Бауырға бекем болыңыз

  • Автор
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Бұл – мықты денсаулық кепілі
Адам, жан-жануарлар ағзасындағы бауыр (hepar) – ең үлкен ас қорыту безі болып саналады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр – ұйқы безі деп те атай береді. Негізінен, омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр – күрделі орган.


Адам бауырының қызметі

Бауыр адам ағзасында зат алмасу үдерісіне қатысады, онда ас қорыту сөлдерінің бірі — өт түзіледі. Ересек адамдардағы бауырдың орташа салмағы 1,5-2 килограмм болады. Бауыр іш қуысының оң жағында. Бауырдың көк етке жанасып жатқан жоғары дөңес, төменгі ішкі беттері бар. Олар бауырды үлкен оң, кіші сол бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасындағы көлденең ойық-бауыр қақпасы деп аталады. Сол арқылы бауырға артерия, қақ-
палық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтіп тұр.

Ал одан лимфа тамырлары мен өт түтігінің шығатыны белгілі. Адам ағзасындағы бауырдың қорғаныш қызметі де
өте жоғары. Тамақтың құрамында болған зиянды заттар ішекте сіңіріліп, белоктың алмасуы нәтиже-сінде қанның құрамында улы өнімдер түзілсе, бұлар бауырда залалсыздандырылады. Лимфа түзілуінде, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор. Бауыр қанның тұрақты құрамының сақталуына да қатысады. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда белоктар, глюкоза, фруктоза, глицирин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу үдерістері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүрсе, оны жүйке жүйесі мен түрлі гармондар реттеп отырады, — дейді дәрігерлер.

Бауыр ауырса

Денеміздегі қанның қызыл түйіршіктерін, өтті шығаратын жұлынның жұмы-сын қамтамасыз ететін маңызды орган, жылу қуаты-ның көзі, В12 және Д дәрумендерін құраушы болып саналатын бауырдың ауруға шалдығуы бүкіл ағ-заның жағдайына айрық-ша әсер етеді. Бауыр – ағзаның басты сүзгісі. Ол шлактанған кезде ыдырау
өнімдері буындардың, терінің, тамырлардың және тағы да басқа дені сау мүшелердің тіндеріне жинақ-тала бастайды да ауру туғызады. Сол себепті көбінесе бауырды емдеген кезде буындар ауруын қоя-ды. Бауыр – зор қосалқы мүмкіндіктері бар орган болғандықтан, бауырдың кез-келген зақымдануы әдетте шлактанудан бас-тап елеулі ауруларға дейін симптомдарсыз (әсерсіз) ағымда болады. Бауырдың шлактанғанын көрсететін алғашқы белгілері: жиі бас ауруы, түндегі ұйқысыздық, күндізгі ұйқышылдық, майлы, ащы немесе қалбыр-ланған ас ішкеннен кейін оң жақ қабырғаның астындағы тартатын әлсіз ауырсыну, тәбетсіздік.

Бауырдың ісінуі

Ол тосын және созылмалы болады. Бауыр тосыннан ісінгенде: бауыр аумағына күш түскенде, түшкіргенде, жө-
телгенде ол қатты шаншып ауырады да несеп күреңде-неді, талақ ісінеді. Бауыры тосыннан ісінген адам көбі-несе шөп түстес құсады, қызуы көтеріледі, адам сарға-йып, қанның іруінің ауыр жағдайына ұшырай бастайды. Бауыры мұндай сырқатқа тап болғанында оны өздігі-нен емдеу әрі қиын, әрі қа-терлі. Бауырдың тосыннан ісінгенін емдеуде дәрігердің кеңесі қажет.

Бауыр созылмалы ісінгенде: жоғарыдағы құбылыс-тар анағұрлым баяу, қауіп-қатері төмендеу, қанның іруі
де кездеспейді. Мұндай жағ-дайға душар болғанда диета сақтап, былай емделеді: майлы тағамдарды, қантты, крахмалды заттарды аздап жейді, оны уақытша жемей қойса, тіпті жақсы. Бұл дерттен толық айыққанша ас-бұршақты, фасоль мен боб тағамдарын, қырыққабатты, маринадталған және қуырылған тамақты мүлдем же-
мейді, спиртті ішімдіктерден біржолата аулақ болады. Көкөніс пен жемісті (бананнан басқасын) жейді, бұл кезде құлпынай мен бүлдірген (земляника) және барлық сүт тағамдары өте пайдалы.

