"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 27 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 8-шығарылымына «Жаңа астаналықтар» командасы қатысты. Есеп 4:7


Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 27 мамыр 2017 эфирінде қойылған сұрақтар
Сергіту сұрағы: Бастапқы сауал: Мария Горелованың пікірінше, ОЛ – нысанаға тигізуге арналмаған жалғыз спорттық қару. Оны екі сөзбен атаңыз.

Ян Беттеридж былай деп дәйектейді: «Егер тақырып атауында ОЛ бар болса, мақалада, үлкен ықтималдықпен, бос далбаса жазылған». Ал Тигран Бабаянның нақылына сенсек, ол күмән ауырлығынан бүкірейіп қалған. Оны атаңыз.

Әлеуметтік желіге жоғары жылдамдықта сурет жүктеуді жарнамалаған бір ұялы оператор жарнамасында бас кейіпкер жарнама соңында жолда қол көтеріп тұрған бәсекелесіне қарап “міне алғашқы ИКС” дейді. ИКСті табыңыз

Джон Локк ОНЫ «ойлану анатомиясы» деп, ал Хельмар Нор — "қиялдың көндіру көйлегі" деп атаған. Станислав Ежи Лец егер ОЛ дұрыс емес болса, онда күллі ғылымдар поэзияға айналады депті. ОНЫ атаңыз.

Саяхатшы Карл Маннергейм Азияға сапары туралы естеліктерінде кей мұсылман үйлерінің төбесінде түрлі-түсті жіп ілінетінін жазады. Бұл жіптер арқылы бір физикалық шаманың критикалық мәніне жетуі анықталады. Жіп арқылы не анықталатын еді?

Бұл әлемге ғылым нұрын шашқан атақты адамға Фон деген ақсүйек атағын ұсынғанда, ол бас тартқан. Алайда өмірде «фон» сөзі оның есімін бәрібір үнемі қуалап жүреді. Ол кім?

“Төгілген құрма” атты өлеңде ақын танымал паралелл бойында орналасқан нәрлі жеміс ағашының қызығын адамдар көре алмайтыны туралы мұңая жазады. Өлеңде аталған құрма ағашы қай елдердің ортасында өсіп тұр?

Google компаниясының 1 сәуірге арнап шығарған ролигінде екі ғана батырмадан тұратын, смартфондарға арналған жаңа виртуал пернетақта жарнамаланады. Және бұл роликке қатысқан бір бағдарламалаушы маман 1791 жылы туған ғалым адамның өз туысқаны екенін айтады. Ол ғалым адамды атаңыз.

Бұл спорт түрінде басқа бір спорт түріндегідей қол мен аяқтың жылдам қимылы, ақыл және спортқа жақын бір өнер түріндегідей иілгіштік, икемділік, жеңілдік қажет. Аталған өнер түрі мен спорт түрінің әріптерінен біз сұраған спорт түрінің атын құрастырыңыз. Егер қатты қиналсаңыздар, қазақ тіліндегі 3 бұйрық раймен атай қойыңыз.

Қазақ жұмбағын шешіңіз: Төмен қарап өседі, Күн жылына өшеді.

Джордж Карлин атты сатирик адамдардың қартайған шақтарында діни кітаптарға бет бұруын ОҒАН дайындық деп әжуалайды. ОНЫ қазақстандық белгілі абрревиатурамен атап көріңіз.

«Оскар» фильмінің желісі бойынша, Луи де Фюнестің кейіпкері туған қызына ешқандай да қалыңдықтың жасау мүлкін бермейтінін айтады. Ол: «Дым жоқ саған, дым жоқ, тура мына жердегідей» дейді де, Х-ті нұсқайды. Х-ті атаңыз.
MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.