Керек-Ринг 19/11/17 қойылған сұрақтар

  • Автор
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/11/17 қойылған сұрақтар

1. 19 қараша — Халықаралық ИГРЕКтер күні. Алғаш рет 1999 жылы Тринидад пен Тобагода басталған бұл маңызды күнді қазір 60-тан астам ел қолдайды. ЮНЕСКО халықпен байланыс бөлімінінің басшысы Ингеборг Брейнес ханымның айтуынша бұл — гендерлік балансты жақсартатын тамаша идея. Жыл сайын арнайы бір тақырып белгіленіп семинарлар өтеді. Мысалы бір жылы бейбітшілік тақырыбы, бір жылы ИГРЕК денсаулығы, бір жылы ИГРЕКтердің позитив ролі. Жалпы алғанда ұйымдастырушылар ИГРЕКтердің мәселелерімен айналысады. Бүгін кімдерді құттықтауға болады осы күнмен?

2. Жақында Твиттер жазбалардағы символ санын 140-тан 280-ге көбейтті. Бірақ бәріне емес. Қандай қолданушылар үшін 140-тық лимит сол күйі қалды?

3. Үндістанда Болливудтан басқа да киноиндустриялар бар. Мысалы Ченнайдағы Колливуд, Андхра-Прадеш штатындағы Толливуд және Молливуд деген де киностудия бар. Бұлардың шығаратын фильмдерінің бір бірінен айырмашылығы неде?

4. 65 сөз, 2 шумақ, 2 қайырмадан құралған бір әннің мәтінінде 33 уникал сөз пайдаланылған. Ал ән атын құрайтын 2 сөз ән ішінде 11 рет кездеседі, жалпы әннің шамамен 33 пайызын құрайды. 14 сөздік қайырмасының 10 сөзін осы 2 сөз жабады. Ең аз сөз қолданылған қазақ әні атағына лайық бұл әнді атаңыз

5. Санкт-Петербургтегі бір сауда орталығында 2 спортшының үлкен суреттері ілінген. Екеуінде де қуанышты сәттері бейнеленген және екеуі бір біріне қарап тұрғандай. Біреуі Андрей Аршавин. Екіншісі кім?

6. 2004 жылғы бір кейіпкер ағылшынша испан акцентімен сөйлейді. Ал испанша дубляжында Андалусия акцентімен. Латын Америкасы нұсқасында Кастилья акцентімен. Кейіпкерді атаңыз

7. Алғашқы кәсіпқой ИКС хоккейші 1958 жылы алаңға шықты. Ал одан кейінгісі тек 1974 жылы. Қазір де аз болса да кей командаларда мұндай ойыншылар бар. Бірақ көбіне қақпашы, қорғаушы позицияларында. ИКС хоккейшілердің басқа хоккейшілерден айырмашылығы неде?

8. Түрік мақалы. Там үстінде жарты нан

9. Юморист Константин Мелиханның пікірінше жас бойдақ үйіне қыз әкелу үшін үйін жинайды. Ал егде бойдақ не істейді? Юмористің ойын жалғастырыңыз

10. Бір итальян рестораны қонақтарына күнде сауалнама ұсынады. Мысалы былай жазылған: Кеше Гарри Поттер мен Жүзіктердің әміршісінің қайсысы мықты екенін таңдадық. Бүгінгі сұрағымыз: Айфон ба, Андроид па? Ресторанның бұл сауалнамаларындағы дауыстар кімдер үшін пайдалы?

11. Танымал карикатурист Павел Кучинскидің 2016 жылы салған бір карикатурасында көк төсеніш үстінде дөңгелене отырған сары киім киген 11 балаға бір атай ертегі оқып отыр. Ал ақ киімді бір бала теріс бұрылып басқа кітап оқып отыр. Суреттің атын нақты атаңыз

12. 2015 жылдың басында болған бір оқиғадан кейін Парижде 14 қаңтар сәрсенбі күні 15 минут ішінде 3 млн дана түгел сатылып, Францияда бір сала бойынша сатылым рекорды орнады. Жұма күніне 5 млн дана дайын болады делінді, ал жексенбіге 7 млн. Әр данасы 3 евролық не сатылған еді?

13. Барселонадағы бір күлкі театрында әр орындықтың артында планшет орналастырылған. Бұл технология арқылы әр адам қойылымның ақысын әділ төлейді, алдындағы планшет арқылы есебін қарап. Планшеттің қызметін түсіндіріңіз

14. Исраил Арсамаков атты Олимпиада чемпионы ауыратлеттен бір күні анасы сұрапты: «ТВде Олимпиада көрсетіп жатыр. Сен неге бармадың?». Чемпионның жауабын жазыңыз

15. Биткоин — құпия төлемдер жасауға болатын танымал криптовалюта. Ньюсвик журналы биткоин туралы кеңінен жазылған бір номерінің мұқабасында биткоинның символын басқаша көрсетеді. Мұқабада криптовалюта символы қандай түрде көрсетілді?

16. peugeot.com сайтындағы бір бетте ешқандай мәтіндік ақпарат жоқ, тек машина суреті ғана бар. Машинаның моделін атаңыз

17. Бір карикатурада Пепси мен Кока коланы қандай ортақ атпен аталғанын электрон музыка жанрында танымал британ дуэтының атымен атаңыз

18. Бір пицца түрінің жасалуының соңғы кезеңінде ыстық пиццаның ортасына шикі жұмыртқа құйылады. Жұмыртқа ыстық пицца үстінде жайылып піседі. Пицца қай қаланың атымен аталады?

19. Каддафидің коммунистік тезистерге толы Жасыл кітабын сыншылар неге ұқсатады?

20. Ат жарыстарында аттарға бәс тігу жарыс басталғанға дейін қабылданады. Ал кей жағдайларда жарыс аяқталғаннан кейін. Ол қандай жағдай? Бір әріппен басталатын 2 сөзбен жауап беріңіз
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

4 пікір

MERmukhanov
жақсы ойын болды!
asaubota
көптен болмаған ойынға біраз адам келе ме деп барынша қызық сұрақтар дайындағам. уже желание жоқ ондай. лучше 2 топқа арнап ойнаған дұрыс сияқты, взностарды алдын ала жинап және көлемді қылып
merekeee
«Ойлай берме» ме сонда?
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.