Керек-Ринг 09/12

  • Автор
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 09/12

1-тур сұрақтары by asaubota

Бой қыздыру сұрақтары:

— Оқиғалар тізбегінен құралған танымал ертегі атаулары түрлі болғанымен бірнеше халықта бірдей сюжетпен айтылады. Барлығында да көңілді кейіпкерді ертегі соңында аяусыз өлім күтеді. Ертегінің қазақша атын атаңыз.
— Олимпиада ойындары және Футболдан Әлем чемпионатынан кейін ең ірі халықаралық іс-шара болып саналатын бұл шара бүгінге дейін 60 рет өткен. 61-нің девизін атаңыз.

1. Ламборджини автокөлігінің бір жарнамалық постерінде “Жоғары жылдамдығы 112 км/сағ” деген жазу жұлдызшамен белгіленген. Постердің төменгі жағында жұлдызшаға қандай түсініктеме берілген?

2. Жапония мен Кореяда 14 ақпан күні тек қыздар ғана жігіттерге сыйлық жасайды, Шоко күні деп те аталатын бұл күні көбіне шоколад сыйланады. Бір айдан кейін 14 наурыз жапондардың ұсынысымен Жауап күні немесе Ақ күн атанып кетті де, бұл күні тек жігіттер қыздарға сыйлық жасайтын болды. Ал кәрістердің ұсынысымен 14 сәуір Қара күн кімдерге арналған?

3. Қытай мен Тибет шекарасында өмір сүретін мосо атты халықты әйелдер басқарады. Мосоларда неке жоқ, үй қожайыны әйелдер өз туған үйлерінде тұра береді. Еркектер қалаған әйелімен бірге түнеп, таңертең өз үйлеріне қайтады. Балаларын бағуға да құқығы жоқ. Мосо еркектері тек қандай балаларды баға алады?

4. Балаларға арналған тамақ өнімдерімен танымал Nestle компаниясының логосында бастапқыда ұядағы балапан саны 3 еді. Бір ғасырдан астам өзгермеген бұл сурет 1988 жылғы ребрендинг кезінде өзгеріп, 3 балапанның біреуі кеміді. Ұядағы балапан санының не себепті өзгергенін табыңыз?

5. Ирландияның символдарының бірі жасыл үшқұлақты Әулие Патрик христиандықпен қалай байланыстырды? Мағынасын табыңыз.

6. Поло жейдесін алғаш киген поло ойыншысы емес, алаңда жыртқыштығымен танымал, бірнеше дүркін чемпион француз теннисші еді. Бұл жейде түрі осы спортшы арқылы танылды, спорттық карьерасынан кейін жеке брендіне айналды. Француз теннисшінің фамилиясын атаңыз.

7. 2009 жылы бір ІТ журнал танымал компанияның жаңа өнімі туралы мақалада компания логотипін сәл өзгертіп иллюстрация жасайды. Логотиптің сол жақ төменгі бөлігін, оң жақ бөлігінің астына қояды. Бұл өнімнің атауын нақты атаңыз.

8. 2016-ның хит әндерінің бірінің қайырмасында көпшілік ойлағандай есірткі туралы емес, жігіттің сүйікті қызына арналған бір теңеу сөзі айтылады. Румын тіліндегі бұл сөзді аударып көріңіз.

9. Соңғы, бітіруші соққыларымен танымал волейболшы Гамоваға канадалық журналистердің қойған лақап атын атаңыз.

2-тур сұрақтары by RaymbekEgemberdiev

Сергіту сұрағы:
— Өзбектерде белгілі бір жағдайларда қыздарға Фатима және Зухра есімдерін беру дәстүрі бар. Қандай сирек кездесетін жағдайларда олар қыздарға Назира және Надима деген есімдер береді?

Сұрақтар:

1. Жақында танымал журналдардың бірінің мұқабасы көпшіліктің назарын аударды. Егер ол жерде кейбір жазылған сөздерді қысқартсақ, яғни, абревиатураға айналдырсақ, «DSA» деген абревиатура шығар еді. Бұл өте нәзік әзілмен қатар, шынымен де саяси жағдайдың көрінісі. Сұрақ, журналдың мұқабасында кім бейнеленген?

