Қазақша слоган

  • Автор
Гаста айтқандай, неше түрлі креативті жарнамалар бар екен,
«Мы строим, Вы наслаждаетесь!» деген ұранды қазақшалап көріңіздерші.
Біреулер былай депті:


sigma

Қисық сөйлеп, түзу жүретін бір пенде

    Ұқсас посттар

    30 пікір

    kokbori
    Біз ашыламыз, Сіздер бірден қол саласыздар
    Жаңадан ашыла бастаған «Лидер» минимаркеті
    satibaldi
    Бордельдің жарнамасы, епті.
    Aizhantabyn
    Бізден — бейнет, сізге — зейнет))))
    araika
    Біз тұрғызамыз, сіз рахаттанасыз!
    dark_nazgul
    Виаграның жарнамасы ма?
    araika
     Хайвиллге тікелей ғой, билбордтары өртейді мені
    meirzhan
    Смайл шатастырып алған сияқтысың (алғашқысын айтам). Хайвилл деген не екенін түсіндіріп жіберші.
    araika
    Құрылыс компаниясы қысқаша
    dark_nazgul
    Арай, кешір, бірақ күлкімді әлі тия алмай отырмын
    araika
    «Мы строим, Вы наслаждаетесь!» деген ұранды қазақшалап көріңіздерші.
    Менікі, дәмдеуіштерсіз әзірленген тамақ
    meirzhan
    Алғашқы аударма нұсқасы мәдениетті ме дедім.
    araika
    Бәрі де мәдениетті, кінә — жағаласқан ойларда болар. Шырайды қолдана білсең, басқаша түсінікпен қабылдар едік
    meirzhan
    Ойларымды жағаластырмашы
    meirzhan
    Негізі тура аударып та керегі жоқ еді, жай ғана жарнамаға тапсырыс берушілер қазақ тілді жарнамистер мен криэйторларға тиын аяп қалған секілді. Әйтпесе бар ғой бізде Арай мен Жалғастар.
    Қазақша жарнама сәл басқашалау болу керек еді.
    Дегенменде «Біз қалаймыз — сіздер рахаттанасыздар» десе ештеңелері кетпейтін сияқты.
    dark_nazgul
    «Біз қалаймыз — сіздер рахаттанасыздар»
    мы хотим — вы кайфуете.
    точно, бордельдің жарнамасы.
    meirzhan
    Қалай аударсаң да андай боп шығады екен. Мүмкін мәселе біздің қабылдауымызда шығар. Андайлығымызда ғана емес, орысша аударып қабылдайтынымызда.
    dark_nazgul
    Мәселе, қандай слоган болса да, Хайвиллдің құрылыс компаниясы екенін көрсету керектігінде.
    Сенің ұсынғаныңды орысшаға аударғаным жай мысал үшін ғой, әйтпесе мен оны аудармай ақ, «біз қаласақ — сіздер рахаттанасыздар, қаламасақ — рахаттанбайсыңдар» деп ұқтым.
    meirzhan
     Хайвилл компаниясының клиенттен тәуелсіздік принципі шығар.
    araika
    Әйтпесе бар ғой бізде Арай мен Жалғастар.
    Жалғас тікелей эфирге шығамын деп, жұлдыз боп жұмыстан кетті-ау

    Ертең Керуендегі Хайвиллдің қыздарына бару керек болды
    MickThatsMyNick
     ФК Ақтөбенің ресми сайтындағы жарнаманы да алып тастау керек:
    kaspi_meruerti
    Біз тұрғызамыз — сіз рахаттанасыз! меніңше
    ruben
    Ресеймен болған ойында портегуездер осы слоганға зар болды ғой. Поштига-жарықтық аман болсын
    Armanjan
    "Қызмет бізден, жайлы көңіл сізден" деп қойса?
    Aldeken
    "Үй бізден, ақша сізден" болуы керек дұрысы…
    Abilakim
    «Папа, мама и я, спортивная семья» дегенді "әкем, шешем және мен, шетімізден спортсмен" деп аударғанды да көргенбіз
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.