Бауыр созылмалы ісінген-де оң жақ қабырғаның ас-тыңғы жағын жылымен булаған, әсіресе қабығымен қай-
натылып, жұмсарған картопты басқан дұрыс. Немесе, бұл жерге құрғақ банкі басады. Жалпы, бауыр ауруы-ның белгілері – қайсі бір жұмыстан қажып-шаршау, ұйқышылдық, ауызға кермек дәмнің келуі, көкіректің қы-жылдауы, бауыр төңірегінің ауыр тартуы.

Халық емімен бауырды сауықтыру

Халық емшілері, мамандар бауыры ауыратын адамдарға емдәм ұстануға, оны мынандай тәсілдермен сауықтыруға ақыл-кеңес береді:

1. Жүгері собығының шашақтары мен жас жапырақ-тарын суға қосып шамамен 15 минуттай қайнатып, бұл қоспаны күн бойына екі кеседен ішу керек;

2. Күніне бір рет қызыл қы-зылша мен шалқаннан (редька) теңдей етіп, бір стакан шырынды;

3. Күніне бір кесе қайың шырынын;

4. Күніне екі-үш кеседен далалық салаубас (бессмертник) гүлінің тұнбасын;

5. Күніне екі-үш кеседен орман бүлдіргенінің жапырақ-тары мен сабақтарынан жа-салған тұнбаны ішкен дұрыс.

6. Дәрі бақбақ (одуванчик) тамырының 1 шай қасығын 1,5 стакан суда демдеп, 5 минут қайнатады. Шай сияқты ішеді.

7. Ыдысқа бір қабат бақ-бақ гүлдерін салып, оның үстіне бір қабат құмшекер салады. Оның үстінен ауыр затпен 1-2 аптаға бастырып қояды. Тосап орнына пайдалану керек.

8. Сусынтамыр (цикорий) тамыры, дала қырықбуыны (хвощ полевая) шөбі, мыңжа-пырақ (тысячелистник) шөбі, шайқурай (зверобой) шөбі. Әрқайсысынан 1 ас қасықтан алады. Осы қоспаның 1 ас қасығын ыдысқа салып, 1 стакан қайнап тұрған су құяды. 30 минут тұндырады. Күніне 2-3 рет тамақ ішер алдында 15-20 минут бұрын 3-4 стаканнан ішеді.

9. 1 кг балға 1 кг қара қарақат (черная смородина) араластырады. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішеді.

10. Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түй-мешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түй-медақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсы-сынан 10 г алады. Осы қос-паның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Кү-ніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.

11. 1 ас қасық қаймаққа қайыңның қара майының (деготь) 1 тамшысын тамызып ішеді де, артынан 1 қасық бал ішіп жібереді. Бірінші күні қара майдың 1 тамшысын, екінші күні 2 тамшысын, үшінші күні 3 тамшысын қосады. Осылай 10 күнде 10 тамшыға жеткізеді. Содан соң кері қарай қара майдың мөлшерін азайтып ішеді. Балалар үшін бұл мөлшер екі есе аз болуы керек. Одан кейін 1 апта үзіліс жасайды.

Бауырдың қатерлі ісігінде

Бауырда қатерлі ісігі бар адамның ерекше күтініп жүргені жөн. Өйткені күйзеліс, қатты шаршау, ұрыс-керіс сыңды жүйкеге, ағзаға жа-ғымсыз салмақ түсіретін жайттар дертті асқындырып, ісік-ті қатерлі түріне айналдыруы
мүмкін. Денсаулығын ойла-ған адам ісік кішкентай кезінде тезірек маман дәрігерге қаралып, тиісті ем-домын үзбей алуы керек. Бұл жерде дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау өте маңыз-ды. Ал операциядан қорықпау керек. Дәрігерлер науқастың бауыр тінінің кішкене бөлігін алып, тексеріп көреді. Сөйтіп, қауіпті ісіктің клеткаларын анықтайды. Науқастың қалай және қанша уақыт емделуі керектігі соған байланысты шешіледі. Дәрілерді дер кезінде қабылдаса ісік клеткалары өсуін тоқтатады. Егер ісік бауырда болса оны отамен алып тастауға қорықпаса да болады. Себебі бауыр қайтадан қалпына келеді.

