Керектің Саяси Болжамдар Орталығы. Мүшейра-2

  • Автор
Сұрақ: Парламент Сайлауынан кейін Премьер-министр кім болады?

Алғашқы дұрыс жауап иесіне сыйлық — өзі көрсеткен оператордың 5 000 бірлігі.

Бір қолданушының тек бір ғана болжамы қабылданады. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бірақ қызықты сараптама, логикалық тұжырым иесі кішкене арнайы сыйлығымыз бар. Орысша ресурстардан аударып салған қолданушыны Масқара Тақтасына іліп, лағынет айтамыз.

Мүшейра жаңа премьер-министрдің кәндәлеттігі ұсынылған/қарастырылған тұста бітеді. Президент, Парламент бекіткен-бекітпегенін күтпейміз: қаззақтарда ондай болып көрмеген, жүрегіміз ұшып кетіп жүрер нақ.

Бастаңыздар! Нелерің кетті, ұра беріңдер!
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    83 пікір

    e_zhalgas
    Мәсімов өз орнында қалады десем, ешкімнің жалған намысын таптап кетпеймін бе?!  Ибо, мұртист ағамыз Жаңаөзен оқиғасында бет көрсетпей, яки пиары мен имиджына дақ түсірмеген жалғыз сопақбас болып отыр. Олимптің алыбы, уақыт суытпай, оның менеджерлік және кризистің алдын алушылық қасиетін ауызға алып (упс! сорри) тұрады.

    Қысқасы, Мәсімов қалады! Бір косяк жасап қоймағанынша, әрине.
    Орнын ауыстыратын адам да байқалмайды. Көлеңкеден біреудің қуыршағы атып шығып келмесе.
    AsanQaigy
    Незаменимый адам болмайды
    Daniar-Alan
    ал Сатыпалды 5 000 бірлігіңді дайында. Масимовтың қалатынын ең алғаш е-жалғас айтты…
    araika
    Жалғас, 5000 бірлік құтты болсын! Егер түссе
    Nurgisa
    Isekeshev
    Nurgisa
    Masimov kuieubalanyn koaliciasynan. En uzak otyrgan PM-nan sharshai bastadyk. Stagnacia kauip emes, realiaga ainalyp jatyr, al. Industrialyk orkendeuge, innovacialarga parmen kandai, ekpin kandai… Jana ondiris oshaktary, olardyn uzdiksiz onim berui siakty makroekonomikalyk korsetkishterge den koilatyn siakty. Masimov ekonomist, al industrialyk jobalardy o bastan Aset oz bakylaui men uysynan shygargan emes. Bugan dein abyroyi asa lastala koimagan, kozge kop iline berudi kup kore koimaitndardan.
    e_zhalgas
    мүмкін! бірақ, күйеубаланы анафемаға беріп емес, қайта кейбір келеңсіз оқиға өрбуінен құтқарып та қалып отырғанын ескеріп, есептен шығармаған жөн

    короче, фиг их поймет!
    VKM
    Масқара Тақтасына іліп, лағынет айтамыз.
    Armanjan
    Өмірзақ Шөкеев. нақты әрі соңғы жауабым.
    VKM
    ол Самұрық-Қазынаға бастық болды емес пе?
    Abilakim
    Нұрлан Нығматуллин
    Nurgisa
    Ol koken Parlament speakeri bolgaly jatyr, katelespesem.
    User
    қателескен жоқсың))
    satibaldi
    Батырып-батырып айтып, құрған есімнен бөтен, аз-мұз тұжыырым жасаай отырыңыздар, ағайын. Саяси болжам — ширк емес, уа буддажар болғыр иісі христиан халайық, тап жаңа ол туралы пәтуа шықты!!!
    Armanjan
    Күйеу бала мен Өмірзақ Шөкеевтің бәсі жоғары тұр басқаларынан, бірақ күйеу баласы саясатқа онша көп кіріп кетпегендіктен, Өмекеңді алға жіберіп біраз күтуі мүмкін, бірақ бәрібір көп уақыт оздырмай күйеу баланың «тасы» өрге домалайын дев тұр!!!
    Gulistan
    Кімнің күйеу баласы?
    Armanjan
    папамыздың күйеу баласын айтам ойбай…
    Maya
    Аслан Мусин болатын шығар.
    satibaldi
    Шығары несі? Болад деп айт.
    Maya
    Түуууу, Саке, сізде қоймайды екенсіз  «БОЛАДЫ»
    Zhan
    Саяси болжам — ширк емес
     Бұрын Шөкеев келетін шығар деп ойлайтынмын. Бірақ, ол уже ана постқа кетті.
    Е, қойшы, Саясат Бақытгерейч барда не қам бар? Рахат, елімнің саяси тағдыры туралы ойланып басымды қатырмаймын.
    Kipshakkyzy
    Меніңше, өз орнында мұрты бар Кәрім ағай қала беретін сияқты. Жалғас айтпақшы «бір косяк жасап қоймағанынша»
    TERISKEY
    Сатекеңнің қауымдастығының атына да ырза боласың:
    www.kerekinfo.kz/blog/karlmarxdaskapitalkritikderpolitischenoekonomie
    Zhan
    karlmarxdaskapitalkritikderpolitischenoekonomie
    Естімеген елде көп.  Мен мынадай атауды қырық жыл кітап қопарып толғансам да ойлап таба алмас едім,
    serjan
    Ешкім ойламаған бір кандидат келекді: Екі адам ұсынсам бола ма? Қ.Келімбетов, немесе аяқ астынан А.Есімов келуі де мүмкін.
    KILYZAMAN
    Қойырптпақтың ішінен дәнек іздеп *нектерің ісіп кеткен жоқпа? Бәрі сатылып немесе Сатыбалдылардың жиіркенішті пендегшілігі айқындала бастады емеспе(Төлепбергендер бар Төлепқойғандар бар). Қауымсыз — қауынсыз(Капустасыз) қалатынын түсінген Жемірлердің бірі өліп бір қалса да мейлі — бүтіндікті ойлайықшы
    gunner
    Шамасы ,қансонарда арғымақтың құйтырқы жымысқы,әгәрки ақшомшы шөншіктен Абайдың
    Көрдің қадір құдыретін,
    Білсін даю сұңғатын,
    Мұстапаның үммәтін,
    Мұндағы ташырық қылдия

