Керек-Ринг 24/04/2016

  • Автор
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 24/04/2016

24 сәуір күні Астанадағы Бирхофф мейрамханасында Керек-ринг кезекті ойыны өтті. 6 команда қатысқан бұл ойында тағы да Бақсы командасы жеңімпаз атанды.

Ойында қойылған сұрақтар

Аршат Оразов дайындаған сұрақтар:

— Жапон тілінде 9 – кю, 3 – сан деп аталады. Жапондардың SMS сленгінде 39 саны нені білдіреді?

— 2010 жылдың желтоқсанында жарияланған бір интернет-комиксте 2 галл римдіктерден бір қағаздарды ұрлап бара жатады. Бір галлдың аты Астерикс. Ал, екінші галлдың аты кім?

— Тақтардың ойыны сериалы туралы бір мақалада сериалда Шон Биннің ойнауының өзі спойлер дейді. Неліктен?

— Бір фантастика жанрындағы романда 6 сиқыршы туралы баяндалады. Олардың үшеуінің аттары: Ай, Ай-Ай және Ай-Ай-Ай. Қалған үшеуінің аттарын атаңыз.

— FieldCandy атты фирманың өнімдерінің дизайндары ерекше. Мысалы: қарбыз тілімі, сыр тілімі, төңкерілген кітап, ұлу қабыршағы. Фирма не шығарады?

— ХІ ғасырдың басында Халим атты әмірші Әулие Екатерина монастырын құртпақшы болады. Бұл хабарды бәдәуилер монахтарға жеткізеді. Халим әскерлері монастырға келгенде ештеңеге тиісе алмайтындай монахтар аз уақыт ішінде не салып үлгерген?

— 60-жылдар соңында Ким Гроув атты суретші қыз жігітіне арнап, әдемі сөздер жазылған түрлі романтикалық суреттер салған. 1970 жылы оның жігіті бұл суреттерді қандай атпен сатылымға шығара бастады?

— Голливудтағы Жұлдыздар аллеясына танымал баскетболшы Мэджик Джонсонның да аты жазылуы үлкен жанжал туғызды. Джонсон кинотеатрлар желісінің қожайыны еді. Бұл оқиғадан кейін Джонни Грант атты продюсер Орвилл Реденбейкер деген бизнесменге де аллеяда бір жұлдыз арналсын деді. Реденбейкердің бизнесі қандай еді?

— Бірде Muse тобын бір телебағдарламаға шақырады. Бағдарламада ән де айтады. Бірақ солист пен гитарист барабанға отырады, барабаншы гитара мен микрофонды алады, бас-гитарист пернелі аспапта ойнайды. Әннен кейін барабаншы фронтмен болып сұхбат беріп шығады. Музыканттар неліктен бұлай істеген?

— Zara киім брендінің өткен қыстағы коллекциясынан танымал бір девизді байқар едіңіз. Қандай?

Мерей Ермұханов дайындаған сұрақтар:

— Актриса МИла КУниске ОНЫ ЖАСАУҒА «Сәттілік құны» телешоуы көмектесті. Ал «Тампы-Бэйдің» хоккеисті Никите КУчеровке ОНЫ ЖАСАУҒА «Тірі өліктер» («Ходячие мертвецы») көмектесті. Маған ОНЫ ЖАСАУҒА бірін-біір алмастырған қыз-келіншектер септесті, дегенмен мен ол кезде оқушы бала болдым.
«ОНЫ ЖАСАУ» тіркесімен біз қандай тіркесті ауыстырдық?

— ОНЫҢ француздық моделдерінің бірі «Президент» деп аталады. Оның олай аталу себебі Франсуа Олланд ОНЫ өзінің ашынасына барған кезде кигендіктен. Оны екі сөзбен атаңыз.

— Назар аударыңыз, тараптпа парақ!
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 24/04/2016
Сұрақ авторының пікірінше, суретте көрсетілген Астана қаласының көпірлерінің бірі дәл осы кісінің атымен аталуы тиіс, себебі ол да жалғаушы буын. Кісіні атаңыз.