2. 1985 жылы ойлап шығарылған нәрсені Википедия I, J, L, O, S, T, Z латын әріптерімен байланыстырады. Бұл не нәрсе?

3. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң сицилиялықтар арал Италия құрамында қалуына қарсы болды. Өздерінің армандарында олар арал болашағын 49 санымен байланыстырды, бірақ олардың бұл армандары орындалмайтын еді. Егер біздің уақытымызда сицилиялықтар осы арманына қайта оралса, олар басқа санды таңдар еді. Қандай?

4. Жыл сайын шамамен 2500 адам 16-хромосомы рецессивті болуына қарамай, 16-хромосомы доминантты ген болатын адамдарға арналған құралдарды пайдалану кезінде жазатайымнан қайтыс болады. Біз мұндай адамдарды қалай атаймыз?

5. Кейбіреулер, бұл марканың кез-келген өнімі басқа фирмалар үшін нормаға, ережеге, канонға айналып кетеді деп есептейді. Егер сіздер бұл компанияның атақты ұранын таба алсаңыздар, марканы да таба аласыздар деп ойлаймын. Бұл қай марка?

6. Ежелгі Рим құдайы Помона тек өзінің ғажайып бақшасымен әуре болды және тұрмыс құру туралы мүлдем ойламады. Бірақ, құдай Вертум өжеттік көрсетіп оның алдына әр түрлі кейіппен қайта-қайта келе берді. Төртінші рет келгенінде Помона ақыры оның жары болуға келісім берді. Вертум қандай табиғи құбылыстың құдайы еді?

7. Бірнеше жыл алдын Байқоңырдағы бір ғимарат қайта жабдықталды. Жабдықтардың қатарында ескі кесілген газ баллондары да бар еді. Олар сол ғимарат қызметкерлері тарапынан күн сайын пайдаланылады. Қызметкерлерді немесе бұл қандай ғимарат екенін атаңыз.

8. Лондонда тұрғызылған ғимарат қарама-қарсы тұрған машиналарға зақым тигізе бастайды. Осы оқиға туралы жазылған мақалада белгілі бір аңыз еске алынып, қандай ғалым туралы айтылады?

9. Осы жылы жазда Қазақстан сайттарының бірінде мақала жарияланды. Мақалада, 1847, 1848, 1852 деген сандар кездеседі, автордың пікірінше (яғни менің) бұл тізімде 2016 да болуы керек еді. Мақаланың тақырыбы “Олар Қазақстанға оралды”, сұрақ: мен “олар” сөзімен қандай сөзді алмастырып тұрмын?

Қосымша қойылған сұрақтар:

— 1971 жылы шығарылған автомобиль модельдерінің бірі көз тартатын қызыл түске боялды, брэнд атауы да соған байланысты қойылды, логотипі де соған қатысты. Осы автомобильді шығарған компанияны атаңыз.

— Бір топтың мүшелері екінші дүниежүзілік соғыстан қалған орларға әрдайым түсетін еді. Алыстан қараған адамға, бұл процесс жер астына кіріп бара жатқандай, топыраққа көміліп жатқандай болып көрінетін еді. Ал шын мәнінде жай ғана музыканттар репетиция жасап жатқан болатын. Бірнеше жыл өткен соң бұл топ қалай атала бастады?

— Энштейн 1929 жылы өзінің елу жылдық мерейтойында көптеген құттықтаулар қатарында X-тан хат алды. Бұл хатта X Энштейнді Sie Glucklicher" [зи глЮклихер] — «бақытты адам» деп атайды. Энштейннің оны неге бұлай атап тұрғанын сұраған жауап хатына X, Энштейннің теориясын түсінбейтін адамдар оны талқылауға дәттері бармайды, ал бірақ X теориясын кім көрінген талқылайды деп жауап берген. X-тің фамилиясын атаңыз.
asaubota

КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.