ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ немесе не ұтып, неден ұтыламыз?

  • Автор
МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


Бүгінде елімізде «Желілік маркетинг» ұғымы қанатын кеңге жайды. Бұл не дейсіз ғой? Оңай ақша табудың жолы. Қазір ғаламтор арқылы жұмысқа шақыратын бұл жүйе көпшілік арасында дау тудыруда. Жүйелі маркетинг бізге не береді? Немесе біз одан не ұтып, неден ұтыламыз? Осыған кеңірек тоқталайық.

Тарихи деректерге сүйенсек желілік маркетинг ең алғаш 1945 жылы АҚШ-та пайда болған. Ол тікелей тауар жеткізу арқылы, өнімді арзан бағада саудалауға мүмкіндік береді. Оның «алтын ғасыры» 1960-1980 жылдарды қамтыды. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей елдерінде қарыштап дамыған бұл жүйе адамдардың ой еңбегімен қаржы табуына қызмет етуде.
Адамдар бір айда тапқан жалақысын осы жүйе арқылы бір аптада табады екен. Тікелей сауда жасау осылайша көп қаржыға кенелтеді.
Қазақстанға келгеніне 10 жыл толған жүйеге арнайы заң да шығарылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сауда қызметін реттеу туралы» заңында «Егер сатушы тауардың кемшілiктерiн айтпаған болса, сапасы төмен тауар сатып алған сатып алушы өз таңдауы бойынша сапасыз тауарды тиiстi сапалы тауарға айырбастауға, тауардың сатып алу құнын мөлшерлес төмендетудi, тауардың кемшілiктерiн қысқа мерзiмде қайтарусыз жоюды, тауардың кемшiлiктерiн жою жөнiндегi шығыстарды өтеудi немесе шартты орындаудан бас тартуды және тауарға төленген ақшалай соманы қайтаруды талап ете алады» делінген. Алайда көрсетілген талаптар іс жүзінде толық орындалмай жатады.
Бұл саудада өтірік айту, жұмыс жасаудың оңай тәсіліне айналады. Яғни сізді жұмысқа шақырушы адам «айына 120 мың теңге табасың, мен қазір осынша қаржы аламын» — дейді. Бірақ оның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.
Желілік маркетингтен пайда тауып жатқандар аз емес. Қазіргі таңда барлық сауда, желі арқылы қызмет көрсетуге көшіп жатыр. Елімізде шетелдік «Орифлэйм», «Мэри Кэй», «Эйвон», «Фэбрлик» компаниялары 2010 жылы тікелей сауда қауымдастығын құрды.
Тікелей саудамен айналысатындар өзін – өзі жұмыспен қамтушылар болып есептеледі. Өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерге қарағанда, өзін жұмыспен қамтушылар саны 2007 жылы 4,7 пайыз болса, 2010 жылы 2,8 пайызға көтерілген.
Жұмыссыздардың саны азайып жатса оған қуанасың әрине. Алайда елімізде бұл жүйені дұрыс жолға қоймағандықтан, көпшілік ол туралы толық түсіне бермей келеңсіз оқиғаларға кезігіп жатады.
ОҚО прокуратурасының мәліметіне қарағанда желілік маркетингке қатысты шағым түспеген. Бірақ 2010 жылы Сайрам ықшамауданында «Микро кредит» пирамида жүйесіне ақшасын салғандар алаяқтың құрығына түсіп қаржыларынан айырылды. Қазіргі таңда аталмыш қылмыс бойынша тергеу ісі жүргізілуде.
Еліміздегі танымал «QuestNet» желілік маркетингіне келер болсақ, бұл компанияға кірген адамдардың басым бөлігін оңтүстіктің тұрғындары құрайды. Олардың жұмысқа шақыру тәсілі де ерекше. Бізге белгілі болғандай, компанияда жұмыс жасаушылар классикалық пирамида бойынша төмен қарай өсе береді. Қалай дейсіз ғой? Осы жұмысқа кіргісі келген адам алдымен компанияның өнімін (ең арзаны бағадағы тауарды 90 мыңға) алып тіркеледі. Өзіңнің соңыңнан таныс досыңды немесе туған туыстарыңды кіргізіп, олардан түскен ақшаның бір бөлігін компания айлық ретінде төлейді. Осылайша отбасылық бизнеске айналады.
