"SuperТой" - супер кино!

Кеше киноның алдын ала көрсетілімі болады деген соң бардым. Біреу біреуге, ол біреу Аршатқа, Аршат маған айтты. Шынын айтсам құрдастың көңілін қалдырмаймын деп бара салдым. «Е, құдай, біздікілер не түсіреді дейсің?» деген ой басым болды. Қателесіппін.

Киностан: SuperТой - супер кино!

Фильмнен алған алғашқы әсер «Керемет стеб!» («Керемет шымшыма әзіл!» деп жазғым келген, бірақ ол ойды толық аша алмайды, сондықтан бұл стеб"). Күнделікті өткір мәселелер жаңа қырынан әдемі жеткізілген. Және ол сюжетке әдемі өрілген. Өзім де аз күлетін адам емес едім, фильмді қарап отырып тіптен аузым жабылмады.

— Сен не киіп алғансың?
— Ұлттық киім!
— Бұл Шотландықтардың ұлттық киімі ақымақ!
— Біле білсең Шотландықтар да қазақтардан шыққан!


Фильм негізінен орыс тілінде жүрсе қазақи, тіпті ұлтшылдық бағытта. Әр қазақтың жан дүниесін (кеңдігін, мақтаншақтығын, әсіресілтеушілігін т.б. қасиеттерін) өте астарлы әзілмен жеткізген. Түсіну үшін кішкене интеллект пен «самостеб» ("өзін өзі әжуалау" деген тағы келмейді) керек. Бұл қазіргі өріп жүрген «псевдопатриоттарға» әрине ұнамайды. Сондықтан "құсық кино" деген пікірге сенбеңдер :)

— Мына жапон не істеп жатыр?
— Баласы жапон тілінен «төрт» алғаны үшін өзіне харакири істегелі жатыр!
— Ойбой, бізде сүйтетін болса мен қазір өзіме мың харакири істейтін шығармын...


Әрине, идея сондай супер жаңа емес. Тіпті кейбір жерде сюжеттің өрбуін тұспалдап біліп те отырдық. Кейбір жерін кей киноларға да ұқсаттық. Бірақ ішіндегі құрамы («наполнение» бүгін орысшаға шабыт ашылып тұр) өте жоғары деңгейде. Бұл барлық кемшіліктерін жауып тұр. Жұмыс. үй, банк, полиция, зиялы қауым, көше мәдениеті, той, понт, барлығы, барлығы сауатты қамтылған.

— Тойдың тізімінде неше адам болды?
— Жүз елу үш!
— Ойбай! Онысы несі? Ертең ел не айтады? Қосайық тағы, екі жүзге жеткізейік! Естіген елден ұят емес пе?


Егер «самокритикаң» дамыған болса, қазіргі қоғамға күле қарай алсаң барып қайтуға бек тұратын фильм. Ал типі #ұлтісімен айналысатын, әсірепатриот жандар жүйке жүйесін сақтау мақсатында бармағаны жөн. Ну, енді ұрынарға қара таппай жүрсең барып қайт, жамандайтын бір нәрсе керек қой.


kozildirik

Пенде

    Ұқсас посттар

    25 пікір

    ken
    Мынадай сюжетті де қосу керек еді:
    Қытайдың киімін киіп алған қыз көшеде әуретін жапқан қызды көріп қалып, қасындағы джинсы киген құрбысына ана қызды көрсетіп:
    — Қазақ қыздары бұлай киінбеген
    — Соны айтам-ау, үстіндегісі біздің ұлттық киім емес қой
    Basic
    жынды әзілдеп қояды екенсіз
    ken
    әзіл емес, қазіргі көрініс
    ken
    Немесе өзі санын жалтыратып отырып:
    — Қазақ қызы бұлай тұмшаланбаған
    Basic
    *lol* *lol* *lol*
    ken
    Бұндайлар ФБде толып жүр ғой, неужели көрмегенсіздер?))))
    RaymbekEgemberdiev
    Жаңылыспасам Бекмамбетов бір интервьюнда былай деген еді (жорамалдап) «Мен Америкада керек десеңіз президентті де, тарихи тұлғаларды да (Линкольн) мысқылдай аламын. Ал Қазақстан әлі ондайға (стебке) дайын емес». Осыны «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» киносы шыққаннан кейін айтты ау деймін шамасы. Мына фильм стеб болғанымен, ешкімге тимейтін стеб шығар деп жорамалдап отырмын, олай болмаса көрермендердің реакциясын көру қызық )
    Basic
    жақсы кино еді «Президент Линкольн: Охотник на вампиров».
    Basic
    ешкімге тимейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Бәстесеміз бе? Кемінде 100 адам өзіне қабылдайды :p
    RaymbekEgemberdiev
    Аршаттың постында көрдім, сізге уже тиіп кетіпті ))))
    Basic
    маған тиген жоқ))) сипап өткені болмаса. Ертең түкті әзиздерге тие ме дедім
    kozildirik
    Нацпаттарға точно тиеді))
    asaubota
    алдыңғы постымда жазғанымдай Келинка Сабинаны жамандағандарға өтпейді бұл фильм
    kozildirik
    Уже тиіп, стебты өз адрестеріне қабылдап жатқандар бар)))
    Nura
    шақырғасын өтірік мақтап
    kozildirik
    *lol**lol**lol*
    Бармай ақ қой өтірік мақтады десең. Маған не қыл дейсің?)))
    omarbirat
    Той операторының бейнесі шын өмірден алынған екен :) Трейлерден байқағаным
    asaubota
    скептик көзқараспен барғанымыз рас. бірақ киноның алғашқы минутынан ақ мықты екенін түсіндік
    PatriotKZ
    Мына киноны да казактын киносы деп тусирди ау (((((( онбагандар (((
    Altin
    Басты ролдегы жыгыт красавчик екен :*
    MeihuaZheng
    А меня подзатрахала свадебная тематика и склонность к комедиям.
    Стёб емес, нормальні ойландыратын триллер түсірмегесін, зайып уже
    kozildirik
    Осы саған не ұнайды? Біреу «шдюха». екіншісі «бездарный урод», тағы біреуі «неноделанный тип». Очм либо пить «антинегатив», либо выйти замуж. А то никто твои критики не будут воспринимать всерьез. Даже если они обьективные))))
    satibaldi
    Тарихтың тасақ беттері.

    1656 жылы Отто Герике былай жеп жазады:
    "… Сөз жоқ, Дантені әрбір үйге жеткізуге болады. Ол үшін әрбір сюжетін суретке салдырып, кейіпхердің басына — айтатын сөздерін жазу керек те, кітап қылып таратылады. Мәдениет сонда ғана бюргердің ермегіне емес, бұқараның жан дауасына айналады, Лауралар мен Петраркалар Anar70 сияқтылардың көмегінсіз-ақ жүректерге жетіп, хуйғамымыз бір зайырланып, бір кемелденіп қалар ма еді...".
    Сукі, киноны айтып тұрғаны ғой сонда бұл ғақылия физиктің.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.