагаскардан ғой жабайы мысық сөзі
    TERISKEY
    Енді мынау қайсы кинодан екенін табатын шығарсыңдар
    araika
    Баяғы біраз көрініп жоқ болған, Мәрт мырзаның басын айналдыратын қыз ғой. Очым, Дениз
    patick
    түрік сериалын ФОКС көрсететін дәреже жетіп қалды ма?
    edige
    TERISKEY мұнда фильм жасырып жатырмыз
    omarbirat
    Біздің жалғыз анамыз бар. Ол — Отан. Анамыздың жақсы көргеніміз үшін өкінесіз бе деп сұрап жатырсыз. Анама тіл тигізгеннің тілін жұлып аламын, қол тигізгеннің қолын сындырамын! Еш өкінбеймін де.
    Қай фильмнен?
    satibaldi

    «Бұл тастанды баланы мен-ақ ала салайын? Мен не — мен сіңірі шыққан кедеймін, алты балам да аш, бәрібір ашпыз. Түбі аш екенбіз, алтау болып ашыққан не, жетеу болып ашыққан не — бәрібір емес пе?».
    e_zhalgas
    «семь самураев»? соған ұқсаттым…
    satibaldi
    Пильм тиесілі ұлтты таптың делік.
    e_zhalgas
    «расемонға» ұқсамайды. оның әңгімесін оқып, киносын көрмеген екем
    satibaldi
    Куросава сценарийде Ронюксэні аз-мұз өзгерткен енді. Дұрыс: Рашомон!
    e_zhalgas


    Басталды, таяқ жерге тасталды
    patick
    Риддикт?
    e_zhalgas
    жоқ. әлдеқайда ескі, әлдеқайда культті фильм…
    patick
    Риддик.Начало.
    Tarazkyzy
    мәәәә, AKY жасырған «Помни меня» фильмінен басқасын көрмеппін. Ұят-ай
    TERISKEY
    Ескі сәбет киносы кімнің есінде?
    Marationok
    Балкон
    omarbirat
    Балкон тек Алматы қаласында түсірілген ғой. Мына жер Шарын каньондары сияқты.
    TERISKEY
    подсказка: сьемка Кентау қаласы маңындағы Ащысайда түсірілген.Ануар Боранбаев пен Әшірбек Шоқыбаевтар ойнаған. Сценарий аптырларының бірі: Эльдар Оразбаев
    Marationok
    Созақтағы Гамлет, немесе Мамайя Кэро.
    Zilola
    Ащысай демекші өмірімде 1-ші рет кеше өттім сол таудың ортасынан, мынадай тамаша тоған бар екен
    Zhan
    Кентау жақта ма?
    Zilola
    ощым Түркістаннан Шолаққорған арқылы қайтқанда түсіріп алдым, Ащысайдың, Кентаудың қасынан өттік, теріскей ғо, тас жолы қатты ұнады, ертегідегідей екен
    Onlasyn
    Енді, жоғары шығатын бір кнопка болса…
    patick
    Жатыңдарш на, шайтан сияқты ұйқы жоқ адамдар екенсіңдер
    AKY
    — Ата, сен 12 жасыңда қызды құшақтадың ба?
    — Мойындауым керек, құшақтағам жоқ…
    — Ал ол мені құшақтады. Бәрінің көзінше…
    — Қалай?
    — Былай…
    satibaldi
    Фильм жасырып отырсың ба, әлде байқамай өзіңнің ноуқос қиялыңа ерік беріп отырсың ба?
    AKY
    — Темір батырма жылап жатыр… Бір жақта жер сілкінген шығар…
    Gastarbaiter
    Отандық па?
    AKY
    Советтік.
    — Сомовқа бойкот! Сомовқа бойкот!
    ken
    К.Орбакайте оқушы жасында түскен ана сорлы кино емес пе? тақыр бас боп жүреді, бәрі оны Чучело деп мазақтайды. киноның атын білмим.
    AKY
    мадис, «Чучело»
    Gastarbaiter
    — Не керек сендерге?
    — ххххммммһһһ Ө-Ө-ӨЛІ-і-і-ҢДҺЕ-Е-Е-Р-Р!
    Gastarbaiter
    Жынды сыбыркөмек (подсказкі):
    "Әжеңнің бешпетінссс, үйде отырсам да болар еді қазір, жоқ нақ, сен суканы ыстық шөлде сүйреуім керек… Парашюттың ішінен бұтақтарың салбырап нақ, Келіп ап, пезнес боп, шұлығымды жейсіңдер кеп, кім шақырд сендерді??? Неге сонша сасықсың, епті??"
    Gastarbaiter
    Қай фильм?
    Босс, мен шаршадым, босс. Жауынның астында жаураған торғайдай жалғыз жүруден шаршадым, Босс… Адамдардың аяусыздығы мен қатыгездігінен шаршадым...©
    Gastarbaiter
    Тағы да көмек:
    «Джон, мен жазылдым, рахмет саған. Ал мына тоқаштарды әйелім беріп жіберді. Ол да саған рахмет айтып жатыр»
    AKY
    Джон Картер
    Gastarbaiter
    Ұят-ай
    AKY
    Gastarbaiter
    Соңғы көмек
    AKY
    жасыл миля, гугілдетіп тауып келдім
    Gastarbaiter
    Не деп гугілдеткенің қызық
    AKY
    босс, я устал, воробей анау мынау деп. соңғы көмегің тіпті қажет емес еді.
    AKY
    көрмегем бұл фильмді
    Gastarbaiter
    Мелодрамаларың тезек сасып қалады, қасыңа шелек алып қара нақ, өкіресің))
    ken
    мен де жасырып көрейінш
    мынау қай кинодан алынған үзінді?

