Samsung Galaxy SII видео өңдеуі

  • Автор


Астанадағы «Мінбер» тренингіндегі бір сәт қой.

Samsung Galaxy SII телефоны қолыма тигеніне біраз болса да ішінде видео өңдейтін бағдарламасы барын таяуда білдім. Әдетте видеоны flip камерамен түсіретіндіктен мән бермей жүргенмін.

Содан тексеріп көрейін деп, қоссам, телефонымда бұрын түсірілген үш қысқа видео шыға келді. Шаблон мен темасын таңдаған соң, жоғарыдағыдай видео әзірленді.

Кемшілігі автоматты түрде қосылатын әуеннің дауысын азайту мүмкіндігі қарастырылмаған екен. Сосын өзіңнің шаблондарыңды қоса алмайсың. Дайынын ғана қолданасың.

Келесі жолы бұйырса, Android немесе Apple негізіндегі телефон арқылы үнхабарды оңай, тез жасаудың жолын көрсетпекпін.

пысы. Егер видеодағы кісілерге ұнамаса, видеоны инеттен алып тастайын. :)

Ұқсас посттар

3 пікір

serjan
Аршаттан кейін сөйлеген кім?
19852407
Серікқазы Кәкібаланов
19852407
«Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.