Шылымның бауырға зияны

Шылым шегетін адамның ағзасына никотин смолаларымен бірге құрамында стронций элементінің ми, жүрек, қан қызметінің бұзылуына тікелей әсер ететін тұздары баратынын мәлім. Қытай зерттеушілерінің соңғы отыз жылда жүргізген ғылыми жұмыстарының нәтижесінде шылым шегетін адамның бауыры шылым шекпейтін адамға қарағанда жеті есе артық қызмет атқаратыны анықталып отыр. Яғни, бұл бауыр қызметінің мүмкіндігін жеті есе қысқартады деген сөз. Олай болса, шылым шегіп, бауырыңызды зақымдап, өмір жасыңызды қысқартқы-ңыз келмесе, темекіден аулақ жүріңіз.

Бауырға пайдалы жеміс-жидек, тағамдар

Шомыр

Адам бауыр циррозымен ауырғанда оған әртүрлі дәрідәрмектердің шипа болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда халық медицинасы шомырды емге қолдануға кеңес береді. Өйткені, бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр – тұрып деп те аталады (редька) — өте-мөте пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды оңдайды.

Алайда, жүрегі мен ұлта-бары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға жақпайды. Сондықтан бауыр циррозына басқадай дәрілік өсімдіктерді де қолдана береді.

Дайындау тәсілі: 10 г қо-сүйлі (аталық және аналық) қалақай жапырағы, 20 г итмұрын (шиповник), 20 г би-
дайық (пырей) тамыры қосындысының 1 ас қасығын 1 стақан суға салып, 10-15 минут қайнатады. 10 минут-тен кейін сүзеді. Кеселден айыққанша күн сайын 1 стақаннан 2 мезгіл ішеді.

Бал

Балды әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек тұтынады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірім-
шікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұ-рыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүй-рекке құм, тас жиналудан сақ-
тайды. Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

Грек жаңғағы

Ежелден бері оны халық медицинасында аурулардың кең көлемін, әсіресе, асқазан-ішек тракты мен бауырдың ауруларын емдеу, алдын алу үшін қолданып келеді. Көк грек жаңғағының биологиялық белсенді құрауыштары-ның бірегей әсерінің механизмі олардың бауырды тиімді әрі қауіпсіз тазартуға септесетіні және зақымдан-ған клеткаларды (тіндерді) қалпына келтіру сипатына ие екендігі.

Грек жаңғағы жалпы нығайтқыш, қабынысқа қарсы, жара бітіргіш, бактерицидтік және қан тазартқыш сипат-тарға ие, өт айдағыш әсері бар, бауырды патологиялық әсерлерден қорғауды қамта-масыз етеді. Грек жаңғағы ас-
қазан спазмдары мен бауыр шаншуларын жақсы басады.

Сұлы

Бауыр ауырғанда сұлыдан қайнатпа жасап ішеді. Оның жасалу жолдары былай: жуылған сұлыдан 2 ас қасық ала-
ды, оған 2 стақан қайнаған су құйып, 10 минут әлсіз отта қайнатады. Сосын оның 150 грамын сүзіп алады да жылыдай ашқарынға ішеді. Алдын ала қырмызыгүл (календула) тұндырмасынан 15 тамшы қосатындар да бар. Сөйтіп, қалған сұлы мен суды тағы да 20-30 минут пісіреді, содан соң екі сағат тұндырып қояды да сүзіп алып, соның 150 грамын тамақтың алдында ішеді.

Бауыр өтіндегі тасты шығару

Өт бөлу жүйесіне тән аурулардың белгілері: тез шаршау, ашуланшақтық, асқа тәбеттің нашарлауы, ауыз қу-
ысының күйіп-ашуы, кекіру, жүректің айнып лоқсу, құсу.

Халық медицинасы өттегі тастан арылу үшін жеті түрлі шөптен жасалатын дәріні қабылдауды ұсынады. Ол былай жасалады. Емдік шөпті жасау үшін бұрышты жалбыз (мята перечная), екіүйлі қалақай (крапива), дәрілік түймедақ, итмұрын (шиповник) жемісі, танап қырықбуыны (хвощ полевой), өлмес шөп (бессмертник) және спорыш шө-
бі қажет. Осы шөптердің барлығынан 1 ас қасықтан алып, үстіне 7 стақан су құйып, баяу отта 10 минуттай қайната-ды. Қолданар алдында суытады. Емделу курсы – шамамен 3 ай. Арасында 10 күндей үзіліс жасайды. Бұл ем-дік шөпті пайдаланғандар оны ½ стақан мөлшерінде күніне 3-4 рет тамақтанар-дан 30 минут бұрын ішкен-дерін айтады. Дәрігерлер өт айдайтын емдік шайырлар-ды ішуге ұсыныс жасай бермейді. Сол себепті, дәрігер-дермен кеңесіп барып емдік шөпті пайдаланған жөн.