Ақша табу үшін неге болсада даяр тұрған адамдардың санасын улау оңай. Шымкент қаласының тұрғыны Динара Керімнің айтуынша, «жүйелі маркетингпен айналысатын досым мені өзінің жұмыс орынына шақырды. Сабақтарына қатыстым. Таңқаларлық жағдай. Олардың сөйлеген сөзіне, киінген киіміне мән берсеңіз адам қызығарлықтай. Осыған қарап мәдениетті сөйлеуді, киінуді білмейтіндерді желілік маркетингке жұмысқа орналастыру керек пе деген ойға қаласың. Әтеген-ай дейтін дүние, жүйелі маркетинг бойынша жұмыс жасайтындар да өзімшілдіктің басым екенін байқайсың. Олардың айтқандарын мұқият тыңдап отырсаң, сабақ оқып не қыласың. Диплом алып, жұмысқа орналастың. Біреудің қабағына қарап жұмыс жасайсың. Алған жалақың ештеңеге жетпейді. Одан да желілік маркетинг бойынша жұмыс жасасаң көп ақшаға кенелесің дегендей кеңестер береді» — дейді.
Футболшыға айлық гол салғанына байланысты төленсе, мұнда сенің тілмен қалай жұмыс жасайтыныңа байланысты, дейді аталмыш жүйе бойынша жұмыс жасаушы Айдын Сапарбаева.
Әркімнің өз қабілетіне қарай табыс түсіп жататын жүйеден, зардабын көргендерде аз емес. Сондықтанда бұл жүйе біреуге зиянын тигізсе, кейбіреулері пайда табуда. Қазақтың жақсы мақалымен қорытар болсақ, «Қалауын тапса қар жауады»…
Сіз не дейсіз?
Айдана Әмзеева, ХҚТУ – дің студенті:
Желілік маркетинг бойынша жұмыс жасағаныма 1 жыл болды. Тапқан табысым өзіме жетеді. Ең бастысы ата – анамның қалтасына қарап отырмай, жақсы табыс табудамын. Бұл жүйені көбі құптамайды. Бірақ батыста қазір бәрі осы жүйеге көшкен. Біздің елде әлі толық дамымаған. Өз есебін білмей ақшасын оңды солды шашатындар, банкротқа ұшырап, қаралап жатады. Ол дұрыс емес. Әр нәрсені өз есебімен жасаса ұтылмайды деп білемін.
Ақберен Ераханова, студент:
— Мен желілік маркетинг бойынша 3 ай жұмыс жасадым. Одан ешқандай пайда көргенім жоқ. Маған 150 мыңға тауар алып тіркеліңіз деді. Күнде қоңыраулар шалынды. Адамды қызықтыратын ұсыныстар айтып, басымды шыр айналдырды. Ата – анама олардың айтқандарын айна — қатесіз түсіндірдім. Осылай үйдегілерден керекті қаржыны алып, алдап шақырған компанияға тіркелдім. Алайда үш айда ешқандай жалақы алмадым. Қарызға белшемнен батып, оқудың да ақшасын төлей алмадым. Ең қиыны тиісті органдарға шағым айтуға ұяламын.
Бақтияр Ергешбаев, психолог:
Жүйелі маркетингпен айналысатындарға қарсылығым жоқ. Олар өз қабілеттерін пайдаланып, қаржы тапқанда тұрған ешқандай ағаттық жоқ. Тек алаяқтардың арбауына ілініп қалмаса болғаны. Жұмысқа орналаспас алдын олар туралы жан – жақты ақпарат алып, сенімді болғанда ғана тіркелуге кеңес беремін. Жұмысты бүкіл Күш — жігеріңді салып істесең жетістікке жетуге болады.

Cak

мен- Қасиет Ерболқызы. Қасиетті Түркістан шаһарынанмын.мамандығым-Журналшы. қазірге осы....

    Ұқсас посттар

    8 пікір

    Gazizkizi
    Желілік маркетинг нағыз қазаққа қажетті жұмыс қой… Айтпаса да түсінікті арғы жағы
    zhanibek_nurish
    ооо, желілік маркетинг тарапынан ұйымдастырылған консультацияларға барғанды жақсы көремін. Қиялымда байып қайтайын
    Aya
    «Жас қазақ» газетінің материялы ғо мынау. Шариғатта тиым салынғаны туралы пәтуаны неге қоспағансыз, қалайша ұмыттыңыз?
    AL-ASTER
    Иә, жақсы жазылған. Тура ойымды оқып отырғандаймын дегеннен басқа айтар жоқ.
    meirzhan
    рахмет, гуглдан келдім, желілік маркетинг туралы ақпарат керек болған.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.