Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

  • Автор
Сәуір айында 5-маусымы басталатын Тақтардың ойыны сериалының биылғы алғашқы суреттері жарияланды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Спойлер болуы мүмкін!!!

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Дейенерис Таргариен

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Серсея және Мерин Трэнт — Король гвардиясының мүшесі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Тормунд Дәу Өлімі — тағы, Манс Шапқыншының адамдарының бірі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Арья Старк көйлек киген қыз болады деген ақпарат болған екен, бірақ олай болмайтын сияқты

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Томмен Баратеон – Король Роберт Баратеон мен Серсея Ланнистердің кіші ұлы, бірақ биологиялық әкесі әрине Джейме Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Мелисандра — сиқыршы, Асшай көлеңкелерінің дуалаушысы, Станнис Баратеонның кеңесшісі.

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Бриенна Тарт пен Подрик Пейннің сапарлары әлі жалғасатын сияқты

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Маргери Тиррел мен Серсея Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Әлсіздердің қорғаны, залымдардың жауы — Хай Спэрроу

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Доран Мартелл — Дорн принці, Күн Найзасының лорды, Дорнның бас лорды және билеушісі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Эллария Сэнд — өткен маусымда Тау өлтірген Оберин Мартеллдің көңілдесі және Арео Хотах — Доран Мартеллдің күзет басшысы (жаңа кейіпкер)

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Джон Сноу, Станнис Баратеон және Давос Сиворт

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Санса Старк пен Шынашақ

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Миссандея мен Сұр Құрт

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Өрмекші лақапты Варис және Тирион Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Русе Болтон, оның бастарды Рамси Болтон және Семіз Уолда Фрей (Русе Болтанның әйелі)

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Серсея мен Джейме
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

25 пікір

zholantai
трейлерінде Миссандея мен Сұр Құрт төсекте әуреленетін кадр бар,
asaubota
Сұр Құрт кесілмеген болып тұр ғо сонда :)
zholantai
Рамси Болтон өлер ме екен, осы сезонда?
zholantai
Бриенна Тарт пен Подрик Пейн қисынға сәйкес тебісулері керек,
asaubota
Подриктың шебер екенін көрдік, тіпті Тирионды таң қалдырған еді ;)
zholantai
мен өткен маусымында Бриеннаны айдап жібереді деп күткенмін,
asaubota
күтуін күттік, сценаристер осы маусымға қалдырған болуы керек. бірақ бәрі біз ойлағандай болмайтынын ескерейік. Подрик Тирионға подгонять етуі мүмкін
Ispek92
Киноның басты сюжеті жайлы айтып бересің бе? Торренттен қайта жазып, көрейін))))
zholantai
басты сюжеті деген қалай?
Ispek92
Жалпы кино не жайлы, басында көрген едім 2-3 серия, айдаҺардың не қатысы барын және әлгі мұзды аймаққа не үшін кететітін ұға алмадым. Жәй тақ үшін өзара талас па, сыртта жау жоқ па? т.б (Бәрі айтып жүргесін қайтадан көрсем бе деп ем, түсінуге тырысып көрейін деп, әліг «Начало»-дан жақсы шығар енд)))) )
zholantai
Начало да мықты.
Сериалдағы оқиға жеті патшалық арасындағы таласқа құрылған. Кек, билікке ұмтылу.
Екі әлем бар. Жабайылар әлемі мен жабайылардан қорқатын, үрейленетін әлем. Бұл екі әлемді мұз қабырға бөліп тұр. Жабайылар әлемі сол қабырғадан өтіп, екінші әлемді жаулап алғысы келеді. Ал, екінші әлем осы жабайыларға қарсы күресуді былай қойып, таққа келу үшін өзара қырқысып жатыр.
Ispek92
Сюжет мықты, ал жабайылармен соғыс бар ма? Әлде тек бірыңғай таққа талас па? Қайтадан көретін болдым…
zholantai
жабайылармен соғыс бар, фильмнің өзі сол жабайылар әлемінде болып жатқан түсінуге үрейлі, халық сенгісі келмейтін, бірақ сенуге мәжбүрлейтін кадрлармен басталады
Adiletshu
Есімдері есіңді қапты. Мен гуглдетіп шықтым кімдер туралы айтып жатқаныңды білу үшін
asaubota
жақсы энциклопедия 7kingdoms.ru/wiki/
zholantai
Сүлейменнің тұрағы, осындан шықпайды әйтеуір :)
patick
Спойлер болуы мүмкін!
Қазір кітабында как раз 4-ші маусымынан кейінгі оқиғаларды оқып жатырмын. Шынын айту керек, сериал ұзарған сайын түпнұсқадан біршама алыстап барады. Сюжетте ғана емес, кейіпкерлердің де айырмашылықтары жетерлік. Мысалы:
1. Томмен Баратеон кітапта томпақтау, жылауық бала деп сипатталады. Сериалда керісінше арық.
2. Доран Мартелл кітапта семіз, аурушаң, өздігінен жүре алмайтын адам. Сосын қорқақтау, шешім қабылдай алмай ұзақ ойланады. Ал сериалда жауынгер кейпінде болатын сияқты.
3. Подриктің кітаптағы жасы 12-13. Сериалдағы түріне қарап жиырмада дерсің.

Жалпы кітап пен сериалдағы кейіпкерлердің жастары сәйкеспейді. Мысалы, Нед Старк 35- те, Серсеяның жасы 24-25-те болған.
zholantai
киімдері демекші, Джейми Ланнистердің жағасы шілтерленген көйлегі қатты ұнаған еді,
Ispek92
Жетіп алдым саған, мықты сериал екен… көзімді аштың))) кітабын оқыдың ба?
zholantai
оқып бастап, тастап кеттім,
монитордан ұзақ кітап оқу қиын маған
кітабын алып, не мәтінін печаттап алып оқымасам
Daniar-Alan
Үшінші сезонды бастап жатырмын :)
asaubota
суреттегі кадрлардың бәрін көріп өттік уже
Ispek92
Ширенді құрбан етеді дейді… неге? Сүйкімді балақай, Мелисандра да жүрек жоқ ау(((
Ispek92
5-ші маусымда Старктің кіші ұлдарын көрсетпегені қызық боп тұр, Брандон қалай ұшар екен? Варг сөзі Ванга сөзімен ұқсастығы да қызық ия)
zholantai
бесінші маусымының әр эпизодын тағатсыздан күтіп жүрмегендерің үшін бесінші маусымындағы осы уақытқа дейінгі көрсеткендерін спойлерлеп кетейін бе, осында
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.