    Деген өлең жолдарында көрініс табады емес пе ,Қилеке?
    KILYZAMAN
    Санасын санына ұрып сарыған кезі болса керек...
    Janasil

    Әсет Исекешов.
    Janasil
    Бір кісінің орнын түбі осы кісі басып қалатын секілді.
    Janasil
    ҚР бірінші вице-премьерінің міндеттерін атқарувице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке жүктелді, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

    kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=117393

    Бір табан жақындай түсті.
    balzaminka
    Нұрлан Құлбатыров деп креслоны соған шақыра берейін
    Armanjan
    Сатекеңнің бес мыңы кімге бұйыратынын да болжай отырған дұрыс сияқты. (Жалғасқа бұйыра ма деген болжам бар, иә болжам))
    nurbergen_makym
    "Өткелде ат ауыстырмайды" дегенді ҚР Президенті де білетін шығар. Онымен қоса, «премьер-министр болып қалуы мүмкін» үміткерлер арасында К.Мәсімов аты жиі аталады. Тимур Құлыбаев пен Өмірзақ Шөкеев кандидатуралары да ұсынылып қалуы кәдік, делінген-тін, бұған дейін, бұл мәселе көтерілгенде. Десек те, соңғы оқиғалар аталған екі үміткердің тағдырын басқаша шешті. Өзім Аслан Есболайұлы келуі мүмкін деп ойласам да, Мәсімовтың кете қою неғайбыл деп ойлаймын. Әйтпесе, Құлыбаев позициясы тіптен жермен-жексен болатын сияқТ.
    KILYZAMAN
    Мәсімовтың кете қою неғайбыл
    — қытайландыру кезіндегі
    "Өткелде ат ауыстырмайды"
    — тұжырымының орынтаптығына Күлбике әжемнің ширатылып оарлған орамалы тиіп кетпесе…
    kokbori
    Мәсімібің мәсін киіп кетейін деп тұр ғой, қатшы болатын шығар. Тақтан түскеннің бәрі сонда ұшады ғо. Енді нұрланған Қазақстанға Нұрлан Нығыметуллин келіп, одан әрі нұрландырмаса
    AsanQaigy
    satibaldi
    Саудабаевтан премьер шықққанша, VKM -нан боксер шығар.
    VKM
    Бәрі мүмкін,Өскеменде жүргенде папамның грушасын біраз ұратынмын)
    AL-ASTER
    Тимур Құлыбаев келетін шығар.
    asaubota
    соншама айлығы жақсы, мықты жұмыс па не соншама болжам жасап, тіпті арнайы тақырып ашатындай?
    AL-ASTER
    Букмекерде отқандай болдық қой. Тек на халяву болжам жасап отырмын.)
    patick
    Ресми жалақы 5 000 доллар.
    asaubota
    йоппппптваймайт! айтпадыңдар ма, мен де резюме лақтырып көрер едім.
    asaubota
    дұрыс түсінбей қалсаңдар кешірерсіңдер, ана бірінші сөз боқтау емес қатты таңдануды білдіреді.
    Zhan
    Ақталма, бәрібір бір тәулік зынданға отырып шығу жазасы күтіп тұр сені.
    Marco
    жоқ, ол «умрем за царя» дегенді білдіреді)))
    Adiletshu
    Қайрат Келімбетов
    sabalak
    Мәсімов қайта келетін шығар деп ойлаймын!
    satibaldi
    Оу асхана политтехнологтары, болжам, болжам!
    asaubota
    Самат Смаков!
    satibaldi
    Abilakim
    Түсіндіре кетсем,Қарағанды облысы бұл кісінің алдындағы әкім Нұрланға да тамаша трамплин болған еді.Елбасымыздың қатысуымен Қарағандыда жаңа мешіт, мұз сарайы, теннис залы, және боксшылар орталығы ашылды. Серік ағамыздың Сара әпкемізге де туыстық жақындығын тағы қосыңыз
