Рейтинг
+15.92

Футбол, тек қана футбол!

82 оқушы, 248 тақырып

Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды

/ / 4 / 3142 / 0

Ия, Шахтерге қатысу арманға айналған немесе Реалдың тек түсінде көріп жүрген кубогы саналатын Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіде басталуға санаулы күндер қалды. Бүгін Францияның Атақты Анриды әлемге сыйлаған Монако қаласында ЧЛ-ның жеребе тарту рәсімі болып өтті. Футболдың майын ішкен мен-мен деген Еуропа мықтылары сол Монакоға жиналған...

Селтиктің жеңісі шотландтардың көзімен

/ / 14 / 1936 / 0

Шотландияның танымал Daily Record және Sunday Mail газеттерінің кешегі ойын туралы фотосетін ұсынбақшымын. Фотосетте бәрі бар. Қазақ жанкүйерлер, матч алдында дұға етіп тұрған жалғыз мұсылман Джидич, ойындағы қауіпті сәттер, соғылған голдар, гол қуанышы және әрине Борат. Ақпарат көзі: dailyrecord.co.uk

"Селтик" - "Шахтер" 3:0. "Шахтер" Еуропа Лигасында!

/ / 9 / 1215 / 0

Чемпиондар Лигасы плей-офф матчында «Селтиктен» 3:0 жеңілген «Шахтер» қос ойынның нәтижесі бойынша 3:2 жеңіліп, Еуропа Лигасына жолдама алды. Жарысты «Шахтер» енді Еуропа лигасында жалғастырады. «Селтик» — «Шахтер» 3:0 (1:0) Голдар: Коммонс 45 (1:0), Самарас 48 (2:0), Форрест 90 (3:0) Ескертулер: Лэдли 68, Браун 90 — Симчевич...

"Шахтер" алға,"Ақтөбе" қалма!

/ / 4 / 925 / 0

Бүгінгі түн, яғни 28-нен 29-на қараған түн миллиондаған қазақстандықтар үшін (бұлай айтсам қателеспейтін шығармын) ұйқысыз түн болды. «Шахтер» қарсыласының атақ-дәрежесіне қарамай мықты ойнады. Жеңілді. Бірақ шотландықтарға бұл жеңіс оңай келген жоқ. Жеңген кездегі қуанғандарын көрсең, бейне бір «Барселона»-ны ұтқандай, балаша қуанды....

Қиялымдағы Ұлттық Құрама

/ / 30 / 3038 / 0

Ұлттық Құраманың әр жеңілісінен кейін айтылып жатады ғой «тек қазақтар ойнау керек» деп. Шынымен солай болса қалай болар еді? Қиялдап көреміз бе? Мен мынадай нұсқа жасап көрдім: Қақпада: Самат Отарбаев Қорғаушылар: Данияр Мұқанов, Самат Смақов, Азат Нұрғалиев Ортада: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Қайрат...

Фанаттың сатқындығы

/ / 59 / 1728 / 0

Футболдағы фанат ұғымы қалай өзі? Белгілі бір клубқа жан-тәнімен жанкүйерлік етуі ме? Жалпы футболға Отан ұғымы керек пе? Басқа елге, клубқа жанкүйерлік етудің несі айып? Гаста адамдардың неліктен бір жаққа фанат болатынын ашып түсіндіре алатын шығар, бәлкім. Мені мазалап отырған сұрақ — өз елінің клубына жанкүйер болмағанды сатқын деу лайықты...

Ақтөбе - Динамо К 2:3

/ / 26 / 1961 / 0

Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі, Ақтөбе — Динамо Киев матчының видеолары мен қызық суреттері Ойынның қысқаша бейнебаяны Бірінші голдың жақын трибунадан түсірілген видеосы Ойын алдындағы ақтөбелік фанаттар бірлігінің киевтіктерге "қонақжайлық" танытуы. Кешегі күннің басты жеңісі!...

Шахтер - Селтик 2:0

/ / 78 / 2361 / 0

«Шахтер» — «Селтик» (Глазго, Шотландия) 2:0 (1:0) Голдар: Финонченко 12 (1:0), Хижниченко 77 (2:0) Ескерту: Муйоколо 45 «Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 82), Хижниченко «Селтик»: Форстер, Исагирре (Балде 82), ван Дейк, Малгрю, Муйоколо,...

Қарсыластар анықталды

/ / 12 / 1296 / 0

Футбол сүйер қауымның назарына: бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Европа лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін плей-офф жеребесі тартылды. Ел үмітін арқалаған Ақтөбе командасы жеребе нәтижесінде 2 топқа түсті. Алғашқы қарсыласы анау-мынау емес Шевченконы тәрбиелеген Киевтің Динамосы. 2 топтағы басқа командалар жайлы білгіңіз...