"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 8 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

  • Автор
8 сәуірде Қазақ радиосында «Ой-Зерек» интеллектуал ойынының алғашқы эфирі өтті. Brainstorm командасы Мерей Ермұханов және Аршат Оразов дайындаған 11 сұрақтың жетеуіне дұрыс жауап берді. Ойын әр сенбі сағат 21:00-де өтеді.

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 8 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Дайындық сұрақ: 1954 жылы КСРО-ның маңызды бір полигон аймағы үшін бастапқыда 4 жер таңдалды. Алайда Марий АССРі орманды-батпақты, Дағыстан таулы, Астрахань облысы Каспий сулы аймағына жақын болғаны үшін жарамады. Бастапқы код атауы Тайга ретінде таңдалған жер кейін қалай аталды?

1. Жазушы Джон Фаулздың кітабының кейіпкерлері Мысырда сапар шегіп жүріп, қайықшыны қайығымен бірге жалдайды. Алайда өзеннің ортасына келгенде қайықшы кенеттен ескектерін жалдаушы туристерге береді. Қайықшының бұл әрекетіне қандай дауыс себепші болған еді?

2. Испандар оларды мысырлықтар дейді, ал француздардың айтуынша олар – чехтар. Олардың бекітілген елтаңбалары болса да негізгі символдары ретінде арба дөңгелегін, ат тағасын және ойын картасын санайды. Олар кімдер?

3. Филип Филиппұлы 1759 жылы санкт-петербургтік алтынды тігін фабрикантының отбасында дүниеге келді. Швед әскери дәрігерінің шөбересі еді. Санкт-Петербургтің Тау училищесінде химия, минералогия, пробирка өнері, металлургия, математика, физика, механика, тау құрылысы, тау сызбаларын жасау, неміс, француз, орыс тілдеріне аударуды оқыды. 27 жасында Орта Азиядағы Филипповка өзенінің руднигін ашты: алтын, күміс, мыс, қорғасын. Филиповка руднигі оның атынан емес, өзен атынан шыққан болса, да, бір жылдан кейін атауы өзгерді. 1838 жылы тау инженері Жол бағдарлары Инженерлер корпусының генерал-майоры шешінде қайтыс болды. Ең ірі соғыс басталған жылға дейін ондаған мың адамды қамтыған оның статустық қалпын көсем ауыстырды, ал жаңа ғасырда Филипп көсемнен атағын қайта тартып алды. Филипптің фамилиясын атаңыз.

4. Turkeytoday сайтында Түркия туралы жазатын бір блогер қыз бірде қонақүй қызметшілерінен сұраған нәрсесінің орнына қышқылдәмді сусын әкелгендерін жазады. Блогер қонақүй қызметшісінен негізінде қандай нәрсені сұраған еді?

5. «Мозилла фаяфокс» браузерін қолданып көрдіңіз бе? «Фаяфокс» браузері жануардың құрметіне аталған, «жалынды түлкі» деп аударылатын бұл атау арқылы тіпті ярлыктық логотипінде кәдімгі түлкі бейнеленген. Шын мәнінде «Отты түлкі» деп басқа жануарды атайды. Ол жануардың, әрине, қу түлкіге қатысы жоқ. Жануар негізінен өсімдікпен қоректенеді, көлемі аса үлкен емес, бірақ оның барлық бізге мәлім тұқымдастары жыртқыштар. Отты түлкі деген қай жануар?

6. Қыз-келіншектерге арналған канадалық бір фитнес-клубтың аты бір сағат түрімен аталады. Логоларында да бұл сағат арқылы сұлу мүсінді бейнелейді? Бұл қандай сағат?

7. Каталониядағы Жауме Альмера атындағы Жерді зерттеу ғылыми институтының қызметкерлері наурыз айында сейсмографтарында жер қабатының қозғалысын, яки шағын жер сілкінісін тіркеді. Бірнеше дүмпудің ішіндегі ең ақырғысы — Рихтер шкаласы бойынша 1 магнитуда болатын сілкініске кінәліні атаңыз.

8. Исландиялық жастар танысқаннан кейін смартфондарынан Ислендинга атты қосымшаны ашып бір біріне тигізеді. Қосымша авторлары «Бір біріңе тиместен бұрын, смартфондарыңды тигізіп алыңдар» дейді. Ислендинга қосымшасының негізгі функциясы қандай?

9. Ақын, жазушы, композитор, суретші, қоғам қайраткері. Өз саласында ең маңызды сыйлықты иемденген алған тұңғыш бейеуропалық. Оның тағы бір айрықшалылығы — өлеңдері екі мемлекеттің әнұрандарының сөзі болып отыр. Бұл суперадам кім?

10. 1725 жылы Екатерина І Петербург қаласының тұрғындарына арнап үлкен қоңырау соғып, өрт қаупін хабарлады.
1860 жылы лондондықтар ақ арыстандарды шомылдыру рәсімін көруге Тауэрге жиналды.
Сұрақ авторы Әнуар Нұрпейісовтің «Мен адамдарды ұлтына қарап бөлмеймін» видеоөлеңін жариялауынан да осы себепті көреді. Оны екі сөзбен атаңыз.

11. Шенбрунн император сарайының бір түкпірінде «Прима ле музика пой ле пароле» қойылып жатты, келесі аймағында «Дир Зигшпиль дир шаушпильдиректор» қойылды. Бірінші туынды үлкен табысқа ие болды, ал зигшпиль жетістікке жете алмай, көрермен қошеметіне ие бола алмады. Әйгілі деректің үлкен ықтималдықпен ойдан құрастырылған жалған аңыз әңгіме екенін ескере отырып, әр туындының авторларын атаңыз.



asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

5 пікір

Basic
Эфирді тыңдап алып бүкіл сұраққа жауап жазывжерген ба))
Basic
Негізі шынын айтқанда бұрыннан офлайнға қатысып жүрміз ғой. Əрине реалда тартысты өтеді. Кейде бір бірімізбен қызылкеңірдек болып эмоциямыз бірнеше күн басылмай жүреді. Радиода өтеді дегенде алғашында скептик қабылдадым. Сөйтсем эмоция экспрессияны да беруге болады екен тек дауыспен. Қазақ радиосына жас тұрақты тыңдармандардың тағы бір үлкен тобы қосылды деп ойлаймын. Ал Брейнсторм командасы мықты. Жүргізушілер априори ғой ))))
asaubota
рахмет. радиода өзгеше болады екен шынымен. өздерің ойыншы болғанда басқаша әсерде болатын шығарсыңдар?
Nodar
1 азан
6 песочные часы
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.