Бітіруші түлек және жас маман туралы ойым

  • Автор

Маусымның басталуы Қазақстан үшін ерекше науқанның басталғанындай. Бұл өмірге жолдама беретін науқан десе де болады. Қанша түлек сынақтан өтті, қаншасы сүрінді, қаншасының сағы сынып, өмірден түңілді. ҰБТ басталғалы БАҚ сайрап жатыр, ағы бар, қарасы бар, тек анығы үлкен сұрақ астында, шара қолданып жатыр қанша ма. Бұл бөлек әңгіме.
Мектеп бітірушілер туралы біраз әңгіме естиміз, шыны керек 11 класты озат оқығандар сүрініп, сыбай салтаң жүргендер озып жатырғанын ел айтып отыр. ҰБТ басталарда -таныстарың жоқ па?- деп жүрген бір адам.
Мен бір-ақ нәрсе түсіндім.
Өз білімі жеткілікті түлек еш бөгетсіз біліміне сәйкес оқуға түсе алады.
Ал қалғаны бос далбаса әңгіме. Сатып алушыларда ми жоқ дер едім. Неге десеңіз, айтайын.
1 Алтын белгі. Осы алқа не үшін пайдалы деп ойлайсыз? Әрине еш көмегі жоқ. Олай дейтінім, бұрынрақта алтын белгі иесі емтихан тапсырмай ЖОО түсуші еді, қазір тапсырады. Конкурста қажет дейсіз бе? Алтын белгі алу үшін максимум балл жинау керек, конкурстан проблема болады деп ойламаймын. Тек сәндік үшін выпускнойда тағам десеңіз, шаруам жоқ. Нағыз „Алтын белгі„ иегері ҰБТдан сүрінбеуі тиіс.
2 Грант. Ресмиемес (халық аузынан) ақпараттан қанша тұратынын естіп жатамыз, ойлансаңыз төрт жылдық оқу ақшасы. Сондағы резон стипендия ма? Әлде әке-шешең -Менің балам грантта оқиды,„-деуі үшін бе?
3 Коммерциялық. Енді нағыз түсінбейтінім осы. Өздігінен 50 балл жинай алмау нағыз масқара емес пе? Өйткенше коледжге немесе КТМ-ге бара салмайды ма? Есесіне өз мамандығының иесі болып шығады.

Қазір қанша ЖОО түлегі, жұмыссыз жүр. Осының себептерінің бірі сапасыз мамандарда, әрине оқытушылар пәлен-түген деген әңгіме шығады. Бірақ әркім өзіне жауап беретін болса, ЖОО бітірген түлектер неге пайдаға аспайды деген сұраққа жауап ала алады. Себебі ЖОО оқу орнына жоғарыдағылар оқыса қайдан сапа болады?
Қанша ЖОО түлегі қара жұмыс жасап, жер қазып(тура мағынада) жүр. Осының бәрі неге? Себебі әр адам өз деңгейін біледі, дипломы бола тұра еңсесңн көтеріп, мына салада қызмет етейінші деп, мекемелердің табалдырығынан аттай алмайды. Содан келіп, жемқорлық, таныс-тамыр (ол да жоқ емес болар) деген әңгіме айтады.

Әрине Сіз басқаша ойлауыңыз мүмкін, бөлісе отырыңыздар

sigma

Қисық сөйлеп, түзу жүретін бір пенде

    Ұқсас посттар

    6 пікір

    KILYZAMAN
    Осының себептерінің бірі сапасыз мамандарда, әрине оқытушылар пәлен-түген деген әңгіме шығады. Бірақ әркім өзіне жауап беретін болса, ЖОО бітірген түлектер неге пайдаға аспайды деген сұраққа жауап ала алады. Себебі ЖОО оқу орнына жоғарыдағылар оқыса қайдан сапа болады?
    — Қайдан болсын?
    sigma
    Әр кім өз саласында профи болуы керек, ол мейлі сварщик болсын, механик болсын.
    Мысалға мен мұғаліммін, жүрген жерімде мен мұғаліммін деп айта аламын. машинам бар, бірақ бұзылса жөндей алмаймын, арнайы маманға алып барамын. Ол кісі өз мамандығының иесі, профи сол салада. Мысалға деймін, машинамды авто электрикке диангостика жасату үшін 3000-5000 теңге ақша қажет, ал диагностика 15 минуттық шаруа. Сонда ол кісі күніне 3 машина қабылдаса менен көп табады екен. Оған институт дипломы қажет емес, ол коллежд бітірді ол өз ісінің маманы болды.

    Неге біреуге ақы беріп ЖОО түсеміз, неге ақы беріп жұмысқа тұрамыз? Бәрібір ол қызметті істей алмайтын болса. Осыны түсіне алмаймын.
    Aldeken
    Мысалға деймін, машинамды авто электрикке диангостика жасату үшін 3000-5000 теңге ақша қажет, ал диагностика 15 минуттық шаруа. Сонда ол кісі күніне 3 машина қабылдаса менен көп табады екен.

    Бір жерден оқығанмын…
    Бір хирург СТО-ға келіп, машинасының моторын жөндетіпті.
    Содан дайын болған машинасын алып кетуге келгенде СТО-дағы слесарь әңгімеге тартқан екен.
    «Сіз хирургсіз бе?»
    «Ия»
    «Жүрекке операция жасайсыз ба?»
    «Жасаймын»
    «Бір операция үшін қанша ақы аласыз?»
    «20 000 доллар кемінде»
    «Мысалы мен машинаның моторын жөндеймін, былайша айтқанда, машинаның жүрегіне операция жасаймын ғой, бірақ, ол үшін алатын ақым әрі кеткенде 1000 доллар, ал сіз 20 000 долар, бұл қалай?»
    «Сен де мотор жөндеп 20 000 доллар алғың келе ме?»
    "Әрине"
    «Онда жүр» деп хирург слесарьды жетектеп, машинаға қарай әкеледі де, машинасын от алдырып, капотты ашып, жұмыс істеп тұрған моторды көрсетіп, «ал, жөнде» деген екен. Слесарь содан кейін келген жұртқа әңгіме айтпайтын болыпты…
    asaubota
    ЖООда оқитындар саны аз болуы керек. тек шынымен өз білімімен түсе алатындар ғана оқуы керек. сондай жағдайға жеткізу керек. әйтпесе қазір любой дурак оқып жүр, тіпті біреулерде 2 диплом бар!
    KILYZAMAN
    Ата-ананың да баласынан күтетін үміті мен қояр талабы сәйкес келмей жататын жерлер өте көп. «Балам ЖООда оқып жатыр» — деген көмескі даңғозалықтың қажеті жоқ ау осы.
    araika
    «Тек сәндік үшін выпускнойда тағам десеңіз, шаруам жоқ.»-соны тақпай-ақ сәнді көйлегімізбен жүрген әлдеқайда жақсы
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.