    подсказка: СССРде түсірілген
    Gastarbaiter
    Алибаба и Сорок Разбойников?
    ken
    жоқ, ол емес.
    бірақ бұл да Алибаба секілді танымал кино. бұл киноны білетініңе сенімдімін.
    Marationok
    Бағдадтағы ұры?
    ken

    үзіндідегіден алдыңғы кадры мынау.
    Шахерезада да емес, Синдбад та емес.
    ken
    жарайды. тағы бір үзінді қояйын. әйтпесе таппайтын сияқтысыңдар.
    мынау жоғарыдағы екі кадрдың алдындағы кадр. қыз бұрыштағы кинотеатрға қарай кетіп бара жатыр.
    енді точно табасыңдар


    AKY
    — Король сені иемденді ме?
    — Иә…
    — Ол риза болды ма? Айт деймін!
    — Иә…
    — Өзі айтты ма?
    — Онсыз да бәрі айдан анық.
    AKY
    — Сен оны сүйесің ғой.
    — Бірақ сені көбірек (сүйемін).
    Gastarbaiter
    Білә, мелодрамма ма тағы?)))
    AKY
    әрине
    көмек:
    — Сен тым болмаса ойыңды тежесейші!
    Gastarbaiter
    Қоя сал нақ, мен пас
    AKY
    басқалар тауып қалар)
    Gastarbaiter
    Өйнақ әлгі немед әлгі қасқыр мен малғұнның тасақсайсы. Сумерки)))
    AKY
    сен де сондай, мен тауывалатын күштііі кино жасыршыыы
    Gastarbaiter
    Жарайд, бірақ «Сумерки»ді «Болейнмен» салыстыруға келмид
    Мә:
    " — Бұ не қылғаның?????????
    — Мен оны сездім…
    — Нені?
    — Мінсіздікті… Мен мінсіз болдым. "
    AKY
    сыбыркөмееек, плиз
    Gastarbaiter
    — Неге қатайып аласың да жүресің?
    — Мінсіз болғым келед.
    — Мінсіз болу деген үнемі тырысып, тыраштану емес. Жібер, босат өзіңді, босат! Еркіңе қоя бер өзіңді (дейді де қолын қыздың бұтына салады)
    AKY
    кетЧ, көрмеген пильм бұл
    Gastarbaiter
    Көруге тұратын фильм
    Gastarbaiter
    Кетш бұл подсказка емес, жауабын бердім ғой
    AKY
    кетейнақ тауывалдым!
    AKY
    Давай, тағы күшті фильм жасыр!
    mercedes
    мына открысаның аты кім?
    AKY
    Натали Пыртман.
    Gastarbaiter
    Портман. Джеймс Натали Портман.
    Gastarbaiter
    Қай филімнен?

