"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 10 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 10-шығарылымына «Брейнсторм» командасы қатысып, 2-айналымды бастады. Есеп 6:5.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 10 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар
1. Танымал футбол клубының атын латын тілінен аударғанда жастық деген мағынаны білдіреді. Алайда команданың лақап аты да, ойыншылардың орташа жасы да, танымал капитаны да бұл атауға сәйкес келмейді. Бұл қай клуб?

2. Балапан көлі — 1965 жылы Қазақстанда пайда болған жасанды көл. Оның екінші атауы түбірі грек тілінен шыққан сөзден тұрады. Оны атаңыз.

3. Бір күні испан королі Филипп ІІ адмиралынан “Елдегі ең жақсы порттар қайсылары?” деп сұрапты. Адмирал “Маусым, шілде және Карфаген” деп жауап береді. Адмиралдың жауабын түсіндіріңіздер.

4. Әлбетте, көп адам ұнатпайтын тірлікті бұл танымал шығармашылық адамы да жақтырмаған. «Ыдыс жуып жатқан кезде, кісі өлтіру туралы ой келеді, біреулерді өлтіріп тастағым келеді» дейді. Ол кім?

5. Стенфорд Университетінің түлегі Деннис Хван — қазіргі кезде танымал дизайнер-суретші. Оның шығармаларын миллиондаған қолданушы көрді. Хванның жұмыс орнын атаңыз.

6. «Мифтерді жоюшылар» телебағдарламасының бір шығарылымына он Х сатып алынды. Бірақ тек екеуі ғана пайдаланылды. Автомобиль радиаторындағы тесікті бітеу үшін және түтін шығаратын құбырдың қалай қызатынын көрсету үшін. Қазақ фольклоры Х-ті біртүрлі үй-жайға теңейді. Хті атаңыз.

7. Вашингтондағы тыңшылық музейіндегі бір экспонат “Өлім сүйісі” деп аталады. 4,5 мм калибрлік, бір рет қана атылатын бұл құрал қандай зат түрінде жасалған?

8. Х — 3 сөзден түрады. Әзілге сенсек, Ресейдің таңғалдырар өнер түрлері көрсететін тв-шоуының сәтсіз нөмірлері бөлек DVD-дискте «Х» деген атпен шығады екен. muslim.kz сайты «Х шариғатқа қайшы ма?» атты мақаласында мүфтияттың абыройлы адамдар үшін Х шариғатқа қарсы іс емес деп үкім айтады. Десе де, жақында Аустралия – Сауд Арабиясы матчында арабтар Х жасаудан бас тартты. Х-ті біреуі сан есім боп табылатын 3 сөзбен атаңыз.

9. Юрий Никулин бір естелігінде Новосибирск әуежайының қону алаңында жарық жүйесі істемей қалғандықтан ұшақтың қонуы мәселе болғандығын айтады. Кейін ұшаққа әуеден көрінетіндей жарық көзі ерекше шешім арқылы табылып, аман-есен қонады. Мәселе шешуге көмектескен адамдар әуежай маңында қандай қызмет атқаратын еді?

10. 1921 жылы Францияда Бо есімді химик Габриель атты дизайнер әрі әнші арудан тәжірибе жасауға тапсырыс алады. Бірнеше тәжірибе сәтсіз жасалады. Химиктің маманданған бағыты немесе арудың кім екенін тапсаңыздар, нешінші тәжірибе сәтті болғанын таба аласыз. Нешінші екен?

11. ЭКСПОда павильон ашатын елдердің бірі Дания әлемдегі бір энергия түрінің өндірісі бойынша алдыңғы қатарда. Кішкентай ел болса да бұл салада көшбасшы Дания энергияның қай түрін өндіру бойынша Астанада шеберлік сыныптарын көрсетіп бере алады деп ойлайсыз?

Ойынның аудиожазбасы — мына жерде.
MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.