ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАҒАН ҒАНА ҚҰМАЛАҚ ТАРТАДЫ

  • Автор
МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!

Бүгінде көше бойын жағалап келе жатып, картасы мен құмалағын жайып отырған көріпкел сымақтарымызды көзің шалады. Бірі көше жағаласа, бірі жеке үйлерінде отырып, болашақты болжайтыны бар. Көріпкелдерді сынамас алдын, көріпкел сөзіне анықтама бере өтейік

Көріпкел демекші бәріне белгілі уикипедия — ашық энциклопедиясында көріпкелдікке анықтама беріліпті.
Яғни көріпкелдік – адамның қоршаған ортадағы объективтік құбылыстар жайлы бес сезім мүшелерінің қызметімен түсіндірілмейтін, ақылдан тыс ақпарат қабылдау мүмкіндігі. Осындай қабілетке ие адамдар құпия сыртқы және ішкі күштердің әсері арқылы және тікелей олармен байланысқа түсіп, болашақтағы оқиғалар туралы, жоғалған заттың немесе адамның мекені жайлы жекелеген ақпарлар бере алады. Адамның денсаулығы жөнінде ғылыми медицина әдіснамасы мен құралдарын пайдаланбай болжамдар жасайды. Көріпкелдік жайлы әзірге нақтылы бір тоқтамға келген ғылымда тұжырымды түсінік бере алған жоқ. Көріпкелділіктің осындай құпиясы ашылмаған жұмбақ құбылыс болуына байланысты оны бүгінде әсіре мистификациялау мен алдаудың құралына айналдырушылар бар. Бұл жағдай көріпкелділікке әр түрлі көзқарас туғызады. Бірі сеніп жатса, бірі сенімсіздік танытады. Әркімнің өз пікірі бар. Досымжан Омарұлы — Өзім өмірімде бірақ рет балгерлердің көмегіне жүгіндім. Бір сұрақты 2 балгерге қойғанмын. Екеуінің де айтқаны тура, бір жерден шықты. 2010 жылы біздің әулеттің 7-8 жылқысы жоғалған, содан соны іздеп бір ай жүрдік. Бір күні досым бал аштырсай аштырсай деген ұсынысымен балшыға бардым. Ол отырғызып қойды да бірдеңелерді айтып аф-уф деп әруақ шақырды. Бір кітапты ашып «Көрініп тұр, бұрынғы жүрген жерінен шығыс жақта бір қырлардың астында жүр, түгел»-деді. Сосын, 1 айға жуық мерзімнің ішінде табылып калады» – деді. Ал екіншісі өзімнің сабақ берген ұстазым еді. Құмалақпен ашады екен. Ол да бірінші балгердің айтқандарын қайталап берді. «Сондай — ақ 3 деген сан шығып тұр деді. Келесі айдың 3-не, не әйтеуір бір куні сағат 3 те» — деди. Бір күні облыста жиналыста отырғанымда сағат 3 тен 20 кеткен кездерде үйдегілер ұялы байланысыма хабарласып қоймады. Содан жиналыс аяқталып, үйдегілерге қоңырау шалғанымда, «СҮЙІНШІ» жылқылар табылды деді. Қайдан деп едім, тура балшылардың нұсқаған жерін айтты. Таң қаларлығы ол кез сәуір айының 3-і болатын. Жанар Бейбітқызы. -Балшыларға сенбеймін. Олардың болжамдары тура келе бермейді. Балгерлердің құлағына шайтан келіп сыбырлап, ескертеді екен. Ал көріпкел сымақтарымыз оны құдайдың маған берген сыйы деп, алдына келген адамның өмірін өтірік болжап береді. Оларға сенбеу керек. Құранда сауегейлерге бару үлкен күнә деп тыйым салған. Ол жайында хадистерде де айтылған. Көріпкелдердің бұл ісін Аллаға серік қосу деп білемін. — Бей ресми мәліметтерге сүйенсек, қазақ халқының тұрмысына байланысты этнографиялық материалдарда бақсы, балгер, жауырыншы, түс жорушылардың көріпкелдікпен айналысқаны жайлы деректер көп кездеседі. Француз Нострадамус, болгар Ванга дүние жүзіне аттары белгілі көріпкелдер.
1882 ж. Лондон қаласында парапсихологияны жүйелі зерттеудің және бақылаудың нысаны ретінде белгілеп, нақты зерттеудің бастауы болған қоғам құрылды. Парапсихологтардың өздерінің санағы бойынша, 1970 ж. 30 елде 240-тан астам зерттеу лабораториялары мен қоғамдар жұмыс істеп тұрды. Нью-Йоркте халықаралық парапсихологтар ассоциациясы құрылған. Көріпкелдікте осы парапсихологияның бір саласы ретінде зерттеледі. Ғылыми тұрғыда көріпкелдікті экстрасенсорлық қабылдау, биологиялық электрмагниттік өрістің әсері ретінде түсіндіру бар. Ал, діни көзқарастар көріпкелділікті, көріпкелдік қабілет иесінің