Рейтинг
+15.92

Футбол, тек қана футбол!

82 оқушы, 248 тақырып

Еуропа Лигасында Қазақтар күні

/ / 22 / 1311 / 0

Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның...

Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын

/ / 51 / 2731 / 1

13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы. Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын...

Ақтөбе - Алания. Фоторепортаж

/ / 12 / 1587 / 0

Біз ұтылдық. Бірақ @asaubota айтпакшы пенальти — лотерея, лотереядан ұтылдық. Ақтөбе бәрібір — чемпион! Осы ойын ақыры емес, болашақта бізде әлі талай жеңістер тойланады деп сенейік! Енді ойыннан фотосуреттерді ұсынамын ағайындар: Ойынның ашылу сәті Алаңға шыққан ойыншылар құрамы...

Админ Қарағандыда немесе "Шахтер" мен "Ақтөбе"

/ / 36 / 2018 / 0

«Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол командаларының арасындағы ойынды көру үшін Аршат біздің қалаға машина капотын тіреді. Алдын ала хабарласқанымызда «Ерлан Оспан да келеді» деген мәліметтер болғантын. Бірақ, аяқ асты мемлекеттік маңызы бар шаруалары шығып қалғандықтан ол кісі келе алмай қалыпты. Сонымен, админімізбен стадионда кездестік. Ойын өте...

Шалдар және балдар юнайтед

/ / 35 / 2103 / 0

Очм, жұма күні кешкісін Астаналық керекшілер жиналып салауатты өмір салтын қолдау мақсатында футбол жарысын ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Астана қаласының белді деген қызмет орындарының өкілі, әрі КерекИнфо сайтының қолданушылары келді. Ең алқаш сөз кезегін ешкім айтпады. Себебі, ашылу рәсімінсіз-ақ футбол ойыны басталып кетті. Жарысқа...

Абдулаи Диакате: «Тараздан» кеткім келмейді

/ / 23 / 1638 / 0

Қазақстанда доп теуіп, нәпақа тапқан тәжірибелі шетел футболшылары жетерлік. Сондай футболшылардың бірі Абдуллаи Диакате. «Тараз» футбол клубында еліміздің намысын қорғап жүрген сенегалдық жартылай қорғаушы бұған дейін Түркияның бірінші лигасында ойнаған. Жақында 23 жасар футболшымен тілдесудің сәті түскен еді. – Абдуллаи, Қазақстанға...

Әлемді таң қалдырған Азия футболы

/ / 5 / 1563 / 0

Германияда өткен 2011 жылғы әйелдер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының бас жүлдесі — Жапония құрамасына бұйырды. Жарыстың 1/4 матчында алаңға қарсыластарын менсінбей шыққан Германия құрамасын қапы қалдырған Жапония құрамасы, келесі кезекте Швеция құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, финалда АҚШ құрамасымен алаңға шықты. Әрине, көптеген...

Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан

/ / 27 / 1559 / 0

Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен. Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық? Сурет: sports.kz