Ана - өмір шырағы

Апптырды - зынданға!
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл.
көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Ұқсас посттар

26 пікір

lunara
ана, бұл 3 әріптен құралған жүрекке жылы тиетін сөз емес пе? жалпы маған ұнады, жақсы жазыпсың!
satibaldi
ана, бұл 3 әріптен құралған жүрекке жылы тиетін сөз емес пе?
Мама ғой, 4 әріп емес пе, қойыңдарш қыздар.
AKA
Өшіріп, қайта жазғансыз ба? Жаңа ғана басқа пікір тұр еді…
meirzhan
Пікірді тазартқан ғой
Zhanarhamit
Оны байкамай кетіріп алдым
satibaldi
Біріншісінде әзілдеп едім, өзіңше түзетпек болып, ақыры жазбаны жойып, қайта жазыпсың. Ал онда кеттік.
1. Мына жерін түсінідіріп беріңізші: "Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз."
Zhanarhamit
Қазірі кезде бала өз анасының қадірін түінбейді діни екталарға кіріп кетіп отбасын ұмытады, қазақта мақал бар емеспе ананың көнілі балада, баланың көнілі далада. Бұл жайдан — жай айтылған мақал еместі
satibaldi
Не дейд қарағым, мекен-жайыңды алып, Сізден өмір үйреніп алуға болмас па екен?
meirzhan
Керісінше баланы сектаға кіргізетін ата-анасы (Көбінесе). Кішкентайын шіркеуге апарып, түрлі-түсті әдемі діни әңігемелер туралы кітаптарды оқытады.
Zhanarhamit
Мен ата-анасының балаға діни кітаптар бергенін көрген жоқпын
meirzhan
Көрсең, басқаша айтушы ең.
araika
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
мына сөздің етістік ретіндегі мағынасын ашып көрсетсең...Өзің енгізбесең, мен бұрын-соңды байқамаппын.
AKA
Қатты-қатты айтпай-ақ қояйықшы, енді ғана келіпті. Қош келдің Жанар!
araika
енді ғана келіпті.
Қуып жатқан жоқпыз, келсе қалар.
AKA
Бірден жағадан алмай, түсіністік танытайық, жүрегінен шыққан жазба шығар. Қатесінен бұрын жазбаның мағынасына мән берген болар, біз қателерін жөндеп, дұрыс бағыт сілтеп отырайық та.
araika
Бұрыс бағытқа беттетіп, адастырып жіберердей қылық танытып үлгеріппін.

Қысқасы, бірден іске көшкенді жөн санайтын стереотип қалыптасып қалған, сондықтан асты-үстіне түсіп, өбектеу дегенді білмеймін.Оның үстіне
біз қателерін жөндеп
дейсің, онсызда солай ғой. Әлде
Өзің енгізбесең, мен бұрын-соңды байқамаппын.
дегеніме екпін түсіріліп тұрған болса, бәлкім мен ескіше қалыппен жүрген, неологизмдерді білмей қалған шығармын деген оймен жазылғанын жеткізгім келеді.
AKA
Жарайды, қалауың білсін. Бірақ түсіндіру жауабын бәрібір жазбады ғой.
meirzhan
Мектеп оқушысына қате жіберу ұят емес деп ойлайм))
araika
Ойың піспей қалыпты (тіпті бұлай сылтауратуға негіз жоқ)
Жалпы, құдірет сөзінің мағынасына үңілсек, ешқашан етістік бола алмайтындай. Мен осыны ғана айтпақ болдым, жағадан алып жатқан ештеңем жоқ.
satibaldi
Дұрыс, осылай айтып тұру керек негізі. Сізді қолдаймын. Ананы қой, ол бір делқұлы бірдеңе.
meirzhan
Сылтау емес, себеп. Мектеп оқушысы бола тұра, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтындар қаншама. Тәуба дейік. Әр сөзіндегі қатені шұқып көрсете берсек, сағын сындырармыз.
Әлде кейбірлерге еріп педотролль болмақсың ба?)
Zhanarhamit
Анамыз жүрегімізде сондықтан ананы құрметтейк дегенм
balzaminka
Ана деген сенің кең сарайың, ана деген сенің еркіндігің, ана деген сенің бақытың…
Daniar-Alan
гуантанамодағы ең алғашқы жазба
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.