Мәләдес, Берәнек!!!

  • Автор
Әбілдің, Біздің Қазақстан жарады. Өткенде осы ойын туралы біраз пікір талас болып еді. Қазақстанның жеңетініне менен басқа @Erke ғана сеніп еді. Үмітіміз ақталды. Есеп 2-1, жеңіс біздікі. Әрине, талайдан жеңіске сусап жүрген біз үшін бұл жеңістің орны ерекше болайын деп тұр. Беранек дұрыс тактика қолдана білді деп ойлаймын өз басым. Негізі Әзірбайжан секілді құраманы ұту айтарлықтай мақтаныш емес түсінгенге. Дегенмен ұтысқа қуануымыз керек. Екі голды салған Гридин, оң қанатты толықтай иелік еткен Ұлан, қорғаныста жақсы ойнаған Смақов, бәрі-бәрі жақсы ойын көрсетті. Коментаторлар, сол қанаттағы ШмИТгальді мақтап жатты. Бірақ, бізге салынған гол тура соның қанатынан өрбіп еді. Менің байқағаным бізге дені дұрыс артқы орталық қорғаушы керек екен. Шабуылға тосқауыл бола алатын біреуді табу керек секілді. Шабуылдағы Остапенконың орнына жылдам қимылдайтын біреуіді алған дұрыс секілді. Бүгін Остапенко голға пас берсе де, оның сылбырлығы қанды қайнатады. Тағы бір нәрсе, біздің футболшыларға жылдамдық керек екен. Ойыннан кейін бар ойым осы болды.
konvict

Флуд жасау ісінің шебері!

Ұқсас посттар

19 пікір

konvict
Асығып отырып жазжівердім, қателерім үшін кешірім
meirzhan
қуанышың қойныңа сыймай жазып жівергенсің-ау.
konvict
Айтберген-ай, тура солай болды. Қуанышым қойныма симай жатыр
manfan
кешірім береміз, береміз!:)
satvaldo
фсё! темекiнi тастайм. ал, тукаларды жеңсе iшудi қоям. баҚыттымын :))))))
tazwabala
Тукасы кімдер?
meirzhan
Түріктер чығар
aktobe88
ras! men de. türikterdi jense bir. ötken jılı azeriler 1-0-men jenip edi. bul jolı bizge de sol bakıt buyırsa.
saken
уффф, жеттік ау бұл күнге!!!

қуанышымыз ұзағынан болсын!!!
tazwabala
айтпа — не говори,…
saken
Негізі Әзірбайжан секілді құраманы ұту айтарлықтай мақтаныш емес түсінгенге.
бұл жеңіс, алдағы үлкен жеңістердің бастауы болғай!
omarbirat
Дұрыс болған екен. Қарымта-барымталар болмай ма?
konvict
Қарымта ойын болатын шығар
saken
қарымта матч қыркүйек айының алтыншы жұлдызында деп жоспарланыпты.
asaubota
негізі Шмитдгальды үздік деп айта алмас едім. иә доп ода болған кезде жылдам, тез қозғалады. бірақ ойын бойы оны азерилердің 22-номері Исмаилов «жеп» қойды. ойынның бас қаһармандары ортада ойнаған Хайруллин, Гетериевтер болды. Ортаны жақсы ұстап тұрды, имхо.
manfan
Мәәә, қуанғынымды ай! Әрине, Әзірбайжан алып бара жатқан құрамв емес. сонда да, біз жеңбегелі қашан? жеке өзіме Ұланның ойыны ұнады.
aktobe88
Alyp bara jatkan kurama bolmay-ak koysyn, upaidy aytyndarwiw barinen burın, upaydı. osı kezge deyin aren wıdap jur edik, 0 upay, 0 golga.
manfan
соны айтамын. ұпайды айтшиш
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.