Твиттермен әлемді алдаған түрік

  • Автор

Твиттер арқылы бір түрік әлем және Түркия журналистерін мазақ қылды. Галатасарай клубы президенті болып өтірік аккаунт ашқан ол, кеше Галатасарай Атлетико Мадридтің ойыншысы Рейеспен келісті деп жазған еді. Осыны шынымен клуб басшысы жазды деп көптеген газеттер және сайттар жаңалық қылып жазған. Кейін ол әлемде 200-ге жақын жаңалыққа тақырып болдым деп мазақ қылған твит жазды. Сосын қай газеттер жазғанынсілтемелер арқылы беріп отырды, ішінде Түркияны санамағанда француз Le Equipe, испандық AS, Marca-лар бар.

Кейін бұл жігіт журналистерге арнайы мессадж тастады: "Іздестірмей, сенімді болмай, тегін жаңалық құрастырғанша, кішкене болса да еңбектеніңдер, әр көрген қиярларыңа тұз алып жүгірмеңдер" депті ол.

Біздің журналистерге де сабақ болсын деп жазып отырғаным ғой. Кішкене 5-6 жыл ерте жазып қойғанымды түсініп отырмын, бірақ журналистердің бәрі Орташа есеппен қазақ журналисті емес қой

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

24 пікір

konvict
Тегтер жынд!
Дұрыс істепті. Жеңілге дәндегендерге сол керек
AKY
5-6 жылдан кейін «Жұма күнгі боянндарға» сал))) А то ұмытып қалулары мүмкін)
konvict
Marca-ға ұят болған екен.
asaubota
twitter.com/#!/UnalAysal_ бұрынғы жазуларын қарасаң несерьезный екенін түсінуге болар еді
Nurgisa
Қызық, АҚШта өткен басқосулардың бірінде әлемдегі осы кілтипан жайы да сөз болып еді. Information validation — ақпараттың дәлдігін не олай еместігін қайнаркөзден сұрастырып білу мәселесі кемшін соғады екен. Көбіне, журналистер тарапынан не немқұрайлық, не эксклюзив беру талпынысындағы асығыстық алғышарт болады екен осы тектес тексерусіздіктерге. Есімде, соңғы сайлау науқандарында отандық кейбір сайттар осылай сүрінді. Омақаса құлады. Халық схавал…
asaubota
біздегі спорт сайттары да ақпаратты тексермей ұра береді. 1-2 рет мазақ қылғанбыз бұрын фанаттар форумында. өтірік жаңалықтар жазып едік Ақтөбе пәленше дегенді алып жатыр деп. аз уақыттан кейін жаңағы «жаңалық» спорт сайтында тұрды )))
Nurgisa
 қазір де ондай қармаққа ілінетіндер жоқ емес, бар шығар. Сенсацияның иісі бар әлдебір жаңалықты қазақыландырып, оны видеомен «көмкеріп» қойсаң түседі қақпанға ұлып жүрген небір көкжал неме
asaubota
әсіресе қазақтарды алдау оңай  бұрын майл.ру жабылады деп елді бір шулатып едім
Nurgisa
есімде  әй, сонда отандық біраз қазит кәдімгідей дірілдеген шығар, жұмыс поштасы сонда, «сайттары» сонда…
bazuka
осыны «Ақтөбе» газеті жазды ау дим)) басқаларын білмим оқымайтын болған соң
bazuka
сенсация жариялағысы келген журналисттер))
satibaldi
Ол ештеңе емес, бұрын біреу "Құранды ақыры өртеп тынды!" деген пост жариялап, АҚШ-тағы әулие әкейдің Құранды өртейм деген уәдесін орындағанын жазған.
Сонда журиктер ғана емес, көбіміз танитын «көті ашық, көкірегі ояу» азаматтар жарыса қарғап-сілеп каммент жазған нақ.
patick
Объективтілігімен, журналистке тән қасиеттерімен еш ерекшеленбейтін қазақ журналистері көзіме елестеп кетті, нақ
saken
алдап жатырған түрік, алданып жатырған Әлем. Бірақ мазаққа ілініп жатырған қазақ? не үшін? қазақ журналистері Әлемдік журналистерден ерекше болуы керек пе?
gunner
Өйткені бұл жерде бәрі орысша айтқанда-пиздец )). Өздері өз салаларында профессионал. Програмистінің жазған софты, сайты тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де қолданады, өзінің әріптестерін сынайтын журналистерінің жазған мақалалары сенсация жасап жүр күнде. Мұғалімдері үлгерімі ең төмен балаларды алға сүйрей алатын мықты педагог және психолог. Аудармашысы әлем әдебиеттерін аударып тастаған, керек десең түпнұсқасынан мықты аудармасы.

Әрине олар жаман болсын деп емес жақсы болсын деп сынайды. Бірақ асыра сілтеп жібереді көбіне.
Abilakim
бұныңа келіспеске болмайды, кейде шыбықтың басын қатты иіп жібереміз…
Gastarbaiter
Менің қателерім ең болмаса көміледі ғой © Дәрігердің архитекторға күлуі
Gastarbaiter
Былай ғой, Гунер мырза, әзіл қалжыңсыз, Бұқаралық Ақпарат Құралдарының дамуына сәйкес журналисттердің ұлттық және халықаалық деңгейдегі ықпалы да үлкен. Төртінші билікс. Демек, ондай қызметтің әлеуметтік жауапкершілігі де көптеген мамандықтардан бір бас жоғары.
Оған қоса, бұл жерде сықақ сізше айтқанда «пиздец» бола алмағандарға, Пулицерден құр алақандарға, әлемді мойындата алмағандарға емес, ақымақ қателіктер мен ашкөздікті әжуалауға бағытталған. Ал ондай қателіктер жасауға кәсіби ғана емес, саналы адам тұрғысында да журналисттің хақы жоқ деп ойлаймын.

Гюнер, видеоны қараңыз. Апайдың артында отырған әшкилі сақалды амигоға назар аударыңыз!
Бірден 1-13 минуттан бастап қараңыз
meirzhan
Журналистерге стеб екен.
zhanibek_nurish
Кішкене 5-6 жыл ерте жазып қойғанымды түсініп отырмын
, ауыр кетті,
Onlasyn
ішкене 5-6 жыл ерте жазып қойғанымды түсініп отырмын
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.