Arular.kz

Керек-Ринг 19/05/2016

19 мамыр күні Бирхофф мейрамханасында алғаш рет ойын онлайн режимде өтті. Сұрақтар командаларға арнайы сайт арқылы берілді, жауаптар сайт арқылы қабылданды. Алғаш рет сырттан, яғни Алматы қаласынан бір команда қатысты. Тартысты өткен ойында 9 ұпаймен «Бақсы» жеңімпаз атағын қорғап қалды. Алматылықтар 8 ұпаймен 2-орын, ал, астаналық жастардан құралған «Мафия» 6 ұпаймен 3-болды.

Аршат Оразов дайындаған сұрақтар:

1. Алыс сапарға құмды, шөлейт жерден аттанатын жолаушылар өздерімен бірге негізгі мақсаттарына қажет заттармен бірге қосымша балық аулау және акуладан қорғаныс құралдарын ала кетеді. Бұл құмды аймақ қай елде орналасқан?

2. Хельгасон атты жазушының бір романында ұлты хорват кейіпкер теледидар көріп отырып, «Балқан түбегіндегі мемлекет саны көп болғанда Хорватия жеңер еді» деп ойлайды. Хорватия нені жеңер еді бұл кейіпкердің пайымдауынша?

3. Бұл санатқа кіретін 42 елдің жер көлемі бойынша үлкені – Қазақстан. Халқы көбі – Эфиопия. Ең оңтүстікте орналасқаны – Лесото. Ал, ең солтүстікте орналасқан елді атаңыз?

4. 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО экспонаттарымен ғана емес, келген қонақ санымен де есте қалды. Келушілердің 98% қытайлықтар еді. Бұлардың көбі шетел түгіл өз облысы, қала, профинция, ауылдарынан шығып көрмеген адамдар. «ЭКСПО көру — олар үшін ғарышқа ұшумен тең болды» деп жазады «Вокруг света» журналы. Мақала авторы Марк Завадский бұл адамдарды қандай неологизм сөзбен атады?

5. Францияда — Куру, Австралияда — Сумера, Жапонияда — Утиноура және Танегасима, Үндістанда — Шрихарикота. Ал, Қазақстанда ше?

6. Андрей Остальский атты жазушының айтуынша, ақша – әр нәрсенің нақты тең өлшемі. Сондай-ақ орыс тіліндегі «деньги» сөзі «теңге» сөзінен шыққан. Жазушының ойынша «теңге» сөзі қандай заттың баламасы?

7. Географиялық дүниетану сұрақтарымызды жалғастырайық. Қызық бір ерекшелік бар екен. Сол бойынша Азияда 3 мемлекет: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан. Африкада төртеу: Гана, Нигерия, Эфиопия және астанасы Уагадугу деп аталатын бір ел. Ал, Еуропада тек бір ғана осындай мемлекет бар. Бұл елдің астанасын атаңыз?

8.Азияда орналасқан бір елдегі ауылдық жерде тұрған мына сатылы мінбер не үшін жасалған?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016
9. 1998 жылы түрік рокері Теоман тартылып қалған Арал теңізінің бұрынғы орнында бір әніне клип түсіреді. 2005 жылы бір біріне еш қатысы болмаса да танымал орыс әншісі Юлия Савичева да дәл сол жерде, дәл солай аталатын әніне клип түсіреді. Әндердің атын қазақшаға аударыңыз.

10. 193 мүшесі бар Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін елдердің бірі Науру 1968 жылы тәуелсіздігін жарияласа да бұл елде басқа елдердің бәрінде бар не жоқ?

Мерей Ермұханов дайындаған сұрақтар:

11. ХХ ғасырдың соңында қабылданған бұл бағдарламаны жергілікті халықтың бір бөлігі «Сегіз жарым» деп қалжыңдап атай бастады.

12. Индонезияда «Төрт те бір» ережесі деген ұғым бар. Жастар белгілі бір уақытта жол жиегінде тұрып, өздерін жолаушы ретінде ұсынады. Таксистер мен кәдімгі жүргізушілер оларды тегін алып кете береді, тіпті өздері де соған кіріптар. Оған не себеп?

13. Құрметті ойыншылар, суретке назар аударыңыздар. Сурет лауазымды арудың жеке заттарының ішінен табылған. Суреттегі адамды атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

14. Әзірбайжанның «Зиря» футбол клубы өз чемпионатының бітуіне бір тур қалғанда-ақ екінші орынды қамтамасыз етіп алды. Соған қарамастан, жергілікті футбол федерациясы оның Еуропа лигасына қатыса алмайтынын хабарлады. Клуб түрлі заңды жолдармен қатысуға әрекет етіп көргенімен, ережеден аттап кете алмады. Ал бәріне себеп – «Зиря» осыдан үш жыл бұрын… Сөйлемді екі сөзбен аяқтаңыз.

15. Жапондықтар біріншілерге шешім шығарудағы батылдық, өзіне әсіре сенімділік, екіншілерге тұйықтық, сенімділік, үшінші топқа – ақыл, намысқойлық, төртіншілерге – салиқалылық тән деп санайды. Төртеуін біріктіретін сөз тіркесін атаңыз.

16. Германия тұрғыны Хассо Хейденрейхтің коллекциясында 600-ден астам осы зат бар. Біреуі сағатқа, бірі – кішкентай скрипкаға, бірі қарындашқа, бірі өрт сөндіргішке ұқсайды. Мысалы, оның бір бөлшегінің өзінде 70 пайыз сирек кездесетін церий металы қолданылады. Америкалықтар оны белгілі бір мифологиялық мақұлықтың қалта нұсқасы деп атайды.

17. UNAVCO ғылыми консорциуымының деректері бойынша, ОЛ 2015 жылдың сәуірінде екі жарым сантиметрге кішірейген. Оны атаңыз.

18. Суреттегі азамат Жапониядағы кәдімгі супермаркетте сауда жасап тұр. Оның сатып алған нәрсесі не үшін қолданылады?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/05/2016

19. 2008 жылдың қысында Қырғызстанда ирандық Хаджи Фируз, Өзбекстандық Карбобо, Евроодақ өкілдері жиылған жиын болды. Қазақстанның атынан кім барды?

20. Бірінші байлық – денсаулық. Қазақтың осылай басталатын мақалы, Аман Базаевтың пікірінше, ОНЫҢ халықтық нұсқасы болып табылады. ОНЫҢ авторы 1908 жылы Бруклинде еврей иммигранттарының отбасында дүниеге келген. ОНЫ екі сөзбен атаңыз.
" data-width="600" data-numposts="5">

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.