"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

  • Автор
«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналымның кезекті ойыны өтті. Қонаққа келген «Бақсы» командасы (Алдан Жылгелді, Абылай Әділханов, жаңа құрамда — Ерлан Оспан, Айымзада Сәндібаева) 4:7 есебімен жеңіліп қалды.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
1.Бірінші сұрақ. Философ Лосевтің пікірінше, этиканың АЛЬФАсы жақсылық пен жамандықтың шекарасын анықтаудан тұрады. Имам Мәмлүк Мұсаевтың айтуынша, қияметтің АЛЬФАсы — намаз. Психолог Римантас Кочюнастың ойынша, клиентпен кездесуде АЛЬФА құқығы консультантқа тиесілі. АЛЬФАны екі сөзбен атаңыз.

2.Интернеттік сленг құдіреті ме, осы жекпе-жек спорт түрінен бүкіләлемдік федерация өз атауын өзгертуге мәжбүр болды. Қандай спорт?

3.Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам /мүжіліп/, жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,
Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.
Қазақ жұмбағы бұлай қандай процесс жайлы айтқан?

4.2013 жылы Прагада Чемпиондар лигасының жеңімпазы Андрей Шевченко, әлем чемпионы Роналдо, екі дүркін Олимпиада чемпионы, тау шаңғышысы Альберто Томба, «Үлкен дулыға» иегері Рафаэль Надаль, әлем және Олимпиада чемпионы, көгалдағы хоккейші Фатима Морейро де Мела қайырымдылық мақсатта Х-тен турнирге қатысты. Шевченко 2005 жылы Чемпиондар Лигасында Х істеген, ал Роналдо Бразилия үшін ешқашан Х жасамаған. Х-ті атаңыз.

5.Карталармен ойналатын «ойынында» ойыншыға шайқастар, әзәззілдік шиеленістер жасау және билікті бөлу арқылы 15 билік жетонын жинап алу керек. Алдыңғы сөйлемде қандай сөз тастап кеттік?

6.Өткен ғасырдың ортасында Еуропаның кей елдерінде символы — түйенің қаңқасы болып табылатын адамдардың өзіне қатысты әлеуметтік акциялар өтті. Ал ол акциялар неге / неге қарсы бағытталған?

7.«Буракумин» атты жапон кастасының ұрпақтары бүгінгі күні де жиі «таза емес» еңбекпен айналысады. Қазір олардың біразы алғашқылары ХХ ғасырдың ортасында пайда болған зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындарда жұмыс жасайды.

8.Бұл кеңестік фильмнің титрлеріндегі заманауи шрифт шіркеулік славян қаріптермен кезектесіп келеді. Фильмді атаңыз.

9.«Қазақ қызы ұзатылғанша, негізінде, екі-ақ түрлі жұмыс істейді: /сөздер қалдырылған/, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады» дейді Ғабит Мүсірепов. Кең таралған қазақ әнін еске ала отырып, тағы не істейтінін табыңыз.

10.Ньюфаундленд аралындағы Гандер қалашығы өткен ғасырдың 50 жылдары (әуе жолын игеруде) жоғары маңыздағы қала болатын, бірақ техниканың дамуымен өз маңызын жоғалтты. Алайда бірде (жаңа ғасырда) Гандер тағы да маңызды рөл ойнады. Гандердегі халық саны уақытша бір жарым еседен артық көбейген күнді — датаны нақты атаңыз.

11.Камагуэйдің тумасы Оскар Рене́ Бра́йсон Вида́ль — Бейжің Олимипиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Орталық америка және кариб бассейні ойындарының чемпионы, Панамерика ойындарының екі мәрте жеңімпазы. Оның тағы қандай атағы бар екенін табыңыз.

Ойын аудиосын осы сілтемеден тыңдауға болады.
MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.