    — қайда?
    — Лондонда.
    — Лондонда?
    — Лондонда!
    — Лондонда?!
    — Ия, Лондонда! Енді, балық, чипсы, шай, құсық тамақ, сідік ауа-райы, Мэри, кім ед сігейін, Попинс нақ, Лондон!!!
    omarbirat
    Мэри Поппинстің аты аталғаны болмаса, оған қатысы жоқ. Лондон болғанына қарағанда, Британ фильмі. Ол жақтан бізге таныс бірден-бір режиссер — Гай Ричи
    Gastarbaiter


    "Қымқыр, шешесс" фильмі
    немесе «Олжа»
    Marationok
    Мен де жасырып көрейін, мынау кадр қай кинодан? Оңай тауып аласыңдар
    Zilola
    Дензел Вашингтон түскен фильм бе?
    Болмаса мексикандық наркобарондар жайлы фильм ))
    Marationok
    Иә, Дензел Вашингтон түскен. Сонымен?
    Zilola
    егер Ева Мендес түскен фильм болса таптым )))
    Zilola
    Training Day?
    Marationok
    Мәләдес, иә Training Day, Жаттығу күні.
    Zilola
    Бұл фильмді осыдан 5 жыл бұрын Алматы-Шымкент автобусында көргенмін. Ева Мендес, Снуп Дог, Дензел Вашингтон үшін көруге тұрарлық фильм, а так не супер ))
    Marationok
    Итан Хоук, Доктор Дре дегендер де бар.
    Фильмнің сюжеті маған қызық еді о баста, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасындағы жағдайлары шынайы көрінген.
    Қалғанын, кейіпкерлер үшін тым асырып жіберді, әсіресе орыс мафиясы туралы
    omarbirat
    Эх, менің ата жауым… баспалдақтар.
    madlen
    Көмек керек
    omarbirat
    — Жан тыныштығын қалай таптың? Мен сені туғандарыңнан, барлығынан айырып, өміріңде өшпес тыртық қалдырдым ғой?
    — Мәселе сонда боп тұр. Тыртықтар жазылады.
    — Жоқ, олай емес. Жара жазылады.
    — Солай ма? Сонда тыртық не істейді? Өзінен-өзі кетіп қала ма?
    — Тыртық не істейтінінде менің шаруам жоқ.
    madlen
    Кунг-фу Панда?
    omarbirat
    Дәл өзі! Тойыс… екіншісі
    AKY
    инвалид жайлы
    Gastarbaiter