— 2006 жылы орыс тіліндегі sport.rbc.ru сайтында атауы 4 сөзден тұратын мақала жарияланған. Қазақстандық спортшыныңшетелдік белгілі жарыстағы жеңісі жайлы бұл мақаланың атауы мынадай құрылымға ие. 1-сөз: Спорт атауы. 2-сөз: спортшы фамилиясы. 3-сөз: етістік. 4-сөз: жарыс атауы.
Егер барлық сөз бір әріптен басталатын болса, онда мақала атауын толық атаңыз.

— Әлемге танымал брендтің жарнамасында витрвуиан адамын еске салатын, бірақ қолдары денесіне жабысқан адам бейнеленген. Осы брендті атаңыз.

— Мэнсфилд түрмесінің бұрынғы бастығы Деннис Бейкердің өзі 1994 жылы қамауға алынған адамның орнында болып көрді. Ол «отырған» түрменің атауын айтыңыз.

— «Хонда» мотоциклдерінің қуатын байқатататын бір жарнама плакатында теңселіп, иілген ағаштар мен түзетілген ОЛ бейнеленген. Оны екі сөзбен атаңыз.

— Бір онлайн-дүкен теннис ойынына қажет барлық дүниені сатып алуға ұсыныс білдіреді. Барлық нәрсені, тек, әрине, ОДАН басқа. Ал кезінде оның жартысы үшін ежелгі Грекияда тым жақсы үй сатып алуға болар еді.
Оны атаңыз.

— Геннадий ПАдалка ашық ғарышта мұны жасаған бірінші ресейлік атанды. Алайда, ең бірінші болып мұны ашық ғарышта 1966 жылдың өзінде-ақ Базз Олдриннің ажсағаны белгілі болды. Мұны кірме сөз түрінде атағыз.

— «Яндекстің» негізін қалаған адамдардың бірнешеуі іздеу жүйесіндегі қыруар жұмысты игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп санап, әлеуетті салада нөлден бастап, көп еңбек атқарды. «Яндекс» жайлы айта келе, авторлардың бірі өз отанын да игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп атады. Оның Отанын атаңыз.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

19 пікір

Basic
Астана қаласындағы көпірлердің бірінің атына байланысты сұрақ ұнады. Бұл сұрақты қалалық ономистика комитетіне қоюларыңызды өтінемін
ken
— Жапон тілінде 9 – кю, 3 – сан деп аталады. Жапондардың SMS сленгінде 39 саны нені білдіреді?
ағышлынша рахмет

— 2010 жылдың желтоқсанында жарияланған бір интернет-комиксте 2 галл римдіктерден бір қағаздарды ұрлап бара жатады. Бір галлдың аты Астерикс. Ал, екінші галлдың аты кім?
Обеликс шығар

— Бір фантастика жанрындағы романда 6 сиқыршы туралы баяндалады. Олардың үшеуінің аттары: Ай, Ай-Ай және Ай-Ай-Ай. Қалған үшеуінің аттарын атаңыз.
Егер осы тәртіппен әр сиқыршының есіміне «Ай» қосылып отырса, онда мынадай болу керек:
Ай-Ай-Ай-Ай
Ай-Ай-Ай-Ай-Ай
Ай-Ай-Ай-Ай-Ай-Ай
Егер бұлай болмаса, онда мұндай сұрақты «брейн-рингте» қоюдағы себебі түсініксіз. Өйткені қалған үш сиқыршының аттары кез келген ат болуы мүмкін емес пе?

— ХІ ғасырдың басында Халим атты әмірші Әулие Екатерина монастырын құртпақшы болады. Бұл хабарды бәдәуилер монахтарға жеткізеді. Халим әскерлері монастырға келгенде ештеңеге тиісе алмайтындай монахтар аз уақыт ішінде не салып үлгерген?
Шабуылшылар үшін қасиетті боп саналатын нәрсені салған.