мақсаты тұрғысына анықтап тануға ден қояды. Оңғар Өмірбек, Иман журналының редакторы. — Құмалақшылар, балгерлер, тәуіптер Ібілістің жамағатынан саналады. Оларға ой-өрісі таяз, иманы әлсіз жандар ғана барады. Әрбір саналы мұсылман бар жақсылықты бір Алладан ғана сұрауы керек. Құмалақшыларға сенуге болмайды. Олар бояуларын жағып, өтірікті шын етіп, халықты алдайды. Көріпкелдердің құлағына шайтан келіп сыбырлайды. Ал олар адамдарға, бұл қасиет маған ата-бабамнан дарыған, түсімде аян берді деп жалған сөйлейді. Жалпы исламда көріпкелдің көмегіне жүгіну күнә болып саналады. Сол себепті барлық адамзат баласына айтарым, Аллаға серік қосып, күнәһар атанып кетпесе екен. — Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әмбие, балшы, емші, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Әр адам оларға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты, алыстан келетін жолаушыларды, реніш-қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көпшілігі шындыққа айналған. Бал аштырушы кітап ашып, құмалақ салушыларға өтінішпен келгендер көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі қажет. Оны сыпайылап «бал басы» деп атайды. «Бал басының» нақты бағасы, немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер «құдай үшін», яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір адамдар тіпті ештеңе де алмаған. Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса, халық ондай кісілерге бармаған, құрмет көрсетпеген және сенбеген. Ал, адамдарға риясыз көмектесу мақсатындағы көріпкелдікті әулиенің кереметіне балап, көрегендік деп тану қазақ халқында ертеден қалыптасқан наным. Біздің құмалақшы Құндыз апамыз құмалақ ашу «маған Алланың берген сыйы»- дейді. Құндыз Жұманқызы, құмалақшы. — «Мен құмалақ ашуды 35 жасымнан бастадым. Арғы ата-бабаларымызда әулиелік қасиет болған көрінеді. Әкемнің әкесі әулие кісі еді. 1986 жылы кенеттен қатты ауырдым, қыстың күні болатын, ауырып жатып түс көрдiм. Түсiмде атам маған қолыма құмалақ әкеп салды да, бұл сенің жолың деді. Ертесiнде тұрдым да тәуіпке барып түсімді жорыттым. Ол кісі маған «сені әруақтар қысқан, тәуіптік жолға түс, құмалақпен бал аш, сонда сен ауруыңнан құлан таза айығып кетесің»-деді, Міне сол уақыттан бері құмалақпен бал ашамын. Біреуге бәлен бер деп айтқан емеспін. Өз ырызығын беріп жатады. Оғанда ризамын. Көріпкелдік қасиет маған Алланың берген сыйы деп білемін. Ол үшін біреуден ақша сұрап, болашағын болжамаймын. Тек бір айтарым құмалақ ашпаған күні басым ауырып, буындарым сыздайды. Сол себепті де бұл ісмді тоқтата алмаймын. P.S. Білгіштердің айтуынша, бал ашу негізінен астрономиялық және астрологиялық болып екі үлкен топқа бөлінеді. Олар іштей түр-түрге жіктеліп, салаланып кетеді екен. Сондай-ақ құмалақ ашудың да өз жөн- жоралғысы бар. Яғни құмалақты лас орында, көшеде, жолдар бойында, түнде салуға болмайды. Арнайы таза орында салған оң шешімін береді екен-мыс. "Құдайдан қорықпаған ғана құмалақ тартады" деген халық даналығы. Құмалақтың балгерлермен арақатынасының ғасырлар бойы жалғасуы, оған күмән туғызуға болмайтын ескі ұлт қазынасы екенін дәлелдейді. Десекте қазіргінің бақсы балгерлері құмалақ ашудың қадір қасиетін жоғалтып, ақша табудың көзіне айналдырған сияқты. Жалған көріпкелдердің алдауына ілінген жандар елімізде аз емес. Психолог мамандардың айтуынша бақсы-балгерлерге өмірден түңілген, ерік жігері төмен жандар, тек жақсы сөздер есту үшін баратын көрінеді. Сонымен қатар көріпкел сымақтарымыздың бал ашу үшін арнайы бағасы бар екен. Мұндай көріпкелдердің жалғандыққа бой алдырары айдан анық. Біздегі тілек адамдар жалған үмітке алданып, бақсыларға сене бермесе екен.
Қасиет Ерболқызы
Cak

мен- Қасиет Ерболқызы. Қасиетті Түркістан шаһарынанмын.мамандығым-Журналшы. қазірге осы....