    Казалось бы… дейсің ғо,
    omarbirat
    Оны өлтірген ұшақтар емес. Оны сұлулық өлтірді.
    Abilakim
    "-Ол сені тәңкілдетті ме?" тура осылай айтылады,қай кинодан?
    madlen
    Zilola
    Әулие Валентин күні?
    madlen
    дұрыс. Негізінде, маған фильм емес, осы кадр қатты ұнайД
    AKY
    давай, тағы жынД фильмдер жасырш!
    Zilola
    шынымды айтсам бұл фильмді көрмегенмін, гуглиттап қайттым, бір жақсысы актерлардың атын жазсаң бірден осы фильм шығады
    madlen
    Adiletshu
    Ванильное небо
    madlen
    сонша ұзақ табасыңдар деп ойламадым )
    Gastarbaiter
    оңай ғой олай. Тіпті көрмеген адам, жай постерін көзі шалған адамдар тауывалад
    madlen
    Дело не в этом… Өзіме ұнаған кадрлар мен сөздерді қойыватырм… Оңай или қиын болса да…
    madlen
    AKY
    начало
    madlen
    ути-пути )
    AKY
    мәз бовотырм, неужели таптым бірденеее. тағы сондай күшті фильм жасыршы)
    madlen
    А если я была такой замечательной, ..., почему ты не звонил? Я здесь просто гнию одна!
    AKY
    эффект көбелекааа, уря уряяяяя. тағы!
    madlen
    — Я бы отдал весь мир за аромат ее волос, за один ее поцелуй, за прикосновение ее руки… Вечная жизнь была бы мне каторгой… без нее…
    гуглден қарамаңдар!
    AKY
    таныс сөздер. сыбыркөмек керек.
    madlen
    Спокойней, Билл. А то заработаешь инфаркт и испортишь мне отпуск.
    Кейіпкердің аты бар
    AKY
    Биллды өлтіру
    madlen
    — А что случилось с этим молодым человеком?

    — Ну, мне же нужно было тело…
    AKY
    Періштелер қаласы
    madlen
    жоқ. Соңғы көмек:
    Zilola
    ощым мынау Бред алаяқ
    madlen
    жоқ! Алаяқ емес. Қыздар, осындай фильмді көрмегендеріңе сенбей отырм, эхххх
    Zilola
    көрмегенде не ғо, бұл фильмді құрбым айтып берген, мен көргендей болдым ))
    Бұл жолы өзім таптым, рас айтамын
    Zilola
    тойыс басқа адамның орынна келеді
    Zilola
    таныс бол, Джо Блэк
    madlen
    таппадың ба? сурет қоям онда )
    AKY
    кейіпкердің аты бар дегенге, фильмде кейіпкердің аты бар екен деп қалдым)
    madlen
    мен негізінде ана көмекте аты бар дедім. Но фильмнің атауында да бар, только Билл емес.
    AKY
    мынау Періщтелер қаласынан емес пе
    madlen
    Зи тапты )
    AKY
    ол суретке қарап тапты, ал цитата…
    madlen
    ұқсайтын шығар, типичные фразы ғой )
    AKY
    тап осыны гугілдетЧ
    madlen
    аха, қарадым. менде ондай фразалар тізімі бар еді, өзім жасаған, сол жерде қателескен сияқтымын )))) Хотя Джок Блэк те осындай бірдеме айтатын сияқты еД
    madlen
    Zilola
    француз фильмі?
    madlen
    Мынау точно француз фильмі:
    madlen
    Таба алмадыңдар ма?
    Zilola
    такси?
    madlen
    Жоқ.
    Zilola
    амели
    madlen
    Менің ең жақсы көретін фильмдерімнің бірі )
    Gastarbaiter
    Одри ТотуХелена Бонем Картерден кейінгі сүйікті актрисам.
    Abilakim
    Гномео мен Джульетта?
    Abilakim
    Гномео мен Джульетта?
    omarbirat
    — Қайырлы таң, менің көршілерім!
    — Кетнақ!
    Gastarbaiter
    Эдди Мерфи ғой Африкан елінің бір патшасы боп Американың бір құрыған көшесінен, құрыған хата жалдап тұрады. Багажының жартысын тонап кетеді. Атын ұмытқалдым. Бірақ тапқан есебі.
    Zilola
    қарапйым қызға ачқ болып қалады, тема кино ғо
    omarbirat
    Дұрыс! «Америкаға сапар»
    Zilola
    Бұл үйде тыныштық болады ма өзі? Біреуі түнімен ішіп қаңғып жүреді, екіншісі ұйқы бермейді, тоба!
    madlen
    аааа, таныс таныс, қандай едииии
    Zilola
    сен білесің ))
    madlen
    Отандық?
    Zilola
    жоқ, Айгеля қайда? сол жақсы білуші еді осы фильмді )))
    Zilola
    — Бүгін кім менімен базарға барады?
    — Әрине мен, әкетай! Не аламыз базардан?
    — Бүгің аналарыңның туылған күні… (арғы жағын жазбаймын)
    ken
    өзбекше кино. бас жағын көргенмін. басты рольде Шахзода ойнайды. киноның атын бульмейм.

