"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 2 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар

  • Автор
Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 2 қыркүйектегі шығарылымында 2-айналым жалғасты. Қонаққа келген «4ФМ» командасы 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 2 қыркүйектегі шығарылымындағы сұрақтар
Әзілкештердің айтуы бойынша, бойдақтардың көпшілігі сұлу, ақылды және қамқор әйелі болғанын армандайды. Сол тұжырымға сенсек, үйленген еркектердің көпшілігі не армандайды?

Аңызды тыңдаңыз. Бірде Бодхидхарма 9 жыл бойы үңгірде дуал қабырғаға қарап, медитация жасайды. Бір уақытта ол сергек отыра алмайтынан, ұйықтап бара жатқанын түсініп, өз қабағын кесіп алады. Кесіп алады да, лақтырып тастайды. Лақтырылған жерде не өсіп шығады?

Қазақ жұмбағын шешіңіз:
Жалғанда бір нәрсенің үш аузы бар,
Екі аузы тар, бір аузы адам жұтар.
Көз салып айналама қарап тұрсам,
Халайық адамзаттың бәрін де бар?

Осы аптада Останкинода гроссмейстер Юрий Авербах пен разрядшы Михаил Осиповтың арасында шахмат матчы өтті. Жеңіске Михаил Осипов жетті. Олардың, шахматшылардың бір көрсеткіш бойынша айырмашылығы 91-ге тең. Ол қандай көрсеткіш?

«Иллюзионист» мультфильмінде аспаз әйел бас кейіпкерге майлы, нәрлі көже ұсынады. Кенеулі түскі ас дәмесінен туған шаттық сезімін фокусшының ОНЫ таба алмауы ғана қапа қылып, тұмшалап тұр еді. НЕНі таба алмайды ол?

Кеңес кезеңінде Қазақстанда мұндай маңызды оқиға 1926 жылы, 1937 жылы және 1978 жылы орын алды. Ал тәуелсіз алғаш Қазақстан мұны 1993 жылы жасады. Қандай оқиға?

Бір қатыгез шах Бұқарада жұбайын жазалауға бекінеді. Өлім күткен жазалау орнына әйел әсем көйлектері мен белдемшелерін киіп келеді және ерінің үкімін өзі орындайды, әйтсе де тірі қалады. Бұл тапқыр әйел өз киімін не есебінде пайдаланады?

Кәдірбек Сегізбайұлының 1976 жылғы әңгімесінен әр жерінен үзінді келтірейін.
«Ол бүгін ала-таңмен таласа тұрып… бұрын сатып алып қойған киімдерін де өзі тауып алды.… Екі-үш айтқызбай жуа қоймайтын беті-қолын да сабындап әбден тазалады… Оның таңертеңгі асын да жөндеп іше алмай алабұртып отырғанын Нұрбек жақсы аңғарған. Ақыры Әмір жылдай созылып кеткен соңғы сағаттың шабандығына зығырданы қайнағандай аулаға шығып кетті. Сол кезде ақ күшігі күндегі әдеті бойынша өзен жағалап, балық аулаймыз ба, немесе асыр салып, доп қуамыз ба дегендей аяғына орала берді. «Жоқ, Саққұлақ, енді екеуміздің бірге ойнауымыз ұяттау болады...»
Әңгіменің атауын екі сөзбен атаңыз.

Бірнеше жыл бұрын желіде белгіді компаниялардың дағдарыстық логотиптерінің жинағы пайда болды. Кризиске байланысты, мысалы, «Apple» компаниясының логосы екі жағынан тістелген алма түрінде бейнеленді. Логотипі жазудың соңына қарай бұлдырайтын (грекше атаулы) компанияны атаңыз.

Борис Акуниннің театр туралы романы бар. Сол кітаптың иллюстрациясында Акуниннің өзі өзге әртістермен бірге бейнеленген. Кімнің кейпінде?

Ибн Аббастың жеткізуі бойынша, «Алла елшісі аяғымен қойдың тұмсығын басып, БІРДЕҢЕ ІСТЕП ТҰРҒАН адамның жанынан өтіп бара жатады. Ал қой әлгі адамға қарап жатады. Пайғамбарол адамнан: «Жануарды жерге жатқызардан бұрын жасамадың ба мұныңды? Сен оны екі мәрте өлтіргің келе ме?!» дейді. Адам не істеп тұрған?
Тікелей эфир видеолары фейсбукте және инстаграмда шыққан болатын.
Ойын аудиосын мына сілтемеден ресми сайттан тыңдай аласыздар.
MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.