    Ұқсас посттар

    9 пікір

    zhanibek_nurish
    балгерге баруға деген құмарлығымды ояттың, антижарнама
    a63a1
    Түркістан,
    блогтар,
    рейтинг,
    google,
    Наурыз,
    алма.
    тағы да өрт
    asaubota
    Саk қарындасымыз ілмектердің не үшін екенін түсінбеген сияқты.

    ілмектер туралы мына жазбаны оқып жіберіңіз www.kerekinfo.kz/blog/adminsblog/91.html
    zhanibek_nurish
    супертүсінбеушілік
    shimaibek
    Түркістан, блогтар, рейтинг, google, Наурыз, алма.
    дегенді мына жазбадан оқып түсініп барып, қыран топан болдым
    dauitov
    Мен түске сенем.Кәдімгі түнде көретін.Түс арқылы бір күш адамға үнемі ескертіп, не дайын бол осыған деп тұратындай.Меніңше бұл өмірде біздің бүкіл жүріп өтетін жолымыз сызылып қойған.Егер қазіргі компьютерлік бағдарламалаудың мүмкіндіктерінің өзінің таңдай қақтыратынын ескерсек, оның Жаратушы үшін түк қиындығы жоқ екеніне көз жеткіземіз.Ал көріпкелдік, сәуегейлік шанда бір кездесетін қасиет.Олар келешекте болуы мүмкін, ықтимал жайттарды шынымен елестете алады.Сөйтіп сәуегейлік айтады.Бірақ олардың ешбірінікі анық емес, сондықтан тек өзіңе сенгенің дұрыс.Қазір құмалақ аштыру, жол аштыру көп адамдар үшін әдетке айналған.Болашағын болжатқысы келіп тұрады.Себебі басында олардың ешбірі жақсы айтпайды.Тақайды.Сөйтіп адам шошығаннан жан таппай бақсы балгер жағалап кетеді.Қысқасы, жай көріпкел тұрмақ, барып тұрып көріп келдім десе де оларға сенім жоқ.Адастырып одан ары басыңды қатырады.Ертеңгі күннен шошуға да, сеніп отыруға да болмайды.Тек ізгі үмітті жолдас етіп, саналы түрде алға басуың керек.Жол қаншалықты — ауыр, соқтықпалы-соқпақты, азапты болғанымен — құрдымға бастайтын емес.Тіршіліктің ізгі мақсатпен жаратылғанына ғана сенгім келеді.
    meirzhan
    Алдыңғы постыңызға коммент жазып едіңіз ғой: «Жақсы жазылған шығарма» деп. Мына постқа неге жазбадыңыз?
    dauitov
    Мейіржан кімді айтқансың? Түсінбедім.Мен бұл жазбаны мақтайын да, даттайын да деп тұрғам жоқ.Қайта ішімнен құмалақшыларға бір бару керек еді деген ой жылт ете қалды.Бірақ ондайға сенудің бүгінгі күн керек еместігін айтқым келді.Құмалақтың өзін қай мезгілде,қайдан жинауды білмей де құмалақ ашып жүргендер бар.Негізі көріпкелдікті арланбасам мен де айтар едім.Олар дүниедегі жалпылама, ортақ заңдылықтарды түсініп алған.Соған өз жанынан қосатынын қоса отырып майын тамызады.Мен біреуді көргем.Басында маған айтқандарына сенбеске шара қалтырмады.Кейін соған біраз күн емделдім де.Бір бөлмеде қабылдайды, алтын ине де қадайды.Сонда жатқанда елге айтатындарын тыңдап жатам.Құдды айтатын сөздерін кассетаға жазып алатындай.Елдің бәріне айтатыны бір әңгіме.Соған бәрі бастапқы мен сияқты еріп түсіп жатыр.Мен тырнақтың астынан кір, жақсыдан мін іздейін деп жүргем жоқ.Мына өмір біз қанша күйіп-піскенмен өз арнасымен аға береді.Бізсіз де ол әділетті, көркем,үйлесімділікке толы.Ортадан кимелеп кетіп жолдан адастыратындардан сақ болуды айтқым келеді.Мейлі олар жамандық та ойламайтын шығар.Бірақ сенің өз бетіңмен өмірді тұшынуыңа кедергі жасайды.Арғы жағын мыжи бермейін.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.