Super Той – Super Ғой!

  • Автор
Киностан: Super Той – Super Ғой!
SuperТой фильмі таза пародия фильм. Техникалық тұрғыдан да бірнеше фильмге пародия байқауға болады, ал жалпы тұтастай алғанда біздің қоғамға пародия. Қоғамға, адам қатынастарына, түрлі әлеуметтік статустарға, дәстүрлерге пародия. Бәз біреулерге бұл ұнамауы мүмкін, негізінде ұлтшыл бағытта түсірілген «Келинка Сабинаны» түсінбегендер бұл фильмді де түсінбеуі мүмкін. Қазақты қорлау, салт-дәстүрді сыйламау сияқты сынға ұшырауын да күтемін. Дегенмен, түсінген адамға фильмдегі әр диалог өте жіңішке әзіл болып берілген. Басынан соңына дейін қыран-топан күлкі гарантия.

Нағыз қазақы комедия. Қазіргі қазақ қоғамы, қазіргі мәселелер, қазіргі әлеуметтік топтар, қазіргі таныс жағдайлар. Бұл фильмде шынымен бәрін көруге болады. Күлкі арқылы елдегі мәселелерді де көрсете алған. Мысалы көпбалалылардың баспана мәселесі, харакири арқылы тіл мәселесі, полиция-қылмыскер қатынастары, мәдени зиялылардың да қазақы понттары, желідегі лайкомания, банктен кредит мәселесі, той-бизнестегі дилетанттар сәтті әжуаланған. Маған фильмнің осы идеясы ұнады. Бұл жағынан сценаристерін құттықтау керек.

Актерлар құрамы да жақсы таңдалған. Сценаристердің идеясын жас актерлар жақсы жеткізе алды деп ойлаймын. Вайнер Нұрлан үшін де сәтті дебют болған сияқты, өз образын жақсы алып шықты.

Саундтректері де керемет. «Эй, лапылда» әні арқылы Назарбек жалпы бұл фильмді алдын ала жақсы жарнамалап болды. Оған кейін Ru-Me-дің тамаша музыкасы қосылды. Продюсерлер музыка бойынша жақсы таңдау жасаған.

Жалпы түсірілімі де сауатты шыққан. Соңғы кезде шыға бастаған қазақстандық фильмдер тек үкімет ақшасына ғана емес, инвесторлар арқылы да фильм түсіріп, касса жинауға болатынын дәлелдеп келе жатыр. Бұл жақсы үрдіс. Қазақ киносы үшін қуануға болады бұл тұрғыда. Сол тізбектің бір жалғасы деуге болады «SuperТой» фильмін.

Күлуі қиын мен сияқты адамды күлдіре алған болса – фильмді сәтті комедия деуге әбден болады. ;)




P.S қыздың боксшы ағасының образы кімге пародия?
Киностан: Super Той – Super Ғой!

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

19 пікір

MERmukhanov
өте жіңішке әзіл

Калькандыссс

Оте назик де))
asaubota
түрікше ойлайм мен :)
Marco
Көргесін барып бірдеңе дермін
Basic
Барам!!! Барам!!! Барам!!!
Basic
бар ғой… соңғы суреттегі алжапқыш тартқан… дұрыстап кимей ме киімін. Әуретін көрсетпей
RaymbekEgemberdiev
Вот міні, алғашқы сындар да басталды :)
ken
алжапқыш таққандыкінде бәрі дұрыс — кіндіктен төмен жағы жабық.
негізі біздің қоғамда керісінше жабық киім кигендерді сынау өте актуал. ашық кигенді сынайтындар болған күннің өзінде бірінші топтағылар секілді белсенді емес. сондықтан мына әзіліңіз онша келіспей тұр.
Basic
әзілдеуді сізге қалдырдым.
RaymbekEgemberdiev
Жағдай қуантарлық. Бірақ кинолар ауыл мен той маңынан бір шығып алса тамаша болар еді ))
kozildirik
Той дегенде тек қана той емес, бұл жалпы қоғамға пародия. Той тек сылтау ғана
RaymbekEgemberdiev
Әр жазылған пікірмен интрига артып жатыр)) күтеміз, көреміз )
omarbirat
Кризис білініп жатыр. Той дегенді кинодан ғана көру кезеңі басталған сияқты :)
omarbirat
Соңғы суретте ана қыз жігіттің белінен құшақтап тұрғанын бірден байқай алмай, аздап конфуз болып қалдым *lol*
asaubota
ол сурет кинодан емес, просто сол жігіттің суретін қоя салдым. кинода қыздың боксшы ағасы. түрін Пакьяоға ұқсатқан
omarbirat
Мына жерде де Пакьяоға ұқсап тұр.
asaubota
бүгін басталады кинотеатрларда
Basic
Киноға барайықшы, керекшілер
asaubota
Бәз біреулерге бұл ұнамауы мүмкін, негізінде ұлтшыл бағытта түсірілген «Келинка Сабинаны» түсінбегендер бұл фильмді де түсінбеуі мүмкін. Қазақты қорлау, салт-дәстүрді сыйламау сияқты сынға ұшырауын да күтемін.

деп едім. солай болып жатыр. түсінуге болады. әркімнің қабылдауы әртүрлі. самостеб әрқашан өте бермейді :)
RaymbekEgemberdiev
Өз басым «Келинка Сабина» фильмінің мынадан өлсе өлімтігі артық деп ойлаймын))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.