— ОНЫҢ француздық моделдерінің бірі «Президент» деп аталады. Оның олай аталу себебі Франсуа Олланд ОНЫ өзінің ашынасына барған кезде кигендіктен. Оны екі сөзбен атаңыз.
іш киім

Сұрақ авторының пікірінше, суретте көрсетілген Астана қаласының көпірлерінің бірі дәл осы кісінің атымен аталуы тиіс, себебі ол да жалғаушы буын. Кісіні атаңыз.
Жалғас

— «Яндекстің» негізін қалаған адамдардың бірнешеуі іздеу жүйесіндегі қыруар жұмысты игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп санап, әлеуетті салада нөлден бастап, көп еңбек атқарды. «Яндекс» жайлы айта келе, авторлардың бірі өз отанын да игерілмеген ұшы-қиыры жоқ аймақ деп атады. Оның Отанын атаңыз.
Ресей
MERmukhanov
1 ғана жауабың дұрыс. Фи.
ken
Гуглден қарап келдім. Санкю туралы жауабым дұрыс екен.
Екіншім дұрыс емес.
Үшіншім дұрыс емес, бірақ сұрықтың өзі дұрыс емес. Өйткені ол сұрақ ағылшын тілінде қойылуға тиіс сұрақ екен. Аудармада сұрақты қоюдағы мәні жоғалады. Ең болмаса, сұрақты «бір ағылшын тілінде жазылған романда» деп бастау керек еді.
Төртіншінің жауабы мешіт екен. Ал мешіт әлгі шабуылшылар үшін қасиетті орын. Жауабым, меніңше, дұрыс.
Іш киім мен Жалғастың жауаптарын қарамадым.
Яндексті орыстар құрастырғандықтан Ресей дедім.
MERmukhanov
ағылшын тілінде?
пффф, адам миы дайын нәрсеге неге үйір?
MERmukhanov
мешіт деген жауап болмаса, әрине, жарты түспалдан пайда аз. Ойында қабылданбас еді, әрине.
Nodar
Шон Бин туралы: Ол үнемі фильмдерінде де өліп қала береді
Ай-Ай туралы: Ой, Ой-Ой, Ой-ой-Ой
Filed Candy туралы: торттар

гуглсыз
asaubota
Шон Бин туралы: Ол үнемі фильмдерінде де өліп қала береді +++ солай
Ай-Ай туралы: Ой, Ой-Ой, Ой-ой-Ой — I,II,III,IV,V,VI
Filed Candy туралы: торттар — палаткалар
Nodar
монахтар туралы: мешіт салган шыгар
Ким Гроув: ретро
zara: just did it
asaubota
монахтар туралы: мешіт салган шыгар +++
Ким Гроув: ретро — Love is
zara: just did it — winter is coming
Nodar
Мила кунис туралы: грим не пластикалык операция
фарнсуа тураы: іш киім
Суреті бар сұрақ: жауап пушкинмен байланысты. мүмкін дуэльдегі қарсыласы. аты есимде жок
asaubota
Мила кунис туралы: грим не пластикалык операция — ағылшын тілі
фарнсуа тураы: іш киім — мотоцикл шлемі
Суреті бар сұрақ: жауап пушкинмен байланысты. мүмкін дуэльдегі қарсыласы. аты есимде жок — Қасым сұлтан
Nodar
спорт туралы: Велоседист Винокуров выиграл… жарыс атын билмим
Nodar
гарыш туралы: селфи
Nodar
каншасы дурыс-бурысын айта отырсаныздар
ArslanAtabek
— Жапон тілінде 9 – кю, 3 – сан деп аталады. Жапондардың SMS сленгінде 39 саны нені білдіреді?
Сұрақтың жауабы: 93 -кюсан болса. Жапондардың SMS сленгінде 39 саны Санкю, яғни «Thank you» (рахмет) дегенді білдіреді.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.