Әрбір ана өз баласымен бақытты.

  • Автор

Өзгермелі өмірдің сан қилы соқпақтарынан жүріп өтіп «Адам» деген құрметті атқа ие болу үшін ақыл мен парасаттылық, инабаттылық пен имандылық, сыйластық пен достық, мәдениеттілік пен әдептілік адам жүрегінде болуы тиіс.Осы қасиеттерді Аллаға шүкір бойымызға сіңіре білдік.Мұның бәрі отбасы тәрбиесінің арқасында."Ұлдың ұяты — әкеге,қыздың ұяты — шешеге",«Кішіпейілділікен кішіреймейсің..»,"Қыз қылығымен сүйкімді",- деп анам ылғи да айтып отыратын.Ана — асыл жан ғой шіркін!!! Баласы үшін қашанда уайымға салынып, алаңдап отырады.Менің ата-анам алты қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсіріп отыр.Отбасында әкеден бұрын ананың берген тәрбиесі ерекше.Осы уақытқа дейін ешбір қиындыққа мойынсынбай балаларын өсірген әке-шешеме алғысым шексіз.Анам «Алтын алқа» иегері,қазіргі таңда аудандық "Қазпочта" бөлімшесінде қызмет атқаруда.Еңбек жолын есепші қызметінен бастаған анам, отбасында аяулы жар, ардақты ана.Мен бақыттымын!Өйткені әке-шешем қасымда.
Құрметті жастар аналарыңызды ешқашан ренжітпеңіздер.Аналарымыз ешқашан қартаймасын.Иншаллах әрқайсымыз өз анамызды бақытты ете білейік!!!
ulergen

Ұлерген Токтамысқызы 1993 жылы 6 қаңтарда Көксарай ауылында дүниеге келген.Әкесі Токтамыс пен анасы Жақсыгүл 6 қыз,2 ұлды тәрбиелеп,өсіріп отыр.Қарапайым жанұядан шыққан.2010 жылы Түркістан қаласындағы 31Абай мектебін бітіріп,қазіргі таңда А.Ясауи атындагы ХҚТУ-нің Филология факультетінің Журналистика кафедрасының 2-курс студенті.Улгі тұтар адамы - анасы.

    19 пікір

    satibaldi
    Қарағым нақмет, бізге енді жазбай-ақ қойсаң да болады. Мұндай жазбаның барынан — жоғы. Қаламың суалып, жазар азайсын! Табанымның сырт жағымен шекемді сипап, терістеуді терістеген оң батамды бердім!
    Zako
    Қаламың суалып, жазар азайсын!
    жағыңа анаконда жұмыртқалағыр…
    dark_nazgul
    дұрыс қой…
    бірақ…
    serjan
    5-сынып оқушыларына сынып жетекші 8-наурызға осындай тақырыпта реферат тапсырмаға берген екен оқушыларға айтайын көшіріп алсын.
    satibaldi
    Шешесс...
    Профайлыңыздан резюмеңізді лоқсығымды кері жұтып отырып, оқымақ болғам, бірақ анау, астын сызып көрсетіп қойған сөзге келгенде — қолқамның еттері еріксіз болсап кетіп, лақылдатып құсып жібердім.
    Епті, қарапайым жанұядан шыққан-қыпағаның кімге керек нақ, кімсің сен епті? Габсбургтер мен Бурбондардан болсаң, талтайып кетіп, ходунокпен жүретін түрің бар екен нақ. Әпербақандығыңа сай құдай қарасып, қарапайым жанұя берген екен.
    dark_nazgul
    сабыр, Сатекесі, сабыр.
    satibaldi
    Жоқ, мұндай жазбаларды иелерімен қоса қатал, өте қатал жазалайм нақ.
    dark_nazgul
    Түсініп отырмын, бірақ әрбір осындай сұрықсыз жазбаға таусыла берсеңіз неңіз қалады?
    satibaldi
    Ох шешесс, сұрықсыз деген мөрін басуды ұмытып кетіппін, нақмет еске салғаныңа, рақтың.
    Zhan
    Епті, қарапайым жанұядан шыққан-қыпағаның кімге керек нақ, кімсің сен епті? Габсбургтер мен Бурбондардан болсаң, талтайып кетіп, ходунокпен жүретін түрің бар екен нақ. Әпербақандығыңа сай құдай қарасып, қарапайым жанұя берген екен.
    Ойбай бишара қыздың түгін қалдырмапсың ғо.
    asaubota
    қарындасым, ренжіме. мына жазуыңды әрине жақсы ниетпен жаздың. бірақ, бұл мұндай жерде жазылатын нәрсе емес. немесе бұлай жазылатын нәрсе емес. бастапқыда мектеп оқушысы болар деп ойлап қалғам. студент екенсің, мақала жазған кезіңде ойыңды жинақтап дұрыстап жаз. мынауың мектеп оқушысының шығармасы сияқты бірдеңе.
    Zako
    Қазақ тілінде нүсте мен үтірден кейін бос орын болу керек. ОБұл ережені бірінші сыныптың да оқушысы біледі. Сіз де білесіз. Бірақ неге виртуалды қоғамдық орындарда осылай оқырманның қанын қарайта бересіздер?
    dark_nazgul
    НүСте деп опечатка мен ғана жіберем бе деп жүрсем…
    Zako
    Қызып кеткенде ұят болып қалады осылай.
    Adiletshu
    Былай симпотка қыз екен
    Adiletshu
    Бойжеткен, қайтесің журик болып… Бәрін таста да маған күйеуге шық.
    aza
    Әркім шамасы жеткенше шабады…
    Қолы жеткенше биіккке созады…
    Баланың бары да…
    СААТ та баламен бала болып)))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.