    нексия мінген бір топ жігіт бір қызды зорлап кетеді.
    mercedes
    Хайот айт деген өлең шыққан кино ма? саундтрегі
    omarbirat
    — Мен саған жылама дедім!
    — Жә, қызбаланба. Мен саған көмектесейін деп жатырмын. Не үшін көңіл-күйсіз отырғаныңда шатағым жоқ… Неге сенің көңіл-күйің жоқ?
    Gastarbaiter
    көмек?
    omarbirat
    — Кішкене болса да өзім үшін өмір сүргеннің несі жаман?
    — Небәрі 24 сағат қана!
    Gastarbaiter
    «Уақыт» Джастин Тимберлейк
    omarbirat
    — Мен огрмын ба, огр емеспін бе?… Бұрындары ешкімнен рұқсат сұрамаушы едім!
    Gastarbaiter
    — Алқамды беріңдерш өзіме, Құдай үшін! Сосын бір-біріңді қалағаныңша өлтіре беріңдер.
    Gastarbaiter
    Көмек. Лібә, қыздар табыңдарч, пензес мелодрамма көргіш болсаңдар
    Zilola
    қазына іздеушілер ғо, болмаса 10 күнде нетіп алу )))
    Gastarbaiter
    Он күнде нетіп алу емес, керісінше құтылу
    Zilola
    басында бауыр бастырып сосын құтылу ғо, нетіп дегенім сол еді
    ken

    мына киноны осындағы шалдар таппаса, 90нан бері қарай туылғандар таппайтын шығар))
    Zhan
    «Мио менің Миом» деген кино емес пе?
    ken
    иә, сол кино))
    madlen
    Гарри Поттердің историясына ұқсайд
    Zilola
    бұл фильмді бала күнімізде көп көрсететін, Като деген есімде
    Gastarbaiter
    Като
    Атын атауға қалай қорықпадың
    ken
    жанындағы бала кейін Бэтменнің ролін ойнаған Кристиан Бэйл екен
    Gastarbaiter
    Юм-Юм болатын бала ғо, тауып алдым.

    patick
    қарабатырынсс
    asaubota
    мүмкін болса әрі қарай жаңа бұтақ бастаңыздаршы, 500 каменттен асқаннан кейін серверге де жүк көбейеді. түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет. автор пікір жазу мүмкіндігін жауып қойса екен осыдан кейін. рахмет.
    Gastarbaiter
    Мүмкіндік болса, ертеңгі кешке дейін тұра тұрсынш, сосын жауып тастаймын
    qisyq
    Ал енді осы жерде қазақ тілінде кино туралы ақпаратты қайдан аламын деген заңды сұрақ туындайды. Оған жауап бар, ол міне!
    mercedes
    мүмкін болса әрі қарай жаңа бұтақ бастаңыздаршы, 500 каменттен асқаннан кейін серверге де жүк көбейеді. түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет. автор пікір жазу мүмкіндігін жауып қойса екен осыдан кейін. рахмет.

    asaubota
    Gastarbaiter
    4-ақ күннің екі күні демалысқа түссе де 1100 рет қаралыпты мына тақырып. 500-ден аса комент жазыппыз.
    4500 рет қаралған Нақыл сөздер туралы тақырып солай белсенді боп еді.
    Админнің өтінішімен тақырып жабылды. Жазғы сылбырттыққа байланысты тағы ойнаймын десеңдер, Фильмді тап — 2 деп ашуға болады, Админді дұрыс түсінген болсам.
    Тақырып авторы пікір жазуға рұқсат бермейді