    Economist
    Негізі Жаңаөзен оқиғасынан кейін Үкімет басына ел сенетін адамды отырғызатын сияқты. Өйткені бұл олардың минусы болды. Сондықтан қалған абыройды шашпай, елді біріктіру үшін, халыққа сенімді, көпшілік қабылдайтын кадр әкелетін болар.
    Қай тұрғыдан алсақ та Жаңаөзен оқиғасы қоғамға жаңа леп әкелді деп ойлаймын. НАН Үкіметті, жергілікті меморгандарды халықпен жұмыс істей алмайды деп жығып берді. Келесі жасақталатын Үкімет Мәсімовтің командасынан гөрі халыққа бір табан жақын болуы енді заңды болатын болды. Материалда Масимов кетеді деген астарлы сілтеме бар деп ойламайсыздар ма?
    Келімбетов пен Ахметов сияқты. Мүмкін Тасмағамбетов? БҚО басшысыз отыр, оған кім баратынын…
    araika
    Менің ойымша, Мәсімов кетеді. (Кетуге тиіс!). Ал орнына мұрты жоқ келеді(кеше бір сәуегей солай деді), бұл болуы мүмкін Исекешов немесе Тасмағанбетов. Исекешовтің болу мүмкіндігі жоғары, алайда Тасмағанбетовтің де тасада қалуы мүмкін емес.
    Ал Тимур Құлыбаев келетін болса, президенттің ұстанған «саясатын» қазбаламай-ақ қойсақ та жеткілікті.
    Қысқасы, Тасмағанбетов орынтаққа ие болады.
    satibaldi
    Тасмағанбетовтің де тасада қалуы мүмкін емес
    деген ұйқас үшін болжам жазып, ай осы қаззақ жарад нақ.
    araika
    Салыстырмалы түрде кетті, негізі тасы өрге домалайды деп жазайын дегем
    Болашақ президент ретінде де мен сол кісіні көргім келеді, сол себепті де әр қаланың әкімі болып жүргеннен, премьер-министр болғанын құп көрдім. Оған қоса, сәуегей ақ шашты деп айтып қалған, Иманғали қара шаштылардың қатарынан емес қой деп осындай болжам жасалынды
    konvict
    Бағана Қазақстаннан көрсеткен жаңалықта Мәсімовты мақтады. Сірә, орнынан кетпейтін секілді
    asaubota
    алдын ала белгілі болған ғой онда
    Economist
    НО қалдыратын сияқты ғой. Тінікеев твиттерде соны ұсынып жатқандықтарын айтыпты
    Daniar-Alan
    www.baq.kz/kaz/news/cat/1/8233

    Үкіметке сенім білдіріпті ғоооойй…
    satibaldi
    Не болд, аптығың басылып қалды ма? Уайымдамасайш біреудің жүлдесін, асықпа.
    Daniar-Alan
    әшин айтқан сөзіңнен тайқып кетпе деп айтп атқаным ғооо
    satibaldi
    Тайқап кеткен кезім болған жоқ та, біздікі Ағылшын Банкі ғой нақ. Сен қорықпашы енді.
    edige
    Азап Пирушев? Болат Әбілов?
    satibaldi
    Космостан «Хабблға» бірдеңе жабысып түсті деп еді, сен бе едің, боғіреееееем!!!
    Jacqabaies_Chirac
    әлгі лағманшы мұртты біреу бар еді ғой нақ сол болад дейд бүгін таңғы астан кейін септикке тастаған құмалақтарым
    Bakitoral
    бұнда саясат дін туралы жазбаңдар деп ескерткен сияқты едіңдер, саясат туралы жазуға болады екен ғой, жақсы
    danakyz
    сонымен бес мыңдық иесін тауыппеді???!!!
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.