Дәрілердің бауырға шипасы

Бөрікгүл жапырақтарының экстракты
Бөрікгүл өт түзуді жандандырады, бауырдан токсиндерді шығарады, алкогольдің бауырға уытты әсерін азайтады, қандағы не-сепнәр мен холестериннің деңгейін төмендетеді, атеросклероздың дамуының алдын алады. Бөрікгүлдің экстракты – қуатты гепатопротектор, яғни оның құра-мында бар белсенді заттектер бауырдың клеткаларын токсиндердің әсерінен қорғайды, ағзадан шлактар-ды, ауыр металдардың тұз-дары мен басқа да зиянды заттектерді шығаруға жәрдемдеседі. Осылайша бауырға әсер ете отырып, экстракт ағзаның тіндерінен оның тіршілік өнімдерін шы-ғаруды жандандырады, зәр айдағыш әсер етеді.

Шұбар алатікен экстракты

Ол бауырдың қызметін жақсартуға арналған құнды құрал болып табылады. Алатікеннің негізгі әсер етуші заттектері флавонолигнандар (силибин) болып табылады. Олар бауырдың тіндерін зиянды әсерлерден қорғайды және оларды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, өт түзуді және шығаруды күшейтеді, асқазанішек трактының секреторлық және қимылдың міндет-терін қалыптастырады.

Алатікеннің экстракты бауырдың (гепатит, цирроз, уыттық зақымдар), көкба-уырдың ауруларын емдеу кезінде, өт қуығының тастары кезінде қосалқы құрал ретінде тиімді. Алатікен бауырға екі тәсілмен ықпал етеді: біріншіден, ол клеткалық жарғақтарды нығай-тады, екіншіден, белок синтезін жандандырып, жаңа тіндердің түзілуіне көмек-теседі. Нәтижесінде өт өн-діру ұлғаяды.

Егерде бауыр қалыпты жұмыс істесе, онда ағзаның бүкіл иммундық жүйесі қолдауға ие болады.
Сол себепті, бауырға бекем болайық, ағайын! Дереккөзі

KILYZAMAN

Қияли пенде.

    Ұқсас посттар

    5 пікір

    Altygradus
    Шұбар алатікен? Бөрікгүл?
    KILYZAMAN
    (13.3 Kb, 212x252)Алатікен бауырды қорғайды.
    Алатікеннің ұрықтары, құрамының ерекшелігімен қандағы тромбоциттердің санының көбеиуіне себепкер. Ауыр тамақтардың қортылуына, семіріп кетпеуге, анемияның кейбір түрлерін болдыр-мауға себепкер болып ағзадағы зат алмасуды реттеп отырады. Көне заманнан бері бауыр ауруларын(гепатит, холецистит, цирроз) және өтқалта мен өт жолдарындағы кеселдерге қарсы бірден бір ем ретінде қолданылып келеді. Ұрықтан жасалған ұн(тақ) ағзаның ең маңызды мүшесін(бауырды)н түрлі токсиндер, дәрілер, радиациалар және алкаголь зардабынан болған зардаптардан тазалайды…
    Рецепт.
    Алатікеннің ұрықтары (Үйілген(толы) 1 шәй. қасық ) кофеұнтақтағышқа салып 1 минуттай ұнтақталынады. Алынған ұнтақты бір күнде екі рет, тамақ алдында(20-30 мин бұрын) жеп қойылуы керек, артынша жылы қайнатылған су ішілгені дұрыс. Кеселдің табиғатына(ауыр түрі) байланысты ұнтақтың мөлшерін және қабылдау жиілігін екі есеге өсіруге болады. дереккөзі
    Altygradus
    ааа көп рахмет, расторопша екен ғой. Ия осы шөптің пайдасы көп
    KILYZAMAN
    @satipaldi — өт жолдарыңды емдеп ал.
    (Бауыры жоқ ағзада өт болама екен осы?)
    bazuka
    иә бауырмен ойнауға болмайды, зардабын тартып жүргендердің бірімін, асқындырып алмай ертерек емделгеннің арқасында жаным қалды. тамақ режимін сақтамасан болды сыр береді. жаманы ең жақсы көретін тамағым балықтан жасалған тамаққа тыйым салынған, бірақ арасында режимді бұзып қоямын)))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.