Arular.kz

Футбол тек еркектердікі!

Футбол, тек қана футбол!: Футбол тек еркектердікі!

Қазір стадионда футболға келетін қыздар көп, интернетте мойындарына шарф таққан, беттерін бояған қыздар суреттері көп. Спорт сайттары, форумдарында да фанат қыздардың каменттері. Қысқасы қыздар "біз де фанатпыз" дейді. Бірақ мен бұған қосылмаймын, мұның уақытша қызығушылық екенін дәлелдеуге тырысамын. Біраз жыл футболдың және фанатизм айналасында жүргесін өз тәжірибем бойынша шағын анализ жасап көрейін.

Сонымен футбол және қыздар туралы:

"Қыздар неге нағыз фанат бола алмайды?"

Футбол арқылы қыздар еркектердің назарын аударады. Стадионға келетін қыздар саны аз, сондықтан еркектер міндетті түрде бұл қыздарға қарайды. Назар аудару қыздар үшін өмірлеріндегі маңызды жайттардың бірі.

Футболды әдемі еркектер ойнайды. Бекхэм, Месси, Фабрегас, Торрес, Кака, Смаков бұлар әдемі жігіттер. Тек сол әдемілік үшін де футболды жақсы көретін қыздар бар.

Футболды тек күйеуге шықпаған қыздар жақсы көреді. Күйеуге шыққаннан кейін футбол жайына қалады. Ешқандай себебі жоқ. Ол солай өйткені. Бірақ, «футболды жақсы көрем, кезінде аулада балалармен ойнағам» сияқты мифтар айтып отыратын келіншектер болады.

Футбол қызығы қыздар үшін жәй ғана визуальды қызық. Олар ешқашан ойын тактикасын түсінбейді. Түсіну маңызды да емес олар үшін, бастысы гол болса, команда жеңсе болды.

Қыздар ешқашан футболдың математикасын түсінбейді. Мысалы кубок ойыны, реванш матчында қандай есеппен ойнап келесі турға шығуға болатынын олар есептей алмайды. Кейде жұрт команда жеңіліп қалса да неге қуанып жатқандарын түсіне алмайды.

Қыздар антисуппортты түсінбейді. Қарсы командаға антисуппорттың негізі қарсыласқа жасалған демотивация арқылы өз командаңа қолдау екенін түсінбейді. Футболдағы агрессияға қарсы. Ал мұнсыз футбол және фанатизм болмайтынын түсінбейді.

Шарф тағу, плакат ілу, календарь ұстау, автограф жинау, футболшымен фотоға түсу... Міне осылар қыздар үшін фанатизм болып саналады. Ал шын мәнісінде фанатизм жүрекке тағылған значок, жүрекке ілінген плакат, жүректегі махаббат екенін түсіне алмайды. оларға бәрі көзбен көрілетін, қолмен ұсталатын болуы керек.

Жоқ, мұның бәрі дұрыс емес. Мен ондай емеспін дейтін қыз бар болса жынысын өзгертсін.
" data-width="600" data-numposts="5">

34 пікір

avatar
Осы 4,5 жыл ішінде стадиондағы қыздардын 3-4 құрамы ауысты)
avatar
ал біреулері фанаттан бала тауып енді «не до футбола» болып үйде отыр ма? :)
avatar
Ондай да бар)
Көбісі 20 жасқа жетіп, дұрыс қыз болам дейді.
Тыныш сүйетін офистік планктон жігітті іздейді))
avatar
Өзімді айтсам, сен айтқандай болар. :)) Ал интернетте Арсик деген қыз бар ғой, соны мен ойлайм жақсы жанкүйер ма деп. Былайынша футбол жайлы мәліметі мықты сияқты…
avatar
Arsik-тан сұрағам бұрын. Неге футбол, неге Арсенал деп. жауабы мақалада бар, екінші пунктте тұр :)
avatar
Арчи, футболдан әйелдер құрамасы ше?!)))
avatar
гомосексуализм деп аталатын жыныстық бағыт бар, естіген шығарсың мұндайды. әйелдердің футбол ойнауы да сондай бірдеме. айтпақшы футболшы қыздардың түрлерін көрдің бе? еркек сияқты болады түрлері, денелері :)
avatar
Мен мысалы футболға қызығамын) бірақ фанаты емес екенімді мойындаймын)))
avatar
Жазбаның авторы берілмепті, десе де кім жазғанын шамалайтын сиқтымын.
Сонымен, қыздар фанат бола алмайды дейді. Мһм… Еркектер де қыздар секілді кәріс, венесуэла, бразилияның сериалын көріп, жылай алғанда қыздар неге футбол көре алмайды екен? Неге футболға фанат бола алмайды екен? Егер сұлу еркекті көргісі келсе, оларға актер, әнші жетеді. Футбошылардың сұлулық объектісі болғанын өзім көрген емен. Айтпақшы, Бэкхем мен Рональдо бар. Бірақ олар да исключение.
Қысқасы, құрметті бөріктілер, қыздардың еркектерден де өткен фанат бола алатынына күмән келтірмей-ақ қойыңыздар. Алдағы уақытта оны дәлелдейміз. Жынысымызды өзгертіп емес бірақ…
avatar
арине кыздардын да Фанат болганы жаман емес шыгар.Бирак казакы менталитетте, казакилыкта кыздарга бул адеттер жат болып келеди.Неге казакшылдык дейтин шыгарсыздар себеби казакилык казак кыздарына гана оте-оте жарасатын касиет… Фанат болу басында сан кейннен ауруга айналатын бир касиеткой бостан боска таласпай-ак койсак кайтеди :)
avatar
қазақы менталитетте жоқ мынадай дейсіз бе? қазақ қыздарының атқа мініп, ұлдармен қыз қуу ойнағанын қайда қоясыз сонда. ол да футболмен парапар нәрсе ғой, жараспайды деп көріңізші ал оын.
avatar
алдағы уақытта мақаладағыдай болатынына сенімдімін. қазір жассың ғой, уақыт көрсетеді бәрін :)
avatar
Егер футбодың айналасындағы кәсіппен айналыссам (мәселен, спорт жорналшысы), мақаладағыдай болмайтынына сенімдімін. Тіптен ондай кәсіппен айналыспағанның өзінде тастамайтыныма сеніңіздер, құрметті еркектер.
avatar
Сіз футбол дегенде нені елестетесіз?
Айтып беріңізші
avatar
сізді елестетем десем ше? қалай?
қалжың әрине.
басқаны қойып енді футбоды көп көре бастадыңыздар ма қыздарға.
мен қазір футбол дегенде доптыыыыы, сосын… мммм… футболистердііііі… елестетем деп банально жауап бере салсам болар еді.
қысқасы, футболдың бізге қарсы жыныстағы фанаттары, яғни еркек фанаттар не елестетсе, біз де соны елестетеміз-дағы…
avatar
Тайпа, күрес, адреналин, тапа, жырт жауды, пікірлестерің толған трибуна.
Сізге де осы сөздер ойыңызға келе ме?)
avatar
Футбол кезінде құрметті Ғалия, сізде эйсиэйби сезімдері бола ма? ондай ситуацияға тап болдыңыз ба?
avatar
Хехехе, админ ағай, әйелдердің, дәлірегі қыздардың нағыз фанат бола алатынына әлі күмәнданып жатырсыздар ма? Қатынға бергісіз жылауық еркектер бар, ендеше еркекке бергісіз фанаттар неге болмасын. Қандай өкінішті, қарсы тараптың фанаттарымен жаға жыртысқан немесе полисайдың басын бөтелкемен жарған әйел футбол хулигандарының тарихында тіркелмепті. Бірақ болғаны кәдік, тек тарихқа енбегені болмаса. Ал менде… болады. бірақ іс жүзіне асырып көрмеппін. Әсіресе қарсыласың гол соғып, фанаттары қол соғып жатқанда тұрып барып бетінен шапалақпен бір салғың келеді.
avatar
Ендеше, кешегі Шахтермен болған ойында болған шығарсыз? Шын жүректен жеңісімізбен құттықтаймын! Ақтөбе — чемпион!!!
avatar
пікірі сендей талай қызды көргенмін, жастары да сен шамасында. осы мақаланы және астындағы пікірлерді біраз жылдан кейін келіп оқып көр, сосын пікір жаз :)
avatar
пікірлер))))))
бұрын бір студент шарф беріп кетіп ед. :) біздің ту сияқт. күЧт шарф! алға Қазақстан деген сөзі бар. матчқа да шақырған. бірақ барғам жоқ ұмтып кеттіппін. :( футбол десе, сөремде тұрған сол шарф қана елестетем :)

футболға байланысты суреттер көргенд ұнатам. сондай ашық/жарқын түстер :)
avatar
Псевдофанат қой қыздар.
avatar
avatar
 әбден жынданған жанындағылар трибунада айдап қуып шыққан шығар
avatar
Мен ендеше бүрсігүні баламды футболға ертіп апармақшы болып жүрмін.
avatar
Қайраттың ойынына ма? өзіңді аямасаң да балаңды ая, кішкентай баланың психикасына олай соққы жасама. Алматыда басқа спорт түрлерін таңдап көр.
avatar
Қайрат емес, ұлттық құрама мен легионерлер жолдастық кездесу өткізбекші.
балам «апаршы» деген соң… Ол Қайраттың не екенін білмейді, Миланның жанкүйері. "қазақстан" деген соң ғана барғысы келіп жүр.
avatar
ондай болса апар әрине  Құдайым Қайраттың фанаты болу азабынан сақтасын!
avatar
Тақырыптан сәл ауытқиын. Оффтоптар жазғанды жаным ұнатпайды. Спорттың төңірегі болған соң… Бұрын көңіл бөлмейтінмін әйелдер қатысқан спорт түрлееріне, осы жолы теледидардан олимпиада барысын көріп отырып Әйелдердің еркін күресін (қателеспесем осылай спорт түрі аталады) көрдім. Ұнамағаны күрес үстінде тәсілдерін асыру үшін желке, самай тұсына жармасқанда мықтап, өріп жинап қойған шаштарының додасы шыққанда. Ұзын шаш әйел затына берілген көркі ғой.
avatar
konvict екеуіміз бүгін мына тақырыпты еске алдық
avatar
Таңатпай бүкіл интернетті шарлап, бір ақпараттың рас-өтірігін іздеп кеттім ғой. Сөйтсем, қыз жазған жаңалық екен
avatar
менімен ақылдасқаның дұрыс болды. мәселеңді 1 минутта шешіп бердім

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.